ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасы студенттің Өзіндік жұмысына арналған әдістемелік өҢдеу



бет4/8
Дата26.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#159060
1   2   3   4   5   6   7   8

Сұрақтар:

  1. Пастереллездің классификациясы

  2. Пастереллездің өмірлік циклы

  3. Пастереллездің анықтамасы

  4. Пастереллездің фазалық инвазиясы

  5. Пастереллез кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері

  6. Пастереллезде әдістемелік тексеру

1 жағдайлық есеп

32 жастағы шофер 1,5 ай ауылда астық жинауға көмектесіп үйіне оралған. 4 күннен кейін қалтырап, басы ауырған, тамаққа тәбеті нашарлаған, жарыққа, қатты шуға сезімтал болған, іші жиі өткен. Дене қызуы алғашқы 3 күнде 37,5- 37,8, 4-ші күні 38,5 жеткен. Диагноз -іш сүзегі ?- деп қойылған.

Іс-сапар кезінде жатақханада тұрған, асханада тамақтанған, ауыл тұрғындарынан түрлі тағамдар сатып алып жеген. Жанұясында бала бақшаға баратын 3 жасар баласы бар, әйелі – асханада аспазшы болып жұмыс істейді.

Аурудың себебін анықтау. Алдын алу шараларын жоспарлау.
2 жағдайлық есеп

Жұмысшылар ауылында желтоқсан - сәуір айларында 74 адамға вирусты А гепатит диагнозы қойылған. Өткен жылы 12 вирусты А гепатит ауруы тіркелген, олардың 5- і созылмалы формадағы науқастар. Ауырғандардың 57-і су қоймасының суын қолданған. Су қоймасының жанында қоқыстар мен қалдықтар үйілген. Судың сапасы нашар.

Аурудың себебін анықтау. Алдын алу шараларын жоспарлау
3 жағдайлық есеп

40 жастағы науқаста иерсиниоз диагностикаланды.



  • 3-4 күн бұрын ет консервілерін қолданғаннан жұқтырды ма?

  • Иерсиниоздың жұғу механизмі қандай?



1. Тақырыбы №14: Ботулизм кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері. Салмонеллез кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері. Шигеллездар ошақтарын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар. Эшерихиоздар ошақтарын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар. Полиомиелит және энтеровирусты инфекциялардың ошақтарын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар.

2. Мақсаты: Студенттердің ботулизм, сальмонеллез, шигеллез, эшерихиоз, полиомиелит және энтеровирусты ауруларының эпидемиологиясының теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру.

3. Тапсырма:

              1. Ботулизм, сальмонеллез, шигеллез, эшерихиоз, полиомиелит және энтеровирусты инфекция ауруларының анықтамасы.

              2. Ботулизм, сальмонеллез, шигеллез, эшерихиоз, полиомиелит және энтеровирусты инфекция ауруларының этиологиясы және эпидемиологиясы.

              3. Ботулизм, сальмонеллез, шигеллез, эшерихиоз, полиомиелит және энтеровирусты инфекция ауруларының эпидемиологиясының теориялық білімін қолдана отырып, осы инфекция ошағында алдын-алу шараларының жоспарын белгілеу.

4. Орындау түрі:

  1. Реферат дайындау және қорғау

  2. Тапсырма құрастыру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

  1. 14-15 апта

7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық

паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.



8. Бақылау (тесттер, есептер):

Тесттер:

1. Зонне дизентериясымен ауру-сырқаулықтың көп тіркелуі ... болады.

а) 3 жасқа дейін

б) 3-6 жас аралығында

в) 7-10 жас аралығында

г) 10 жастан жоғары

2. Дизентериямен ауырған науқас ... кезеңінде жұқпалы.

а) жасырын

в) аурудың өршуі, реконвалесценция

б) продромальді

г) жазылу

3. Шигеллезбен ауырған науқас ... кезеңінде жұқпалы.

а) продромальді

б) аурудың өршу

в) жасырын

г) реконвалесценция

4. Дизентерия ауруының инфекция көзі:

а) науқастар және бактерия тасымалдаушы

б) құстар

в) ауру жануарлар

г) құрамында қоздарғыш бар азық-түлік

5. Дизентерияның берілу жолы:

а) нәжіс-ауыздық

б) қатынас

в) трансмиссивті

г) аэрогенді

6. Эшерихиоздың қоздырғышына қатысты дұрыс бекітуді атаңыз

а) клиникалық көрініс қоздырғыштың патогендік факторларына тәуелді

б) әдетте жалпы интоксикация белгілері басым

в) гепатолиенальды синдромы болады

г) диспепсиялық синдром әлсіз

д) сарғаю мен гепатит жиі кездеседі

7. Эшеризиоздың қоздырғышына қатысты дұрыс емес бекітуді атаңыз. Эшерихиоз диагнозын растау үшін ... қолданылады.

а) нәжістің бактериологиялық зерттеуі

б) асқазанның жуынды суының бактериологиялық зерттеуі

в) құсықтың бактериологиялық зерттеуі

г) қанның бактериологиялық зерттеуі

д) қос сары суда агглютинация реакциясы

8. Эшерихиоздың қоздырғышына қатысты дұрыс бекітуді атаңыз. Эшерихиоздың ажырату диагнозын ... ауруымен жүргізеді.

а) сарып

б) ботулизм

в) сальмонеллез

г) лептоспироз

д) токсоплазмоз

9. Эшеризиоздың қоздырғышына қатысты дұрыс емес бекітуді атаңыз. Эшерихиоздың этиотропты терапия ретінде ... қолданылады.

а) фурозолидон

б) фторхинолондар

в) невиграмон

г) бисептол

д) клафоран

10. Эшерихиоздың барлық түрінде госпитализацияға жататындары:

а) 14 жасқа дейінгі балалар

б) үлкеніне

в) тұрғындардың барлық топтары

г) мектепке дейінгі мекемедегі балалар

д) балалар үйіңдегі бөбектер

11. Полиомиелит ауруының инфекция көзі:

а) науқас аурудың манифестті түрімен, вирус тасымалдаушы

б) науқас аурудың созылмалы түрі

в) мектеп оқушылары

г) реконвалесценция кезіндегі науқас

12. Полиомиелит ауруының алдын алу шараларының бастысы

а) полиомиелит тектес аурулардың ьарлығын бақылау және анықтау

б) «жабайы» полиовирустың айналымын бақылау

в) инфекцияның иммундық алдын алуы

г) алдын алу дезинфекциясы

13. Полиомиелитпен ауыратын науқастың ... кезеңінде жұқпалы.

а) жасырын

б) продромальді

в) аурудың өршуі

г) реконвалесценция

15. Энтеровирусты инфекцияға қатысты дұрыс емес бекітуді атаңыз:

а) энтеровирустың 70 аса серовары қоздырғыш болып табылады

б) энтеровирустар қоршаған ортаға төзімді

в) қоздырғыш көзі ауру адам немесе вирустасмалдаушы

г) максималды аурушаңдық жаз-күз кезеңдерінде тіркеледі

д) аурудың клиникалық көрінісі қоздырғыш сероварына байланысты

16. Энтеровирусты инфекцияға қатысты дұрыс бекітуді атаңыз:

а) барлық жерде тараған

б) нақты маусымдығы жоқ

в) жиі қоздырғыш көзі үй жануарлары болып табылады

г) қоздырғыштың берілу жолы трансмиссивті болу мүмкін

д) егу эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жасалады

1 жағдайлық есеп

3 күн бойы ауырған студентке жеде дизентерия диагнозы клини калық көрсеткіштер бойынша қойылған. Науқасты үйіне қалдырған. Жанұясында: анасы – мұғалім, әкесі – журналист, қарындасы – 9 сынып оқушысы. Барлық жағдайы жасалған. 3 бөлмелі пәтерде тұрады.


  • Ошақта эпидемияға қарсы қандай шаралар жасау керек?

2 жағдайлық есеп

45 жасар аспазшының көмекшісі жедел гастроэнтеритпен ауырғанына 4 күн болған. Нәжісін бактериалдық зерттеуде ЭПКП 055. Аурудың ағымы жеңіл өткен. Науқас бір бөлмелі пәтерде тұрады. Әйел шаштаразшы, қызы фармацепт болып жұмыс істейді.



  • Эпидемиялық ошаққа қандай қарсы шаралар жүргізу.

3 жағдайлық есеп

Мектеп жасындағы балада ЖРВИ-ден кейін бет нервісінің парезі пайда болды. Вирусологиялық зерттеуде полиовирус анықталды.



  • Диагноз қою мәселесін шешіңіз?

  • Эпидемияға қарсы қандай шаралар жүргізу керек?

4 жағдайлық есеп

17 жастағы балаға стационарда бактериологиялық анализден тырысқақ анықталды. Баланың анамнезінде: шомылуға барғаны анықталды.



  • Ошақта қандай іс-шаралар жүргізу керек.



1. Тақырыбы №15: Вирусты этиологиясы бар ішек инфекцияларына эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және алдын алу бойынша нормативті-құқықтық құжаттар. Бактериялық этиологиясы бар ішек инфекцияларға эпидемиологиялық қадағалауды ұйымдастыру және алдын алу бойынша нормативті-құқықтық құжаттар.тИерсиниоз және жалғантуберкулез ошақтарын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар. Тырысқақ ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар. ТЭҚК және СБП

2. Мақсаты: Студентердің вирусты этиологиясы бар ішек инфекцияларының, жалғантуберкулез, кампилобактериоз, тырысқақ ауруларының эпидемиологиясының теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру; эпид.анамнезін дұрыс жинауға, инфекция ошағында контактта болғандарды анықтауға, эпидемияға қарсы және алдын алу шараларын белгілеуге үйрету.

3. Тапсырма:

  1. Вирусты және бактериальды этиологиялы ішек инфекцияларының, жалғантуберкулез, кампилобактериоз, тырысқақ ауруларының этиологиясы және эпидемиологиясы, берілу жолы.

  2. Вирусты және бактериальды этиологиялы ішек инфекцияларының эпидемиологиясының теориялық негіздерін қолдана отырып, осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.

4. Орындау түрі:

  1. Рефератты құру және қорғау

  2. Тапсырма құру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

  1. 15-16 апта

7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы

эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.

2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын

шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.



қосымша:

1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006.

2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық

паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.



9. Бақылау (тесттер, есептер):

Зонне дизентериясымен ауру-сырқаулықтың көп тіркелуі ... болады.

а) 3 жасқа дейін

б) 3-6 жас аралығында

в) 7-10 жас аралығында

г) 10 жастан жоғары

2. Дизентериямен ауырған науқас ... кезеңінде жұқпалы.

а) жасырын

в) аурудың өршуі, реконвалесценция

б) продромальді

г) жазылу

3. Шигеллезбен ауырған науқас ... кезеңінде жұқпалы.

а) продромальді

б) аурудың өршу

в) жасырын

г) реконвалесценция

4. Дизентерия ауруының инфекция көзі:

а) науқастар және бактерия тасымалдаушы

б) құстар

в) ауру жануарлар

г) құрамында қоздарғыш бар азық-түлік

5. Дизентерияның берілу жолы:

а) нәжіс-ауыздық

б) қатынас

в) трансмиссивті

г) аэрогенді

6. Эшерихиоздың қоздырғышына қатысты дұрыс бекітуді атаңыз

а) клиникалық көрініс қоздырғыштың патогендік факторларына тәуелді

б) әдетте жалпы интоксикация белгілері басым

в) гепатолиенальды синдромы болады

г) диспепсиялық синдром әлсіз

д) сарғаю мен гепатит жиі кездеседі

7. Эшеризиоздың қоздырғышына қатысты дұрыс емес бекітуді атаңыз. Эшерихиоз диагнозын растау үшін ... қолданылады.

а) нәжістің бактериологиялық зерттеуі

б) асқазанның жуынды суының бактериологиялық зерттеуі

в) құсықтың бактериологиялық зерттеуі

г) қанның бактериологиялық зерттеуі

д) қос сары суда агглютинация реакциясы

8. Эшерихиоздың қоздырғышына қатысты дұрыс бекітуді атаңыз. Эшерихиоздың ажырату диагнозын ... ауруымен жүргізеді.

а) сарып

б) ботулизм

в) сальмонеллез

г) лептоспироз

д) токсоплазмоз

9. Эшеризиоздың қоздырғышына қатысты дұрыс емес бекітуді атаңыз. Эшерихиоздың этиотропты терапия ретінде ... қолданылады.

а) фурозолидон

б) фторхинолондар

в) невиграмон

г) бисептол

д) клафоран

10. Эшерихиоздың барлық түрінде госпитализацияға жататындары:

а) 14 жасқа дейінгі балалар

б) үлкеніне

в) тұрғындардың барлық топтары

г) мектепке дейінгі мекемедегі балалар

д) балалар үйіңдегі бөбектер

11. Полиомиелит ауруының инфекция көзі:

а) науқас аурудың манифестті түрімен, вирус тасымалдаушы

б) науқас аурудың созылмалы түрі

в) мектеп оқушылары

г) реконвалесценция кезіндегі науқас

12. Полиомиелит ауруының алдын алу шараларының бастысы

а) полиомиелит тектес аурулардың ьарлығын бақылау және анықтау

б) «жабайы» полиовирустың айналымын бақылау

в) инфекцияның иммундық алдын алуы

г) алдын алу дезинфекциясы

13. Полиомиелитпен ауыратын науқастың ... кезеңінде жұқпалы.

а) жасырын

б) продромальді

в) аурудың өршуі

г) реконвалесценция

15. Энтеровирусты инфекцияға қатысты дұрыс емес бекітуді атаңыз:

а) энтеровирустың 70 аса серовары қоздырғыш болып табылады

б) энтеровирустар қоршаған ортаға төзімді

в) қоздырғыш көзі ауру адам немесе вирустасмалдаушы

г) максималды аурушаңдық жаз-күз кезеңдерінде тіркеледі

д) аурудың клиникалық көрінісі қоздырғыш сероварына байланысты

16. Энтеровирусты инфекцияға қатысты дұрыс бекітуді атаңыз:

а) барлық жерде тараған

б) нақты маусымдығы жоқ

в) жиі қоздырғыш көзі үй жануарлары болып табылады

г) қоздырғыштың берілу жолы трансмиссивті болу мүмкін

д) егу эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жасалады

1 жағдайлық есеп

3 күн бойы ауырған студентке жеде дизентерия диагнозы клини калық көрсеткіштер бойынша қойылған. Науқасты үйіне қалдырған. Жанұясында: анасы – мұғалім, әкесі – журналист, қарындасы – 9 сынып оқушысы. Барлық жағдайы жасалған. 3 бөлмелі пәтерде тұрады.


  • Ошақта эпидемияға қарсы қандай шаралар жасау керек?

2 жағдайлық есеп

45 жасар аспазшының көмекшісі жедел гастроэнтеритпен ауырғанына 4 күн болған. Нәжісін бактериалдық зерттеуде ЭПКП 055. Аурудың ағымы жеңіл өткен. Науқас бір бөлмелі пәтерде тұрады. Әйел шаштаразшы, қызы фармацепт болып жұмыс істейді.



  • Эпидемиялық ошаққа қандай қарсы шаралар жүргізу.

3 жағдайлық есеп

17 жастағы балаға стационарда бактериологиялық анализден тырысқақ анықталды. Баланың анамнезінде: шомылуға барғаны анықталды.



  • Ошақта қандай іс-шаралар жүргізу керек.


1. Тақырыбы №16: Оба кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері. Түйнеме кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері.

Кене энцефалиті және жапон энцефалит кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері. Туляремия ошағын эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар.



2. Мақсаты: студенттерге оба, түйнеме, туляремия эпидемиологиясының теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру; эпидемиологиялық анамнезді дұрыс жинауды үйрету; инфекция ошағында қатынаста болғандарды бөлу; эпидемияға қарсы алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.

3. Тапсырма:

    • Оба, түйнеме, туляремия анықтамасы.

    • Оба, түйнеме, туляремия этиологиясы және эпидемиологиясы.

    • Эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, студенттің құрастырған нақты есебін шешу, ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын белгілеу.

    • Теориялық білімді қолдана отырып, обаның осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.

4. Орындау түрі:

  1. Рефератты жазу және қорғау

  2. Тапсырма құру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша

6. Тапсыру мерзімі:

          • 16-17 апта

7. Әдебиет:

негізгі:

1. Әміреев С.А. – Эпидемиология. 2 т. Алматы, 2002.

2. Брико Н.И. – Руководство практическим занятиям по общей

эпидемиологии с основами доказательной медицины: оқу құралы. – М., 2008.

3. Власов В.В. – Эпидемиология: оқу құралы. – 2-е изд. –М., 2006.

4. Общая эпидемиология с основами доказательной медицины.

Тәжірибелік сабақтарға жетекшілік: оқу құралы. Покровский В.И.,

Брико Н.И. редакциялауымен – М., 2008.



қосымша:

1. Әміреев С.А., Муминов Т.А., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –

Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях. 1

т. Алматы, 2007.

2. Әміреев С.А., Муминов Т.А., Сергиев В.П., Оспанов К.С. –

Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и

паразитарных болезнях. 2 т. Алматы, 2008.

3. Савилов Е.Д., Мамонтова Л.М. и др. – Применение статистических

методов в эпидемиологическом анализе. –М. «МЕД прессинформ»,

2004.


4. Ющук Н.Д., Мартынов Ю.В. – Краткий курс эпидемиологии (схемы,

таблицы) – М.: «Медицина», 2005.

5. Ющук Н.Д., Мартынов Ю.В. – Эпидемиология. – М.: Медицина, 2003.

6. Иммунопрофилактика инфекционных болезней: Оқу-әдістемелік құрал. – Алматы, 2001.

7. Власов В.В. – Эпидемиология: Оқу құралы. – 2-ші басылым. – М., 2006.

8. Бақылау (тесттер, есептер):

Тесттер:


              1. Оба қоздырғышы:

  • B. pestis

  • B. pertussis

  • B. tulfrenssis

  • E.coli

  1. Табиғаттағы оба ауруының көзі және резервуары:

  • кеміргіштер

  • аңдар

  • бүргелер

  • құстар

  1. Обаның берілу факторы:

  • бүргелер

  • ауа

  • суырлар

  • тағам

  1. Оба кезінде ….......... жүргізіледі:

  • ошақты дезинфекциялаумен бір уақытта дезинфекция және дератизация

  • тек дезинфекция

  • дератизация және дезинфекция

  • дезинфекция және дезинсекция

  1. Обаға күдіктену болады:

  • обаға эндемиялық аймақта ауру басталғанға дейін 5 күн бұрын болу

  • нейротоксикоз белгілерімен жедел қызбалық жағдай

  • геморрагиялық белгілер

  • периаденитпен бірге аймақты лимфаденит

  • жоғарыда айтылған факторлардың барлығы

6.Туляремия қоздырғышы ...

  1. иерсиния

б) эшерихия

в) францискла

г) ореллая

д) пастерелла

7.Табиғи ошақтағы туляремия қоздырғышының жануарлар ортасында таралуы:


  1. тасымалдаушының көмегімен

б) каннибализм арқылы

в) тағамдық жолмен

г) су арқылы

д) ауа-тамшылы жолмен

8.Түйнеменің жұғу қауіпінің жоғарғы тобы:


  1. зоотехниктер және ветеринарлы жұмысшылар

б) қасапшылар

в) ет өнімдерін дайындайтын, сақтайтын, тасымалдайтын топтар

г) жергілікті тазарту органдарындағы жұмысшылар

9. Түйнеменің қоздырғышы:



  1. грамм (+) таяқшалар

б) грамм (-) таяқшалар

в) вирус


г) рикетсия

10. Түйнеменің жасырын кезеңі ... ұзартылады:



  1. 2-8 күн

б) 14 күн

в) 8-21 күн

г) 1 ай

11. Түйнеменің инфекциялық көзі:



  1. ауру жауарлар

б) өлген жануарлар

в) ауру адам

г) реконвалесцинтенттер

12. Туляремия қоздырғышы:



  • вирус

  • риккетсия

  • ГР - бактерия

  • Гр + бактерия

  • қарапайымдылар

Жағдайлық есеп

35 жастағы әйел ауылдық учаскелік ауруханаға басының ауыруына, әлсіздік, дене қызуының 400С дейін көтерілуіне шағым айтып келді. Ауырғанына 3 күн болған. Эпиданамнезден анықталғаны науқас ветеринар-дәрігер болып жұмыс істейді. Отбасында барлығының дендері сау.

Объективті: оң саусағының сыртқы жағында көлемі 3 мм ішінде серозды-геморрагиялық сұйықтығы бар пустула бар. Оң қолының барлық жері ісіңкі. Стефанский симптомы оң мәнді. Оң жақ қолтық асты лимфаденит.

Науқасқа “Сібір жарасы, карбункулезді түрі” деген диагноз қойылды.

Жағдайды бағалаңыз және сібір жарасының мүмкін болатын шығу себептері жайлы гипотеза айтыңыз. Эпид. ошақтағы шараларды бағалап, оның жүргізілу қажеттігін негіздеңіз.

1. Тақырыбы №17: Кене және жапон энцефалиті шаралардың стандарттары және алгоритмдері. Сарып кезіндегі ошақты эпидемиологиялық тексеру әдістемесі және эпидемияға қарсы шаралар. Құтыру кезіндегі шаралардың стандарттары және алгоритмдері

2. Мақсаты: студенттерге кене энцефалит және жапон энцефалиті, сарып эпидемиологиясының теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру; эпидемиологиялық анамнезді дұрыс жинауды үйрету; инфекция ошағында жанасқан болғандарды бөлу; эпидемияға қарсы алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.

3. Тапсырма


    • Кенелік энцефалит және жапон энцефалиті, сарып, құтыру анықтамасы

    • Кенелік энцефалит және жапон энцефалиті мен сарып, құтыру этиологиясы және эпидемиологиясы.

    • Эпидемиологиялық анамнезін айқындай отырып, студенттің құраған нақты есебін шешу, ошақта эпидемияға қарсы шаралар жоспарын белгілеу.

    • Теориялық білімді қолдана отырып, кенелік энцефалит және жапон энцефалитінің осы инфекция ошағында алдын алу шараларының жоспарын белгілеу.

4. Орындау түрі:

      • Реферат жазу және қорғау

      • Есептер құрастыру

5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерилері:

  • Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.

  • Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу

  • Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет