Т алдықорғандықтар қандай суды ішеді?



жүктеу 24.26 Kb.
Дата28.06.2016
өлшемі24.26 Kb.
Т

алдықорғандықтар қандай суды ішеді?


Біздің қала тұрғындарының табиғи суда жолы болған, біздің су мүлтіксіз таза, 60-100 м тереңдікте жер асты су көздерінен алынады. Өндірілген су натрий гипохлоритімен ғана зарарсыздандырылады.

Біз судың тазалығы бойынша белгілі категорияларға жүгінеміз – судың мөлдірлігі (лайлылығы), иістің болмауы, қаттылығы (жұмсақтығы), құрғақ қалдығы, минералды құрамы, бактериологиялық және токсикологиялық көрсеткіші, РН және басқалары.

Талдықорған қаласындағы ауыз су мына белгілерге ие:

Толық мөлдір, иісі жоқ, дәмі жағымды, қаттылығы орташа, құрғақ қалдығы 1000 мг боллған кезде бір литрге 260 мг дейін, минералдану қалыпты.

Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша су «Ауыз су» МЕМСТ-қа сәйкес келеді.

Токсикологиялық зерттеулер: пестицидтер –жоқ, тұздар, ауыр металлдар –жоқ. РН бейтарапқа жуық -7,2 -7,6.

Соңғы уақытта біздің үйімізге суды тазартатын сүзгіні (фильтрді) сатып алуды үгіттейтін дистрибьютерлік сауда фирмалары келе бастады.

Олар өздерін ауыз су сапасын анықтау саласында маманбыз деп таныстырып, су құбыры кранындағы судың сапасын тексеруді ұсынады және олар тексерілетін су сапасының қандай екендігін анықтай алатын құралды көрсетеді. Дистрибьютерлер өздерімен бірге әкелетін құрал – кәдімгі мектепте қолданылатын электрлизер, оны желіге қосқан кезде электролиз үрдісі пайда болады.

Агенттер судан электр тоғын өткізіп, судың құрамындағы тұздардың анионы мен катионы гидролизінің тиімділігін көрсетеді. Осы үрдіс нәтижесінде суда ақ түсті тұнба, жасыл-қоңыр жіктелістер тұнады және газ түзіледі.

Үгіттеушілер көзбен көрген өзгерістерден су пайдалануға жарамсыз деп танып, суда темір, көптеген тұздар мен өзге ластауыштар бар жариялайды.

Шын мәнінде, бұл «ғажайып–құрал» суда ерігіш тұздардың болу-болмауын көрсетеді, олардың су құрамында болуы тиіс және бұл ауыз суға қолданылатын Санитарлық ереже талаптарымен белгіленген.

Бұл құралдың ауыз су сапасын анықтауға еш қатысы жоқ, себебі судың құрамындағы заттардың сапалық әрі сандық құрамын анықтай алмайды. Ол сертификатталмаған және зертханада да, өндірісте де қолданылмайды.

Су құбыры суында, қайнаған суда, тіптен сүзгіден өткен құмырадағы суда да зиянсыз тұздар болады. Мұндай су электр тоғын өткізеді және оның құрамындағы электрод ериді.

Үгіттеушілер қолданатын су тазартылған немесе «өлі» су болып табылады, ол электр тоғын өткізбейді және онда ешқандай тұнба тұнбайды.

Химиялық таза (дистиллятты, керіосмотикалық) суды қоспағанда, кез-келген суда электролиз кезінде тұнба қалады. Бұл қалыпты. Мұндай су физиологиялық жағынан толыққанды. Ал осындай тұнбаны сандық және сапалық бағалауды тек құзыретті инстанциялар жүргізеді – Мұндай талдауларды зертханаларда, СЭС, ҒЗИ-да бекітілген әдістеме бойынша, арнайы жабдықтары бар және осындай зерттеулерді жүргізуге өкілетті мамандар жүргізеді. Осындай бағалау нәтижелері сенімді және мұндай суды ішу қажеттігін анық көрсетеді.

«Жетісу Су құбыры» ҚМКК біздің қала тұрғындарына беретін ауыз су – тамаша табиғи өнім, артезиан суы болып табылады, оның құрамында ағзаның тіршілік етуінде маңызды рөл атқаратын тұздардың теңгерімді құрамы бар. Біздің су барлық стандарт талаптарына сәйкес келеді және қосымша тазартуды қажет етпейді.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет