Отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің үлгілік қағидалары Негізгі ережелер



Дата04.07.2016
өлшемі164.4 Kb.
Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 18 маусымдағы 
№ 229 бұйрығына     
5-қосымша        
Отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің үлгілік қағидалары
1. Негізгі ережелер
      1. Осы Отбасы үлгісіндегі балалар үйі қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – қағида) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағида) сәйкес әзірленген және Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері қызметінің (бұдан әрі – балалар үйі) тәртібін белгілейді.
      2. Отбасы үлгісіндегі балалар үйінің негізгі міндеті отбасы жағдайында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге, оқытуға, сауықтыруға және өз бетінше өмір сүруге қажетті жағдай жасау болып табылады.
      3. Тәрбиеші – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алатын тұлға.
      4. Балалар үйі жергілікті атқарушы органдар шешімімен құрылады.
      5. Балалар үйі – 4-тен кем емес және 10-нан артық емес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдаған отбасы.
      Медициналық көрсеткiштер бойынша немесе басқа бiр себептермен бұл балаларды тәрбиелеу мен оқыту бөлек жүзеге асырылуы тиiс болатын жағдайларды қоспағанда, бiр отбасының мүшелерi немесе туыстық қатынастағы балалар бiр бiлiм беру ұйымына жiберiледi.
      Отбасы үлгісіндегі балалар үйіндегі жалпы бала саны (туған балалары, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар) 10-нан аспайтын болуы керек.
2. Отбасы үлгідегі балалар үйін ұйымдастыру тәртібі
      6. Кәмелетке толған және күндізгі оқуды жалғастырушы балалар үйінің тәрбиеленушілері 23 жасқа толғанша толық мемлекеттік қамсыздандыруда болып, алимент, асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы т.б әлеуметтік төлемдерді алу және балалар үйінде тұру құқықтарын сақтайды.
      7. Мына:
      1) туған ата-аналарды;
      2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеті шектеулi деп таныған адамдарды;
      3) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
      4) өзіне Кодексте жүктелген мiндеттердi тиісінше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерін орындаудан шеттетiлгендердi;
      5) егер бала асырап алуды сот олардың кiнәсi бойынша жойса, бұрынғы асырап алушыларды;
      6) «Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 404 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес аурулары болған кезде, денсаулық жағдайы бойынша баланы тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттерді орындамайтын адамдарды;
      7) жүгіну кезінде өтелмеген соттылығы бар адамдарды;
      8) жүгіну кезінде тұрақты тұрғылықты жері, сондай-ақ баланың (балалардың) тұруы үшін жарамды тұрғын үй-жайы жоқ адамдарды;
      9) наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерлерде есепте тұратын адамдарды қоспағанда, патронаттық тәрбиешілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін тек кәмелетке толған ерлер және әйелдер патронат тәрбиешілер болып табылады.
      8. Бала асырап алуға және тәрбиелеуге мүмкіндігі бар және тәрбиелеуге алушы арызданушы тұрғылықты мекенжай бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органға өтінішін береді және мынадай құжаттар тапсырады:
      1) отбасы үлгісіндегі балалар үйін құруға еркін нысандағы өтініші (ерлі-зайыптылардан екеуінің де қолдары қойылған өтініш);
      2) отбасы құрамы туралы анықтама;
      3) өтініш берушілермен бірге тұратын отбасы мүшелерінің денсаулығы туралы анықтама (созылмалы ауруы жоқтығы туралы анықтама, нарколог, венеролог, психиатрдың тексерулерінен өткені туралы анықтама);
      4) отбасы үлгісіндегі балалар үйін құруға бірге тұратын отбасындағы кәмелетке толған мүшелердің барлығынан алынған нотариалды түрде куәландырылған немесе құжаттарды қабылдаушы лауазымды тұлғаның қатысуымен жазған жазбаша түрдегі келісім;
      5) сотталмағандығы туралы анықтама, соның ішінде отбасы мүшелерінің;
      6) нотариалды түрде куәландырылған білімі туралы құжаттың және неке куәлігінің талапқа сай бекітілген көшірмесі;
      7) еңбек кітапшасының көшірмесі;
      8) жеке куәлігінің көшірмесі;
      9) тұрғылықты жері бойынша жағымды мінездемесін растайтын ішкі істер бөлімінің еркін нысандағы анықтамасы;
      10) балалар тұратын тұрғын жайды иелік пайдалану немесе құқығын растайтын құжаттардың көшірмелері.
      9. Орган ұсынылған құжаттардың түскен күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін және толықтылығын тексереді.
      Тексеріс қорытындысы бойынша орган өтініш түскеннен кейін он екі жұмыс күн ішінде тұрмыстық жағдайын қарап тексеріп, оның қорытындысы бойынша акт жасап, тәрбиеші болу не болмау мүмкіндігі туралы еркін нысанда қорытынды жасайды.
      Органмен азаматтарды тәрбиеші болу не болмау мүмкіндігі туралы шешім қабылданғаннан кейін, егер болмаған жағдайда бес жұмыс күн ішінде негізделген еркін түрде қорытынды беріледі.
      10. Баланы отбасына беру кезінде бала тәрбиелеудегі тәжірибе ескеріледі.
      11. Балаларды балалар үйіне орналастыру үшін алдын ала таңдауды отбасыға қабылдауға тілек білдірген тұлғалар келісім шарт бойынша органмен және балалар тұрып жатқан мекеменің әкімшілігінің келісімімен жасалады.
      Он жасқа толған жетім балалар мен және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру тек олардың келісімімен ғана іске асырылады.
      Ұйым әкімшілігі тәрбиеші болуға тілек білдірген азаматтарды балалардың жеке іс қағаздарымен, денсаулығы туралы медициналық, дене және ой қабілетінің дамуы туралы қорытындысымен таныстырады.
      Тәрбиеші болуға тілек білдірген азаматтар мен отбасы мүшелері баламен танысады.
      12. Аудандық, қалалық білім басқармалары (бөлімдері) мен тәрбиесіне бала алуға ниет білдірген азамат осы қағиданың 1-қосымшасына сәйкес балаларды тәрбиелеу жағдайы мен күтіп-бағу туралы шарт жасасады. Балалар үйіне бірнеше балаларды бір мезетте орналастырған жағдайда бір шарт жасалады.
      Балаларды балалар үйінде тәрбиелену мен асырап-бағу туралы шартта балалар үйіне орналастыру мерзімі, оларды асырап бағуы, тәрбиелеуі және білім беруі, тәрбиешінің құқығы мен міндеттері, органның міндеттері, сонымен қатар, осы шарттың тоқтатылуының негіздемесі мен салдары қарастырылады.
      Шарттың қолданыс мерзімі біткен кезде балалардың балалар үйінде тұру мерзімі жаңа шарт негізінде ұзартылады.
3. Оқу–тәрбие процесіне қатысушылар, балалар үйінің
қызметкерлері
      13. Мектеп жасындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері тиісті елді мекендегі жалпы білім беретін орта мектепте білім алады.
      14. Мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілер мектеп жасына дейінгі білім мекемелеріне бара алады.
      15. Тәрбиеленушілер өз қызығушылығын ескере отырып, жалпы білім беру мекемелеріндегі, оқушылар үйі мен сарайындағы, жас техниктер мен жас натуралистер стансасындағы, спорт және саз мектептеріндегі, сондай-ақ, басқа да қосымша білім беру ұйымдарындағы үйірмелерге, секцияларға қатыса алады.
      16. Еңбек тәрбиесі оқу шеберханаларында, қосымша шаруашылық орындарында, өндірісте және ұйымдарда іске асырылады.
      17. Балалар үйіне:
      1) жетім балалар;
      2) ата-аналық құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабілетi шектелуi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған балалар қабылданады.
      18. Білім беру ұйымдары, медициналық ұйымдар, халықты әлеуметтік қорғау ұйымдары балалар үйіне отбасына қабылданатын баланың жеке іс қағаздарын, келесі құжаттарды:
      1) бiлiм беру ұйымына жiберу туралы жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiн;
      2) туу туралы куәлiгін (жеке куәлік);
      3) денсаулық жағдайы мен екпелерi туралы медициналық құжаттарын;
      4) бiлiм туралы құжаттарын (мектеп жасындағы балалар үшiн);
      5) баланың өмiр сүру жағдайын тексеру актiсi;
      6) ата-анасы туралы мәлiметтерді (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң көшiрмелерi, соттың шешiмi (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп тану), ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды iздестiру туралы анықтама және ата-анасының жоқтығын немесе олардың өз балаларын тәрбиелеуге мүмкiндiгi жоқтығын растайтын басқа да құжаттар);
      7) аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерiнiң және басқа да жақын туыстарының бар-жоғы және олардың тұратын жерi туралы анықтамасын;
      8) ата-анасы қайтыс болғаннан кейiн қалған мүлiктердiң тiзiмдемесi, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәлiметтерін;
      9) кәмелетке толмағандарға тұрғын үй алаңын бекiтiп беру туралы құжаттарын;
      10) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесі, алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн (оларды балаға ата-анасының бiрi немесе оны алмастыратын адам алатын кезде);
      11) «Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және асырап алуға жататын балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 30 наурыздағы № 388 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес балаға арналған сауалнаманы қосып береді.
      19. Тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету балалар үйіне бекітілген денсаулық сақтау ұйымдары арқылы қамтамасыз етіледі.
      20. Тәрбиешілер:
      1) тәрбиеге алынған балалардың өмір сүруі, тәрбиелену және білім алуы, сондай-ақ, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуы үшін қажетті тұрмыстық жағдайын жасайды, олардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) балалардың талапқа сай білім алуын, балалардың тапсырылған жеке құжаттарының балаларға тиесілі ақшалай және мүліктік заттарының сақталуын өз қамқорлығындағылардың басқа кез-келген тұлғалармен қарым- қатынасында, сонымен қатар соттарда, арнайы өкілеттіліксіз құқығы мен қызығушылығын қорғауға, еңбекті қорғау нормалары ережелерін, техника қауіпсіздігі мен өрттен қорғануды, санитарлық ережелері мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді;
      3) балаларды асырау, білім беру мен тәрбиесіне қолайсыз жағдайлардың туындағаны жөнінде тиісті мекемеге хабарлайды;
      4) балаларға арнайы әлеуметтік қызмет көрсету қажеттілігін анықтайтын жұмыстар жүргізеді;
      5) бала тәрбиелеу мәселесі бойынша білім беру, медициналық және басқа да ұйымдармен, жұмыспен қамту, тәрбиелеу, оқытудың дұрыс жағдайларын анықтау және диагноз жасау, олардың дамуындағы ерекшеліктерді анықтау мәселелерінде консультация алу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациямен тығыз байланыста болады.
      21. Тәрбиешілерге де қорғаншыларға немесе патронаттық тәрбиешілерге қойылған талаптар қойылады.
      22. Тәрбиеленушінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылған жағдайда, сонымен қатар, білім беру ұйымы әкімшілігінің оны ұстау, тәрбиелеу және жалпы орта білім алуы үшін жағдайлармен қамтамасыз ету бойынша қызметін орындамау немесе тиісті деңгейде орындамау, немесе өз құқықтарын асыра пайдалану кезінде бала өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін өз бетінше қамқоршылық және қорғаншылық қызметін жүзеге асыратын органға, 14 жасқа толған жағдайда сотқа жүгінуге құқылы.
4. Отбасы үлгісіндегі балалар үйін басқару
      23. Отбасы үлгісіндегі балалар үйі жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының нормаларына сәйкес қаржыландырылады.
      24. Тәрбиелеушілердің еңбек ақысын төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын үйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысына сәйкес тәрбиеленушілердің еңбек ақысын төлеу жағдайына ұқсас белгіленеді.
      25. Осы қағиданың 2-қосымшасына сәйкес балалар үйінің тәрбиешілері күтіп бағуға бөлінген ақшалай қаражаттың шығыс және кіріс есебін жүргізеді.
      26. Жұмсалған қаржы мен отбасы үлгісіндегі балалар үйі тәрбиеленушісінің мүлкін соның ішінде тұрғын үй мәліметтері жыл сайын қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға ұсынылады.
      27. Балалар үйінің тәрбиешісі балаларға сауықтыру лагерьлеріне, санаторийлерге тегін жолдама алуда басым құқыққа ие.
      28. Балалар үйі жергілікті жағдайға байланысты шаруашылық жайы мен шеберхана құра алады.
      29. Қосымша, демеушілік қаражатты есепке алу және жұмсау Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Отбасы үлгісіндегі балалар үйі
қызметінің үлгілік қағидасына
1-қосымша         
                                                                нысан
___ отбасы үлгісіндегі балалар үйіне балаларды
тәрбиелеуге беру келісім шарты
______ қаласы                                   20__ ж "__" ________.
      Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге
асыратын орган (бұдан әрі – орган), азамат
____________________________________________________________________
                   (тегі, аты, әкесінің аты),
және азамат (- ша ), жеке куәлігі, ЖСН
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________,
мекен жай бойынша (тіркелген) тұратын:_______________________________
____________________________________________________________________,
бұдан әрі «тәрбиешілер» («тәрбиеші») деп аталатын «Неке
(ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының
Кодексіне және басқада нормативті-құқықтық актілерге сәйкес төмендегілер осы шартты жасасты:
1. Шарттын мәні
      1.1. Орган тәрбиелеуге, ал тәрбиешілер
_____________________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Отбасы үлгісіндегі балалар үйі ата-анасының қамқорлығынсыз балаларды
(бұдан әрі – балалар) тәрбиелеуге қабылдайды
_____________________________________________________________________
            (балалардың тегі, аты, әкесінің аты,
_____________________________________________________________________
      Туу туралы куәлігінің №, сериясы, кім және қашан берді
_____________________________________________________________________
       немесе паспорттын №, сериясы, кім және қашан берді)
2. Талаптардың құқықтары мен міндеттері
      2.1. Тәрбиеші (лер):
      2.1.1. Балалармен бірге тұруға.
      2.1.2. Өзара сый құрметке, жалпы тұрмысты ұйымдастыруға, бір-біріне көмек көрсетуге, бос уақытын дұрыс пайдалану негізінде балаларды тәрбиелеуге.
      2.1.3. Балаларды білім алуға, олардың денсаулығына, дене, психикалық, адамгершілік және рухани дамуына керекті жағдай тұғызуға.
      2.1.4. Балалардың мүдделері мен құқықтарын қорғауға.
      2.1.5. Балаларды медициналық ұсыныстарға сәйкес және олардың денсаулығына байланысты күтуді және емдеуді қамтамасыз ету.
      2.1.6. Балалардың тәрбиелеу түрін анықтағанда олардын ой-пікірлерін және органның ұсыныстарын ескеруге.
      2.1.7. Оқыту мекемесін және оқыту түрін таңдағанда балардын ой-пікірлерін ескеруге.
      2.1.8. Жалпы білім беретін мекемеге балалардың баруын қамтамасыз ету, олардың үлгерімін қадағалау және сол мекеменің мұғалімдері және тәрбиешілерімен қарым қатынаста болу. Егер бала денсаулығына байланысты жалпы білім беретін мекемеге баралмаса, онда белгіленген түрі бойынша балаларға тиесілі білім алуды қамтамасыз ету.
      2.1.9. Балаларды күтуге, тәрбиелеуге және білім алуға отбасы үлгісіндегі балалар үйінде қолайсыз жағдай туындаса органды мәлімдеуге.
      2.1.10. Тұрғылықты мекен жайын ауыстырса, тұрғылықты жерінен ұзақ мерзімге кетсе (1 айдан көп болса) уақытылы органды мәлімдеуге.
      2.1.11. Балаларды күтіп бағуға берілген қаражатты кірісімен шығысын жазбаша түрде шығыс есебін жүргізу, айдын 10-нан кешіктірмей жылына 2 рет органға жұмсалған шығыстар туралы мәлімет ұсынуға.
      2.1.12. Балалардың күтіп бағыуын, тәрбиесімен білім алуын қадағалауды жүзеге асыруға органға кедергі жасамауға міндетті.
      2.2. Орган:
      2.2.1. Балаларды тәрбиелеуге берген келісім шарт негізінде ақашалай қаражат тағайындалған айдан бастап тәрбиешілерге тәрбиелеуге берген балаларды күтуге бөлінген қаражатты және жалақысын ағымдағы айдын 15-н кешіктірмей аударуға.
      2.2.2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәрбиешіге балаларды тәрбиелегені үшін ай сайын еңбек ақысын төлеп отыруға міндетті.
      2.2.3. Мекемеден балалар үйіне берілген бала (балалар):
      1) осы ұйымның тәрбиеленушісі болып табылатын баламен (балалармен) тәрбиеге беру жөніндегі дайындық жұмысын жүргізеді;
      2) оның сәтті әлеуметтік бейімделуіне ықпал етеді;
      3) баланы (балаларды) тәрбиеге беру үшін құжаттар дайындауды жүзеге асырады;
      4) тәрбиеші болуға тілек білдірген адамдарды дайындауды жүзеге асырады;
      5) осы ұйымның тәрбиеленушісі болып табылатын баланы (балаларды) тәрбиеге беруді жүзеге асырады;
      6) патронат тәрбиешіге ұйымдық-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді;
      3.1. Тәрбиешілер:
      3.1.1. Қолданыстағы қарастырылған заңнама негізінде балаларды мектепке дейінгі білім ұйымдарына орналастыруға.
      3.1.2. Балаларға сауықтыру лагеріне, санаторияларға оның ішінде тегін жолдамаларды алып беруге құқығы бар.
      3.2. Органның:
      балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және білім беру бойынша тәрбиешіге жүктелген міндеттерге бақылау жасау.
4. Тараптар жауапкершілігі
      4.1. Осы шарт талаптарын орындамауға немесе тиісінше орындалмаса тараптар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылықта болады.
5. Шарттың қолданыс мерзімі
      5.1. Осы шарт _____________________________________________
мерзімге жасалған және қол қойылғаннан кейін күшіне енеді.
      5.2. Осы шарттың қолдану мерзімі тараптардың өзара келісімі бойынша оның аяқталуына дейін бір ай бұрын ұзартылуы мүмкін және осы шарт қосымша келісіммен рәсімделеді.
      5.3. Осы шарт:
      - тәрбиешінің дәлелді себептері болған жағдайда (ауырыуна, балалармен тіл табыса алмаса, жанұялық немесе мүліктік жағдайы бойынша);
      - органмен отбасы үлгісіндегі балалар үйінде балаларды күтіп бағуға, тәрбиелеп білім алуына қолайсыз жағдай туындаса немесе ата-аналарына қайтарылса мерзімінен бұрын тоқтатылуы мүмкін.
      5.4. Осы шарт орындалмаған жағдайда тараптар оны бұзуы мүмкін.
6. Шартты бұзу салдары
      6.1. Осы шартты тараптардың бірімен бұзу кезінде балаларға барлық бөлінген (алынған) мүлікті: киім, аяқ-киім, жұмсақ инвентарь – қабылдаған отбасымен қабылдау актісі бойынша органға қайтарады.
      6.2. Осы шарттың талаптарын тәрбиешілер оның қолданыс кезеңінде бұзса, орган олардан баланы күтіп-бағуға бөлінген және жұмсалмаған қаржыны талап етуге құқылы.
7. Қорытынды шарттар
      7.1. Осы шартты орындау процесінде тараптар арасында туындайтын даулар тараптар келісілген шешімді әзірлеу мақсатында шешіледі, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда шешу үшін сотқа беріледі.
      7.2. Шарт екі данада тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден жасалды және бірдей заңдық күші бар.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық
жөнiндегi функцияларды жүзеге
асыратын орган                           (тәрбиеші)
____________________________   _____________________________
(есеп шоты, мекен жайы)          (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________   _____________________________
____________________________   _____________________________
____________________________   (мекен жайы, паспорт деректері)
____________________________   _____________________________
____________________________   _____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы) ______________________
_______________________          _________________________
    (қолы, күні)                        (қолы, күні)
Мөр
Шарттын төлнұсқа данасын қолға алдым 20__ ж. "___" __________
Отбасы үлгісіндегі балалар үйі
қызметінің үлгілік қағидасына
2-қосымша         
                                                                нысан
7. Қамқорлыққа алынушының табыстары туралы мәліметтер



табыс түрі

сомасы, ай сайын



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

алименттер

























қамқорлыққа алынушыны күтіп-бағуға берілетін жәрдемақы

























ай сайынғы сақтандыру төлемдері

























мұрагерлікпен тиесілі немесе сыйға алынған ақша қаражаты

























тұрғын үй алаңын жалға беруден түскен табыстар


























8. Қамқорлыққа алынушының шығыстары туралы мәліметтер



табыс түрі

сома

күні

есептік кезеңдегі тамақ өнімдерін сатып алу





киім-кешек, аяқ киім сатып алу





гигиена құралдарын, бірінші кезекте қажетті заттар сатып алу





дәрі-дәрмектер, күтіну құралдарын сатып алу





тұрмыстық қызметтерге ақы төлеу (киім-кешекті, аяқ киімді жөндеу)





ұзақ уақыт пайдаланатын тауарлар сатып алу (нақты нені, көрсетілсін)





ай сайынғы салымдар (білім алуға, ұзақ уақыт пайдаланатын тауарларға)





Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files
files -> І. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құжаттар
files -> 102 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> «Балаға мейірімді қала» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі өткізілетін іс-шаралар
files -> 103 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> 104 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> 105 НҰСҚа аты-жөні Қала (Облыс) Аудан Мектеп Сынып Талапкердің қолы 2011 Назар аударыңыз!
files -> Бағалық ұсыныстар сұраныс әдісі арқылы принтерлердің техникалық күту және олардың картридждеріне бояу құю бойынша қызмет көрсетуге арналған мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттама
files -> Қазақстан Республикасының Бала құқықтары туралы конвенцияны іске асыруы туралы төртінші кезеңдік баяндама Кіріспе


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет