1. Тақырыбы №28: Эпидемиологиялық зерттеулерде дәлелді медицинаның қағидаларын қолдану. Эпидемиялогиялық тексерулерде статистикалық көрсеткіштерді қолдана білу. Эпидемиялогиялық анализ жасау кезіндегі тез шешу тәсілдері.
2. Мақсаты: студенттерге эпидемиологиялық зерттеулерде дәлелді медицинаның қағидалары, клиникалық эпидемиология тұрғысында білімдерін қалыптастыру. Эпидемиялогиялық тексерулерде статистикалық көрсеткіштерді қолдануға үйрету. Эпидемиялогиялық анализ жасау кезіндегі тез шешу тәсілдеріне үйрету.
3. Тапсырма:
-
Эпидемиологиялық зерттеулерде дәлелді медицина қағидаларын меңгеру
-
Клиникалық эпидемиология қағидаларын меңгеру.
-
Эпидемиялогиялық тексерулерде статистикалық көрсеткіштерді қолдану білу.
-
Аурушаңдық, өлім-жітім, маусымдылық, индекс есептерінің тәсілдерін оқып үйрену.
-
Эпидемиялогиялық анализ жасау кезіндегі тез шешу тәсілдерін үйрену.
-
Негізгі статистикалық көрсеткіштерді оқып үйрену.
-
Оперативті эпидемиологиялық анализ жүргізуде құжаттарды рәсімдеу принциптерін оқып білу.
4. Орындау түрі:
-
Реферат жазу және қорғау
-
Презентация дайындау
-
Есепті құрастыру
-
Тест тапсырмаларын құрастыру
5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерийлері:
-
Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.
-
Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу
-
Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша
6. Тапсыру мерзімі:
7. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.,2006ж.
2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.
8. Бақылау (сұрақтар, тесттер, есептер):
Сұрақтар:
1. Клиникалық эпидемиология туралы түсінік
2. Клиникалық эпидемиологияның әдістері
№1 жағдайлық есеп
Тұрғылықты мекен-жайда 3 күн бойы жедел ішек инфекцияларының аурушаңдық көрсеткіштері 2 есе көбейген. Ошақтар көбіне бір микроауданда пайда болған. Ошақтардың 10 % 2 науқастан анықталған, 3 % - 3. Науқастардың арасында балалар жиі ауырған. 70 % науқаста ауру қоздырғыштың бір ферментативті түрімен шақырылған.
Эпидемиялық үдерістің түрін анықтаңыз.
№2 жағдайлық есеп
Жұқпалы аурулар бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы жұмыстардың дәрежесін анықтауда негізгі қажет көрсеткіштерін анықтаңыз?
№3 жағдайлық есеп
С. қаласында 2007 ж. қызамықпен 3-6 жас аралығында 17 бала ауырды, оның ішінде 13-і бұрын қызамыққа егу алған. Осы жас топтағы жалпы бала саны - 8800, оның 8700 балаға қызамыққа қарсы активті жоспарлы иммунопрофилактика жүргізілді, әр түрлі себептермен 100 бала егілмеген.
Иммунизация тиімділігіне баға беріңіз.
Тесттер:
1. Қауырт эпидемиологиялық талдаудың мақсаты неде?
а. Қауырт санитарлы-эпидемиологиялық талдаудың маңызы неде?
б. Негізгі статистикалық көресткіштерді атаңыз.
в. Қауырт эпидемиологиялық талдаудың анықтамасы, оның негізгі бағыттары
г. Қауырт эпидемиологиялық талдаудың құрылымы.
д. Қауырт эпидемиологиялық талдаудың бағыттары.
2. Аурушандық дәрежесі анықталады:
А) эндемия;
Б) спорадикалық жағдай;
В) эпидемия;
Г) пандемия;
Д) өршу.
3. Тұрғылықты ортасы – бұл:
А) эпидемиялық шоғырлануды пайда болу, даму және жоюдың ерекшеліктерін сипаттайтын эпид.үдерістің сипаттамсы;
Б) ошақтардың пайда болу динамикасы;
В) бір сәтте пайда болған ошақтар саны;
Г) аймақта ошақтаың шоғырлануы.
4. Аурушандықтың нормативті (бақылаулық) дәрежесі деп түсінуге болады:
А) тәулік бойы науқастардың абсолютті саны;
Б) 1 аптада аурушандықтың көрсеткіші;
В) 1 айда аурушандықтың көрсеткіші;
Г) 1 жылда аурушандықтың көрсеткіші;
Д) белгілі нозологиялық түрдің белгілі аймақта аурушандықтың әр мезгілдегі орташа көрсеткіші.
5. Аурушандық дәрежесінің апта бойы 2 есеге көбеюі немесе азаюыдағы эпидемиялық жағдайды қалай бағалауға болады:
А) қалыпты;
Б) тұрақсыз;
В) қауіп-қатерлі;
Г) қалыпсыз
6. Аурушандықтың баяу тұрақты көтерілгенде эпидемиологиялық жағдайды қалай бағалауға болады:
А) қалыпты;
Б) тұрақсыз;
В) қауіп-қатерлі;
Г) қалыпсыз
7. Үлкен көлемдегі аурушандықтың оперативті бақылауы ... пайдаланғанда біршама жеңілдейді.
А) статистикалық әдісті;
Б) эпидемиологиялық әдісті;
В) бактериологиялық әдісті;
Г) картографиялық әдісті.
8. Эпидемиологиялық талдаудың бастамасы және негізі болып табылады:
А) жұқпалы аурулар ошағының эпидемиологиялық зерттеуі
Б) аймақта эпидемиологиялық бақылау жүргізу
В) санитарлы фон
Г) аурушаңдық туралы мәлімет
9. Эпидемиологиялық талдау арқылы болады:
А) эпидемиялық үдерістің бағыты мен түрінің дұрыс ұсынысын құрастыру
Б) эпидемиялық үдерістің ішкі маңызын ашу
В) эпидемиологиялық болжамды анықтау
Г) жұқпалы аурушаңдықтың төмендету жоспарын құрастыру
10. Қауырт эпидемиологиялық талдауға тән емес талдау бөлімін көрсетіңіз:
А) алдыңғы жылмен салыстырғанда аурушаңдықтың дәрежесі мен
құрылымын талдау
Б) белгілі эпидемиялық жағдайды бағалау
В) аурушаңдықтың дәрежесі, құрылымы, динамикасын бақылау
Г) халықтың аурушаңдығының себептерін анықату және тексеру
1. Тақырыбы №29: Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша әдебиеттерге шолу. Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасын талдау нәтижелерін толтыру.
Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша сырқаттанушылықтың жылдық динамикасын талдау нәтижелерін толтыру.
Курстық жұмыстың тақырыбына сәйкес эпидемиологиялық белгілері бойынша тұрғындар топтарының сырқаттанушылығын талдау нәтижелерін толтыру.
2. Мақсаты: студенттердің сырқаттанушылықтың көпжылдық, жылдық динамикасын талдау нәтижелерін толтыру және эпидемиологиялық белгілері бойынша тұрғындар топтарының сырқаттанушылығын талдау нәтижелерін толтыруға үйрету.
3. Тапсырма:
-
Сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасы туралы түсінік
-
Сырқаттанушылықтың көжылдық динамикасы туралы түсінік
-
Эпидемиологиялық жіктелудің қағидалары мен көзқарасы
-
Эпидемиялық процестің даму жағдайы мен себептері
-
Эпидемиялық процестің негізгі бөлімдері
-
Эпидемиялық процестің даму механизмі
-
Берілу механизмдерінің түрлері
-
Жұқпалы аурулардың табиғи ошақтары туралы ілім
-
Студентпен берілген тақырыптағы негізгі сауалнамалар мен есептерді құрастыру және шешу
4. Орындау түрі:
-
Рефератты құру және қорғау
-
Тапсырма құру
5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерийлері:
-
Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.
-
Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу
-
Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша
6. Тапсыру мерзімі:
7. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н.
2006.
2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.
9. Бақылау (тесттер, есептер):
1. Эпидемиологиялық талдау - бұл:
| эпидемиялық барысты оқыту мақсатында жүргізілетін әдістердің
жиынтығы
| эпидемиологиялық жағдайды бағалау
| эпидемиологиялық диагноз қою
| алдын алу және індетке қарсы шаралар жүйесі
| нақты анықталған аумақта аурудың эпидемиялық барысын бақылау
жүйесі
2.Эпидемиологиялық талдаудың мақсаты:
| эпидемиялық барыстың пайда болу, ағымын және жойылу себептерін
зерделеу
| эпидемиологиялық диагноз қою
| алдын алу және індетке қарсы шаралар жүйесі
| эпидемиологиялық жағдайдың пайда болуын, таралу механизмінің
себептерін зерделеу
| басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз ету
3. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдаудың негізгі міндеті:
| әрбір жұқпаның нозологиялық түрін анықтау
| зерттеу бағдарламасын құру
| біріншілік ақпаратты өңдеу
| алдын алу шараларын жүргізу
| шұғыл хабарламаны толтыру
4. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдаудың бастапқы жүргізу сатысы:
| біріншілік ақпаратты өңдеу
| әрбір жұқпаның нозологиялық түрін анықтау
| зерттеу бағдарламасын құру
| алдын алу шараларын жүргізу
| шұғыл хабарламаны толтыру
5. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдауды жүргізу үшін қажетті есеп беру-есеп алу құжаты:
| ф.№60
| ф.№6
| ф.№112
| ф.№5
| ф.№135
6. Сырқаттылықтың интенсивті көрсеткіші бейнелейді:
| нақты саны белгілі топтағы сырқаттылықтың жиілігін
| сырқаттылық деңгейінің тенденциясының бағытын
| сырқаттылықтың максимальді деңгейін
| сырқаттылық деңгейінің қарқынын
| уақыт аралығындағы сырқаттылықтың таралу дәрежесін
7. Экстенсивті эпидемиологиялық көрсеткіштер бейнелейді:
| бүтін санының бөлшектенуін
| көріністің таралу деңгейін
| дамудың негізгі тенденциясын
| екі көріністердің арақатынасын
| абсолюттік өсудің алдындағы деңгейге қатынасы
8. Эпидемиологиялық көрсеткіштердің интенсивтілігін көрсететін өлшем?
| 10-4
| 10-2
| 10-5
| 10-3
| 10-1
9. Көпжылдық динамикасының жұқпалы аурулардың тенденциясын есептеу үшін алгебралық тәсіл қолданылады:
| ең кіші квадраттар
| жылжымалы орташа
| кезеңділікті нақтылау
| қызу белгілерін анықтау
| нақтылықты бағалау
10. Бірнеше аудандарды ауру қауіпі бойынша бөлу үшін қанша шаманы қолдану ыңғайлы:
| келесі жылға болжамдық интенсивті көрсеткіштерін
| есеп беру жылындағы экстенсивті көрсеткіштерін
| 10 жылдық медианалық интенсивті көрсеткіштерін
| есеп беру жылындағы интенсивті көрсеткіштерін
| келесі жылға болжамдық экстенсивті көрсеткіштерін
11. Аурудың жылдық динамикасына қандай эпидемиологиялық көрсеткіштер
сипатталады:
| маусымдылық
| эпидемиялық тенденция
| циклді тербелу
| ретсіз тербелу
| маусым аралық кезең
12. Ретроспективті эпидемиологиялық талдаудың негізгі міндеті:
| эпидемиялық процестің даму тенденциясы мен жағдайын бағалау
| масштабтарды бағалау, аурудың таралу сипаты
| жұмыс болжамын жүргізу
| эпидемиологиялық жағдайды таныту
| эпидемияның басталуын анықтау
13. Ретроспективтік эпидемиологиялық талдау жүргізудің соңғы мақсаты:
| эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау
| сырқаттылықтың динамикасының циклділігін анықтау
| сырқаттылықтың құрылымын анықтау
| әртүрлі аумақтағы сырқаттылықтың деңгейін салыстыру
| сырқаттылықтың тенденциясын анықтау
№1 жағдайлық есеп
С. қаласында 200…ж. былтырғы жылға қарағанда желшешекпен науқастанғандар саны 2 есе көбейді. Осы мәліметтерге сүйене отырып талдау жүргізуге және эпидемиялық процесс динамикасының тениденциясы бойынша нәтиже шығаруға бола ма?
№2 жағдайлық есеп
С. қаласында жылдың 35-ші аптасында ЖРВИ-лардың 1405 жағдайлары тіркелді. Олардың арасында 889 ересек және 516 бала тіркелді. Әр түрлі жас тобындағы балалар саны құрады: 0-2 жас – 133 жағдай, 3-6 жас – 177, 7-14 жас – 206. Қала тұрғындарының саны 280705 құрайды, соның ішінде ересектер - 234736, балалар - 45969, олардың ішінде 0-2 жас – 8006, 3-6 жас – 8972, 7-14 жас – 19440. Осы аптадағы аурушаңдықтың бастапқы деңгейі 92,9 10 мың халық құрады.
1.ЖРВИ-мен аурушаңдықтың дәрежесіне баға беріңіз.
2.Эпидемиялық процеске қай жас топтағы адамдар басымырақ кірді?
1. Тақырыбы №30: Алынған мәліметтердің нәтижелерін талқылау.
Алынған нәтижелер бойынша қорытындыларды толтыру.
Алынған мәліметтердің нәтижелері бойынша тұжырымдау.
РЭТ нәтижелері бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды өңдеу.
Сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасын талдау қорытындылары бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды өңдеу.
Сырқаттанушылықтың жылдық динамикасын талдау қорытындылары бойынша алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды өңдеу.
Сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық белгілері бойынша талдау қорытындыларына байланысты алдын алу және эпидемияға қарсы шараларды өңдеу. Курстық жұмысты қорғау.
2. Мақсаты: студенттерде эпидемияға қарсы шаралар туралы, оны ұйымдастыруды және құқықтық негіздері тұрғысындағы білімдерін жетілдіру. Жұқпалы емес аурулар эпидемиологиясының өзекті мәселелерін талқылау.
3. Тапсырма:
-
«Жеке жұқпалы және паразитарлы аурулар бойынша есеп» айлық және жылдық үлгілерін толтыру
-
таңдамалы зертханалық зерттеулердің мәліметі бойынша халық арасындағы залалдану дәрежесін анықтау және эпидемиологиялық баға беру
-
сырқаттанушылықтың көп жылдық динамикасын ескере отырып келесі жылғы сырқаттанушылықтың дәрежесін болжамдай білу
-
эпидемиологиялық талдаудың нәтижелерін көрсету үшін диаграммаларды құрастыру
-
жылдың айлары бойынша сырқаттанушылықтың диаграммасы мен сырқаттанушылықтың жылдық динамикасын анықтау және бағалау
-
әр түрлі жас және мамандандырылған топтардың сырқаттанушылықты талдау нәтижелеріне сүйене отырып, эпидемияға қарсы және алдын алу шаралардың өңдеу бойынша дағдыларды меңгеру
-
эпидемияға қарсы шараларды жоспарлау кезеңдерін құрастыру
-
жұқпалы аурулардың нозологиялық түрі және топтар бойынша сырқаттанушылықтың құрылымы мен дәрежесін талдау негізінде алдын алудың мәселелерін бағалау әдісімен танысу
4. Орындау түрі:
-
Презентация дайындау
-
Тапсырма құру
5. СӨЖ-ді орындау және бағалау критерийлері:
-
Реферат, презентация дайындау сапасын бағалау: заманауи әдебиеттерді, электронды тасымалдағыштар (ғаламтор), бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, тақырыптың басты сәттерін көрсете білу.
-
Клиникалық тапсырма құрастыруда теориялық білімін қолдана білу
-
Әріпті баллды рейтингілік жүйе бойынша
6. Тапсыру мерзімі:
7. Әдебиет:
негізгі:
1. Әміреев С.Ә., Темірбеков Ж.Т. – Эпидемиология. Т.1. – Жалпы
эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000. -551 б.
2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. –
Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын
шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.
қосымша:
1. Жалпы дезинфекция негіздері. Оқу-әдістемелік құрал. Нәбенов Қ.Н., 2006.
2. Әміреев С.Ә., Жаханов А., Құдайбергенұлы Қ. – Медициналық
паразитология Алматы: «Кітап» баспасы, 2005. -422 б.
8. Бақылау (тесттер, сұрақтар, есептер):
1. Сырқаттанушылық көрсеткішін формула бойынша есептеледі:
| J = А х 100 000 (халық саны)
| J = А х 100 000
| J = А х халық санына (А – абсолютті көрсеткіш)
| J = А х халық санына / 100 000
| J = халық санын х 100 000 / А
2. Өлімділік көрсеткішін формула бойынша есептеледі:
| J = өлімділік санына х 100 000/ халық санына
| J = А х 100 000
| J = А х 100 000 ( халық саны )
| J = А х халық санына / 100 000
| J = халық санын х 100 000 / А
3. Өлім-жітім көрсеткішін формула бойынша есептеледі:
| J = өлімділік санын х 100 000 /сырқаттылық санына
| J = А х 100 000
| J = А х халық санына (А – абсолютті көрсеткіш)
| J = А х халық санына / 100 000
| J = халық санын х 100 000 / А
4. Ретроспективті эпидемиологиялық талдау жүргізу барысында жиі қолданылатын негізгі салыстырмалы көлем:
| сырқаттылық көрсеткіші
| экстенсивті
| циклділік
| өлімділік көрсеткіші
| интенсивті
5. Эпидемиологиялық талдауда жиі қолданылатын интенсивті көрсеткіштер:
| сырқаттылық көрсеткіші
| үлес салмағы
| ошақтық көрсеткіші
| маусымдылық көрсеткіші
| экстенсивті
6. Эпидемиологиялық талдауда қолданылатын экстенсивті көрсеткіштер:
| маусымдылық көрсеткіші
| өлімділік көрсеткіші
| экстенсивті
| циклділік
| интенсивті
7. Өлімділік көрсеткіші есептеледі:
| барлық халық санымен
| барлық жұқпалы аурулардан өлгендер санымен
| экономикалық белсенді жастағы халық санымен
| ұжымдағы өлгендердің тіркелген санымен
| ауырғандардың санымен
8. Өлім-жітім көрсеткіші санымен есптеледі:
| осы дертпен ауырғандар
| жұқпалы аурулар
| жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын тасымалдаушылар
| барлық халық
| белгілі жұқпадан жазылғандар
Сұрақтар:
1. Ретроспективті эпидемиологиялық талдау, түсінігі, құрылымы
2. Сырқаттанушылықтың көпжылдық динамикасын талдау құрылымы
3. Сырқаттанушылықтың жылдық динамикасын талдау құрылымы
4. Әлеуметтік жасты топтардағы сырқаттанушылықтың дәрежесі мен құрылымын талдау
№1 жағдайлық есеп
3 жастағы балада қызылша диагнозы қойылды. Сұрау барысында баланың аурудың бірінші күнінде балабақшаға барғаны туралы, ал ауырар алдында науқас баланың отбасында туыстары балаларымен қонақта болғаны анықталды.
Эпидемиялық ошақтың болжам шекараларын көрсетіңіз.
№2 жағдайлық есеп
Тұрғылықты мекен-жайда бірнеше жылдар бойы сіреспе жағдайлары тіркелуде. Аурушаңдықтың төмендету мақсатында қажет шараларды көрсетіңіз?
Достарыңызбен бөлісу: |