Электронды ресурстар.
1. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және
жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. –
М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет. эл. опт. диск (CD-ROM) .
2. Струков, А. И. Патологическая анатомия [Электронный ресурс] : учебник . - 5-е изд. стер. - Электрон.
текстовые дан. (51,9 МБ). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2011. - . эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Патологическая анатомия [Электронный ресурс] : атлас: учеб. пособие / О. В. Зайратьянц [и др.] ; под
общ. ред. О. В. Зайратьянца. - Электрон. текстовые дан. ( 144 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2010. - 472 с. эл. опт. диск (CD-ROM) .
4. Пауков, В. С. Патологическая анатомия и патологическая физиология [Электронный ресурс] : учеб. для
колледжей. - Электрон. текстовые дан. ( 44,7 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2010. - 256 с. эл.
опт. диск (CD-ROM) .- 2 экз.
5.Медицина. 3 курс [Электронный ресурс]: лекции для студентов.– М., 2005. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Диагностика заболеваний и патологическая анатомия желудка, тонкой и толстой кишки [Электронный
ресурс] : более 600 ил. - Электрон. текстовые дан. (48,6 Мб). - М. ., 2005. - эл. опт. диск (CD-ROM). .
7. Кудачков Ю. А. Патология человека [Электронный ресурс] : электронный слов.-справ. - М., 2002. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). –Всего 2экз.
VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1. Жедел және созылмалы эзофагит, гастриттердің морфологиялық сипаттамасың, этиология, патогенезің атаңыз?
2. Асқазан ойық жарасының морфологиялық сипаттамасының, этиология, патогенезің, ақыр соңы атаңыз?
3. Аппендициттің морфологиялық сипаттамасының, этиология, патогенезің,асқынуың, ақыр соңы атаңыз?
4. Ішектердің туа пайда болған ауытқуларың қандайың білесіз?
5. Эзофагит дегеніміз не?
6. Ас-қорыту жүйесінің ауруларың жіктелуы қандай?
7. Крон ауруы дегеніміз не?
8. Аппендицитке анықтама беріңіз?
Кредит 2 № 4
I. Тақырыбы: Жуқпалы аурулар.
II. Мақсаты: Патологиялық анатомияға анықтама беру. Патологиялық анатомияның зерттеу әдістерін білу.
III. Дәріс тезистері: Инфекциялық аурулар – инфекциялық агенттер, яғни вирустар, риккетсиялар, бактериялар мен саңырауқұлақтар қоздыратын аурулар. Организмге қарапайымдар мен құрттар кіріп дамытқан аурулар инвазиялық аурулар деп атлады.
Микро – және макрооорганизмнің қатарлас өмір сүруінің үш нысаны бар: 1) симбиоз –микроб пен макроорганизм әрқайсысының мүлдесіне сәйкес әрекеттесіп, қатарлас өмір сүреді (мысалы, ішек таяқшасының ішекте өмір сүруі); 2) комменсализм (французша: commensal -дәмдес) – микроб пен макроорганизм бір – біріне әсер етпейді; 3) паразитизм – микроб макроорганизм есебінен өмір сүріп, әдетте, ауруға ұшыратады.
Клиника –морфологиялық сипаттамасы. Инфекциялық ауруларға ортақ бірқатар нышандар бар:
-
Әр инфекциялық аурудың өз қоздырушы бар, ол науқастың қанынан немесе эксреттерінен табылады.
-
Әр қоздырушының организмге кірер жері (қақпасы) болады, ол сол инфекциялық ауруға тән.
-
Инфекциялық ауруда алғашқы аффект (ошақ) қалыптасады, әдетте, ол кірер қақпада пайда болады.
Алғашқы аффект – қабыну ошағы. Инфекция жайылса, сол жерден лимфаны әкететін тамырлар (лимфангит) мен сол аймақтың лимфасын жинайтын түйіндер (лимфаденит) қабынады. Алғашқы аффект, лимфангит пен лимфаденит сабақтаса дамып, инфекцияға тән инфекциялық алғашқы кешен құрайды. Кейбір инфекциялық аурулардағы (туберкулез, сифилис, туляремия) кешенінің өзіндік бейнесі болса, бірқатар басқа инфекцияларда (іш сүзегі, қайталамалы сүзек, безгек) ол мүлде қалыптаспайды, үдерісс бірден жалпы сипатта өрістейді.
-
Инфекци алғашқы ошақтан немесе кешеннен лифогендік, гематогендік, интраканалдық, перижүйкелік немесе контактылы (жанаспа) жолмен жайылады.
-
Әр инфекциялық ауру белгілі бір тіндерде немесемүшелерде (мыс., дизентерия – тоқ ішекте, поилиемелит – жұлының алдыңғы бағанында, бөртпе сүзек – ұсақ тамырлардың қабырғасында) дамып, түрлі дәрежеде сол ауруға тән болатын жергілікті өзгерістермен сипатталад.
-
Инфекциялық ауруларда бірқатар жалпы өзгерістер де байқалады: тері бөртеді, васкулиттер дамиды, лимфалық түйіндер, талақ сүйек кемігі көбейіп ұлғаяды (гиперплазия), мүшелердің аралық тіні қабынып, паренхимасын дистрофия шарпиды.
Инфекциялық ару циклді (кезеңді) келіп, даму барысы инкубациялық, продромдық (бастапқы) және ауру айқын бейнелі (аурудың бастапқы, айқын және бәсеңдеу фазаларынан) кезеңдерден өтеді. Инфекциялық аурумен ауру адам жазылады немесе оның ауруы созылмалы ағымды сипат алады, кейде науқас бациллатасымалдаушыға айналады. Бірқатар инфекциялық аурулар асқынып, өлімге ұшыратуы мүмкін.
Классификациясы. Инфекциялық аурулар төрт негізгі ұстаным тұрғысынан жіктеледі.
Биологиялық ұстаным тұрғысынан: 1) адамда ғана кездесетін инфекциялық арулуар – атрапоноздар тобына; 2) адам мен жануарлардың инфекциялық арулары – антропозоозноз тобына; 3) жәндіктерде көбейіп. Олар шаққанда жұғатын антропоноздар мен антропозооноздар тобы – биоценоздар тобына жатады.
Этиологиялық ұстаным бойынша: 1) вирустық инфекциялар; 2) риккетсиоздар; 3) бактериялық инфекциялар; 4) саңырауқұлақтық инфекциялар; 5( протозойлық инфекциялар, 6) паразиттік инфекциялар деп жіктеледі.
Аталаған инфекцияларды экзогендік және эндогендік топ деп бөлуге де болады. Кейін инфекциялар аурулар этиологиялық ұстаным негізінде сипатталмақ.
Жұғу механизміне қарай инфекциялар: 1) инфект ауыз арқылы түсетін – ішектік инфекциялар, 2) ауа –тамшы арқылы жұғатын –тыныс жолдарының инфекцияларлы, 3) қансорғыш буынаяқтылар арқылы жұғатын – «қан инфекциялары» (трансмиссиялық), 4) денеің сыртқы жамылғысы, клетчаткасы мен бұлшықеттерінің инфекциялары (инфекциялы сыртқы факторлардың әсері арқылы, инфекциялы затпен жарақаттанғанда жұғатын) және 5( жұғу механизмдері әр түрлі инфекциялар тобына бөлінген.
Клиника –морфологиялық сипаты мен басымырақ зақымдалған мүше мен жүйені ескере отрыып, инфекциялар: 1) тері мен оның қосалқыларының, сыртқы шырышты қабықшалардың және дененің клетчаткасы мен бұлшықеттерінің инфекциясы (жамылғылық), 2) тыныс жолының инфекциясы, 3) асқорыту жолының инфекциясы, 4) жүйке жүйесінің инфекциясы, 6) қан жүйесі мен организмнің ішкі ортасын құрайтын басқа да тіндердің және 7) несеп –жыныс жолдарының инфекциясы деп топтастырылады.
Ағымына қарай, инфекциялар: 1) жедел, 2) созылмалы, 3) латентті (жасырын) және 4) баяу ағымды түрлерге бөлінеді.
IV. Иллюстрациялық материалдар: Кестелер: Патологиялық анатомияның зерттеу әдістері.
V. Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және
жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. –
М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.
-
Струков В.И., Серов В.В.Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айтқұлов // Алматы: «Орталық Қазақстан» БПК, «Қазақстан».-1993.
-
Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия // Алматы,-2004.
-
Струков А.И.Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. І бөлім. 1-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.
-
Струков А.И. Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. ІІ бөлім. 2-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.
Қосымша:
1. М.М. Түсіпбекова, М.С. Усеева «Перинатустық кезең патологиялық анатомиясының өзекті мәселелері» // Медицина и экология№ - N3. -2000.
-
Ахметқалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кіріспе: Оқу құралы.// Ақтөбе медициналық академиясы.-1999.
3. Ішкі аурулар // Т.З. Сейсембеков, А.Е. Тәменов, М.Т. Айтқұлов М.Т. // Алматы. – 1995.
4. М.А. Пальцев, А.Б. Пономарев, А.В. Берестова Атлас по патологической анатомии-3-е изд., стереотипное.-М.: Медицина, 2007.-432с.:ил.
5. Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас.-М.:Медицина, 1986.-305с.
6. Робин А. Кук6 Брайн Стеварт. Цветной атлас патологической анатомии/ Под ред. В.П. Сапрыкина. Пер. с англ. И.А. Поповой. В.П. Сапрыкина -М.: Логосефера, 2005.-282 стр.
Электронды ресурстар.
1. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және
жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. –
М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет. эл. опт. диск (CD-ROM) .
2. Струков, А. И. Патологическая анатомия [Электронный ресурс] : учебник . - 5-е изд. стер. - Электрон.
текстовые дан. (51,9 МБ). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2011. - . эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Патологическая анатомия [Электронный ресурс] : атлас: учеб. пособие / О. В. Зайратьянц [и др.] ; под
общ. ред. О. В. Зайратьянца. - Электрон. текстовые дан. ( 144 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2010. - 472 с. эл. опт. диск (CD-ROM) .
4. Пауков, В. С. Патологическая анатомия и патологическая физиология [Электронный ресурс] : учеб. для
колледжей. - Электрон. текстовые дан. ( 44,7 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2010. - 256 с. эл.
опт. диск (CD-ROM) .- 2 экз.
5.Медицина. 3 курс [Электронный ресурс]: лекции для студентов.– М., 2005. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Диагностика заболеваний и патологическая анатомия желудка, тонкой и толстой кишки [Электронный
ресурс] : более 600 ил. - Электрон. текстовые дан. (48,6 Мб). - М. ., 2005. - эл. опт. диск (CD-ROM). .
7. Кудачков Ю. А. Патология человека [Электронный ресурс] : электронный слов.-справ. - М., 2002. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). –Всего 2экз.
VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1. Вирустық ауруларға түсініктеме беріңіз?
2.Аденовирутық және РСИ инфекциялардың, парагрипп,қызылша, грипптың патогегнезің, этиологиясың атаңыз?
3. Вирустық аурулардың морфологиялық сипаттамасының атаңыз?
4. Іш сүзегінің патологиялық анатомисының, асқынуы және ақыр соңің суреттемесің беріңіз?
5. Бактериялық инфекциялардың, вирустық ауруларға қарағанда айырмашылығы қандай?
6. Бактерия шақыратың мофологиялық сипаттамасың беріңіз?
Кредит 2 № 5
I. Тақырыбы: Кәсіптік аурулар.
II. Мақсаты: Патологиялық анатомияға анықтама беру. Патологиялық анатомияның зерттеу әдістерін білу.
III. Дәріс тезистері: Кәсіптік аурулар –деп -өндірістік ортадағы зиянды әсерден туындайтын аурулар аталады.
Этиологиясы мен классификациясы. Кәсіптік аурулардың бірыңғай классификациясы әлі жоқ. Қазіргі классификация этиологиялық ұстанымға негізделген. Осы ұстанымға сәйкес, кәсіптік аурулар 5 топқа бөлінеді, яғни оларды мына факторлар туындатады:
-
химиялық заттар;
-
өнеркәсіптік шаң-тозаңдар;
-
физикалық факторлар;
-
қажу (зорығу);
-
биологиялық факторлар.
Патогенезі. Кәсіптік аурулардың бірқатары кәсіптік фактордың ерекше әсерінен туындап, спецификалық механизмге негізделсе, кейбіреуінде бейспецификалық механизмдер басты орын алады. Қазіргі кәсіптік аурулардың патогенезінен едәуір ерекшелік байқалады. Бұл ерекшеліктер химиялық заттардың, шаң – тозаңның, вибрацияның, микроклиматтық жағдайдың, тағы басқа да факторлардың біріккен –кешенді әсерімен байланысты. Ерекше атап өтетін жағдай – зиянды кәсіптік факторлардың бірқатарының зардабы кешеуілдеп дамиды. Мысалы, асбестоз бен бериллиозға онкогендік әсер тән деуге әбден болады, өйткені асбестозға шалдыққандардың плеврасында мезателиома, өкпесінде карцинома жиі дамыса, бериллиоз, әдетте, өкпе карциномасына ұшыратады. Никель, ром, цинк сияқты заттар организмнің әр жеріне ұзақ мерзімді әсер етсе, түрлі мүшелерде әр текті қатерлі ісік дамиды. Ал никель, сурьма, марганец, радиожиіліктегі электр-магниттік толқын (ЭМТ –ЭМВ), иондағыш сәуле сияқты зиянды кәсіптік факторлардың гонадотропты әсерінен аналық бездер мен аталық бездер семеді. Көптеген кәсіптік факторлардың ұзақ мерзімді әсерінің зияндылығы гонадотроптық қана емес, мутагенді және эмбриотропты да (түсік тастау, тума кемістіктер, т.б.) болады.
Өнеркәсіптік химиялық заттардың әсерінен дамитын кәсіптік аурулар. Бұл топ көптеген ауруларды қамтып, алуан түрлі. Оған жедел және созылмалы улану, олардың түрлі мүшелер мен жүйлердегі зардаптарды, контактылық дерматит, онихий мен паронхий, меланодермия сияқты тері аурулар, металл құю саласында байқалатын қалтырау мен фторпластылық (тефлондық) қалтырау жатады.
Өнер кәсіптік шандардың әсерінен дамитын кәсіптік аурулар. Пневмокониоздар – (латынша: pneumon- өкпе, konia-шаң) шаң-тозаңдардың әсерінен дамитын өкпе аурулары. «Пневмокониоз» деген аталымды 1867 жылы Ценкер ұсынған.
Классификациясы. Пневмакониоздар мына түрлерге жіктеледі: силикоз, силикатоздар, металкониоздар, карбокониоздар, аралас шаңдық пневмокониоздар мен орагникалық тозаң пневмокониоздары.
Силикоз (латынша: silicium- кремний) немесе халикоз (грекше: chalix-і збес тасы) – құрамына еркін кремний қос тотығы (SiO2) араласқан шаңның өкпеге ұзақ мерзімді әсерінен дамитын ауру. Құрамында еркін кремний қос тотығы жоқ, бірақ оның басқа элеметтермен түзген тұздары – силикаттар – араласқан шаңнан дамитын аурулар силикатоздар деп аталады.
Патологиялық анатомиясы. Әдетте, кеңсіріктің, көмейдің, кеңірдектің шырышты және шырыасты қабаттары семіп, шорланады. Кремний қос тотығы көбейіп (ол өкпенің құрғақ қалдығының құрамында қалыптыжағдайда 0,04-0,73% ғана болса, силикозда 4,7-12,35%), склероз жайлғандықтан, өкпе қатайып, ұлғаяды. Өкпелік силикоздың 2 негізгі нысаны бар: түйіншекті және диффузды –склерозды (интерстицийлік).
Силикоздар деп кремний қос тотығы басқа элементтермен (магний, алюминий, темір, т.с.с.) қоспа түзген тұздар (силикаттар) араласқаншаңның әсерінен дамитын аурулар тобы аталады. Силикаттар табиғатта кең тараған, өндірісте алуан түрлі қоныс тауып жүр. Силикатоздарға, асбестоз, талькоз, каолиноз, цементоз, слюдалық пневмокониоз, т.б. жатады. Бұлардың ішінде ең маңыздылары –асбестоз, талькоз және слюдалық пневмокониоз.
Асбестоз –асбест шаңының ұзақ мерзімді әсерінен дамитын пневмокониоз. Ол –ентікпе мен жөтел және өкпе-жүрек қызметінің жеткіліксіздігі біртіндеп өршитін созылмалы ауру.
Асбест (тау кендірі) –талшықты минерал; химиялық тұрғыдан, -сулы магний силикаты (3MgO.2SiO2/2H2O). Асбест талшықтарының ұзындығы 2-5мкм, кейде тіпті 125-150 мкм, жуандығы 10-60 мкм. Асбест өндірісте кең қолданыс тауып жүр.
Патологиялық анатомиясы. Мәйітті зерттегенде көбінесе қатарлы-десквамациялы, кейде іріңді бронхит пен бронэктаздар байқалады. Бронхылардың шырышты қабықшасы гиперплазияға ұшырап, шеміршектерін дистрофия мен кальциноз шарпиды. Бронхылардың жиі зақымдалу себебі асбест бөлшектерінің пішінімен байланысты сияқты, өйткені ұзақ әрі істік ұшты талшықтар бронхылар мен бронхиолалардың қабырғасын жарақаттап, шырышты қабықшасын үнемі тітіркендіріп тұрады. Плевра қалыңдап, кеуде қуысында ауқымды ауқымды плевралық бірікпелер қалыптасады. Бөлікшелерінің арасын, альвеолааралық перделерді, бронхылар мен қан тамырларының айналасын дәнекер тін жайлап, өкпенің тіні қатаяды. Бірақ асбестозға шалдыққандардың өкпесінде силикоздағыдай айқын шектелген түйіншектер мен түйіндер қалыптаспайды. Дәнекер тін өскен жерлерге гистиоциттер мен лимфоциттер шоғырланады. Асбестозға асбестілік денешіктер тән. Бұл денешік – түсі ақшыл немесе қоңыр сары, көлемі мен кескіні әр түрлі, ұзындығы 15-150нм, жуандығы 1-5нм, ұшы доғал, бірнеше буынды (сегментті) құрылым. Асбестоз ауыр әсерлі болса, аралық тінді склероз жайлап, альвеолалардың саңылауы әсер көрінеді немесе мүлде бітеліп қалады.
Карбокониоздардың ең жиі түрлері – антрокоз бен графитоз. Біз антракозға ғана тоқталамыз.
Антракоз – көмір шаңының ұзақ мерзімді әсерінен дамитын пневмокониоз. Көмір пигменті өкпеде склероз өрістетеді, оның даму дәрежесі көмірдің химиялық сипаты мен жердің көмір жатқан қыртысының құрамына байланысты болады. Мысалы, битумдыкөмірдің шаңынан гөрі антрацит шаңының әсерінен дамыған склероз айқындау болады. Ал ағаш көмірінің әсерінен склероз мүлде дамымайды.
Сыртқы ортадағы физикалық факторлардың әсерінен дамитын кәсіптік аурулар. Клиникалық тұрғыдан, бұл аурулардың ішінде маңыздылары: кессондық (декомпрессиялық) ауру, вибрация мен өнеркәсіптік шулардың әсерінен дамитын аурулар, радиожиіліктегі электрмагниттік толқындар мен иондаушы сәулелердің әсерінен дамитын аурулар.
Кессондық (декомпрессиялық) ауру қысымы жоғары ортадан қалыпты қысымды ортаға ауысқанда дамиды. Бұл ауру көпір, платина, док, тоннель сияқтықұрылыстарды кессонда жүргізетін жұмысшыларда байқалады. Тыныс алғанда қабылданған ауаның құрамындағы азот кессондағы жоғары қысымының әсерінен тіндер мен қанға тым көп сіңеді. Ал, қалыпты қысымға күрт ауысқан кезде (декомпрессия) тіндердегі азот тым тез босап, өкпе арқылы сыртқа толық шығарылмайды да, газ көпіршіктері тіндерге, қан мен лимфалық тамырларға жиналып, олардың саңылауын бітеп тастайды. Қанайналымы бұзылып, тіндерде зат алмасу үдерісі бүлінеді. Кессон камерасындағы адам одан шығысымен немесе бірнеше сағаттан соң, кейде бірнеше (1-20) тәуліктен кейін опат болады.
Вибрацияның әсерінен дамитын ауру. Вибрациялық (дірілді тербелістік) ауру дірілді тербеліс туындататын (вибрациялық) техникамен жұмыс істейтін адамдарда байқалады. Техниканың бұл тобына кен мен көмірді бұрғылап, омырғыш пневма-балғалар, металл бұйымдарын соғып, шауып, металл немесе ағаш бұйымдарын тегістеп өңдейтін, бетонды жолға төселетін асфальтті тығыздайтын, бағананы қағып қондыратын, тағы басқа да құрал-жабдықтар жатады.
Иондауыш сәулелердің әсерінен дамитын ауру (сәулелік ауру). Қазір иондауыш сәулелер кең қолданыс тауып, олар бөлінетін көздермен жұмыс атқаратындардың саны жылдан – жылға көбейіп келеді.
Классификацясы. Сәулелік ауру жедел және созылмалы ағымды болады. Бұл ауруға тән бейнені оның жедел нысанасында көреміз. Созылмалы нысанының бейнесі әртүрлі.
Патологиялық анатомиясы. Жедел сәулелік ауру негізінен қан жасайтын мүшелер зақымдайды. Сүйек кемігіндегі қан жасайтын құрылымдар тез азайып, аурумендесе, толық дерліктей жойылып (панмиелофтиз), тек қана төзімі ерекше ретикулалық жасушалар сақталады. Қан азайып лекопения мен тромбоцитопения орын алады.Лимфалық түйіндердегі, талақ пен асқорыту жолының лимфалық құрылымындағы лимфациттер ыдырап, дұрыс жаңармайды. Аурудың қан жасайтын жүйені басымырақ зақымдаған нысаны – жедел сәулелік аурудың сүйек кемітік нысаны деп аталады.
Патологиялық анатомиясы. Созылмалы сәулелік аурудың бейнесі алуан түрлі. Кейде сүйек кемігінде регенерациялық үдерістер тежеліп, иммунитет әлсірегендіктен, апластикалық анемия мен лейкопения дамып, геморрагиялық синдром мен қосымша инфекциялар байқалады.. Енді бірде, лейкоз дамиды. Өйткені, қан жасайтын мүшелерде регенерациялықүдерістің сапасы өзгеріп, жетілмеген жасушалар көбейіп, олар мүлде жетілмейтін болады. Созылмалы сәулелік ауру ісікке ұласуы мүмкін.
IV. Иллюстрациялық материалдар: Кестелер: Патологиялық анатомияның зерттеу әдістері.
V. Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және
жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. –
М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.
2. Струков В.И., Серов В.В.Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айтқұлов // Алматы: «Орталық Қазақстан» БПК, «Қазақстан».-1993.
-
Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия // Алматы,-2004.
-
Струков А.И.Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. І бөлім. 1-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.
-
Струков А.И. Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. ІІ бөлім. 2-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.
Қосымша:
-
М.М. Түсіпбекова, М.С. Усеева «Перинатустық кезең патологиялық анатомиясының өзекті мәселелері» // Медицина и экология№ - N3. -2000.
-
Ахметқалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кіріспе: Оқу құралы.// Ақтөбе медициналық академиясы.-1999.
-
Ішкі аурулар // Т.З. Сейсембеков, А.Е. Тәменов, М.Т. Айтқұлов М.Т. // Алматы. – 1995.
-
М.А. Пальцев, А.Б. Пономарев, А.В. Берестова Атлас по патологической анатомии-3-е изд., стереотипное.-М.: Медицина, 2007.-432с.:ил.
-
Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас.-М.:Медицина, 1986.-305с.
6. Робин А. Кук6 Брайн Стеварт. Цветной атлас патологической анатомии/ Под ред. В.П. Сапрыкина. Пер. с англ. И.А. Поповой. В.П. Сапрыкина -М.: Логосефера, 2005.-282 стр.
Электронды ресурстар.
1. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және
жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. –
М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет. эл. опт. диск (CD-ROM) .
2. Струков, А. И. Патологическая анатомия [Электронный ресурс] : учебник . - 5-е изд. стер. - Электрон.
текстовые дан. (51,9 МБ). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2011. - . эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Патологическая анатомия [Электронный ресурс] : атлас: учеб. пособие / О. В. Зайратьянц [и др.] ; под
общ. ред. О. В. Зайратьянца. - Электрон. текстовые дан. ( 144 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2010. - 472 с. эл. опт. диск (CD-ROM) .
4. Пауков, В. С. Патологическая анатомия и патологическая физиология [Электронный ресурс] : учеб. для
колледжей. - Электрон. текстовые дан. ( 44,7 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2010. - 256 с. эл.
опт. диск (CD-ROM) .- 2 экз.
5.Медицина. 3 курс [Электронный ресурс]: лекции для студентов.– М., 2005. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Диагностика заболеваний и патологическая анатомия желудка, тонкой и толстой кишки [Электронный
ресурс] : более 600 ил. - Электрон. текстовые дан. (48,6 Мб). - М. ., 2005. - эл. опт. диск (CD-ROM). .
7. Кудачков Ю. А. Патология человека [Электронный ресурс] : электронный слов.-справ. - М., 2002. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). –Всего 2экз.
VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1. Пневмокониоз дегеніміз не?
2. Силикоздың, асбестоз және талькоздардың этио- патогенезің атаңыз?
3. Химиялық заттардың әсерінен дамитын ауруын және шаңдардың әсерінен дамитын
кәсіптік ауруларының айырмашылығы қандай?
4. Пневмоканиздардың морфологиялық сипаттамасың беріңіз?
5. Асқынулары және нәтижелері қандай болуы мүмкін?
Достарыңызбен бөлісу: |