1. Тақырыбы №10: Тұрғындарды індеттен қорғау жүйесінде иммундық профилактиканың алатын орны. Иммунитет және жұқпалы аурулардан иммундық профилактика туралы түсінік. Иммундық биологиялық препараттар. Вакциналарға қойылатын талаптар. Жоспарлы түрде және індеттік көрсеткіштер бойынша жасалатын екпелер. ҚР қолданылатын вакциналық препараттарға сипаттама беру. Туберкулездің этиологиясы, індетке сипаттама беру. Қазақстанда туберкулезбен күресудің заманауи әдістері және олардың алдын алу.
2. Мақсаты: студенттерді жұқпалы ауруларды алдын алу мақсатында иммундыпрофилактиканы ұйымдастыруды және жүргізуді үйрету. Иммунитет және жұқпалы аурулардан иммундық профилактика туралы түсінікті, иммундық биологиялық препараттар. вакциналарға қойылатын талаптар туралы ойды қалыптастыру. Туберкулездің этиологиясы туралы түсінікті қалыптастыру, індетке сипаттама беріп, Қазақстанда туберкулезбен күресудің заманауи әдістері және олардың алдын алу шараларын жүргізуді үйрету.
3. Оқыту мақсаты:
-
Жұқпалы аурулардың иммундыпрофилактикасы жөніндегі білімдерін
жетілдіру;
-
Иммунитет және жұқпалы аурулардан иммундық профилактика туралы білімдерін жетілдіру;
-
Вакциналардың иммунологиялық негізін білу;
-
Иммундыпрофилактиканың мақсаты мен маңызын меңгеру;
-
ҚР профилактикалық егу кестесін білу;
-
ҚР қолданылатын вакциналық препараттарға сипаттама беру.
-
Егу жұмыстарын ұйымдастыру;
-
Иммундыпрофилактиканың тиімділігін және сапасын бағалаудың әдістерін меңгеру;
-
Вакцинация жүргізу және ұйымдастыру жөніндегі сұрақтарды балалар емханасында зерттеу әдістерін меңгеру.
-
Туберкулездің этиологиясы туралы түсінікті қалыптастыру, індетке сипаттама беру.
-
Қазақстанда туберкулезбен күресудің заманауи әдістері және олардың алдын алу шараларын жүргізуді үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Жұқпалы аурулардың түрлі топтарындағы иммундыпрофилактиканың маңызы;
-
Тұрғындарды індеттен қорғау жүйесінде иммундық профилактика қандай орын алады?
-
Иммунитет және жұқпалы аурулардан иммундық профилактика туралы нені білесіз?
-
Заманауи медициналық иммунобиологиялық препараттардың түрлері және сипаттамасы;
-
Иммундыбиологиялық препараттардың сапасының критерилері;
-
Медициналық иммундыбиологиялық препараттардың тасымалдану және сақтау жағдайларына қандай талаптар қойылады?
-
Егуге көрсеткіштер және қарсы көрсеткіштері;
-
Иммунитет түзудегі иммунизация нұсқасы және техникасы;
-
Егуге реакция және егуден кейінгі асқынулар;
-
Иммунды қабаттың жағдайын бағалаушы әдістер;
-
Иммундыпрофилактика жөнінде медициналық қызметкерлер мен тұлғалардың міндеттері мен құқықтары;
-
Туберкулез туралы ұғым;
-
Туберкулездің эпидемиологиялық процесіне сипаттама беру.
-
Туберкулездің алдын алу шараларының түрлері.
-
Туберкулез ауруларын анықтау үшін қандай әдістер қолданылады?
-
Туберкулезбен ауыратын науқасты анықтауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
-
Зертханаға қақырықты жинауға және тасымалдауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
-
Халықты туберкулезге қарсы жоспарлы иммундауды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
-
Манту сынамасы кімдерге жасалады?
-
Оң мәнді туберкулезге (БК+) ге жататын науқастарды тізбектеңіз.
-
Теріс мәнді туберкулезге (БК-) ге жататын науқас туралы түсінігіңізді айтыңыз.
-
Өкпеден тыс туберкулеэ дегеніміз не?
-
Қатерлі топқа жататын контингенттерді тізбектеңіз.
-
Манту сынамасын жасауға жататын топтарды тізбектеңіз.
-
Туберкулин сынамасын кімдерге жасауға болмайды?
-
Туберкулезге қарсы күресте санитарлық эпидемиологиялық қадағалаудың рөлі.
-
Туберкулез ошағында фтизиатр қандай іс шаралар атқарады?
-
Туберкулезге қарсы диспансерлеу кезінде дезинфекцияның рөлі.
-
Туберкулез ошағында жүргізілетін індетке қарсы шаралар туралы айтыңыз.
-
Балалар мекемелерінде және теңестірілген мекемелерде жүргізілетін эпидемиологиялық шаралар туралы айтыңыз.
-
Туберкулезге қарсы мекемелерде жүргізілетін күнделікті дезинфекцияның атқаратын рөлі.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (электронды құралдар және оқулықтармен жұмыс, бақылау сұрақтары және үлгілермен жұмыс, тестілік тапсырмалар мен жағдайлық есептерді шешу.).
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемиология. Оқулық. – Кітап. - Шымкент, 2012. – 544 б.
қосымша:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Ғылым. – Алматы, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. - Алматы, 2009.
3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 2 т. - Алматы, 2011.
4. Әміреев С.Ә., Нәжмеденова А.Ғ., Ирсимбетова Н.А. - Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал — Алматы, 2000.
5. Нәбенов Қ.Н., Жалпы дезинфекция негіздері. - Оқу-әдістемелік құрал.
2006.
6. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология. - Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. - 422 б.
7. 2011 - 2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының денсаулықты
дамытудағы «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік бағдарламасы.
8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2009
7. Бақылау (есептер, тесттер):
№1 жағдайлық есеп
Иммунизацияға арналған иммунобиологиялық препараттардың
жарамдылығын анықтау:
№2 жағдайлық есеп
Балалар емханасы деңгейінде «бір қалыпта суық дәрежеде сақтау»-ды бақылауда
алгоритмді құру.
№3 жағдайлық есеп
Педиатрдың қарауында 3 бала болды:
-
бала 3,5 ай, дамуында ауытқулар жоқ, дене қызуы 37,3°С;
-
бала 4 ай, мазасыз, нәжісі күніне 10 рет қоспасыз, табиғи тамақтандырылуда, дене қызуы қалыпты;
-
бала 3ай 21 күн, қан анализінде лейкоциттер.
Педиатр қандай шешім қабылдауы керек:
а) вакцинациялау;
б) иммунопрофилактика бөлмесіне кеңеске жолдау;
в) егуге жібермеу туралы құжатты толтырып, қайта тексеру;
г) егуге жібермеу туралы құжатты 3 аптаға толтыру.
№4 жағдайлық есеп
Егу жұмыстарын жүргізу үшін педиатрға 4 бала шақырылды:
-
бала 3 ай 18 күн, дені сау; пәтерде қызылшамен аурған науқаспен қатынаста болды;
-
бала 5 ай, АКДС вакцинасын 3,5 айлық кезінде алған, 1апта бұрын ЖРВИ мен ауырған;
-
2 жасар бала АКДС вакцинасчын 3,5; 5 және 7 айлық кезінде алған. 1апта бұрын қызылшамен аурған науқаспен қатынаста болған және гамма-глобулин алған (қызылшаға қарсы егуін алмаған);
-
ребёнок 5 лет из семьи беженцев, прививочный анамнез неизвестен.
Педиатрдың тактикасы:
А) егуді тағайындау;
Б) керекті уақытқа егуге жібермеу туралы құжатты толтыру;
В) иммунопрофилактика бөлмесіне кеңеске жолдау;
Г) арнайы иммунитеттің жағдайын бағалу мақсатында зерттеу жүргізу.
Тесттер:
-
Белсенді иммунитет пайда ету ушін қолданылады:
А) бактериофаг
Б) интерферон
В) иммундыглобулин
Г) вирусқа қарсы препараттар
Д) тірі және инактивацияланған вакцина, анатоксин
-
Жасанды белсенді иммунитет пайда ету жолдары:
А) бактериофаг
Б) иммундыглобулиндер
В) тірі вакцина егу
Г) сарысу егу
Д) анатоксин егу
-
Жоспарлы егуді ұйымдастыру мен жүргізуге қатысады:
А) педиатр, терапевт, бактериолог, иммунолог
Б) терапевт, эпидемиолог, иммунолог, мед. бике
В) педиатр, дәрігер-лаборант, мед. бике, эпидемиолог
Г) педиатр, терапевт, бактериолог, мед. бике
Д) терапевт, кардиолог, иммунолог, медбике
-
Тірі вакциналар...
А) көкжөтел вакцинасы
Б) антирабиялық вакцина
В) БЦЖ
Г) іш сүзегіне қарсы
Д) сальмонеллезді бактериофаг
-
Тірі ивакциналарады дайындауда вакциналық штамдарға қойылатын
талаптар:
а) вируленттілігі мен патогенділінің жоқтығы
б) вируленттілігінің жоқтығы, патогенділілгінің жоғарылығы
в) иммуногенділігінің жоғарылығы
г) антигендердің толық жиыны
д) антиденелердің толық жиыны
-
Инактивацияланған вакциналарды дайындағанда қолданылады:
А) фенол, формалин, хлорды заттар
Б) йод
В) 250С
Г) жоғары қысым
Д) 70% этил спирті
-
Анатоксиндер дегеніміз – бұл ...
А) эндотоксиндер
Б) заласызданған экзотоксиндер
В) экзотоксиндер
Г) залалсызданған эндотоксиндер
Д) әлсіз эндотоксиндер
-
Химиялық вакциналардың құрамы:
А) бактериальды жасушалар
Б) көбінше беткейлік антигендер
В) қоздырғыштардың антигендері
Г) антиген ерітінділері
Д) әлсізденген тірі вирустар
-
Тірі вакциналарды сақтау қажет:
А) мұздатқышта 0+80С-та
Б) термостатта
В) бөлме температурасында
Г) -100С-темпеаратурада
Д) биксте, бөлме температурасында
10. Медициналық мекемеде баланы еккененнен кейін болатын уақыты:
-
10 мин.
-
20 мин.
-
1 сағат
-
30 мин
-
40 мин.
11.БЦЖ вакцинасы – бұл .. .
|
|
1)патогенді туберкулез микобактериясының культурасы (ТМБ)
|
|
2) белсенділігі жойылған ТМБ
|
|
3) тірі әлсіздендірілген ТМБ культурасы
|
|
4) ТМБ өмір сүру кезіндегі өнімі
|
12.Туберкулин – бұл .. .
|
|
1) патогенді туберкулез микобактериясының культурасы (ТМБ)
|
|
2) ТМБ өмір сүру кезіндегі өнімі
|
|
3) белсенділігі жойылған ТМБ
|
|
4) тірі әлсіздендірілген ТМБ культурасы
|
13.Туберкулезге қарсы ревакцинацияны жүргізу жататын топты анықтау
мақсатында ... сынамасы қолданылады.
|
|
1)Пирке
|
|
2)Манту
|
|
3)Кох
|
|
4)аталған сынамалардың барлығы
|
14.Манту сынамасын қою кезінде туберкулин ... жасалынады.
|
|
1)тері үстіне
|
|
2)тері ішіне
|
|
3)тері астына
|
|
4)вена қан тамырына
|
1.Тақырыбы №11: Тұмау мен ЖРВИ иммундық профилактикасы. Шұғыл түрде алдын алу, қолдану көрсетімдері, қолданатын препараттардың түрлері. Бюджеттен (мемлекеттік, жергілікті) бөлінген қаржы есебінен екпе жүргізілетін жұқпалы аурулар мен тұрғындар тобының тізімі. Иммундық профилактиканы ұйымдастыру. Вакциналық профилактиканың тиімділігіне баға беру.
2.Мақсаты: студенттерді тұмау мен ЖРВИ иммундық профилактикасымен, шұғыл түрде алдын алу, қолдану көрсетімдері, қолданатын препараттардың түрлері. алдын алу және індетке қарсы шараларды, иммундық профилактиканы ұйымдастыру қағидалары, эпидемиологиялық қадағалау туралы негізгі теориялық білімдерін жетілдіру. Бюджеттен (мемлекеттік, жергілікті) бөлінген қаржы есебінен екпе жүргізілетін жұқпалы аурулар мен тұрғындар тобының тізімін анықтауды үйрету. Вакциналық профилактиканың тиімділігіне баға беруді үйрету.
3. Оқыту мақсаты:
-
Студенттерге тұмау мен ЖРВИ иммундық профилактикасымен, шұғыл түрде алдын алу, қолдану көрсетімдері, қолданатын препараттардың түрлері. алдын алу және індетке қарсы шараларды, иммундық профилактиканы ұйымдастыру қағидалары, эпидемиологиялық қадағалау туралы негізгі теориялық білімдерін жетілдіру. Алдын алу және індетке қарсы шараларды ұйымдастыру қағидалары туралы үйрету
-
Бюджеттен (мемлекеттік, жергілікті) бөлінген қаржы есебінен екпе жүргізілетін жұқпалы аурулар мен тұрғындар тобының тізімін
анықтауды үйрету. Вакциналық профилактиканың тиімділігіне
баға беруді үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Індетке қарсы шаралардың түрлері
-
Тұмау мен ЖРВИ эпидемиясы кезінде қолданылатын іс-шаралар
-
Эпидемияға қарсы шаралар, түрлері, вакциналар, арнайы препараттар, иммундыглобулин туралы түсінікті айту.
-
Тұмау мен ЖРВИ эпидемиясы кезінде мектепте бала-бақшаларда қолданылатын іс-шаралар
-
Бюджеттен (мемлекеттік, жергілікті) бөлінген қаржы есебінен екпе жүргізілетін жұқпалы аурулар мен тұрғындар тобының тізімі қалай анықталады.
-
Тұмауға қарсы вакциналардың түрлерін тізбектеңіз.
-
Инактивацияланған вакциналар туралы түсінікті айтыңыз , мысалдар келтіріңіз.
-
Тірі вакциналарға сипаттама беріңіз
5. Білім берудің және оқытудың әдістері (шағын топтар, пікірталас, жағдайлық есептер, сабақта жүргізілетін есептер, науқастарға курация, жағдайларды модельдеу).
6. Әдебиет:
негізгі:
1. Ирсимбетова Н.А., Абуова Г.Н., Тулепова З.Т. – Эпидемиология. Оқулық. – Кітап. - Шымкент, 2012. – 544 б.
қосымша:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Ғылым. – Алматы, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. - Алматы, 2009.
3. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 2 т. - Алматы, 2011.
4. Әміреев С.Ә., Нәжмеденова А.Ғ., Ирсимбетова Н.А. - Жұқпалы ауруларды иммунды әдіспен алдын алу. Оқу-әдістемелік құрал — Алматы, 2000.
5. Нәбенов Қ.Н., Жалпы дезинфекция негіздері. - Оқу-әдістемелік құрал.
2006.
6. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология. - Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. - 422 б.
7. 2011 - 2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының денсаулықты
дамытудағы «Саламатты Қазахстан» Мемлекеттік бағдарламасы.
8. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, 2009
7. Бақылау (тесттер, есептер):
Тесттер:
1.Тұмау және ЖРВИмен науқастарды аурухана ішінде жұқтыру жағдайын болдырмау мақсатында Емханаларда орындалатын
іс-шаралар:
-
келушілердің емханада болу уақтын шектеу, науқастарды қабылдау ұшін қосымша кабинеттер бөлу;
2) келушілердің санын қысқарту;
3) Тұмау және ЖРВИ-мен, пневмониямен ауырған науқастарды емдеуге арналған вирусқа қарсы дәрі –дәрмектердің қосымша мөлшерін жасау.
2.Тұмау ауруымен ауру ықтималды науқастардан қай кезде сынамалар алынып, " суық тізбекті" сақтай отырып, вирусологиялық зертханаға
жөнелтіледі?
1)ауырғаннан бастап, 72 сағаттан кешіктірмей;
2) ауырғаннан бастап, 5 күннен кешіктірмей;
3) ауырғаннан бастап, 7 күннен кешіктірмей
3. Тұмауға қарсы жоспарлы вакцинация жылдың мына кезеңдерінде жүргізіледі
1) 1 қыркүйектен 15 қазанға дейін;
2) 1 қазаннан 15 қарашаға дейін;
3) 1 қарашадан 15 желтоқсанға дейін
4. Қатерлі топқа жататын мына адамдарға бюджеттен (мемлекеттік, жергілікті) бөлінген қаржы есебінен
екпе жүргізіледі
1) 60 жастан жоғары адамдарға;
-
жүрек қан тамырлары және өкпе ауруларымен ауыратын үлкен жастағылрға және балаларға,
иммунитеті әлсіздерге;
-
әлсіз және жиі ауыратын балаларға
атап көрсетілгендердің барлығына
5. Тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі:
1) Европа өңірінде қолданылатын вакциналармен;
2) ҚР аумағында тіркелген вакциналармен
3) кез-келген вакциналармен
6. Тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі:
1)жергілікті бюджет есебінен;
2) республикалық бюджет есебінен;
3)тұмауға қарсы вакцинация жүргізілмейді
7. Тұмауға қарсы вакцинация жүргізіледі
1)бір рет, эпидмаусым басында;
2) бір рет, сырқаттанушылықтың көбею кезінде;
3)екі рет, эпидмаусым басында, сырқаттанушылықтың көбею кезінде;
8. Тұмау және ЖРВИ -дың маусымдық өршуі кезінде қамтамасыз етіледі:
1)тұмауды және оның асқынуына арналған дәрі дәрмектердің қосымша мөлшерлері жасалынады
2) соматикалық бөлімщелер инфекциялық төсек орындарға ыңғайластыру жоспары құрылады;;
3)екі жауапта дұрыс
Жағдайлық есеп №1
Науқас М., аурудың 5-ші күніне ауруханаға түсіп отыр. 5 күн бұрын балада тәбеттің төмендеуі, әлсіздік байқалады. Стационарға түсер алдында аурудың жалпы жағдайы нашарлады. Ауруда қайталамалы құсу, әлсіздік, зәрдің күңгірттенуі, көздің склерасының сарғаюсы байқалады. Ауру осыдан 3 ай бұрын өкпенің қабынуымен ауруханада емделген, емдеу барысында 2 рет қан препараттарын алды. Вирусты гепатит аурулармен қатынаста болмады. Түскенде: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, әлсіз, құсу. Терінің және кілегей қабаттары интенсивті сарғайған. Бауыры 3 см-ге, көк бауыры – 1 см-ге ұлғайған. Сарғаю және улану симптомдары күшейеді.
-
Диагноз қойыңыз.
-
Індетке қарсы шараларды жүргізіңіз?
Жағдайлық есеп №2
Мерей К., ауру вирусты гепатит жағдайлары тіркелген жұмысқа барады. Ауру жедел, дене қызуының 38,4 С-қа дейін көтерілуден басталады, тәбеттің төмендеуі, әлсіздік, жүрек айну, 1 реттік құсу байқалады. Келесі күні дене қызуы қалыпты болды, бірақ жүрек айну, анорексия, әлсіздік сақталды. Аурудың 3-ші күні іштің ауырсынуы, зәрдің күңгірттенуі, терінің, кілегей қабаттардың сарғаюы байқалды.
Объективті қарау барысында: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Шағымдары: іштің ауырсынуы. Тері қабаттары сарғайған, бадамшаларында, жұтқыншақтың артқы қабырғасында – гиперемия. Жүрек және тыныс алу жүйелері жағынан патологиялық ауытқулар жоқ. Тілі ылғалды, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, бауыры қабырға доғасынан +3,0, +3,5 см-ге ұлғайған, пальпация кезінде ауырсыну байқалады. Көк бауыр пальпацияланбайды. Зәрі күңгірттенген, нәжісі түссіздеген.
-
Диагноз қойыңыз..
-
Індетке қарсы шараларды жүргізіңіз?
Жағдайлық есеп №3
Ауру ауруының 14-15 күні стацинарға түседі. Көздің қисаң қабығы мен тері сарғаю айқын, бауыр едәуір үлкейген. Сарғаю алды кезеңі 12 күнге созылғаны белгілі, сарғаю пайда болған жағдайы жақсармаған, бала селқос болған, құспаған, геморрагиялық көріністер жоқ. Ауруға 2 ай бұрын перитонит бойынша операция жасалған, көптеген трансфузиялар мен инъекциялар қабылдаған.
1. Диагноз қойыңыз.
2. Қандай маркерлерді күтуге болады.
-
Індетке қарсы шараларды жүргізіңіз?
1.Тақырыбы №12: Балалар емханасында екпе жасайтын бөлменің құрылымы және оның жұмысын ұйымдастыру. Балалар мекемесінде індетке қарсы жүргізілетін тәртіп және екпе жұмысын ұйымдастыру. Ұжымдық иммунитет туралы түсінік. Екпе жасау техникасы. Иммундық биологиялық препараттардың сапасына бақылау жүргізу.
2. Мақсаты: студенттердің профилактикалық егуді жүргізуге арналған үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы негізгі теориялық білімін жетілдіру.
3. Оқыту мақсаты:
-
Студенттерің «Халыққа профилактикалық егуді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары (бұдан әрі – санитариялық қағидалар) профилактикалық егулерді жүргізу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы білімін жетілдіру.
-
Халыққа профилактикалық егуді жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды үйрету .
-
Профилактикалық егуді жүргізуге арналған үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы білімін жетілдіру.
-
Иммундық-биологиялық препараттарды сақтау, тасымалдау және пайдалану қағидаларын үйрету.
-
Вакциналарды егуге және егілген адамның вакцинация кезеңінен кейінгі жағдайын бақылауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы білімін жетілдіру.
-
Профилактикалық егуге жататын балалар контингентін есепке алуға
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар және орындалған профилактикалық егуді есепке алуды үйрету.
-
Иммундық-биологиялық препараттардың пайдаланылмаған қалдықтарын жоюға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы үйрету.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
-
Профилактикалық егуді жүргізуге арналған үй-жайларға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды тізбектеңіз.
-
Профилактикалық егу жүргізілетін үй-жайда басқа медициналық емшараларды (манипуляция) жүргізуге жол берілеме?
-
Егу кабинетінің ішін әрлеу, ылғалды жинау мен дезинфекция қалай жүргізіледі?
-
Егу кабинеті қандай жабдықпен жарақтандырылады?
-
пайдаланылған бір рет қолданылатын шприцтер қауіпсіз кәдеге жаратуға араналған қораптың түсі қандай?
-
Егу кабинетдегі шокқа қарсы терапияда кезінде қолданылатын дәрілік препараттардың құрамын тізбектеңіз.
-
Автокөлікпен, термоконтейнермен, егу материалымен, бір рет қолданылатын шприцтермен, шокқа қарсы препараттармен толықтырылған көшпелі егу бригадасының құрамына кімдер кіреді?
-
Екпе жасау техникасы(алгоритмі) туралы айтыңыз.
-
Қауіпсіз жинауға және кәдеге жаратуға арналған контейнер дгеніміз не, ол қандай болуы тиіс?
-
өздігінен блокталатын шприц дегеніміз не?өздігінен бұзылатын шприц дегеніміз не?
-
Ұжымдық иммунитет туралы түсінігіңізді айтыңыз.профилактикалық препараттарға не жатады?
-
Иммундық биологиялық препараттардың сапасына бақылау жүргізу қалай және кімдер жүргізеді?
Достарыңызбен бөлісу: |