Қостанай облысы Аманкелді ауданы Қарасу ауылдық округі



жүктеу 76.38 Kb.
Дата09.07.2016
өлшемі76.38 Kb.
Қостанай облысы

Аманкелді ауданы

Қарасу ауылдық округі

«Жасбуын жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Отбасы күніне орай өткізілген



Дене тәрбиесі пән мұғалімі: Садықов Аслан Габдылгамитұлы

Өтілетін мерзімі: 13.09.2014

Өтілетін орны: Мектептің спорт залы.

Құрал жабдықтар: Ысқырық,доп,қап,орындықтар,арқан т.б.

1-жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен оқушылар және ұстаздар! «Денсаулық құпияларының   бірі – спорт» дегендей бүгінгі өткізгелі жатқан «Толағай» отбасылар сайысына қош   келдіңіздер!

2-жүргізуші: «Толағай» отбасылар сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай ойын бүгінде біздің ауылымызда өткелі тұр.

Жанұялар отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер-күші жалындап

Жеңіс сәтін тағат таппай күткені.

Спорт десе таза біздің арымыз,

Жалындайды сайысқанда жанымыз.

Сайысатын ағаларды бүгінгі,

Қарсы алайық қошеметпен бәріміз.

Ортаға:

1.Досымхановтар отбасы

2.Сағыбаевтар отбасы

3.Шакіржановтор отбасы

4.Мұздахановтар отбасы

1-жүргізуші:  Ал ендігі кезек ойыншыларымыздың өздерін таныстыруға келді. Кезектесіп шығып  өздеріңізді таныстырыңыздар.

                     (Ойыншылар шығып өздерін таныстырады)



2-жүргізуші:  Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

1.Молдашев Бақытжан-Ауыл әкімі

2.Дауитбаев Бекзада-мектеп директоры

3.Байсейтов Әнуар-ауыл молдасы

4.Әбдіғалиев Дәулет-дене тәрбиесі пән мұғалімі
1-жүргізуші:  Бүгінгі спорттық сайыс 17 конкурстан тұрады.

                                             1. «Мұртты кенгуру» сайысы.

                                             2. «Пингвин» сайысы.

                                             3. «Қаңбақ шар» сайысы.

                                             4. «Сафари» сайысы.

                                             5. «Футбаскет» сайысы.

                                             6. «Кім көп секіреді?» сайысы.  

                                             7. «Желаяқтар» сайысы.



8.Жылдамдыққа жүгіру

9.Ракеткамен алып жүру

10.Қол күрес ( әкесі)

11.Иық күресі (баласы)

12. Көп болып жүгіру

13.Допты торға түсіру

14.Допты түсірме

15.Қап киіп жарысу

16.Кім жылдам

17.Арқан тартыс.

Негізгі бөлім
                                     1 конкурс: «Мұртты кенгуру» сайысы.

Бала қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп отырып екінші 

 жаққа келіп берілген есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп барады да әкесінің        

  алақанынан ұрып келесі эстафетаны әкесіне береді. Сонан соң әкесі қайталайды.

                    (Ойыншылар жарыса бастайды)

                     Ал енді «Мұртты кенгуру» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

                               (Берілген бағалар тыңдалынады)

                                          2 конкурс: «Пингвин» сайысы.

    Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре 

  сызығына келгенде инструкторлардың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кетеді. 

                         Алдымен ұлдар бастайды да сонан соң әкелерінің алақанынан ұрып эстафетаны береді. 

                        Сонан соң әкелері қайталайды.

                   (Ойыншылар жарыса бастайды)

Ал енді «Пингвин» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі

                          әділ-қазылар өздеріңізде.

                               (Берілген бағалар тыңдалынады)

                                        3 конкурс: «Қаңбақ шар» сайысы.

 Шарды баспен ұрып мәре сызығына жетіп, инструктордың алақанынан ұрып, 

 қайтар жолда жүгіріп кету керек. Алдымен ұлдар бастайды да сонан соң әкелерінің 

 алақанынан ұрып эстафетаны береді. Әкелер қайталайды.               

                   (Ойыншылар жарыса бастайды)

                   Ал енді «Қаңбақ шар» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі     әділ-қазылар өздеріңізде.

                               (Берілген бағалар тыңдалынады)

                                    4 конкурс: «Сафари» сайысы.

 Қаппен секіріп барып себеттегі шарларды шелекке лақтыру. Қайтар жолда тағы

 секіріп бару. Алдымен ұлдар бастайды да сонан соң әкелерінің 

 алақанынан ұрып эстафетаны береді. Әкелер қайталайды.                

                       (Ойыншылар жарыса бастайды)

                   Ал енді «Сафари» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

                                 (Берілген бағалар тыңдалынады)

                                      5 конкурс: «Футбаскет» сайысы.

 Балалар допты футболдағыдай аяқтарымен теуіп барады да, қабырғаға ұрады.            

 Қайтар жолда жүгіріп келу керек. Әкелері допты баскетболдағыдай жерге ұрып 

  отырып барады да, қабырғаға ұрады. Қайтар жолда жүгіріп келу керек.

                       (Ойыншылар жарыса бастайды)

                   Ал енді «Футбаскет» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі    әділ-қазылар өздеріңізде.

                                 (Берілген бағалар тыңдалынады)

                                     6 конкурс: «Кім көп секіреді?» сайысы.

 Балалар әкелеріне скакалкамен секіріп барады да скакалканы береді, ал әкелері

  скакалканы аяқтарынын астынан өткізіп отырып мәреге секіріп келеді.

                       (Ойыншылар жарыса бастайды)

                   Ал енді «Кім көп секіреді?» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

                                 (Берілген бағалар тыңдалынады)

                                      7 конкурс: «Желаяқтар» сайысы.

Балалар желаяқтар жүрісімен жылдам жүріп барады да, әкелерінің алақандарын 

 ұрып эстафетаны береді. Қайтар жолда әкелері отырып жылдам мәреге жүріп келу



 керек.

                       (Ойыншылар жарыса бастайды)



                   Ал енді «Желаяқтар» сайысының қорытынды бағаларын білейік. Жалпы ұпай санын тыңдайық.  Сөз кезегі әділ-қазылар өздеріңізде.

8. Жылдамдыққа жүгіру

Команда бөлініп 10-15 метрдей қашықтықта тұрған жарға қолын тигізіп қайтып келеді,ойын кезекпен жалға береді.
9.Ракеткамен алып жүру

Ойынға үш команда бір уақытта қатыса алады.Олар сөре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек сап түзеп тұрады.Мұғалімнің белгі берісімен ракеткамен шарикті түсірмей ұрып 10-15 м жерден айналып келеді,белгі (жалауша) қойылады.
10.Қол күрес ( әкесі).

Үш топтын әкелері ортаға шығып үстелге отырып екі-екіден қол күрестіреді кезектесіп.

11.Иық күресі (баласы)

Ортада шеңбер ішінде бір аяқтарын көтеріп ыйықтарынымен бір-бірін шеңбердін ішіен шығарады,бірінші шығып кеткен жеңілген болып есептеледі,ойын кезекпен жалғаса береді.

12.Көп болып жүгіру

Ойынға командалар бір уақытта қатыса алады Олар сөре сызығының жанында бір бағытқа қарап лек түзеп тұрады.Әр команданың сөре сызығынан 10-15 м қашық жерде айналып кері қайтатын белгі қойылады.

Белгі берілгеннен кейін командалардың ең алдында тұрған бір-бір ойыншысы жүгірген күйі қойылған белгіні айналып өтіп,өз командасына оралады да,озінен кейінгі ойыншының қолынан ұстайды.Енді олар қол ұстасқан күйі бірге жүгіріп,белгіні айналып өтіп,тағы да өз командасына оралады.

13.Допты торға түсіру

Команда кезектесіп барып баскетбол шығыршығына допты түсіреді,қай команда коп түсіреді сол ойыншылар жеңіске жетеді.

14.Допты түсірме

Жарысқа қатысушылар қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады.Саптың ең алдында тұрған ойыншы допты екі тізесінің арасына қыстырып алып жалаушаны айналып келуі қажет.Тапсырманы ойыншылардың бәрі орындап шыққанша ойын жалғаса береді.

15.Қап киіп жарысу

Үш команда ұзындығы 10-15 метрдей болады.Мұғалімнің белгісімен саптың ең алдында тұрған ойыншылар екі аяғын қапқа тез кигізіп,екіқолымен жоғары жағынан ұстап ілгері қарай секіректей жүгіріп,жолаушаны айналып келеді.Осы ретпен ойын қайталана береді.Қай команда бірінші болып аяқтаса сол команда жеңіске жетеді.

16.Кім жылдам

Жарысқа қатысушылар қашықтықтың ұзындығы 10-15 метрдей болады.Саптың ең алдында тұрған ойыншыға береді де өзі саптың соңына барып тұра қалады.Доп келесі ойыншыға,сосын одан кейінгі ойыншыға беріліп кете береді.Бастапқы тұрған оқушы қайтадан өз орнына келгенге дейін ойын жалғаса береді.Қай команда бірінші болса сол команда жеңеді.

17.Арқан тартыс

Ойынға ұзындығы 8-10 м екі ұшы түйілген арқан дайындалады.Арқанның қызыл мата байланған жерін еденге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді.Команда екі топқа бөлініп,арқанның белгісінен бастап ұшына дейін қос қолдап ұстап тартып тұрады.Ойын жүргізушінің белгісі бойынша екікоманда арқанды екі жаққа тартады.Ойынның мақсаты екі команданың бір ойыншысы ортадағы сызықтан өз жағынан тартып шығару.Ортанғы сызықтан өтіп кеткен ойыншының командасы жеңіледі.
Ал,құрметті спорт сүйер қауым,бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары да анықталды.


Қортынды сөзді беру.

Құттықтау.

Сыйлықтарын тапсыру.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет