Мұнай өнімдерінің, азық-түлік тауарларының бөлшек сауда бағалары нарығындағы ахуалдың мониторингі үнемі өткізілетін болады. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу фактілері анықталған жағдайда монополияға қарсы ден қою шаралары қабылданады. Шараларының бірі азық-түлік тауарлары бағаларының болжамды дәлізін және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және шекті рұқсат берілген бөлшек сауда бағаларының мөлшерін белгілеу арқылы оларды болжауды анықтау болып табылатын, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру және инфляциялық үдерістерді бір қалыпта ұстау жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Осы іс-шараларды іске асыру инфляция деңгейін жоспарланған дәлізде сақтауды қамтамасыз етеді.
2.1.2. Қостанай облысы бюджеттік және салық саясатының негізгі
басымдықтары
Әрі қарай экономикалық өсуге арналған шарттар салық және бюджеттік саясат құралдары арқылы қамтамасыз етіледі.
Орта мерзімдік кезеңдегі салық саясатының шаралары:
облыс экономикасының шикізат емес секторын дамытуды ынталандыруға, шикізаттық тәуелділіктен біртіндеп кетуге;
қолайлы инвестициялық климат құруға және ішкі сияқты сыртқы да жеке инвестицияларды ынталандыруға;
бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайтуға;
мемлекеттік функциялар мен міндеттемелерді толық көлемде орындауды қаржылық қамтамасыз етуге бағытталады.
Орта мерзімдік кезеңде бюджеттік саясат экономикаға және халықтың әл-ауқатын жоғарылатуға, барлық алушылардың мемлекеттік қызметтерді тең құқылы алуын қамтамасыз етуге оң әсерін тигізетін оңтайлы шаралар мен бюджеттік қаражаттардың көлемін белгілеу кезінде құрылады.
Қарыз алу саясаты облыстың 6 450 381 мың теңге сомасындағы белгіленген қарыз лимитіне сүйене отырып, жүргізілетін болады.
Шығыстардың саясаты да бюджеттік қаражаттардың бекітілген көлемін пайдаланып, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен қарастырылған ең жақсы тікелей нәтижеге қол жеткізу қажеттілігіне сүйеніп, бюджетті әзірлеу және атқару жолымен мемлекеттік шығыстардың тиімділігін және нәтижелілігін жоғарылатуға бағытталатын болады.
Осы мақсатпен тиімділік және нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті қалыптастыру және атқару жүйесі, сондай-ақ қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, тікелей, түпкілікті нәтижелерге және тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу (қол жеткізбеу) дәрежесін белгілеуге мүмкіндік беретін облыстық атқарушы органдар, аудандар мен қалалардың атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі әрекет ететін болады.
2.1.3. Бюджетаралық қатынастар
Орта мерзімдік кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерін оларға бекітілген мемлекеттік қызметтерді толыққанды беру және оларға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін жеткілікті қаржылық қаражаттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Бюджетаралық қатынастар Бюджет кодексімен белгіленген бюджеттер деңгейлерінің арасындағы шығыстар мен түсімдерді бөлуде және қағидаттарда құрастырылады және ең алдымен облыс-аудан деңгейінде өзара қатынастардың айқындылығы мен тұрақтылығына, әр басқару деңгейінің дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге, сондай-ақ тиімді бюджеттік саясатты жүргізуді ынталандыруға бағытталды.
Орта мерзімдік кезеңдегі бюджетаралық қатынастар саясатының негізгі мақсаты азаматтарға олардың тұратын жерлеріне қарамастан Конституциямен және заңнамамен кепілдендірілген мемлекеттік қызметтерді берудің жалпы қол жетімділігі мен сапасына бағытталды.
2013 жыл 2011-2013 жылдарға арналған республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы, облыстық және аудандар мен қалалар бюджеттерінің арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемдерінің әрекет етуінің аяқталу жылы болып табылады.
«Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерi арасындағы 2011 - 2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердiң көлемі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қостанай облысының бюджетіне 2013 жылға арналған республикалық бюджеттен субвенциялар көлемі 51166230 мың теңге сомасында жеткізілді.
Субвенциялардың аталған көлемі Қаржы министрлігі 40441856 мың теңге сомасында белгілеген 2013 жылға арналған облыс бюджеті кірістерінің болжамына сүйене отырып, қалыптастырылды.
Кірістер бойынша 2011-2013 жылдарға арналған болжамның есептеріне Қаржы министрлігі ұсынған тәсіл аудандар мен қалалар үшін субвенциялар мен алымдарды есептеу үшін қолданылды және төмендегідей сипатталады.
Төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша болжам аталған 2010 жылғы салықтар бойынша алымдардың күтілетін коэффициенттерін ескеріп, облыс бойынша 2011-2013 жылдарға болжамдалған еңбек ақы қорына сүйеніп, қабылданды. Сондай-ақ, 2009 жылдың қараша-желтоқсанында аванстық төлемдер ескерілді, төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша осы салық бойынша ұстап қалуға жататын минималды жалақының жыл сайынғы өсуі ескерілді.
Шаруашылық субъектілерінің еңбек ақы қоры бойынша 2010 жылғы бағалау және 2011-2013 жылдарға арналған болжам 2007-2009 жылдардағы облыс шаруашылық субъектілері еңбек ақы қоры өсімі қарқындарының осы кезеңдегі жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) өсімінің қарқындарынан ЖІӨ 0,88%-ға алға шығуын ескеріп, Қазақстан Республикасы ЖІӨ өсіміне пропорционалды қабылданды.
ЖІӨ-нің орташа есеппен 10%-ға болжамдалған өсімін ескеріп, шаруашылық субъектілері бойынша еңбек ақы қорының өсімі 2010 жылы 13,9%, 2011-2013 жылдары 11%-ға дейінгі шекте құрайды.
ҮИИДМБ іске асыруға байланысты облыстың кәсіпорындарында жаңа жұмыс орындары құрылатын болады, бұл аудандар мен қалаларда еңбек ақы қорының қосымша өсіміне алып келеді, аталған өсім жеке табыс және әлеуметтік салықтардың түсімдерін есептеу кезінде ескерілді.
Акциздер бойынша 2010 жылғы бағалау 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ағымдағы жылдың 5 айындағы өндіріс өсімдерінің қарқындарын және 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап акциздер мөлшерлерінің ұлғаюын ескеріп, 2009 жылғы өнімдердің түрлері бойынша өндіріс көлемдеріне сүйеніп белгіленді.
2011 жылға арналған акцизге қарасты өнім өндірісінің болжамдалған көлемі 2010 жылды бағалау деңгейінде қабылданды, ал 2012 жылға және 2013 жылға тиісінше сауда саласында 4,1%-ға және 4,4%-ға өсімі ескерілді.
Үш жылдық кезеңге арналған акциздер бойынша болжамды есептегенде қолданыстағы салық кодексіне өзгерістердің күшіне енуіне байланысты 2011 және 2012 жылдары акциздер мөлшерлемелерінің ұлғаюы ескерілді.
Төлем көздерінен ұсталмайтын кірістерден жеке табыс салығы, мүлікке салынатын салық, көлік құралдарына салынатын салық, сондай-ақ басқа да салықтық түсімдер, салықтық емес түсімдер және негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша болжам 2011-2013 жылдары тұтыну бағаларының 7% ға жыл сайынғы өсуін ескеріп, 2010 жылғы бағалауға байланысты белгіленді.
Аудандық және қалалық бюджеттер болжамдық шығыстарының көлемдері Бюджет кодексімен бекітілген функционалдық белгілер бойынша шығыстардың бағыттарын ескеріп, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар және дамыту бағдарламалары бойынша сомалар түрінде есептелді.
2.2. Индустриалдық-инновациялық даму
Тұрақты экономикалық өсімді жоспарланған деңгейде қамтамасыз ету және жеделдетілген экономикалық жаңғырту ҮИИДМБ іске асыру арқылы жалғасатын болады.
Облыс ішіндегі шикізатты барынша қайта өңдеу, базалық металдарға шығу және қайта өңделген өнімдерді өндіру тау-кен металлургиялық өнеркәсіпте саясаттың басты мақсаты болады.
Қойылған мақсатты іске асыру:
бәсекеге қабілетті өндірістер құру, атауларды кеңейту және үстеме құны жоғары терең өңделген өнімдердің үлесін ұлғайту;
ресурсты және энергия сыйымдылығын төмендету мақсатында қолданыстағы сала кәсіпорындарын жаңғырту және еңбек өнімділігін жоғарылату мақсатында осы заманғы басқару технологияларын енгізу;
шикізат алу және оны кешенді қайта өңдеу технологиялары, өнімдердің жаңа түрлерін барлау бойынша инновацияларды дамыту және инновациялық үдерістерге саланың ғылыми-техникалық белсенді енуі;
салалық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
минералдық-шикізаттық базаны қайта өндіруді кеңейту және қамтамасыз ету;
саланы білікті еңбек ресурстарымен, оның ішінде орташа техникалық буындағы еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;
ішкі нарықта шикізатты және металлургиялық өнімді алға жылжытуға көмектесу;
сала кәсіпорындарының қоршаған ортаға зиянды әсерін төмендету арқылы жүзеге асырылатын болады.
2014 жылға дейін 164,5 млрд. теңге сомасына «ССКӨБ» АҚ 2 жобасы іске асырылатын болады: жоғары сапалы концентраттың байыту кешені: жылына қуаттылығы 7 млн. тонна ДОФ-2, ММО-4 және Рудный қаласында жылына қуаттылығы 1,8 млн. тоннаға дейін металданған брикет өндіретін металданған өнім өндіру зауытының құрылысы.
Көлік инфрақұрылымы
Орта мерзімдік кезеңге көлік инфрақұрылымын дамытуда аудандардың облыс орталығымен сапалы көлік байланысын қамтамасыз ету басым бағыт болып табылады.
2012 жылы облыс аумағында Орталық Қазақстанды Солтүстік Қазақстанмен байланыстыруға шақырған «Арқалық-Шұбаркөл» жаңа темір жолының құрылысы басталды.
Азаматтық авиация саласында Қостанай қаласы әуежайы әуе вокзалының ұшып-қону жолағын және ғимаратын қайта жаңартуға қаражаттар іздестіру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады.
Қостанай облысының аумағындағы республикалық маңызы бар автожолдарды кезең-кезеңімен қайта жаңарту немесе күрделі жөндеу мынадай көлемдерде жоспарланып отыр:
1. Қостанай-Денисов-Қарабұтақ – 238 км;
2. Қостанай-Көкшетау – 434 км;
3. Қостанай-Петропавл – 412 км;
4. Есіл-Арқалық-Жезқазған – 540 км;
5. Денисов-Жітіқара-Ресей Федерациясының шекарасы – 174 км.
Қостанай қаласындағы Астана-Қостанай-Челябі автокөлік дәлізінің айналып өту жолын қайта жаңартуды және «Арқалық-Торғай», «Қостанай-Денисов-Қарабұтақ» автожолдарын күрделі жөндеуді аяқтау жоспарланып отыр.
Коммуникациялық инфрақұрылым
Азаматтар үшін мемлекеттік қызметтердің сапасын жоғарылатудың мақсаты тұрғындардың жоғары тіршілік деңгейін қамтамасыз ету, олардың қанағаттандырылуы, сондай-ақ заңды мүдделерін және қызмет алушылардың мүдделерін сақтау болып табылады.
Мемлекеттік қызметтерді ұсынатын мемлекеттік органдар мен мекемелердің оларды көрсету стандарттары бойынша жұмысқа көшуі жалғасатын болады. Бұл ретте мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарында белгіленген нысаналы сапа көрсеткіштеріне қол жеткізу арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсарту жөніндегі жұмыс жүйелік негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық пішімге көшірудің маңызы аспектісі «электрондық үкімет» сәулетін дамыту болып табылады, бұл мемлекеттік органдардың қызметінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелерді шоғырландыруды және оларды жобалау мен әзірлеу үдерістерін реттеуді қарастырады.
Тау-кен саласына тәуелділікті төмендетуге машина жасау саласын белсенді дамыту да ықпалын тигізетін болады. Осы саладағы ірі кәсіпорындардың бірі – «АгромашХолдинг» АҚ болып табылады. Жалпы алғанда 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында кәсіпорында 8,9 млрд. теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл өткен жылдың тиісті кезеңінен 4,5 есе артық.
Облыста Шанс үлгісіндегі автомобильдерді құрастыру басталды (2012 жылы 2500 бірлік Ssang Yong автомобильдерін және 1000 Шанс автомобилдерін құрастыру жоспарланып отыр), IVEKO және УАЗ (2012 жылы 250 IVEKO автомобильдерін және 500 УАЗ автомобильдерін құрастыру жоспарланып отыр).
Құрылыс индустриясы
Құрылыс индустриясындағы саясат құрылыс индустриясын индустриялдық-инновациялық дамытуды, облыстағы құрылыс материалдарын тұрақты және балансты өндіруді қамтамасыз етуге бағытталады.
Қуаттылығы 450 мың тонна, бүгінгі күні облыстан тыс жерлерден әкелінетін ұсақ сортты прокат (арматура, бұрыш, швеллер және т.б.) шығаратын зауыттың құрылысы басталды.
Индустриялдық үй құрылысын және жоғары технологиялық құрылыс конструкцияларын қолдану үшін Қостанай қаласында үй құрылысы комбинатын ұйымдастыру жөнінде жұмыс жүргізілуде.
Агроөнеркәсіптік кешен
Агроөнеркәсіп кешеніндегі саясат азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіп кешенін дамытуға және қазақстандық өнімің экспортын ұлғайтуда топтастырылады.
Қайта өңдеу кәсіпорындарын әрі қарай жаңғырту өнім өндіру көлемдерін ұлғайтуға, техникалық регламенттер мен стандарттарға сай бәсекеге қабілетті сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге, шикізат емес экспорттың жалпы көлемінде саланың экспорттық әлеуетін ұлғайтуға, импорттың үлесін төмендетуге, қайта өңдеу кәсіпорындарының технологиялық және техникалық кейін қалуын жеңуге, селолық тұтыну кооперативтерінің және әр ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау және өткізу жөніндегі сервисттік-дайындау орталықтарының бірлестіктерін құруға бағытталатын болады.
Өсімдік шаруашылығында егістік алқаптарының құрылымын әртартаптандыру: бидай (бір дақылдық) алқаптарын азайту және жем-шөп, майлы, жарма дақылдарының, картоптың және көкөністердің егістік алқаптарын бір уақытта ұлғайту басым бағыт болады.
Мал шаруашылығын құнарлы және шүйгін жем-шөппен қамтамасыз ету үшін жем-шөп дақылдарының егістік алқаптарын ұлғайту көзделіп отыр.
Мал шаруашылығында алдағы жылдарда сала кәсіпорындарын ірілендіру, экспорттық әлеуетті ұлғайту және асыл тұқымды мал басының санын ұлғайту, етті, сүтті, жұмыртқаны осы заманғы және жоғары техникалық өндіруге көшу дамудың басым бағыты болып табылады. Көбейткіш шаруашылықтарды дамыту облыста 2017 жылға қарай асыл тұқымды мал басын жалпы мал басынан 17%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
2.3. Әлеуметтік саланы жаңғырту және тұрғындардың тіршілік жағдайларын жақсарту
2.3.1. Білім
Облыста Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» Бағдарламасының міндеттері мен іс-шараларын іске асыру жалғасады.
Мектепке дейінгі білім беру саласында мектепке дейінгі білім ұйымдарының желісін кеңейту және мектепке дейінгі тәрбие сапасын жоғарылату жөніндегі жұмыс жалғасады.
Қазақстан Республикасының 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бойынша облыста 2015 жылы іске асырылатын Қостанай ауданының Заречное селосында, Таран ауданының Тобыл кентінде, Арқалық және Рудный қалаларында 280 орындық 4 балабақшаның құрылысы көзделіп отыр.
Барлық деңгейлерде білім беру сапасын жоғарылатуға айрықша назар аударылады.
Аталған міндет педагогикалық кадрлардың біліктілігін жоғарылатудың және қайта даярлаудың жаңа үлгісін енгізу есебінен шешілетін болады.
Білім сапасын жоғарылатуға жаңа мектептерді қайта жаңарту және олардың құрылысы, сондай-ақ оларды пәндік кабинеттермен жарақтандыру себеп болады. 2013 жылы Әулиекөл ауданының Әулиекөл селосында 600 орындық мемлекеттік тілде оқытатын орта мектептің құрылысы аяқталады.
Жергілікті бюджет есебінен техникалық және кәсіби білім оқушыларының жағдайларын жақсарту үшін Қостанай автомобиль көлігі колледжі және Қостанай политехникалық колледжі үшін жатақханалар салу мүмкіндігі қарастырылады.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 4-бағыты бойынша даму әлеуеттері орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде білім объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
2.3.2. Денсаулық сақтау
2017 жылға дейінгі кезеңде денсаулық сақтау саласында алдын алу медицинасын және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағыттылығын айтарлықтай күшейту басым бағыт болады.
Осы мақсаттарда алдын алу іс-шаралары, скрингтер зерттеулер күшейтіледі, негізгі әлеуметтік маңызы бар аурулардың диагностикасы, емдеу және оңалту жетілдіріледі. Осы іс-шараларды іске асыру үшін облыста республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен Рудный және Арқалық қалаларында 500 келушіні қабылдайтын, Қостанай ауданының Затобол кентінде ауысымда 250 келушіні қабылдайтын емханалардың құрылысы жоспарланып отыр.
Бұл шаралар ана, бала және жалпы қайтыс болуды төмендетуге әсерін тигізеді.
Болжамдалып отырған кезеңде облыстың денсаулық сақтау саласын дамытудың басым бағыты онкология ауыруы мен қайтыс болуды төмендету болып табылады. Қазақстан Республикасында онкологиялық көмекті дамытуды 2012 - 2016 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде республикалық бюджет қаражаттары есебінен Қостанай қаласында 150 келушіні қабылдайтын облыстық онкологиялық диспансер емханасының құрылысы жоспарланып отыр.
Медициналық қызметтердің сапасын және денсаулық сақтау жүйесінің қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін:
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады;
- даму әлеуеттері жоғары және орташа ауылдық елді мекендерде республикалық бюджеттен және жергілікті бюджеттен нысаналы трансферттер есебінен дәрігерлік амбулаториялар қатарының құрылысы болжамдалып отыр;
- денсаулық сақтау саласында ұйымдастыруды, басқаруды және қаржыландыруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды іске асыру жалғасатын болады.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 4-бағыты бойынша даму әлеуеттері орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде денсаулық сақтау объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
-
Мәдениет
Облыстың мәдениет саласын әрі қарай дамыту мынадай бағыттарды қарастырады:
- мәдениет объектілерін қайта жаңарту және қалпына келтіру, әсіресе селода;
- мәдениет мекемелеріне бару деңгейін жоғарылату;
- облыс өңірлерінде жаппай іс-шараларды өткізу арқылы тұрғындардың қоғамдық, әлеуметтік тіршілігін дамыту;
- кітапханалардың кітап қорын толықтыру және мәдениет объектілерін жаңа, осы заманғы жабдықтармен жарақтандыру.
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 4-бағыты бойынша даму әлеуеттері орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде мәдениет объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізіледі.
-
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде оқыту, қайта даярлау және жұмысқа орналасуға көмектесу, бизнес-машықтарға оқыту және шағын кредиттер беру, сондай-ақ еңбек ресурстарының мобилдігін қамтамасыз ету арқылы селода кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі, сондай-ақ даму әлеуеттері орташа және жоғары ауылдық елді мекендерде инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жолымен тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар қаржыландырылады.
Болжам бойынша жыл сайын облыста 8,5 мың шегінде жұмыс орындары құрылады, 400-ден астам адам кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан және біліктілігін жоғарылатудан өтеді, 800 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 250 адам жастар тәжірибесіне жұмысқа орналастырылады, 4,8 мың адам қоғамдық жұмыстарға бағытталды.
Көзделген іс-шараларды орындау нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 2017 жылға қарай 5%-ға дейін қысқарады.
Орта мерзімдік кезеңде әлеуметтік қамтамасыз ету саласында негізгі бағыттар асыраушылықты қоспай, атаулылыққа және тиімділікке негізделген әлеуметтік көмекті беруге бағытталады.
Болжам бойынша атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың саны 2017 жылы 9 мыңнан астам адамды құрайды. Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмекті алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті тұрғындардың үлес салмағы 30%-ға дейін (2011 жылы – 38 %) төмендейді.
Кірістері ең төменгі күн көріс деңгейінен төмен тұрғындардың үлесі жыл сайын төмендейді және 2017 жылы 3,8%-ға жетеді.
2.4. Өңірлерді дамыту
Орта мерзімдік кезеңде өңірлік саясат «Өңірлерді дамыту», «Моноқалаларды дамыту» және бес жылдық кезеңге арналған аумақты дамыту бағдарламаларымен белгіленген басымдықтардың негізінде қалыптастырылатын болады.
«Өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде өңір үшін айтарлықтай маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобаларды қаржылық қолдауды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ағымдағы жылы жалпы сметалық құны 1 млрд. 113 млн. теңге, 950 млн. теңге сомасына Қостанай қаласында Западная ҚС 110/35/10 кВ екі дәнекерлей отырып, ЖЖ-110 кВ құрылысы бойынша жобаны іске асыру жүзеге асырылуда, бұл Қостанай қаласының қолданыстағы трансформаторлық қосалқы стансаларының жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, даму әлеуеттері орташа және жоғары өңірлердің экономикалық дамуына көмектесу жөніндегі шараларды іске асыруға ауылдық (селолық) округтерді жайластыру мәселелерін шешуге қаражат бөлу жоспарланып отыр.
Моноқалалардың өзекті проблемаларын шешу жөніндегі шараларды үйлестіру Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы арқылы жүзеге асырылатын болады.
Облыста 4 моноқала бар:
Рудный қаласы – даму әлеуеті жоғары және тұрғындарының саны 127,7 мың адамды құрайтын қала, Лисаков қаласы – даму әлеуеті орташа және тұрғындарының саны 40,6 мың адамды құрайтын қала; Жітіқара қаласы – даму әлеуеті орташа және тұрғындарының саны 34,9 мың адамды құрайтын қала және Арқалық қаласы – даму әлеуеті төмен және тұрғындарының саны 28 мың адамды құрайтын қала, бұлар проблемалары ұқсас – жоғары жұмыссыздық деңгейі, көлік және өндірістік инфрақұрылымның жоғары тозуы, экологиялық проблемалары бірдей қалалар.
Өңірлердің экономикасын дамыту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанында ведомоствоаралық комиссияның отырысында кешенді дамыту бағдарламалары әзірленіп, мақұлданды, оларда олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өңірлердің шаруашылық ерекшеліктерін олардың бәсекелік басымдықтарының негізінде жетілдірудің негізгі жолдары көрсетілген. Жұмыс өңірлерді дамыту үшін жаңа резервтерді іздеуге және пайдалануға бағытталады.
Бұл ретте экономикалық бастамаларды мемлекеттік қолдау инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдардың құрылысы мен қайта жаңарту арқылы жүзеге асырылады.
Кешенді даму жоспарларына сәйкес 2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлу жоспарланып отыр:
Рудный қаласына – 7 923,1 млн. теңге сомасында, оның ішінде әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 6 554,2 млн. теңге және моноқалаларды жайластыру мәселелерін шешуге – 1368,9 млн. теңге;
Лисаков қаласына – 2537,2 млн. теңге сомасында, оның ішінде әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 2098,8 млн. теңге және моноқалаларды жайластыру мәселелерін шешуге – 438,4 млн. теңге;
Жітіқара қаласына – 2164,9 млн. теңге сомасында, оның ішінде әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 1790,8 млн. теңге және моноқалаларды жайластыру мәселелерін шешуге – 374 млн. теңге;
Арқалық қаласына – 1829,3 млн. теңге сомасында, оның ішінде әлеуметтік-инженерлік инфрақұрылымды дамытуға – 1430,5 млн. теңге және моноқалаларды жайластыру мәселелерін шешуге – 398,8 млн. теңге.
Сонымен қатар, Арқалық қаласының ең басты проблемасы – бос тұрған және қалпына келтіруге жатпайтын үйлер мәселесін шешу үшін аталған қаражаттар жеткіліксіз. Қысқа мерзімдерде апаттық тұрғын үйлерді және басқа объектілерді бұзу қажет, бұл адамдардың көңіл-күйіне теріс ықпал етеді, жалпы қоғамдық ахуалға және қалаға инвесторларды тартуға кері әсерін тигізеді. Республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер бөлмей бұл проблема шешілмей қала береді.
Орта мерзімдік кезеңге арналған өңірлік дамудың негізгі бағыттары:
әлеуметтік салада – әлеуметтік объектілердің құрылысын оптимистік демографиялық болжамдары және даму перспективалары бар елді мекендерде жүзеге асыру;
индустриялдық саясатта – барлық қажетті факторлардың (ресурстар, кадрлар және басқалар) болуын ескеріп, кәсіпорындарды ұтымды орналастыруға көмектесу;
бюджеттік саясатта – ресурстарды тиімсіз шығындарды бір мезетте қысқартып, перспективалық, тез өсіп келе жатқан өңірлерді дамытуға шоғырландыру керек.
3. 2013-2017 жылдарға арналған әлеуметтік экономикалық даму болжамы
2013-2017 жылдары экономиканың өсуі жеке және мемлекеттік қаражат есебінен индустриалдық және инфрақұрылымдық жобалардың өсіп келе жатқан инвестицияларына бағдарланып, негізінен ішкі сұранысқа сүйенетін болады.
2013-2017 жылдары нақты ЖӨӨ жылына орташа есеппен 7%-ға өсуі болжамдалып отыр. Болжам бойынша 2017 жылы ЖӨӨ-де өнеркәсіп үлесі 27,4% құрайды.
2017 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемін 883,9 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда, бұл 2012 жылға қарағанда 1,8 есе артық, оның ішінде: тау-кен өнеркәсібінде 412,5 млрд. теңгеге дейін немесе 2012 жылға қарағанда 141,8%, өндеу өнеркәсібінде – 417 млрд. теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда, бұл 2012 жылға қарағанда 2,4 есе артық.
2013-2017 жылдарға арналған ауыл шаруашылығында майлы, көкөніс және жем-шөп дақылдарының егістік алқаптарын ұлғайту көзделіп отыр. Өсімдік шаруашылығын әртараптандыруды ескеріп, алдағы жылдары бидай өндірісінің көлемі сәл ғана өседі. 2017 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2012 жылмен салыстырғанда 1,8 есе, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 1,7 есе, мал шаруашылығы – 14%-ға ұлғаяды. Жоспарланған кезеңде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты орташа жылдық өсу қарқыны 13% құрайды.
2017 жылы 2012 жылмен салыстырғанда жүк тасымалдау көлемін 41,4%-ға ұлғайту көзделіп отыр.
Орта мерзімдік кезеңге көлік инфрақұрылымын дамытуда аудандардың облыс орталығымен сапалы көлік байланысын қамтамасыз ету басым бағыт болып табылады.
Жоспарланған кезеңде облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалар мен елді-мекендердің көшелерін қайта жаңарту, күрделі, орташа, ағымдағы жөндеу, ұстау және көгалдандыру жөніндегі жұмыстар жалғасатын болады.
Байланыс қызметінің нақты көлем индексі 2013-2017 жылдары орташа есеппен жылына 106,9% құрайды.
Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 2013-2017 жылдары орташа есеппен жылына 101,4 % құрайды.
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2012 жылғыға қарағанда 2017 жылы 1,4 есе артық, көтерме сауда айналымының көлемі тиісінше 1,2 есе өседі.
Жұмыссыздардың саны және жұмыссыздық деңгейі ҮИИДМБ және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыруға байланысты қысқаратын болады.
2012-2017 жылдары ҮИИДМБ іске асыру барысында 7,8 мың жаңа жұмыс орындарын пайдалануға беру қарастырылды.
Денсаулық сақтау саласында алдын алу медицинасы және денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағыты айтарлықтай күшейеді.
Бірінші жоспарға онкология ауыруы мен қайтыс болуды төмендету мәселесі кіреді. Осы мәселені кешенді шешу тетігі Қазақстандағы онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасы болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторлары
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы 2013-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарында белгіленген әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторларына қол жеткізуге бағытталатын болады.
2017 жылы 2011 жылға қарағанда нақты ЖӨӨ 40%-ға ұлғаяды.
Тұрғындардың жан басына шаққанда ЖӨӨ 2017 жылы 1702,3 мың теңгеге дейін немесе 11,5 мың АҚШ долларына дейін жеткізіледі, бұл 2012 жылғыға қарағанда 40,9% есе артық.
Жоспарланған кезеңде инфляция Қазақстан Республикасының макроэкономикалық көрсеткіштерінде жоспарланған деңгейде – 6-8% болады.
4. 2013-2015 жылдарға арналған бюджеттік параметрлердің болжамы
Достарыңызбен бөлісу: |