«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы»



бет45/57
Дата02.01.2022
өлшемі324.83 Kb.
#452179
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57
Лекция Мейіргер ісі 2 курс каз

Дәріс тезистері:


Ми – бассүйек қуысында орналасқан және пішіні жалпы алғанда басссүйек қуысының формасына сәйкес келеді. Оның жоғары латеральды немесе дорсальды беті бассүйек күмбезіне сәйкес дөңес, ал төменгі беті немесе ми негізі біршама жалпайған, тегіс емес. Мидың үш ірі бөлігін ажыратуға болады: үлкен ми – cerebrum, мишық - cerebellum, және ми сабауы – truncus encephalicus. Мидың ең көп бөлігін үлкен ми сыңарлары алып жатады, одан кейінгі үлкені мишық, қалған шамалы бөлігін ми сабауы құрайды.

Ми қабығы – meninges – жұлын қабықтарының (қатты, торлы және жұмсақ) тікелей, жалғасын құрайды.

Қатты қабық – dura mater. encephali – басқа қабықтар сыртында жататын тығыз ақшылдау дәнекер тканьды қабық.

Торлы қабық – arachnoidea encephali – жұлындағы сияқты қатты қабықтан субдуральды кеңестіктің капилляр саңылауымен бөлінеді.

Жұмсақ қабық – pia mater encephali – миға тығыз жанасып, оның бетінің барлық жүлгелері мен саңылауларына енеді. Жұмсақ қабықта қан тамырлар мен тамырлы өрімдер болады. Қабықша мен тамырлар арасында торасты кеңістігімен қатынасатын периваскулярлы саңылау орналасады.


  1. Иллюстрациялық материалдар: слайдтар, ми муляжы, планшеттер, плакаттар.


  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет