«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»



бет37/57
Дата02.01.2022
өлшемі324.83 Kb.
#452179
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
Лекция Мейіргер ісі 2 курс каз

Дәріс тезистері:


Лимфа жүйесі – systema lymрhaticum – тамыр жүйесінің құрам бөлігі болып табылады және вена жүйесінің құрам бөлігі болып табылады және вена жүйесінің қосымша арнасы сияқты, онымен тығыз байланыста дамиды, әрі құрылысы жағынан ұқсас белгілері болады (қақпақшаларының болуы лимфа ағынының тканьдерден жүрекке қарай бағытталуы).

Оның негізгі қызметі – лимфаны тканьдерден вена арнасына өткізу (тасымалдық, резорбциялық және дренаждық қызметтер), сондай-ақ иммундық реакциядарға қатысатын лимфоидтық элементтерді түзу (лимфопоэз) және организмге келетін бөгде заттарды, бактерияларды және т.б. залалсыздандыру (тосқауылдық қызмет.) Қатерлі ісік (рак) клеткалары да лимфа жолдарымен таралады: бұл жолдарды анықтау үшін лимфа жүйесі анатомиясын терең білу керек.

Осы аталған қызметтеріне сәйкес лимфа жүйесі құрамында мыналар болады: І.Лимфа өткізетін жолдар: лимфокапиллярлық тамырлар, лимфа тамырлары,

сабаулары және өзекшелері.

ІІ.Лимфоциттер дамитын жерлер:


  1. жілік майы және айырша безі;

  2. кілегейлі қабықтардағы лимфоидты түзілістер;

а) жекеленген лимфа түйіншектері - follliculi lumphatici solitari ә) топтарға жиналған – folliculi lymphatici agregati

б) бадамша без түрінде лимфа тканінің түзілуі;



  1. лимфа тканінің соқыр ішекте жиналуы;

  2. көкбауыр жұмсағы;

  3. лимфа түйіндер;

Лимфа жүйесі анатомиялық жағынан мына бөліктерден тұрады:

  1. Лимфалық арнаның тұйық ұшы лимфокапилляр торы түрінде мүше ткандарін шырмап жататын лимфокапилляр торы түрінде мүше ткандарін шырмап жататын лимфокапилляр тамырларынан басталады.

  2. Лимфокапилляр тамырлары мүшеішілік ұсақ лимфа тамырлары өріміне айналады.

  3. Ол өрімдер өздерінің одан арғы жолдарында лимфа түйіндерімен үзіліп отыратын ірілеу әкетуші лимфа тамырлары түрінде мүшелерден шығады. Ірі лимфа тамырлары лимфа сабауларына, одан әрі дененің басты лимфа түтіктеріне – оң жақ лимфа түтігіне және көкірек түтігіне, ал олар ірі мойын веналарына құйылады.

Лимфа тамырлары. Лимфокапиллярлық тамырлардың лимфа тамырларына айналуы оның қабырға құрылысының өзгеруіне байланысты ал қақпашалар капиллярларда да кездесе береді. Интрамүшелік лимфа тамырлары мүшенің дәнекер тканьді қабатшаларына орналаса, кеңшиырлы өрімдер түзіп, қан тамырларымен бірге жүреді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет