Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет39/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

Жасуша  теориясының  ашылуы. Жасуша теориясы дегеніміз  – 
тіршіліктің негізін құрайтын жасушалардың құрылымы, көбеюі және 
көпжасушалы  ағзаларды  қалыптастырудағы  қызметі  туралы  жинақ-
талған ұғым. Жасуша теориясының даму тарихы 300 жылға созылды. 
Оны  зерттеуде  әртүрлі  оптикалық  әдістердің  дамуы  микроскоптың 


39 
 
жетілуіне  негізделді.  Алғашқы  микроскоптыXVII  ғасырда  ағылшын 
физигі Роберт Гук (1635-1703 ж. ) жасаған. Ол микроскоппен 1662 ж. 
бастап  түрлі  объектілерді:  тығын  шұрықтарын  (пораларын),  қымыз-
дық,  қамыс  және  басқалардың  қуыстарын  көрді.  Гуктің  микроскопы 
қаралатын  затты  жүз  еседен  астам  ғана  үлкейтіп  көрсететін  болған. 
Роберт  Гукөсімдіктерді  микроскоп  арқылы  қарап  отырып,  олардың 
ұлпаларынан  ара  ұясы  тәрізденген  құрылысты  тапқан.  Ол  осы 
ұяларды  грек  сөзімен  «целлюла»  -  «жасуша»  деп  атады.  Бұл  жерде             
Р. Гук тіршілігін жойған жасушалардың ұяшығын ғана көрген еді. 
XVII  ғасырдың  70-  жылдарынан  бастап  голландық  Левенгук 
объектіні үш есе үлкейтетін микроскоп жасап, оның көмегімен суда-
ғы бір жасушалы ағза - кірпікшелі кебісшені тұңғыш рет көрді. 
Тірі  жасушаны  алғаш  рет  1839  жылы  чех  ғалымы  Ян  Пуркинье 
көрген еді, Ол жасуша ішіндегі сұйықты протоплазма немесе алғаш-
қы  плазма  деп  атады.  Қазір  протоплазма  тек  тарихи  дерек  ретінде 
пайдаланылады,  оны  ғылыми  түрде  цитоплазма  деп  атайды.  Прото-
плазма дегеніміз - жасуша ішіндегі сұйықтықпен ядро. Роберт Броун 
жасуша цитоплазмасының тұрақты бөлігі - ядроны ашты. XIX ғасыр-
да  жануарлар  мен  өсімдіктердің  кеңінен  зерттеліп,олардан  алынған 
мағлұматтар  1838-1839  жылдары  ботаник  Маттиас  Шлейден  мен 
зоолог  Теодор  Шваннға  жасушалардың  құрылысы  туралы  ортақ 
қорытыңды  жасауға  мүмкіндік  берді.  Олардың  тұжырымдамалары 
бойынша,  өсімдіктер  мен  жануарлар  жасушаларының  құрылыстары 
өте ұқсас және тіршіліктің дербес иесі екендігі, тірі ағзаның ең ұқсас 
бірлігі,  сонымен  қатар  жасушасыз  тіршілік  болмайтындығы  туралы 
ғылымға дұрыс түсінік берді. Осыдан кейін жасушаның тіршілік үшін 
маңыздылығы  терең  және  жан  -  жақты  зерттеле  бастады.  Мәселен, 
1858  жылы  Рудольф  Вирхов  әрбір  жасуша  өзіндей  жасушаның 
бөлінуі арқылы пайда болатының анықтады. Карл Бэр сүтқоректілер-
дің  жұмыртқа  жасушасын  ашып,  көп  жасушалардың  дамуы  бір 
жасушадан  басталатының  және  аталық  спермотозоид  пен  аналық 
жұмыртқа  қосылғанда,  зигота  түзетінің  анықтады.  К.  Бэрдің  бұл 
жаңалығы  жасушалардың  ағза  дамуындағы  маңызын  дәлелдеді.  Тірі 
ағзалар  жасушаларының  химиялық  құрамы  мен  зат  алмасуының 
ұқсастығының  ашылуы  жасуша  теориясын  дамытып,  барлық 
органикалық  әлемнің  шығу  тегі  мен  эволюциялық  дамуының 
бірыңғай  екенін  дәлелдей  түсті.  Сонымен  жасуша  теориясының 
негізгі қағидалары төмендегідей:  


40 
 
 
 - жасуша- барлық тірі ағзалардың ең кіші негізгі өлшемі;  
 
 - әртүрлі ағза жасушаларының құрылысы,химиялық құрамы, зат 
алмасуы және негізгі тіршілік әрекеттері ұқсас;  
 
 
 - жасушалар бастапқы (аналық) жасушаларының бөлінуі арқылы 
пайда  болады.  Атқаратын  қызметі  мен  құрылысына  қарай  жасуша-
лардың түрлері алуан түрлі болып келеді. 
 
Ағзалар жасушаларының құрылысына қарай екі топқа бөлінеді. 
Оның бір тобына құрылысы өте қарапайым болып келетін бактерия-
лар мен көк - жасыл балдырлар жатады. Олардың толық қалыптасқан 
ядросы  болмайды,  бұларды  прокариоттар  деп  атайды.  Ағзалардың 
екінші  тобында  ядро  және  арнаулы  қызмет  атқаратын  органоидтары 
болады.  Мұндай  ағзаларды  эукариоттар  деп  атайды.  Эукариоттарға 
бір  жасушалы  жасыл  балдырлар,қарапайымдар,  жоғары  дәрежелі 
гүлді өсімдіктер және сүтқоректі хайуанаттар, т. б. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет