«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»



бет33/57
Дата02.01.2022
өлшемі324.83 Kb.
#452179
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57
Лекция Мейіргер ісі 2 курс каз

Vena cava superior жоғарғы қуыс вена жоғарғы көтерілетін қолқаның оң жағы мен сәл артына таман орналасқан жуан (2,5 см шамасында), бірақ қысқа (5-6 см) сабау. Жоғарғы қуыс вена І оң жақ қабырғаның төстікпен қосылатын жерінде vv. brachicephalicae dextra et sinistra –лардың қосылуынан пайда болады. Ол бұл жерден төстіктің оң жақ жиегін бойлай бірінші және екінші қабырғаралықтардың артымен жүріп, ІІІ қабырғаның жоғарғы деңгейіне дейін төмен түсіп, жүректің оң жақ құлақшасы артында орналасып, оң жақ жүрекшеге құяды. Оның артқы қабырғасы оны оң жақ бронхыдан бөліп тұратын a.pulmonalis dextra – мен және жүрекшеге құйылар жерінде оң жақ жоғарғы өкпе венасымен жанасады, бұл екі тамыр да оны көлденеңінен қиып өтеді.

Иық – бас веналары vv.brachiocephalicae dextra et sinistra – иық-бас веналары, жоғарғы қуыс венаны түзеді, ал өз кезегінде әрқайсысы v.subclaviae мен v.juqularis internae-дың қосылуынан пайда болады. Оң жақ иық-бас венасы сол жақтағыдан қысқалау, небары 2-3 см-дей; ол оң жақ төстік-бұғана буыны артында түзіліп, қиғаш төмен медиальды бағытта сол жақтағы аттас венамен қосылатын жерге келеді. оң жақ иық-бас венасын алдынан mm.sternocleidomastoideus, sternohyoideus және sternothyroideus ал төменде І қабырға шеміршегі жауып тұрады. Сол жақ иық-бас венасы оң жақтағы венадан шамамен екі еседей ұзындау.

Төменгі қуыс венасы – v.cava interior - денедегі ең ірі вена сабауы, іш қуысында қолқамен қатар, оның оң жағында жатады. Ол IV бел омыртқа деңгейінде қолқаның бөлінетін жерінен сол төмендеу және одан оңға қарай екі ортақ мықын веналарының қосылуынан түзіледі.


  1. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар, жүрек муляжі, плакаттар.


  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет