Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген



бет31/31
Дата08.06.2016
өлшемі4.69 Mb.
#123080
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы үлгілік келісім
Астана қ. ___ жылғы _____ ______________

(жыл, күні, айы)

______________________________________________________

(Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бөлігіндегі органның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер)
бұдан әрі «Уәкілетті орган» деп аталатын, __________________________________________________________________________________________атынан

(басшысының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның Т.А.Ә.)

___________________________________негізінде әрекет ететін

(Жарғы немесе Бұйрық)

_______________________________________бір тараптан және

(Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының аты, шығындарының бір бөлігін өтеуді алушының атауы, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер)
бұдан әрі «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі» деп аталатын __________________________________________________________

(басшысының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның Т.А.Ә.)

__________________________________негізінде әрекет ететін



(Жарғы немесе сенімхат)

бұдан әрі Тараптар деп аталатындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің _______ жылғы «___»___________ № ____ қаулысымен бекітілген Отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Уәкілетті органның _____ жылғы ____ _________ № ____ шешімінің (бұдан әрі – Уәкілетті органның шешімі) негізінде төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты.
1. Негізгі ұғымдар
1. Осы келісімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1) Келісім – осы Келісімге, оған сәйкес Уәкілетті орган индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарыққа жылжыту кезінде олар шеккен шығындардың бір бөлігін индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің есеп шотына қаражаттарды аудару жолымен өтейді;

2) шығындардың бір бөлігін өтеу – отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындарының бір бөлігін өтеу Қағидаларға сәйкес көрсетілетін рәсім.
2. Келісімнің мәні
2. Осы Келісімнің мәні Уәкілетті органның индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне шығындардың бір бөлігін __ теңге сомасындағы өтеуі болып табылады.

3. Шығындардың бір бөлігін өтеу Уәкілетті органның (___ жылғы _______ № __) шешімі негізінде жүзеге асырылады.
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
4. Уәкілетті орган өзінің шешімі негізінде отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу үшін олардың шоттарына ақшалай қаражатты аударуды жүзеге асыруға міндетті.

5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің:

уәкілетті органның шешіміне сәйкес отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжытумен байланысты шығындардың бір бөлігін өтеуге;

бас тарту және өтеу сомасын алған жағдайда, оны қайтару себебін көрсете отырып, өзінің шешімі туралы жазбаша хабарлау жолымен шығындардың бір бөлігін толық немесе ішінара өтеуге арналған қаражаттарды аударудан бас тартуға құқылы.

6. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде осы Келісімге қол қойғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін осы Келісімде көрсетілген банктік деректемелері бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ақшалай қаражат аудару жолымен өтеуге міндеттенеді.

7. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі Қазақстан Республикасының заңнамасын және осы Келісімнің ережелерін сақтауға міндеттенеді.
4. Құпиялылық
8. Осы Келісім бойынша Тараптардың әрқайсысы алған кез келген ақпарат және Келісімнің өзінің шарттары да құпия деп танылады және қарсы тараптың келісімінсіз жариялануға жатпайды.

9. Тарап басқа тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз Келісімнің мазмұнын немесе оның қандай да бір ережелерін, сондай-ақ осы Келісімді орындау мақсатында ұсынылған немесе алынған өзге ақпаратты, материалдарды ашуға құқығы жоқ.
5. Форс-мажор
10. Форс-мажор мән-жайларының басталуына қарай Тараптар міндеттемелерді орындаудан толық немесе ішінара босатылады. Тараптар табиғи және техногендік сипаттағы дүлей апаттарды, әскери іс-қимылдарды, ереуілдерді, жоғары мемлекеттік органдардың тыйым салатын немесе шектейтін сипаттағы шешімдерін форс-мажор жағдайлары деп түсінеді.

11. Форс-мажор мән-жайлары туындаған жағдайда тарап күнтізбелік жеті күн ішінде міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі туралы басқа тарапты хабардар етуге міндетті. Осы талапты сақтамау тарапты жауапкершіліктен босататын негіз ретінде форс-мажор мән-жайына сілтеме жасаудан айырады.

12. Егер форс-мажор мән-жайы міндеттемелерді Келісімде көзделген мерзімде орындауға тікелей әсер еткен болса, егер тараптар өзгеше уағдаласпаған болса, онда бұл мерзім осындай мән-жайлардың қолданылу уақытына тиісінше кейінге шегеріледі.
6. Хабарлама
 13. Келісімге сәйкес бір тараптың басқа тарапқа жолдайтын кез келген хабарламасы хат, жеделхат, кейіннен түпнұсқасын бере отырып, телекс немесе факс түрінде жіберіледі.

14. Хабарлама осы күндердің қайсысы кешірек болатынына қарай жеткізілгеннен кейін немесе күшіне енудің көрсетілген күнінде (егер хабарламада көрсетілген болса) күшіне енеді.
7. Келісімнің қолданылу мерзімі
15. Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.

16. Егер Келісім жасасқаннан кейін индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне шығындарының бір бөлігін өтеу құқығы заңсыз берілгені анықталған болса, ол орындаусыз бұзылуға жатады.
8. Тараптардың жауапкершілігі. Қолданылатын құқық
17. Осы Келісімді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда тараптарға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік жүктеледі.

18. Егер осы Келісім жасалғаннан (орындалғаннан) кейін Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері дұрыс емес құжаттарды беру жолымен отандық өңделген тауарларды, қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжытумен байланысты шығындардың бір бөлігін өтеу құқығын алғаны анықталса, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік жүктеледі, сондай-ақ шығындардың бір бөлігін өтеуге алынған сомаларды Уәкілетті орган белгілеген мерзімде қайтаруға міндетті.

19. Келісім үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормалары қолданылады.
9. Өзге де шарттар
20. Тараптар осы Келісім бойынша өзінің құқықтары мен міндеттемелерін біреуге толықтай да, ішінара да беруге құқығы жоқ.

21. Егер жазбаша нысанда жасалған және тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған әрі олардың мөрлерімен бекітілген жағдайда ғана Келісімге кез келген өзгерістер мен толықтырулар жарамды.

22. Келісім бірдей заңдық күші бар, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден орыс не мемлекеттік тілде екі данада жасалған.

23. Келісіммен реттелмеген бөлігінде Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алады.


Уәкілетті орган
__________________________________

(Уәкілетті органның атауы)
Мекенжайы:__________________________________________________,

_____________________________________________________________

СТН_____________________________

БСН _____________________________

ЖСК ____________________________

БАНК ____________________________

БСК _____________________________

Тел./факс ________________________

 

(Уәкілетті органның бірінші басшысының немесе өзге уәкілетті тұлғаның қолы,Т.А.Ә.)


Индустриялық-инновациялық

қызмет субъектісі

________________________________

(Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің атауы)
Мекенжайы:______________________________________________,

_________________________________________________________

СТН ____________________________

БСН ____________________________

ЖСК____________________________

БАНК __________________________

БСК ___________________________

Тел./факс _______________________

(Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің бірінші басшысының немесе өзге уәкілетті тұлғаның қолы,Т.А.Ә)
м.о.




1

Кестелерді толтыру кезінде шот-фактураға және орындалған жұмыстар актісіне сәйкес жұмсалған шығындардың әрбір сомасын бөлек көрсету керек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет