Өткізілу күні: 9 желтоқсан 2014 ж. Өткізілу орны



Дата06.03.2016
өлшемі45 Kb.
#44126
ПАВЛОДАР МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Мекен-жай: Павлодар қ., Мир көшесі 60, 114 каб.

Телефон: 8(7182) 65-16-19. Эл. пошта: pgpi_1@mail.ru
line 3


БАСПАСӨЗ ХАБАРШЫСЫ

«Балаларға жылулық сыйла»

қайырымдылық акциясы
Өткізілу күні: 9 желтоқсан 2014 ж.

Өткізілу орны: «Достық» концерт залы (Торайғыров көшесі 48, бұрынғы Славян орталығы)

Уақыты: 15.00 с.
2014 жылдың 9 желтоқсан күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Қамқорлық» әлеуметтік-волонтерлік орталығы «Славян орталығының» көмегімен «Балаларға жылулық сыйла» атты қайырымдылық акциясын өткізеді.

Аталмыш акцияның мақсаты: қоғамның назары мен көңілін тұрмысы төмен және қорғансыз өмір сүріп келе жатқан азаматтарға, әлеуметтік жетімдікке аудару, қайырымдылық көмек көрсету идеясын күшейтіп, мейірімділік таныту, Павлодар қаласының №2 жетімханасына қайырымдылық көмек көрсету.



Мейірімділік – жаратылысты уыздай ұйытқан ең басты құндылық.  Ғаламдағы барлық нәрсе мейіріммен жаратылған, мейірім саясында белгілі бір тәртіп пен үйлесім арқылы мән табады. Мейірімді болсаңыз ғана мейірімге бөленесіз. Кез келген жаратылысқа мейірімділік танытып, меселін қайтармаған жан мәңгілік әлемінен сол сәтте қарша бораған мыңдаған сүйіншінің астында қалады. 

Қазіргі заман талабына қарамастан ПМПИ-дің белсенді студенттері бұл өмірде ата-анасының жылуы мен ықыласынан айырылған, қолдау мен көмекті қажет етіп отырған балаларға арнап қайырымдылық акциясын жасамақ. Бұл акция бағдарламасына «Бақытты балалық шақ» атты фотокөрме, боди-арт шеберлерінің қатысуымен өткізілетін қуыршақ шоу, «Ертіс» хоккей клубының спортшыларымен кездесу және қорытынды концерт кіреді.

Ең басты бөлім – концерттік бағдарлама. Концертте қаламыздың талантты жастары мен жұлдыздарымыздың өнерлерін тамашалаймыз. Балалар мен жиналған қауымға өздерінің тамаша әндері мен билерін, әзілдерін DJ Jаm, ВКураже, VалихаN, Константин Костин, "JUSTFLYCREW" бишілер студиясы, республика чемпионаты жеңімпаздары «Diamond» черлидер командасы, Достық үйінің этномәдени ұйымдарының би және вокал топтары, Павлодар қаласының танымал Жайдарман командалары сияқты аумағымызда дәрежесі мен атағы бар жұлдыздарымыз ұсынады.

Концерттік кешті құттықтау және тілек сөздерімен, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, философия ғылымдарының докторы Аршабеков Нұрғали Рахымғалиұлы бастайды.

Қайырымдылық акциясының ұйымдастырушылары ПМПИ болғанымен, қала тұрғындарының, басқа да ұйымдардың өз еріктерімен келіп қосылып, көрсетіп жатқан көмектері аз емес. Сонымен қатар бұл іс-шараға қатысу және концертті тамашалау тегін. Тек балаларға арнап ойыншық, киім-кешек, кітап немесе кеңсе тауарларын әкеліп, аз да болса көмек көрсетсе жеткілікті. Осындай іс-шара арқылы ұйымдастырушылар балаларға жылы ықыласын арнап, оларға қол үшін тигізіп, жақсылық танытатын адамдардың бар екенін дәлелдемек.

ПАВЛОДАРСКИЙ ГОСУДАРСТВЕННЫЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ ИНСТИТУТ

ПРЕСС-СЛУЖБА

Адрес: г. Павлодар, ул. Мира, 60, каб. 114

Телефон: 8 (7182) 65-16-19

прямая соединительная линия 2


ПРЕСС-РЕЛИЗ

Благотворительная акция «Подарите детям тепло»
Дата проведения: 9 декабря 2014 года.

Место проведения: концертный зал «Достық» (ул. Торайгырова, 48, бывший Славянский центр)

Время проведения: 15.00
9 декабря 2014 года социально-волонтерский центр «Қамқорлық» Павлодарского государственного педагогического института при содействии Славянского центра проводит благотворительную акцию «Подарите детям тепло».

Цель проведения акции – привлечь внимание общественности к нуждам социально незащищенных и малоимущих категорий граждан, проблеме социального сиротства и возрождение идей благотворительности, оказать благотворительную помощь детям, оставшимся без попечения родителей из приюта №2 г. Павлодар.



Доброта — это мостик, способный соединить сердца. Это толчок, который не дает пройти мимо плачущего ребенка. Это тепло, согревающее бездомных, это помощь тем, кто попал в беду.

Студенты очередной раз доказывают окружающим и, самое главное, детям, что добро есть и оно ценится. Ведь внимание взрослых важно для детей, особенно тем, кто остался без внимания и тепла родителей. Эта акция дает шанс каждому проявить свою теплоту и оказать помощь детям, ведь самое дорогое в жизни - это сияющие благодарные глаза маленьких человечков, которые верят, что мы, взрослые, обязательно им поможем.

С приветственным словом на концерте выступит ректор ПГПИ Аршабеков Нургали Рахимгалиевич.

В рамках акции будут проводиться фотовыставка «Счастливое детство», выставка картин, кукольное шоу с участием мастеров Body Art, показательные выступления мастеров каратэ, веселые игры для детей, флешмоб студентов для детей, а также большой концерт с большими сюрпризами. Дарить детям праздник будут студия уличного танца "JUSTFLYCREW", DJ Jаm, ВКураже, VалихаN, Константин Костин, команда черлидеров «Diamond», танцевальные и вокальные коллективы этнокультурных объединений Дома Дружбы и Школы национального возрождения, а также команды КВН г.Павлодар и другие. Гостем благотворительного вечера станет команда КВН «Академия Көкше» (г.Кокшетау).

Вход бесплатный, но с обязательным условием, что каждый принесет с собой подарок детям: игрушку, книгу, канцелярские товары или что-нибудь другое, – он и станет билетом на вечер благотворительности.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет