Қостанай облысының 2013-2017 жылдарға арналғАН



бет4/4
Дата25.02.2016
өлшемі334.5 Kb.
#24134
1   2   3   4

Бюджеттік саясат барлық алынған міндеттемелерді, бірінші кезекте әлеуметтік міндеттемелерді, сондай-ақ облыс тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз етуді қоса алғанда, әлеуметтік қолдауға жанама әсер ететін іс-шараларды толық және уақытында жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын жұмылдыруға және шоғырландыруға бағытталатын болады.

Осылайша орта мерзімді перспективада бюджеттің әлеуметтік бағытталуы сақталатын болады және шығыстарды жоспарлау барысында негізгі басымдық облыс азаматтарының әл-ауқаты, атап айтқанда оларды әлеуметтік қолдау, денсаулықтары және білімдері, сондай-ақ экономиканың дағдарыстан кейінгі сапалы өсуі үшін жағдайлар жасау болып табылады.

Шығыстардың болжамдық көлеміне мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді атқаруға және мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, сонымен қатар трансферттерді төлеуге және жергілікті атқарушы органның басқа міндеттемелеріне байланысты тұрақты сипаттағы шығыстар қосылды.

Есеп 7%-дық тұтыну бағаларының индексіне ұлғайтып (жалақы мен әлеуметтік аударымдардан тыс) қолданыстағы шығыстар құрылымының және болжамдық макроэкономикалық көрсеткіштердің негізінде есептелген 2014 және 2015 жылдарға болжамдық көлемдерді қосып, ағымдағы жоспарлау кезеңі үшінші жылының (2013 жыл) бекітілген шығыстар көлемінің негізінде жүзеге асырылды. 2013 жылдарға арналған шығыстарда материалдық-техникалық базаны нығайту ағымдағы шығыстарға 1% мөлшерінде есептелді.

Жаңа бастамаларға және бюджетік ұйымдарды күрделі жөндеуге арналған шығыстар стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген өңірдің даму басымдылықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг қорытындыларын, есепті қаржы жылына стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есептерді, қорытындылардың бағалануын ескере отырып, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері арасында бөлінеді және қосымша хабарланатын болады.


2013-2015 жылдарға арналған Қостанай облысы

облыстық бюджетінің бюджеттік параметрлері



мың теңге


ББӘ

Атауы

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

1

2

3

4

5

БОЛЖАМДЫҚ ШЫҒЫСТАР КӨЛЕМІ

67024933

78179792

80267659

БАЗАЛЫҚ ШЫҒЫСТАР

65739276

71434480

73050176

Тұрақты сипаттағы шығыстар

59450777

61693015

62731296

оның ішінде










110

Облыс мәслихатының аппараты

42547

58279

60035

120

Облыс әкімінің аппараты

386484

398642

415430

282

Облыстың тексеру комиссиясы

141820

157594

162171

250

Облыстың жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасы

75289

81218

85253

251

Облыстың жер қатынастары басқармасы

42703

48509

49681

252

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы ішкі істер органы

5395441

5152524

5432393

253

Облыстың денсаулық сақтау басқармасы

12794221

13816394

14385277

254

Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы

779211

842616

863190

255

Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы

4523188

4832922

5166530

256

Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

1936635

2268148

2314282

257

Облыстың қаржы басқармасы

19229342

18943812

18894725

258

Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы

227740

296994

308582

259

Облыстың мұрағаттар және құжаттама басқармасы

233932

243333

248136

260

Облыстың туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы

1901479

2714022

2052136

261

Облыстың білім басқармасы

6854919

8336363

8612268

262

Облыстың мәдениет басқармасы

1073380

1113124

1142001

263

Облыстың ішкі саясат басқармасы

358005

376656

400279

264

Облыстың тілдерді дамыту басқармасы

64977

62057

63903

265

Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

62517

53982

55018

268

Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы

1446174

1545400

1651233

271

Облыстың құрылыс басқармасы

42866

45967

47159

272

Облыстың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

35759

38400

39709

279

Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы

58341

266059

281905

Бюджеттік ұйымдарды күрделі жөндеуге арналған шығыстар

1743807

0

0

Даму бюджетінің шығыстары

5779639

8504605

9064020

Қарызды өтеу

508860

1236860

1254860

ЖАҢА БАСТАМАЛАРҒА АРНАЛҒАН ШЫҒЫСТАР

1285657

6745312

7217483


4.3. Бюджеттік инвестициялық саясаттың негізгі басымдықтары

(оның ішінде бюджеттік инвестициялар)
Алдағы кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда және Мемлекет басшысының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауларында берілген тапсырмаларда белгіленген мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталады, 2-қосымша.

Орта мерзімдік перспективада бюджеттік инвестициялардың басты бағыттары:

1. Әлеуметтік саланы жаңашаландыру

Осы бағыттың шеңберінде Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының және ҚР білімді дамыту бағдарламасының, Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының, Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларын қаржыландыру жүзеге асырылады.

Білім саласында жаңа мектептерді салу есебінен мектепке дейінгі ұйым желілерін кеңейту, апаттық және үш ауысымдық мектептерді жою жөніндегі жұмыс жалғасады.

Денсаулық сақтау жүйесін дамыту бюджетінің негізгі мақсаты қолда бар керует қуаттылығын ұтымды және тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін «100 аурухана құрылысы» жобасының шеңберінде салынып жатқан жаңа денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға беру болып табылады.

2. Тұрғындардың тіршілік жағдайларын жақсарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, тұрғын үй құрылысын жаңғырту, тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету арқылы қол жетімділікті қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамыту.

Осы бағыттың шеңберінде бірінші кезектегі тәртіппен 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», ҚР тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша жобалар іске асырылады.

Сондай-ақ, «Қол жетімді үй 2020» бағдарламасының шеңберінде қол жетімді жалдамалы тұрғын үй салу жолымен тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарланып отыр.

3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру немесе ұлғайту.



Осы бағыттың шеңберінде 2013 жылы «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту туралы» ҚО ӘҚ сәйкес «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға және «Қазақстандық көлік лизингтік компаниясы» АҚ-мен 5 жылға арналған лизинг шартына 64,7 млн. теңге сомасында шығындар жүзеге асырылатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет