Есептер:
1.13жасар балада жиі субфебрилитет, әлсіздік, ернінде ұшықтардың жиі пайда болуы, тершеңдік, нәжісінің жиі сұйық болуы, соңғы 2 жыл ішінде салмақ тастауы, ауыз құысының кандидозы. Бауыры мен қара бауырының ісінгені байқалады. 2жыл бұрын жарақатқа байланысты көп мөлшерде көктамырға иньекциялар жасалған.
2.Бала 2 жаста. Онда жиі лимфоаденопатия, гепатолиенальды синдром, диарея, субфибрилитет. 1 ай ішінде 1 кг салмақ жоғалтқан, Анасы жезөкше, жиі тәуіптерде ем қабылдайды.
1.Сіздің диагнозыңыз
2.науқас тексеру және емдеу жоспарын жасаңыз
3.Ажыратпалы диагностика жасаңыз.
3. 14 жасар бала, шағымдары: әлсіздік, 10 кг салмақ тастауы, дене температурасының 38 градусқа дейін жоғарылауы, мойын және иек асты лимфа түйіндерінің ауырсынуы. Ауырғанына 6 ай асты, жиі ішінің өтуін байқайды. Объективті: температура 37,7ºС, жағдайы ауыр, азғын, салмақ жетіспеушілігі 25%, тері бозғылт, ернінде үшығы бар, лимфа түйіндерінің ұлғайуы, гепатоспленомегалия. Қан зертеуінде: лейкопения, тромбоцитопения, анемия, гиперглабулинимия , СД4%, СД8=0,8
1.Сіздің диагнозыңыз
2.науқас тексеру және емдеу жоспарын жасаңыз
3.Ажыратпалы диагностика жасаңыз.
1. Тақырыбы №7: Токсоплазмоз
2. Мақсаты: Токсоплазмоздың эпидемиологиясының тәжірибелік негізін студенттерде қалыптастыру, эпидемиологиялық диагностика әдістерін білу, осы аурулар кезіндегі негізгі жағдайлар мен емдеу принциптерін, күтімі мен алдын-алу шараларын меңгеру.
3. Оқыту мақсаты:
Токсоплазмоз туралы білім қалыптастыру, осы аурулардағы эпидемиологиялық процесс, оның табиғаты, даму жағдайы мен қозғаушы күштері
Токсоплазмоздың жіктеу принциптері мен эпидемиологиялық сипаттамасын меңгеру.
Токсоплазмоздың эпидемиологиялық қадағалау негіздері және алдын-алуды меңгеру
Дағдыларды қалыптастыру(жұқпалы аурулары бар науқастарды анықтау,құжаттармалады толтыру:шұғыл хабарлама, бақылау картасы,анықтамалар) Токсоплазмозда мамандырылған көмек көрсету.
Достарыңызбен бөлісу: |