Сабақ 4
1. Тақырыбы: Концентрлі ерітінділерді дайындау. Микстуралар технологиясы.
2. Мақсаты: Бюреткалық жүйе үшін концентрлі ерітінділер дайындаудың теориялық ережелерін және олардың сапасын нормативті құжаттардың талаптарына сәйкес бағалауды үйрену. Микстураларды құрғақ затты ерітумен және концентрлі ерітінділермен дайындау ережелерін меңгеру.
3. Оқыту мақсаты:
Студент білуге тиіс:
концентрлі ерітінділерді дайындау үшін асептикалық жағдайларды қамтамасыз етудің санитарлық тәртіптері мен асептика ережелерін;
микстураларды құрғақ дәрілік заттарды еріту арқылы және бюреткалық қондырғыны қолданып дайындау ерекшеліктерін.
сұйық дәрілік түрлердің сапасын бағалау және босатуға безендіру бойынша нормативті құжаттар талаптарын;
Студент істей алуға тиіс:
концентрлі ерітінді дайындау үшін тазартылған су және дәрілік зат мөлшерін есептеуді;
дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттерін ескере отырып, микстуралар дайындаудың мүмкіншілігін шешуді;
сұйық дәрілік түрдегі (микстурадағы) күшті әсер ететін және улы заттардың дозаларын тексеруді;
пипетка көмегімен галенді және жаңа галенді препараттарды өлшеу дағдысын игеруді;
технологиялық операциялардың негізгі реттіліктерін: көлем және салмақпен өлшеу, еріту, талдау, фильтрлеу арқылы концентрлі ерітінділерді дайындау;
механикалық қоспалардан тазалығын тексеру;
концентрлі ерітінділерді тіркеуді және оларды сақтау жағдайларын.
Нормативті құжаттар талаптарына сәйкес дайын дәрілік түрлерді босатуға безендіру, сапасын бағалау.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Тақырып бойынша латынша терминологиясы.
Еріту диффузиялық-кинетикалық процесс ретінде. Оны динамизациялау жолдары.
Концентрацияны көрсету тәсілдері.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Олардың типтері және бағыттары. Тотығуды болдырмау жолдары.
Фильтрлеу, фильтрлеуші материалдар.
Бюреткалық жүйеге арналған концентрлі ерітінділерді сақтау жағдайлары және мерзімдер.
7. 3% дейінгі және 3% жоғары концентрлі құрғақ заттармен микстуралар технологиясы.
8. Құрамында хош иісті суы бар микстуралар технологиясы.
9. Дәрілік заттардың, галенді препараттардың концентрлі ерітінділерінен микстуралар
алу технологиясы.
10. Нормативті құжаттар талаптарына сәйкес дайын дәрілік түрлерді босатуға безендіру,
сапасын бағалау.
.
Достарыңызбен бөлісу: |