55.Тимпонопластика.операциялық көрсетілім.
Тимпанопластика - құлақ қалқанының перфорациясын қалпына келтіруге немесе құлақтағы зақымдануларды емдеуге бағытталған хирургиялық операция. Операция жалпы анестезиямен жасалады.
Тимпанопластика келесі жағдайларда көрсетіледі:
құлақ қалқанының тұрақты перфорациясы
қайталанатын инфекциялар (құлақ инфекциясы)
ағызу және ішінара есту қабілетінің жоғалуы бар созылмалы құлақ қабынуы
сүйек тізбегінің үзілуі
холестеатоманың болуы (қатерсіз ісік)
56.Ортаңғы құлақтың созылмалы іріңді ауруы.Асқынулары.
Созылмалы ортаңғы іріңді отит (СОІО) - дабыл қуысындағы немесе емізіктəрізді үңгірде (мастоидит) ұзақ уақыт қабынудың болуы, құлақтан 2-6 апта бойы үнемі немесе кезеңімен тесілген дабыл жарғағы арқылы ірің ағады. Созылмалы ағымда дабыл қуысының шырышты қабатының жұқаруы жəне түйіршіктелуі, полиптер, холестеатома байқалады.
Холестеатома - ісік тəрізді түзіліс, ортаңғы құлақтағы элементтердің остеолиттік деструктивтік процестермен дамуы салдарынан түзіледі. Диагнозды дәрігер отоскоппен қарау арқылы қояды. Әдетте, инфекцияның белгісін қою жеңіл – қызару, сұйықтықтың немесе іріңнің болуынан. Кейде есту қызметіне тест жүргізіледі, ол ұзақ созылмалы инфекцияда бұзылуы мүмкін. Емдеу. Емдеудің мақсаты – ауырсынуды жеңілдету, инфекциямен күрес, асқынудың және инфекцияның қайталануының алдын алу. Үй жағдайында әдеттегі ауырсынуды басатын, ыстық түсіретін дәрі-дәрмекті қолдану ортаңғы отиті бар адамдарға жеткілікті болады. балаларға аспирин беруге болмайды. Антибиотиктер әдетте, екі жасқа дейінгі балаларға тағайындалады, аурудың ауыр түрінде немесе асқыну қаупі жоғары болғанда. Антибиотиктерге сезімталдыққа тест жүргізген жөн
57.Көз ұясының қатерлі ісіктері. Клиникалық белгілері.
Көру мүшесінде, адамда кездесетін ісіктердің барлық түрі
дамиды. Олар әр түрлі генезді:
• көрші аймақтардан таралады (бассүйек қуысынан, жоғарғы
жактан, тамырлы қабаттан және т. б.)
• басқа мүшелердің ісіктерінің метастазы болуы мүмкін және
де көздің ішінде орналасқан - бұлшықет, тамыр, нервтің
қабырғаларынан пайда болуы мүмкін.
Көпшілік жағдайда науқастарда көру мүшесінің біріншілікті
ісігі анықталады.Көздің онкология
лық ауруға шалдығуларының арасында көп кездесетін көз ұясының ісіктері (14-28%) арасында 70-80 көпшілікті қатерлі ісіктер.Ісіктер қатерлі
және қатерсіз болады.ІСІКТІҢ БЕЛГІЛЕРІ:
Экзофтальм
Көздің алмасының қозғалшықтығының бұзылуы
Көз алмасының репозициясының бұзылысы
Көз алмасының деформациясы
Көз түбінің өзгерісі
Клиникалық белгілірі:
қарашықтың түсі сарғыш-жасыл тартып жарқырауы
(лейкокория);
көру жиілігінің ісік бар көзде төмендеуі;
көздің түбінде тез өсіп бара жатқан ісігі.
Емі
Көз алмасын алып тастау (энуклеация), операциядан кейінгі рентген-және
химиотерапия тағайындалады. Науқастар емнен кейін окулист пен онкологта
диспансерлік бақылауда болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |