VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
-
Ісіктерді анықтамасың атаңыз?
-
Ісіктер этиологиясың атаңыз?
-
Қатерсіз ісіктердің белгілері қандай?
-
Қатерлі ісіктердің белгілері қандай?
-
Ісік гистогенезі дегеніміз не?
-
Ісіктер классификациясың атаңыз?
-
Арнайы орны бар эпителий ісіктерінің арнайы орны жоқ эпителий ісіктерінен айырмашылығы қандай?
Кредит 2 № 1
I. Тақырыбы: Қантамыр жүйесінің аурулары.
II. Мақсаты: Патологиялық анатомияға анықтама беру. Патологиялық анатомияның зерттеу әдістерін білу.
III. Дәріс тезистері: Атеросклероз (гр.athere – қойыртпақ; sklerosis – қатаю, шорлану) – майлар мен белоктар дұрыс алмаспағандықтан, эластикалы және бұлшықетті –эластикалы тамырлардың ішкі қабатына майлар мен белоктар шөгіп, сол жерлерде талшықты дәнекер ткань көбейіп, склероздамитын ауру.
Этиологиясы, патогенезі мен морфологиялық бейнесі тұрғысынан артериосклероздың мынадай түрлері болады: 1) атеросклероз («метаболизмдік артериосклероз»); 2) артериосклероз, яки гиалиноз (мысалы, гипертония ауруында); 3) қабынулық артериосклероз (мысалы, сифилисте, туберкулезде); 4) аллергиялық артериосклероз (мысалы, түйіншекті периартерните); 5) уытты әсерлік (токсикалы) атериосклероз (мысалы, адреналиндік); 6) артерияның ортаңғы қабатының бірінші ретті кальцинозы (Мнкеберг медиакальцинозы); 7) жасқа байланысты (кәрілер) артериосклероз.
Этиологиясы. Атеросклерозды дамытатын негізгі себептер мыналар: 1) зат алмасуынабайланысты факторлар; 2) гормондық фактолар; 3) артериялық гипертония; 4) психоэмоциялық күйзеліске ұшырататын стресс пен конфликтілі жағдайлар; 5) қантамырларындағы өзгерістер; 6) тұқымқуалайтын және этникалық факторлар.
Атеросклероз процесі өзінің даму барысында әрқайсысының өзіндік макроскопиялық және микроскопиялық сипаты бар белгілі бір сатылардан өтеді атеросклероздың морфогенезі.
Атеросклероздың макроскопиялық бейнесінің даму барысын: 1) майлы дақтар мен жолақтар; 2) фиброзды түймешелер; 3) ойық жаралар, қанды ошақтар мен тромбылы қатпарлар сияқты асқынған зақымды фиброзды түймешелер және 4) кальциноз бен атерокальциноз процестері жақсы бейнелейді.
Микроскопиялық тәсіл атеросклерозға тән өзгерістердің сипаты мен даму барысын дәлірек айқындай түсуге мүмкіндік береді. Осы тәсілдің деректеріне сүйене отырып, атеросклероздың морфогенезі: 1) липидозаға дейінгі; 2) липидті (-зоды); 3) липосклерозды; 4) атеромалы; 5) ойық жаралы және 6) атерокальцинозды деп аталатын сатыларға жіктелетін болды.
Гипертония ауруы [синонимдері: біріншіретті (эссенциалдық] гипертензия, жоғары қысымды артериялық ауру) – басты клиникалық белгісі артериялық қысымның ұзақ мерзімді, әрі тұрақты түрде жоғарылауымен (гипертензиямен) бейнеленетін созылмалы ағымды сырқат. Бұл ауруды «жауапсыз (қалған) эмоциялардан өрістейтін кесел», яғни неврогендік негізді дамитын дербес сырқат ретінде Ресей емгері (клиницист) Г.Ф. Ланг сипаттаған –ды.
Симптомдық гипертонияға ұшырататын себептер мыналар:
-
ОЖЖ-нің сырқаттары: энцефалит, ми бағандарын зақымдаған полимиелит, мидың ісіктері мен жарақаттары (посткоммоциялық гипертония);
-
эндокриндік жүйенің сырқаттар: бүйрекүсті бездерінің ісіктері (феохромоцитома, альдостерома, кортикостерома), параганлийлер (параганглиома) мен гипофиздің ісіктері базофильді аденома), эндокринді – жыныстық гипертония (әйелдер мен ерлердің климакстық кезеңінің гипертониясы);
-
бүйрек пен зәршығаратын жолдың сырқаттары (бүйректік, нефрогендік гипертония): гломерулонефрит, пиелонефрит, нефросклероз, диабеттік және бүйректік нефропатия, амилоидоз, тума ақаулар, бүйрек поликистозы;
-
тамыр сырқаттары: қолқа атеросклерозы мен оның түрлі бөлімдерінің коарктациясы, ірі артериялардың (бұғанаасты мен мойын артерияларының) тарылуы; бүйректің артерияларының тарылуы мен басқа да ақаулары (реноваскулалық гипертония).
Этиологиясы. Гипертонияауруы шектен тыс психика- эмоциялық әсерден жоғары жүйке жүйесі зорығып, невроз тектес сырқат өрістеп, тамырлардың тонусы дұрыс реттелмегендіктен дамиды [Ланг Г.Ф.,1922; Мясников А.Л.,1954]. Тұқымқуалайтын факторлар мен ас тұзын тым көп пайдаланудың әсеріне де зор мән беріледі.
Патогенезі. Гипертония ауруының даму механизміне: 1) нервтік, 2) рефлекторлық, 3) гормондық, 4) бүйректік және 5) тұқымқуалайтын факторлар қатысты.
Патологиялық анатомиясы. Гипертония ауруының морфологиялық бейнесі оның ағымы мен сипатына байланысты, сондықтан алуан түрлі.
Клиникалық ағымы тұрғысынан бұл ауру қатерлі (қатерлі гипертензия) және (қатерсіз гипертензия) деп бөлінеді.
Қатерлі гипертензия кезінде артериолалардың іргесі жиырылып, саңылауы тарылып, қанның қысымы көтеріледі де, гипертониялық криздің бейнесі басымырақ көрініс береді. Криздің өзіндік морфологиялық бейнесі бар: артериолалардың іргесі жиырылып, саңылауы тарылтындықтан, эндотелийлер қада тәріздене тіке жайғасып, олардың базальдық мембранасы кеңірдектене бүктеледі (гофрированнсоть), плазма сіңіп, фибриноитды некроз өрістейді, тромбылар түзіледі. Сөйтіп, инфарктілер дамиды, қанды дақтар пайда болады. Қазір қатерлі гипертония сирек кездесіп, баяу ағымды қатерсіз гипер ауруы жиірек байқалады. Қатерсіз гипертензия даму мерзімі мен морфологиялық айырмашылықтары тұрғысынан: 1) клиникалық бейнеге дейінгі кезеңге, 2( артерияларды жайлаған өзгерістер және 3) артериялық өзгерістерден ағзаларда қанайналымының бұзылуына негізделген, ағзалық өзгерістер кезеңдеріне жіктеледі. Дегенмен, қатерсіз гиепртензияның бұл үш кезеңінің әрқайсысында гипертониялық криз дамып, оған тән морфологиялық бейне орын алатынын ескерген жөн.
Клиника- морфологиялық нысандары
Тамырлар өзгерісі мен геморрагия, некроз,склероз процестері жүрек, ми, бүйрек сияқты ағзалардың қайсысында басымырақ дамығанына қарай гипертония ауруының клинико- морфологиялық нысандары жүректік, милық және бүйректік деп жіктеледі.
Гипертония ауруының жүректік нысаны ,атеросклероздың жүректікнысан сияқты, жүректің ишемиялық ауруының негізі болып табылады. («Жүректің ишемиялық ауруын қара»).
Гипертония ауруының милық нысаны ми тамырлары сырқаттарының негізі («Ми тамырларының сырқаттарын қара»).
Гипертония ауруының бүйректік нысаны жедел және созылмалы ағымды болады.
IV. Иллюстрациялық материалдар: Кестелер: Патологиялық анатомияның зерттеу әдістері.
V. Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және
жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. –
М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.
-
Струков В.И., Серов В.В.Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айтқұлов // Алматы: «Орталық Қазақстан» БПК, «Қазақстан».-1993.
-
Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия // Алматы,-2004.
-
Струков А.И.Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. І бөлім. 1-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.
-
Струков А.И. Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. ІІ бөлім. 2-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.
Қосымша:
-
М.М. Түсіпбекова, М.С. Усеева «Перинатустық кезең патологиялық анатомиясының өзекті мәселелері» // Медицина и экология№ - N3. -2000.
-
Ахметқалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кіріспе: Оқу құралы.// Ақтөбе медициналық академиясы.-1999.
-
Ішкі аурулар // Т.З. Сейсембеков, А.Е. Тәменов, М.Т. Айтқұлов М.Т. // Алматы. – 1995.
-
М.А. Пальцев, А.Б. Пономарев, А.В. Берестова Атлас по патологической анатомии-3-е изд., стереотипное.-М.: Медицина, 2007.-432с.:ил.
-
Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас.-М.:Медицина, 1986.-305с.
6. Робин А. Кук6 Брайн Стеварт. Цветной атлас патологической анатомии/ Под ред. В.П. Сапрыкина. Пер. с англ. И.А. Поповой. В.П. Сапрыкина -М.: Логосефера, 2005.-282 стр.
Электронды ресурстар.
1. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және
жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. –
М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет. эл. опт. диск (CD-ROM) .
2. Струков, А. И. Патологическая анатомия [Электронный ресурс] : учебник . - 5-е изд. стер. - Электрон.
текстовые дан. (51,9 МБ). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2011. - . эл. опт. диск (CD-ROM).
3. Патологическая анатомия [Электронный ресурс] : атлас: учеб. пособие / О. В. Зайратьянц [и др.] ; под
общ. ред. О. В. Зайратьянца. - Электрон. текстовые дан. ( 144 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2010. - 472 с. эл. опт. диск (CD-ROM) .
4. Пауков, В. С. Патологическая анатомия и патологическая физиология [Электронный ресурс] : учеб. для
колледжей. - Электрон. текстовые дан. ( 44,7 Мб). - М. : Изд. группа "ГЭОТАР-Медиа", 2010. - 256 с. эл.
опт. диск (CD-ROM) .- 2 экз.
5.Медицина. 3 курс [Электронный ресурс]: лекции для студентов.– М., 2005. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM).
6. Диагностика заболеваний и патологическая анатомия желудка, тонкой и толстой кишки [Электронный
ресурс] : более 600 ил. - Электрон. текстовые дан. (48,6 Мб). - М. ., 2005. - эл. опт. диск (CD-ROM). .
7. Кудачков Ю. А. Патология человека [Электронный ресурс] : электронный слов.-справ. - М., 2002. - 1 эл. опт. диск (CD-ROM). –Всего 2экз.
VI. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1. Жүрек қан тамыр жүйесі аурулары ішінде атеросклероздың алатын орнны қандай?
2. Атеросклероздың патологиялық анатомиясы мен морфогенезінің суреттемесің береңіз?
3. Атеросклероздың этио- патогенезің атаңыз?
4. Атеросклероздың клинико- морфологиялық түрі, асқынуы және нәтижесі қандай?
5. Гипертониялық ауру және симптоматикалық гипертензияның айырмашылығы қандай?
6. Гипертензия ауруының этио- патогенезінің атаңыз?
7. Гипертония ауруы сатылырының патологиялық анатомиясының атаңыз?
8. Қатерлі және қатерсіз гипертензия айырмашылықтарының морфологиялық
Критерилері қандай?
9. Гипертензия ауруының клинико- морфологиялық түрі, асқынуы, нәтижесі қандай?
Кредит 2 № 2
I. Тақырыбы: Тыныс алу жүйесінің аурулары.
II. Мақсаты: Патологиялық анатомияға анықтама беру. Патологиялық анатомияның зерттеу әдістерін білу.
III. Дәріс тезистері: Жедел бронхит –бронхылардың жедел ағымды қабынуы; ол дербес сырқат та бола алады немесе бірқаттар басқа аурулардың (мысалы, пневмонияның, созылмалы гломерулонефриттен туындаған бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің) салдары ретінде де дамиды.
Патологиялық анатомиясы. Жедел ағымды бронхит кезінде бронхының кілегейлі қабықшасына қан толып, ісінеді және қанды дақтар мен ойықтар жаралар пайда болады, саңылауына шырыш жиылады. Кілегейлі қабықша қатарлы қабынып, фибринді немесе фибринді-геморрагиялықлы процесс өрістейді. Кейде бронхының кілегейлі қабықшасы ойылып, жараланады. Бронхиттің бұл түрі ойық жаралы бронхит деп аталады. Ал бронхиолалардағы жедел қабыну – бронхиолит – пролиферациялы да болуы мүмкін. Ондай жағдайда лимфоциттер, макрогаттар, плазмациттер шоғырланып, эпителийі көбейіп, бронхиолалардың іргелері қалыңдайды. Бронхының бастапқы (проксималдық) бөлімінің, әдетте кілегейлі қабықшасы ғана (эндобронхит) немесе кілегейлі қабықшасы мен бұлшықетті қабаты (эндомезобронхит) зақымдалады. Бронхының соңғы (дисталдық) бөліміндегі процесс оның барлық қабатын қамтып (панбронхит, панбронхиолит), кейде төңірегіне де жайылады (перибронхит).
Крупты – пневмония – жедел ағымды инфекция – аллергиялық ауру; ол өкпенің бір немесе бірнеше бөлімін толық қамтиды (бөліктілік, лобустық пневмония), альвеолаларға фибринді экссудат жиналып (фибринді, немесе крупті, пневмония), плевраға да фибин шөгеді (плеврапневмония). Жақшада келтірілген атаулардың арқайсысы осы аурудың әр ерекшелігіне сәйкес синонимдері. Крупты пневмония – дербес ауру; көбіне ересектер, кейде балалар да ауырады.
Морфогенезі мен патологиялық анатомиясы. Жүз жылдан астам мерзімде қалыптасқан ұғым бойынша, крупту пневмония өзінің даму барысында төрт кезеңнен өтеді: 1) қан толу кезеңі; 2) қызыл баурлану (опеченение); 3) боз бауырлану және 4) аяқталу кезеңдері. Бұл төрт кезең 9-10 тәулікті қамтиды.
Бронхпневмония деп – бронхиттен немесе бронхиолиттен басталып, өкпеге жайылған қабыну процесі аталады (бронхальвеолит). Бронхмневмонияның морфологиялық негізі – ошақты қабыну. Бұл пневмонияның бірінші ретті (мысалы, вирустық респирациялық инфекцияларға тән) және екінші ретті, салдарлық (басқа аурудың зардабы ретінде дамитын) түрлері бар.
Патогенезі. Бронхпневмония жедел ағымды бронхиттен немесе бронхиолиттен өрбіп, қабыну процесі өкпе тканіне интрабронхылық (қатарлы бронхит немесе бронхиолит) кезінде төмен қарай немесе кейде периобронхылық (деструкциялы бронхит немесе бронхиолит кезінде) жолмен жайылады. Инфекция бүкіл организмді жайласа, бронхпневмония, әдетте, гематогендік жолмен дамиды (сепсистік пневмония). Ошақты пневмонияның дамуына аутоинфекция мен аспирацияның (аспирациялық пневмония), өкпеге қан мен лимфа іркілуінің (гипостаздық пневмония) және аспирация мен нерв – рефлекторлық процестердің (операциядан кейінгі пневмония) де зор маңызы бар. Бронхпневмонияның ерекше бір тобын иммунитет тапшылығына негізделген иммунодефициттік пневмониялар құрайды.
Аралық (интерстицийлік) пневмония - өкпенің аралық тканінің (стромасының) қабынуы. Ол бірқатар аурулардың (мысалы, респирациялық вирустық инфекциялардың) негізгі морфологиялық бейнесі ретінде немее өкпедегі басқа да қабыну процестерінің зардабы ретінде дамиды.
Этиологиясы. Аралық пневмонияны іріңдеткіш бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар қоздыра алады.
Патологиялық анатомиясы. Қабыну процесінің дамыған жеріне қарай, аралық пневмония перибронхылық, бөлікшеаралық және альвеолаарлық деп үш түрге бөлінеді. Олардың ағымы жедел де, созылмалы да болады. Аралық пневмонияның әр түрінің өзіне тән морфологиялық бейнесі бар. Перибронхылық пневмония, әдетте қызылша немесе грипп асқынғанда дамиды. Қабыну процесі бронхылардың іргесінде (панбронхит) басталып, лимфалық тамырлар арқылы олардың төңірегіндегі альвеолааралық тканьге жайылады. Ондағы экссудат альвеолалық макрофагттардан түзіліп, құрамында нейтрофильдер өте аз болады.
Өкпенің созылмалы бейспецификалық сырқаттары (ӨСБС) деп аталатын аурулар тобына созылмалы бронхит, бронхоэкстаздар, өкпенің эмфиземасы, бронхылық астма (демікпе), созылмалы абсцесс, созылмалы пневмония, өкпенің интерстицийлік аурулары мен пневмофиброз (пневмоцирроз) жатады.
Өкпе эмфиземасы (грекше: emphysao қампайтамын) - өкпенің тканің ауа кернеп, көлемі ұлғаятын сырқат. Бұл ауру созылмалы диффузды обструкциялы эмфиземаға, созылмалы ошақты (перифокалдық, тыртықтық) эмфиземаға, викарлық (компенсациялық) эмфиземаға, бірінші ретті (идиопатиялық) панацинустық эмфиземаға, кәрілер (қарттар) эмфиземасына және аралық эмфиземаға жіктеледі.
IV. Иллюстрациялық материалдар: Кестелер: Патологиялық анатомияның зерттеу әдістері.
V. Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және
жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. –
М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.
-
Струков В.И., Серов В.В.Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айтқұлов // Алматы: «Орталық Қазақстан» БПК, «Қазақстан».-1993.
-
Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия // Алматы,-2004.
-
Струков А.И.Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. І бөлім. 1-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.
-
Струков А.И. Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. ІІ бөлім. 2-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.
Қосымша:
-
М.М. Түсіпбекова, М.С. Усеева «Перинатустық кезең патологиялық анатомиясының өзекті мәселелері» // Медицина и экология№ - N3. -2000.
-
Ахметқалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кіріспе: Оқу құралы.// Ақтөбе медициналық академиясы.-1999.
-
Ішкі аурулар // Т.З. Сейсембеков, А.Е. Тәменов, М.Т. Айтқұлов М.Т. // Алматы. – 1995.
-
М.А. Пальцев, А.Б. Пономарев, А.В. Берестова Атлас по патологической анатомии-3-е изд., стереотипное.-М.: Медицина, 2007.-432с.:ил.
-
Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас.-М.:Медицина, 1986.-305с.
6. Робин А. Кук6 Брайн Стеварт. Цветной атлас патологической анатомии/ Под ред. В.П. Сапрыкина. Пер. с англ. И.А. Поповой. В.П. Сапрыкина -М.: Логосефера, 2005.-282 стр.
I. Қорытынды сұрақтары (кері байланысы):
1. Жедел пневмонияның этиологиясы, патогенезі және жіктелуің атаңыз?
2. Крупозды пневмонияның макроскопиялық және микроскопиялық сипаттамасың суреттемесің береңіз?
3. Крупозды пневмонияның асқынуы, нәтижесі қандай?
4. Бронхопневмонияның макроскопиялық және микроскопиялық сипаттамасың суреттемесің беріңіз?
5. Бронхопневмонияның асқынуы және нәтижесі, өлім себебі қандай?
Кредит 2 № 3
I. Тақырыбы: Бауыр, ас қорыту жүйесінің аурулары.
II. Мақсаты: Патологиялық анатомияға анықтама беру. Патологиялық анатомияның зерттеу әдістерін білу.
III. Дәріс тезистері: Ақазан ауруларының ең маңыздысы – гастрит, ойық жаралары ауру және рак (карцинома).
Гастрит (гр.gaster –асқазан )-асқазанның кілегейлі қабықшасының қабынуы. Ол
жедел және созылмалы ағымды болады.
Асқазан кілегейлі қабықшасының морфологиялық бейнесіне қарай, жедел ағымды гастрит: 1) катарлы (жай); 2) фибринді; 3) іріңді (флегмоналы); 4) некрозды (коррозиялы) түрлерге жіктеледі.
Созылмалы гастриттің бірқатары қайталамалы жедел гастриттен өрбісе, көбі онымен байланысты емес.
Патогенезі. Созылмалы гастрит ауттоиммунды (гастриттің А түрі) және бейиммунды (гастриттің В түрі) болады.
Аутоиммунды гастриттің даму барысында париетальдық клеткаларға қарсы бағытталған антиденелер түзіліп, асқазанның қоршағыш клеткалы түбі басымырақ зақымдалады, сол себепті фундалдық (түптік) гастрит дамиды. Қан плазмасында гастрин көбейеді (гастринемия). Қоршағыш (обкладочные) клеткалар зақымдалып, хлорлы сутек (тұз) қышқылы аз түзіледі. Гастрит бейиммунды болса, париеталл клеткаларға қарсы бағытталған антиденелер түзілмейді, сондықтан асқазанның түбі де зақымдала қоймайды. Негізінен ағзаның антральдық гастрит орын алады. Гастринемия байқалмайды, хлорлы сутек қышқылының мөлшері шамалы ғана кемиді. Гастриттің В түрінің бірі – рефлюкс –гастрит (гастриттің С түрі). Гастриттің В түрі гастриттің А түрінен 4 есе жиі байқалады.Процестің топографиясына қарай, созылмалы гастрит – антралдық, фундалдық және пангастрит деп жіктеледі.
Ойық жаралы ауру
Ойық жаралы ауру – негізгі клеткалық және морфологиялық бейнесі асқазан мен ұлтабардағы қайталамалы ойық жара болып табылатын циклді (кезеңді ) созылмалы ағымды сырқат. Бұл ауру ойық жараның қалыптасқан жері мен патогенизмінің ерекшеліктеріне қарай пилорус – дуоденум аймағын және асқазан денесінің ойық жаралы ауруы деп жіктеледі. Дегенмен, аурудың бұл екі түрі бірге дамуы да мүмкін.
Асқазан мен ұлтабардың ойық жаралы ауруын бейнелейтін ойық жарадан басқа, өзге ағзалар ауруының бір көрінісі ғана болып табылатын симптомдық ойық жарлар тобы да бар. Бұл топқа эндокриндік сырқаттардан (паратиреоздың, тиреотоксикоздың, Эллисон-Золлингердің эндокриндік ойық жаралары), қанайналымы жедел немесе созылмалы түрде бұзылғанда (дисциркуляциялық ойық жаралар, сыртқы және ішкі уытты әсерден [уытты әсер (токсикалық) ойық жаралар] аллергиядан (аллергиялық ойық жаралар), спецификалы қабынудан (туберкулез, мерез ойық жаралары), асқазан мен ішекке жасалған операциядан кейін (операциядан екйінгі ойық жаралар) және дәрі-дәрмектердің әсерінен (мысалы, кортикостероидтермен, ацетисалицилат қышқылымен емдегенде байқалатын дәрі – дәрмектік ойық жаралар) қалыптасатын ойық жаралар жатады.
Созылмалы ойық жара көбінесе бір-бірден, анда –санда ғана бірнешеуден қалыптасады. Оның пішіні сопақтау немесе дөңгелек (ulcus rotundum), диаметрі бірнеше миллиметрден 5-6см дейін. Жара асқазан қабаттарын түрлі тереңдікте қамтып, кейде қарынның сірлі қабатына дейін жетеді. Түбі тегіс,кейде кедір-бұдыр. Жиектері сүйелденген, тығыз әрі буылтықтанып, көтеріңкі келеді (каллезді ойық жара лат:callus –сүйел). Ойық жараның өңеш жақтығы жиегі ұңғаланып, кілегейлі қабықша ол жақта ақауға қарай төніп тұрады да, пилорус жақтығы жиегі баспалдақ тәрізді сатылы болып, жайпақтау келеді. Өйткені жараның жиегін шектейтін асқазан қабаттарының (перистальтикалық) амплитудасы әр түрлі. Созылмалы ойық жараның көлденеңкесіндісі ұшты жағы кесілген пирамидаға ұқсайды; бұл жағы өңешке бағытталады. Жараның тұсындағы сірі қабықша қалыңдап, асқазан кейде бауырмен, ұйқы безімен, шарбымен, көлденең тоқ ішекпен бірігіп кетеді.
IV. Иллюстрациялық материалдар: Кестелер: Патологиялық анатомияның зерттеу әдістері.
V. Әдебиет:
Қазақ тілінде
Негізгі:
1. А.И. Струков, В.В. Серов, Патологиялық анатомия қазақшаға аударған және
жауапты редакторы М.Т. Айтқұлов оқулық . - 5-бас., стереотип. –
М. : ГЭОТАР- Медиа, 2013. - 984 бет.
-
Струков В.И., Серов В.В.Патологиялық анатомия: медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Орысшадан аударған доцент М.Т.Айтқұлов // Алматы: «Орталық Қазақстан» БПК, «Қазақстан».-1993.
-
Ахметов Ж.Б. Патологиялық анатомия // Алматы,-2004.
-
Струков А.И.Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. І бөлім. 1-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.
-
Струков А.И. Струков В.И. Патологиялық анатомия (Жеке аурулар бөлімі. ІІ бөлім. 2-кітап): оқулық/ Қаз.ауд. М. Т. Айтқұлов - 2-басылым. – Ақтөбе, 2010.
Қосымша:
1. М.М. Түсіпбекова, М.С. Усеева «Перинатустық кезең патологиялық анатомиясының өзекті мәселелері» // Медицина и экология№ - N3. -2000.
-
Ахметқалиев С.Е., Қамбаров Ж.А. Клиникалық патоморфологияға кіріспе: Оқу құралы.// Ақтөбе медициналық академиясы.-1999.
-
Ішкі аурулар // Т.З. Сейсембеков, А.Е. Тәменов, М.Т. Айтқұлов М.Т. // Алматы. – 1995.
-
М.А. Пальцев, А.Б. Пономарев, А.В. Берестова Атлас по патологической анатомии-3-е изд., стереотипное.-М.: Медицина, 2007.-432с.:ил.
-
Серов В.В., Ярыгин Н.Е., Пауков В.С. Патологическая анатомия: Атлас.-М.:Медицина, 1986.-305с.
6. Робин А. Кук6 Брайн Стеварт. Цветной атлас патологической анатомии/ Под ред. В.П. Сапрыкина. Пер. с англ. И.А. Поповой. В.П. Сапрыкина -М.: Логосефера, 2005.-282 стр.
Достарыңызбен бөлісу: |