7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)
Сұйық дәрілік түрлер. Сипаттамасы. Жіктелуі.
Сулы ерітінділер. Сипаттамасы. Жіктелуі.
Дистилденген суды алу кезінде қандай талаптар қойылады?
Тазартылған суға қандай талаптар қойылады?
Ерітінділерді дайындаған кезде қолданылатын бейсу еріткіштер.
Рецептерде ерітінділер концентрацияларын белгілеу тәсілдері қандай?
Көлем ұлғаю коэффиценті деген не? Ерітіндіні дайындау үшін еріткіш көлемін қалай анықтайды?
Сұйық дәрілік түрлерді дайындаудың технологиялық сатылары.
Ірі кристалды дәрілік заттар ерітінділерінің технологиясы.
Күміс нитраты, калий перманганаты ерітінділер технологиясының ерекшеліктері.
Люголь ерітіндісі, сулема, сынап дииодиді ерітінділерінің технологиясының ерекшеліктері.
Кальций глюконат ерітіндісінің технологиясының ерекшеліктері.
Осарсол ерітіндісінің технологиясының ерекшеліктері.
Фурацилин ерітіндісінің технологиясының ерекшеліктері.
Сұйық дәрілік түрлерді тығындау, безендіру және сапасын бағалау.
Тестік тапсырмалар
1. Сұйық дәрілік түрлер дегеніміз препараттардың сұйық дисперстік ортада тараған ... жүйесі:
А) еркін дисперсті
В) сұйық дисперсті
С) байланысқан дисперсті
D) коллоидты
Е) қатты
2. Жеңіл тотығатын зат:
А) күміс нитраты
В) хлорсутек қышқылы
С) натрий хлориді
D) сынап дихлориді
Е) осарсол
3. Сынап дихлориді ерітіндісі технологиясының ерекшелігі:
А) натрий эозинатымен бояу
В) алдын - ала ұнтақтау
С) қыздыра отырып еріту
D) алдын - ал кептіру
Е) салқындата отырып еріту
4. Сынап дихлориді ерітіндісіндегі гидролизді бәсендету үшін ...... қосылады:
А) натрий хлориді - бірдей мөлшерде
В) натрий йодиді - екі есе көп мөлшерде
С) натрий хлориді - екі есе көп мөлшерде
D) натрий гидрокарбонаты - 1 г – 0,61 г
Е) натрий йодиді - 1 г – 0,61 г
5. Сұйық дәрілік түрлерге жататындар:
А) нағыз,коллоидты ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, тұндырмалар, қайнатпалар
В) нағыз, коллоидты ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, пилюлялар
С) нағыз, коллоидты ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, суппозиторийлер
D) коллоидты ерітінділер, эмульсиялар, суспензиялар, жағар майлар
Е) нағыз, коллоидты ерітінділер, тұндырмалар, қайнатпалар, линименттер
6. Сырт тәнге қолданылатын Люголь ертіндісі құрамы:
А) йод 1,0; калий йодиді 2,0; су 100 мл
В) йод 1,0; калий йодиді 2,0; су 20 мл
С) йод 0,25; калий йодиді 0,5; су 25 мл
D) йод 0,1; калий йодиді 0,1; су 20 мл дейін
Е) йод 0,25; калий йодиді 0,25; су 25 мл
7. Тотықтырғыш қасиеті бар препараттармен ерітінділер дайындаудың ерекшеліктері:
A) жаңа айдалған суда еріту, шыны фильтр арқылы фильтрлеу
B) алдын-ала майдалау
C) қыздыра отырып еріту
D) қосымша заттар қосу
E) стабилизаторлар қосу
8. Осарсол ерітіндісін дайындау ерекшелігі:
А) сілтілі қосымша заттар қосу
В) алдын – ала ұнтақтау
С) қыздыра еріту
D) комплекс түзу
Е) шыны фильтр арқылы сүзу
9. Сынап дихлориді ерітіндісін дайындау үшін....................қосу қажет:
А) натрий хлоридін
В) натрий гидрокарбонатын
С) калий йодидін
D) калий бромидін
Е) осарсолды
10. Этакридин лактататын суда толық ертіту үшін ................ қажет:
А) ыстық суда еріту
В) майдалау
С) натрий хлоридын қосу
D) натрий бромидын қосу
Е) натрий гидрокарбанатын қосу
Достарыңызбен бөлісу: |