Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Жаратылыстану-математика факультеті



Pdf көрінісі
бет40/183
Дата02.01.2022
өлшемі1.59 Mb.
#452555
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   183
Оразымбетова Б. Б. Биологияға кіріспе

 
Микроскоп.  Жасушалардың  мембранасына,  ядросына  және 
цитоплазмасының құрамына кіретін молекулалар мен органоидтарды 
жарық немесе электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Жарық 
арқылы  көрсететін  микроскоп  зерттейтін  заттарды  100  -  3000  есеге 
дейін үлкейтіп көрсетеді, ал жетілдірілген окулярды колданып, зерт-
телетін  объектіні  экранға  түсіргенде  оны  100  мың  есеге  дейін 
үлкейтуге болады. 
 
Жарық  арқылы  көрсететін  микроскоп.  Жарық  сәулесін 
қолданғанда  үлкендігі  200-350  нм  объекті  көрінеді,  ал  ультра-күлгін 
сәулені  пайдаланып,  оның  үлкейту  мүмкіңдігін  130-140  нм-ге  дейін 
жеткізуге  болады.  Зерттелетін  заттарды  өздеріне  тән  түске  бояғанда 
микроскоп арқылы жақсы анық көрінеді. Электрондық микроскоптың 
шығуы  жасушаның  кұрылысын  молекулалық  деңгейде  зерттеудің 
жаңа  дәуірін  бастады.  Электрондық  микроскопта  жарықтың  орнына 
тез  қозғалатын  электрондар  ағыны  пайдаланылып,  жарық  арқылы 
көрсететін 
микроскоптағы 
шыңы 
линзалары 
электромагнит 
өрістерімен  алмастырылған.  Өте  тез  қозғалатын  электроңдар  әуелі 
зерттелетін  затқа  шоғырланып,  одан  кейін  оны  экранда  бейнелейді. 
Осы  әдіспен  экрандағы  суретті  бақылауға  немесе  суретке  түсіріп 
алуға  болады.  Электрондық  микроскоппен  зерттелетін  биолагиялык 
объектілер күрделі өңдеуден өтеді. 
 


41 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   183




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет