Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті Биохимия, биология және микробиология кафедрасы



Дата18.07.2016
өлшемі269.16 Kb.



ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы


044 -30/15 в

18 беттің. беті



ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ




Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы
Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы


«Бекітемін»

ТжКББФ

деканы Отыншиев М.А.

___________________ «____»_________ 2014 ж


ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: Микробиология

Мамандығы: 030200 0 «Медбикелік іс»

Біліктілігі: 030203 3 «Жалпы тәжірибелі медбике»

Курс: 3

Семестр: V-VI

Сағат саны: 90

ШЫМКЕНТ – 2014


Оқу жұмыс баағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2014 жылғы ____ ____________ № ______ бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Кафедра мәжілісінде қаралды:

«_____» ________ 2014 ж. хаттама № ____
Кафедра меңгеруші, м.ғ.к. Есіркепов М.М.

Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді:

«_____» ________ 2014 ж. хаттама № ____
Әдістемелік кеңес төрайымы Джуманкулова Н.Р.

Дайындаған оқытушы: Жанысбекова М.К.




Оқу жұмыс бағдарламасы


  1. Алғы сөз

Адамның ауруларының алдын алу үшін және диагностика жасау үшін қазіргі денсаулық сақтау жүйесінде емдеудің жаңа технологиялары енгізілуде. Бұл технологиялар әр түрлі ғылыми пәндердің ұстанымдарын пайдаланады, мысалға квантты физика, элоктоника, генетика, органикалықжәне физикалық химия.

Терең меңгерген теориялық білімдері мен дағдыларын медицина саласына ғана емес, жаңа технология негізіне қатысты барлық ғылымға қолдана алатын және тиімді етіп енгізе алатын және оны қолдана алатын жаңа санатты медициналық мамандар қажет. Микробиология, вирусология пәні - осындай пәндердің бірі.

Орта буынды медициналық қызметкерді жалпы жүйеде дайындау барысында микробиологияның алатын орны ерекше. Бұл ғылым бір жағынан жалпы биологиялық білімнің негізі болса, екінші жағынан қолданбалы медициналық болып табылатын пропедевтикалық пән.

Микробиология пәнін оқытудың мақсаты - медбикелерге жалпы құрылым заңдылықтарының қалыптасуын, жер биосферасында әр сыныптағы микроорганизмдердің таралуын және тіршілік етуін түсіндіру; микроорганизмдердің патогенділігі туралы және жұқпалы аурулар туындаған жағдайда оны нақты жүзеге асыра алуы; жұқпа процесі дамыған жағдайда және иммунопатологиялық жағдай туындағанда макроорганизм жағдайында иммунитет туралы білуі; сонымен қатар жұқпалы аурулардың алдын алу үшін және арнайы емін қамтамасыз ететін дәрілер туралы жалпы түсінік беру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

Оқуды дұрыс ұйымдастыру қажет, біріншіден, жалпы биологиялық және клиникалық ойлауды қалыптастыруға себепші болатындай, екіншіден, келесі пәндерді оқытудың базасына қызмет ететіндей.


Бағдарламада негізінен микро­биология мен вирусологияның тәжірибе туралы сұрақтарына назарды аудару ескерілген. Онда ультра­құрылымды патогенді микроағзалар мен морфологиясына,олардың физиологиясы, биохимия және моле­кулярлық биологияға байланысты сұрақтар берілген. «Жұқпа туралы оқу» бөлімі жалпы микробиология пәнінің логикалық бөлімі болып саналады, бұнда білім алушылар микроорганизмдердің мо­лекулярлық-генетикалық вируленттілік негізімен және жұқпа үдерісінің дамуымен танысады.

Бағдарламада жұқпалы иммунологияға назар аударылу ескерілген. Білім алушылар жұқпалы агентке микроорганизмдердегі иммунды әсердің күресін,өзіне тән және өзіне тән емес резистенттілік әсердің жасушалық және молекулалық негізі. Басқа микроорганизмдердің арасындағы вирустардың алатын орнының ерекшелігін ескере отырып «Вирусология негізі» бөлімі бөлек берілген. Онда молекулярлық биология мен вирус гене­тикасында ерекше көңіл бөлінген.

Бағдарламада жеке микробиоло­гияға сағат саны көбірек бөлінген, онда білім алушылар жұқпалы аурулардың негізгі қоздырғыш көздерінің сипатын, микробиоло­гиялық диагностиканың заманауи әдістері мен ұстанымдарын, жұқпалы аурулардың ағымының негізін, сонымен қатар олардың өзіне тән алдын алуы мен терапиясының ұстанымдарын оқып үйренеді.

Микробиоло­гия сабағында білім алушылармен оқу-зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Білім алушылар микробиоло­гия бойынша физиология мен биохимияны, морфологияны оқып және онда қолданылған, сонымен қатар микроорганизм генетикасын, патогенді микроор­ганизмдердің виру­ленттілігін, жұқпалы иммунология, вирусо­логияны оқып, ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білу дағдыларын игеріп, заманауи әдістерді бүтіндей меңгере отырып,әр түрлі аса маңызды сұрақтар бойынша реферат хабарламалар жасайды.

Жеке микробиология курсы бойынша тәжірибелік сабақтарды клиникалық микробиология ұстанымдары бойынша жүзеге асыру ұсынылады, ол үшін «Жұқпалы маңызды аурулардың микробиоло­гиялық диагностикасы» бағдарламасы енгізілген, онда қоздырғыш сипаттамасы лабораториялық зерттеудің жалпы ұстанымы, зерттеу әдістері, олардың жүйелі таңдауы мәселелері қамтылған.

Бағдарламада экология мен табиғатта микроор­ганизмдердің таралуы, адамның микроэкологиясы, сонымен бірге санитарлық микробиология негізіне қатысты барлық сұрақтар кеңейтілген.

Орта буын мамандары өзінің міндетін ойдағыдай орындауы үшін, жұқпалы ауру қоздырғыштарын, олардың таралу жолдарын, жұғу механизімін, қоршаған ортада микроорганизмнің тұрақтылығын, клиникалық ағымын, сонымен бірге жұқпалы аурудың дамуының алдын алу шараларын білуі керек.

Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау ұйымдарымен жұқпалы аурулармен күресуге арналған шаралар кешенін жүргізеді, осы орайда медбикелердің ролі ерекше.

Медбикелерді даярлаудың жалпы бағдарламасы бойынша «Микробиология мен вирусология» пәні бірден бір міндетті пән болып саналады. Оны оқыту үшін 90 сағат берілген, оның ішінде 30-ы теориялық және 60-ы тәжірибелік сабақ.

Осы пәнді оқыту барысында білім алушыларға теориялық сабақ өткізеді және зерттеу материалын алу, микроорганизмдерден макроорганизмдерді қорғауға негізделген залалсыздандыру мен зарарсыздандыру шаралрын жүргізу бойынша тәжірибелік дағдыларды жасап машықтандырады, лабораториялық диагностика мен алдын алудың тиімді тәсілдерін және жұқпалы ауруларды емдеудің заманауи әдістерін меңгереді.

Орта медициналық қызметкерлерге осы негізгі (базалық) пәнді (микробиология мен вирусология) оқытудың негізгі міндеті - ҚР мемлекеті мен денсаулық сақтау және қоғам талаптарына сай халықтың денсаулығын қамтамасыз ету үшін қажет медбикелерді кәсіби даярлау сапаларын жақсарту.

Пәнді оқытудың нәтижелі мақсаттары:

- адамның жұқпалы патологиясында микроорганизмдер мен вирустардың ролі және жұқпалы ауруларды төмендету және жою мәселелері туралы білім алушыларға білімдерді қалыптастыру;

- аурухана ішілік инфекцияны болдырмау мақсатымен ЕПҰ эпидемияға қарсы және зарарсыздандыру тәртібін қадағалау үшін бак.мониторингті ұйымдастыру;

- микробиологиялық және вирусологиялық зерттеулерге материалды дұрыс алу және тасымалдау;

- жағдайды дұрыс бағалау және бактериалдық ластану жағдайында алғашқы көмек көрсету.

Материалды білімгерлерге жеткізу түсінікті, жүйелендірілген және нақтыланған формада берілуі қажет; өз назарын негізгі түсініктерге, олардың белгілеріне және ерекшеліктеріне көңіл аудару керек. Материалды дұрыс түсініп қабылдау үшін микроорганизмдердің морфологиясы, физиологиясы және таксономиясы, жалпы микробиология, иммунология және жеке бактериология бойынша негізгі диапозитивтерді, сүреттерді, сызбаларды, рефераттарды, оқу кинофильмдерді, анимацияларды, электронды кітаптарды, ақпараттқы интерактивті тақталарды және интернетті пайдалану.
Оқушы білуі тиіс:

Микроорганизмдердің морфологиясы және физиологиясы, таксономиясы, микроорганизмдер экологиясының негіздері және ерекшеліктері, адам өміріндегі қалыпты микрофлораның маңызы және жұқпалы аурулардың туындауындағы микрооргнизмдердің ролі туралы қажетті негізгі теориялық негіздерді;

-зерттеу материалын алу және тасымалдау ережелерін, зарарсыздандыру және залалсыздандыру әдістерін және құралдарын, жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеуінің тиімді тәсілдерін.


Оқушы істей білуі тиіс:

Микробиологиялық лабораториялардың құрылымы мен жұмысын ұйымдастыру және зерттеуге жеткізілген материалмен жұмыс істеу кезінде, пайдаланға лабораториялық ыдыспен және құүрал-жабдықтармен жұмыс істеу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша теориялық білімдерін пайдаланып, тәжірибеде жұқпалы материалмен жұмыс істеу ережелерін, асептика, антисептика, залалсыздандыру, зарарсыздандыру әдістерін қолдану, зерттеу материалынан сынама алу, микробиологиялық лабораторияға типтік бағыттаманы толтыру; мазок дайындау, оны бояу, микроскоптау және микроорганизмдердің морфологиясын анықтау.

БҚ 2. Практикада кеңінен қолданатын жұқпалы аурулардың микробиологиялық және вирусологиялық әдістерін қою принциптерін, сонымен қатар жұқпалы аурулардың арнайы профилактикасын түсіндіру;

БҚ 3. Бактериалардың әр түрлі антибиотиктерге (диско-диффузиялық әдіспен) және бактериофагтерге сезімталдылығын анықтау тесттерін қою;

БҚ 4. Негізгі серологиялық реакцияларды қою;

БҚ 5. Коккты, ішек, анаэробты жарақат, ауа-тамшы және аурухана ішілік инфекциялардың микроскопиялық және бактериологиялық диагностикалау әдістерін жүргізу және биологиялық зерттеу әдістерінің негізімен танысу.



Істей алады:

-лабораториялық диагностиканың микроскопиялық әдісімен микрооргнизмдердің морфологиясын анықтайды, зерттеу материалын элективті және дифференциалдық-диагностикалық қоректік орталарға егеді, микроорганизмнің таза дақылын бөліп алады және қоздырғышты лабораториялық диагностиканың негізгі әдістері арқылы анықтайды;

-қоршаған орта заттарын зарарасыздандыра алады және жұқпалы аурулардың арнайы алдын алуын жүргізе алады;

-дезинфектант ерітінділерді дайындау техникасын жүргзе алады;

-қоректік орталардың, ыдыстың, тампондардың, дәкелі сүлгілердің және құрал-саймандардың залалсыздандырылуын жүргізеді;

-лаборатория нысандарының инфицирленген ошағын зарарасыздандырады;

-қоршаған орта нысандарының зарарсыздандыруын және зерттеу материалының өңдеуді;

-жеке биотоптардың микрофлора құрамын сапалық және сандық әдістермен анықтайды (ауыз құысының, АҚТ);

-бактериялардың антибиотиктерге дәрілік тұрақтылығын анықтайды;

-емдеу мекемелерінің әр түрлі ем-шара кабинеттерінің жағдайына санитарлық бақылау жүргізеді.




2. Пәннің тақырыптық жоспары



Тақырыптар мен бөлімдердің атаулары

Сағат саны

Оның ішінде

теориялық

тәжірибиелік

1

Микробиологияға кіріспе. Микробиологиялық зертхана құрылым. Микроскоптық зерттеу әдістері.

3

1

2

2

Микроорганизмді жіктеу мен морфологиясының негіздері.

3

1

2

3

Микроорганизмдердің физиологиясы.

3

1

2

4

5
6


7

Микроорганизмдердің экологиясы.

12

1

2

Адам ағзасының микрофлорасы.Дисбактериоз.

1

2

Санитарлық микробиология.

1

2

Зарарсыздандыру, залалсыздандыру, асептика, антисептика негіздері.

1

2

8

Бактерия геномы. Бактерияның генетикалық материалын беру формаларыы. Сыртқы орта жағдайында бактериялардың өзгергіштік және адаптациялық формалары.

3

1

2

9

10


Химиотерапияның микробиологиялық және молекулярлық-биологиялық химиотерапия негіздері. Микробқа қарсы препараттар.

6

1

2

Бактерияның дәріге тұрақтылық механизмдері. Вирусты жұқпалардың химиотерапиясы.

1

2

11

12


Жұқпа туралы ілім. Жұқпа процесіне сипаттама. Бактериялардың патогенділігі және токсигенділігі.

6

1

2

Вирустардың жұқпалығы.

1

2

13

14


Иммунитет.

6

1

2

Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы және иммунотерапия негіздері.

1

2

15

16


Жеке микробиология. Іріңді-қабыну ауруларының қоздырғыштары. (Гр+ коктар)

6

1

2

Жеке микробиология. Іріңді-қабыну ауруларының қоздырғыштары.(Гр- коктар)

1

2

17

18

19



20

Бактериалдық ішек жұқпаларының қоздырғыштары– эшерихиоз,іш сүзегі, А және В паратифі.

12

1

2

сальмонеллез, қантышқақ.

1

2

Тырысқақ вибрионы.

1

2

Кампилобактериялар. Геликобактериялар.

1

2




V-семестр










1
2

Ауа-тамшылы жұқпа қоздырғыштары.(Туберкуллез)

6

1

2

Ауа-тамшылы жұқпа қоздырғыштары.(Күл, көкжөтел)

1

2

3

4


Анаэробты жарақатты жұқпа қоздырғыштары.(Газды гангрена, сіреспе)

6

1

2

Анаэробты жарақатты жұқпа қоздырғыштары. (Ботулизм)

1

2

5
6

Аса қауіпті зоонозды жұқпа қоздырғыштары.(Оба, бруцеллез)

6

1

2

Аса қауіпті зоонозды жұқпа қоздырғыштары.(Сібір күйдіргісі, туляремия)

1

2

7

8


Венерологиялық және урогениталдық жұқпа қоздырғыштары.

6

1

2

Бактериалдық трансмиссивтік жұқпа қоздырғышытары.

1

2

9

10


Вирустық жұқпа қоздырғыштары.(Гепатит А,В,С,Е)

6

1

2

Вирустық жұқпа қоздырғыштары.(АИВ)

1

2




Барлығы:

90

30

60


Кіріспе

1-бөлім. Микробиологияға кіріспе. Микробиологиялық лабораторияның құрылымы. Микроскопиялық зерттеу әдісі.

Оқу ақпараты:

Микробиологияның, вирусологияның мақсаттары мен міндеттері. Медбикелік қызметтегі микробиологияның мағынасы. Бактерия жасушасының морфологиясы, ультрақұрылымы, химиялық құрамы мен қызметі. Микробиологияның қысқаша даму тарихы.

Бактерияларды жүйелеудің негізгі принциптері. Таксономиялық санаттар: прокариот патшалығы, эукариттер, вирустар; бөлім, сынып, реті, тұқымдастығы, триба,туыстығы, түрі. Инфтүрлік санаттар: биовар, серовар, фаговар, патовар, морфовар. Популяция, штамм, дақыл, клон. Д.Бержидің бактерия анықтағышы.

Микробиологиялық лабораторияның құрылымы. Жұмыс істеу ережесі. Техника қауіпсіздігі. Лабораториялық жабдықтардың (термостаттар, таразылар, центрифугалар, кептіргіш шкафтер, ав­токлавтар) және арнайы құралдардың түрлері және жұмыс істеу принциптері. Әр түрлі зерттеу материалын алу және оларды микробиологиялық лабораторияға жеткізу ерекшеліктері. Жұқпалы аурулардың микробиологиялық диагностикасының негізгі әдістері.

Микроскоптар және микроскоптау тәсілдері. Жарықтық микроскоп. Микроскоптаудың иммерсиондық жүйесі.
2-бөлім. Микроорганизмдерді морфологиясы және жіктеу негіздері.

Оқу ақпараты:

Бактерия жасушасының құрылымы: (қабығы, цитоплазма, нуклеоид, рибосомдар, қосындылар, капсулалар, жгутиктер, пилилер, бұраулар, споралар) және олардың қызметтері. Бактериялардың шар, таяқша тәрізді және иректелген формаларының морфологиясы. Сүртім даярлау техникасының. Бояудың қарапайым әдістері. Микроскоптау техникасы. Қышқылға тұрақты бактериялар және оларды Циль-Нильсен әдісіменен бояу. Тірі күйдегі бактерияларды зерттеу әдістері. Спирохеттердің, актиномицеттердің, риккетсиялардың, микоплазмалардың, саңырауқұлақтардың, вирустардың морфологиясы.


3-бөлім. Микроорганизмдердің физиологиясы.

Оқу ақпараты:

Микроорганизмдердің тіршілік қызметтері: қоректенуі, тыныс алуы, өсуі және көбеюі. Бактерияның химиялық құрамы.

Бактериялардың қоректенуі. Қоректенудің негізгі түрлері. Қоректену түрі мен энергия алу тәсілі бойынша бактериалардың жіктелуі. Литотрофтар. Органотрофтар. Сапрофиттер. Паразиттер. Облигатты және факультативті паразиттер. Аминоавтотрофтар. Аминогетеротрофтар. Өсу факторлары. Қоректік заттарды тасымалдау. Қоректік орталар. Бактерияларды дақылдандыру. Қоректік орталарға қойылатын талаптар. Қоректік орталардың жіктелуі және пайдалануы. Қоректік орталардың негізгі компоненттері. Қоректік орталарда микроорганизмдердің өсуіне қажетті жағдайлар. Қоректік орталарды даярлау. Қоректік орталарды сақтау ережелері. Дайын қоректік орталардың сапасын бақылау. Дақыл, штамм, колония туралы түсінік. Егу және микрооргинизмдердің таза дақылын бөлу техникасы. Микробтардың дақылдық қасиеттерін зерттеу әдістері. Микроорганизмдердің тыныс алуы (биологиялық тотығуы). Биологиялық тотығудың негізгі түрлері– аэробты және анаэробты. Тыныс алудың аралық түрлері.Тыныс алу үдерісінің механизмі мен оның мәні. Анаэробты дақылдандыру әдістері.

Микроорганизмдердің ферменттері. Олардың зат алмасуындағы ролі.Ферменттердің жіктелуі. Бактриялардың биологиялық белсенділігін ақ уыз, амин қышқылдары және т.б. түзілуін зерттеуде пайдалану. Микроорганизмдердің көбеюі мен өсуі. Көбею тәсілдері. Цитоплазмалық мембрананың және жасуша қабығының бактериялардың өсуімен бөлінуін реттеудегі ролі. Микроорганизмдермен пигмент, фотогенді және хош иісті заттар түзуі. Вирустар дақылдандыру. Бактериофагтер. Бактериалдық вирустарды (фагтерді) дақылдандыру әдістері және оларды индикациялау. Бактериофагтерді практикада қолдану.



4-бөлім. Микроорганизмдер экологиясы. Адам ағзасының микрофлорасы. Дисбактериоз. Санитарлық микробиология. Зарарсыздандыру, залалсыздандыру асептика, антисептика негіздері.

Оқу ақпараты:

Қоршаған ортада микробтардың таралуы. Судың, ауаның, топырақтың микрофлорасы. Судың, ауаның, топырақтың жұқпа таратудағы рөлі. Адам денесінің қалыпты микрофлорасы. Дисбактериоз.

Микроорганизмге қоршаған орта факторының (физикалық, химиялық, биологиялық) әсер етуі. Қоршаған ортадағы микробтарды жою (залалсыздандыру, арарсыздандыру). Залалсыздандыру тәсілдері. Микробиологиялық практикада қолданылатын негізгі зарарсыздандырғыш заттар. Зарарсыздандыру құралдарына қойылатын талаптар. Зарарсыздандыру құралдарының сақталуына және зарарсыздандыру іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. Зарарсыздандыруға ұшырайтын нысандар тізімі және осы нысандарда тіршілік ететін микроорганизмдер. Асептика және антисептика. Антисептикалық заттар. Қолды гигиеналық өңдеу үшін қолданылатын теріге арналған антисептиктер тізімі. Ауаны және бөлмедегі зат беттерін зарарсыздандыру. Зарарсыздандыру мен қатар құралдарды залалсыздандыру алды тазалауды жүргізу кезеңдері.

Санитарлық микробиология. Қоршаған орта нысандарында санитарлық көрсеткіш микроорганизмдерді анықтаудың маңызы. Топырақты, ауаны, суды, күнделікті қолданыс заттарын және азық-түліктерді микробиологиялық бақылау.



5-бөлім. Бактерия геномы. Бактериялардың генетикалық материалын беру формалары. Бактериялардың сыртқы ортада өзгергіштігі және бейімделу формалары. Вирусология негіздері.

Оқу ақпараты:

Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштік. Тұқымқуалаушылық бірлігі.. S және R колониялар сипаттамасы. Генотиптік және фенотиптік өзгергіштік. Генетикалық рекомбинация. Плазмидалар. Өзгергіштіктің практикалық маңызы. Заманауи генетикалық әдістерді жұқпалы аурулардың диагностикасында қолдану. Биотехнологияның мақсаты мен міндеті, маңызы. Биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер мен үдерістер. Гендік инженерия әдістерін емдік құралдар микроорганизм-продуциенттерін жасау үшін қолдану. Бактериялардың қоршаған ортада және иесінің организмінде тіршілік ету тәсілі – биопленка түзу. Бактериялардың L-формасы. Вирусология негіздері.


6-бөлім. Химиотерапияның микробиологиялық және молекулчярлық-биологиялық негіздері. Микробтарға қарсы препараттар. Вирустық инфекциялардың химиотерапиясы.

Оқу ақпараты:

Антибиотиктер. Жіктелуі. Антибиотиктерді алу тәсілдері мен көзі. Антибиотиктік белсенділікті өлшеу бірлігі. Антибиотиктердің әсер ету механизмі және спектрі. Антибиотиктердің биологиялық белсенділігі. Антибактериалдық химиопрепараттарды қолданудың негізгі ережелері. Антимикробтық химиетерапияның асқынулары. Микроорганизмдердің антибиотиктерге тұрақтылығы. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдылығын анықтау әдістері. Вирустарға қарсы қолданылатын препараттар.



7-бөлім. Жұқпа туралы ілім. Жұқпа үдірісінің сипаттама. Бактериялардың патогенділігі мен токсигендігі. Вирустың жұқпалылығы.

Оқу ақпараты:

Жұқпа, жұқпа үдірісі және жұқпалы аурулар. Паразиттер категориялары (облигатты, факультативті). Микроорганизмдердің патогенділігі мен вируленттілігі. Патогенді және шартты-патогенді, сапрофитті микробтары туралы түсінік. Экзо- және эндотоксиндердің қасиеті. Жұқпа үдірісіндегі макроорганизмдердің ролі. Жұқпа үдірісінің пайда болу формалары. Жұқпа үдірісінің кезеңі мен денгейлері. Жұқпалы аурулардың таралуы. Аурухана ішілік жұқпалар (АІЖ). Клиникалық микробиология. АІЖ этиологиясы мен эпидемиологиясы. АІЖ патогенезі мен клиникасы. Биологиялық зерттеу әдістері.


8-бөлім. Иммунитет. Жұқпалы аурулардың иммунотерапиялық және иммунопрофилактикалық негіздері.

Оқу ақпараты:

Иммунитет. Иммунитеттің түрлері және формалары. Жұқпалы аурулардың иммунотерапиялық және иммунопрофилактикалық негіздері. Иммунитет туралы түсінік. Иммунология қоғамдық және жалпы медициналық ғылым ретінде. Иммунитеттің негізгі түрлері мен формалары. Ағзаның тұрақтылығының арнайы емес факторлары. Ағзаның иммунобиологиялық қорғанысы – (фагоцитоз, тромбоциттер, комплемент, лизоцим, интерферон, қан сарысуының қорғаныс ақуыздары). Ағзаның арнайы қорғаныс факторлары. Антигендер және олардың қасиеттері. Микроорганизм антигендері. Антиденелер, олардың құрамы мен класқа бөлінуі (иммуноглобулиндер). Антиген мен антидененің әсер ету механизмі. Серологиялық реакциялар. Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы мен иммунотерапиясы. Вакциналар және сарысулар. Аллергия және анафилаксия. Анафилаксияның және инфекциялық аллергияның патогенезі мен пайда болу сипаттамасы.


9-бөлім. Жеке микробиология. Іріңді - қабыну ауруларының қоздырғыштары.

Оқу ақпараты:

Іріңді патогенді коктардың жалпы сипаттамасы. Грам оң коктар. Стафилококтар. Алтын түсті стафилококк Staphyococcu saureus морфологиялық және дақылдық қасиеттері. Стафилоктық энтеротоксиндер. Токсикалық шок синдромының токсині. Стафилококтық жұқпадан арнайы емес қорғаныс механизмі.

Стрептококтар. Пиогенный стрептокок Stretococcus pyogenes -жедел және созылмалы іріңді-қабыну ауруларының қоздырғышы, сонымен қатар бірқатар иммунопатологиялық жағдайдың себептері. Вируленттілік факторлары. Іріңді жәәне іріңді емес стрептококты жұқпалар. Стрептококтық аурулардың зертханалық диагностикалау әдістері. Стрептококтық жұқпаны емдеу және алдын алу.

Пневмококтар: морфологиялық, дақылдық және ферментативті қасиеттері. Патогенділік факторлары. Адамның жұқпалы патологиясындағы пневмококтардың ролі. Пневмококтық жұқпаны зертханалық диагностикалау әдістері. Пневмококтық жұқпаны емдеу мен алдын алу.

Грам теріс коктар. Патогенді нейссериялар- создың және менингококті жұқпалардың қоздырғыштары, олардың жалпы сипаттамасы.

Гонококк, оның морфологиялық, дақылдық, ферментативтік, антигендік қасиеттері, токсин түзу сипаты. Создың эпидемиологиясы, патогенезді, клиникасы, зертханалық диагностикасы алдын алу және емдеу.

Менингококк Neisseria menengitidis, оның биологиялық ерекшеліктері: морфологиялық, дақылдық, ферментативтік, токсин түзушілік. Менингококтық жұқпаның эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, зертханалық диагностикасы, алдын алу мен емдеу.

10-бөлім. Бактериалдық ішек жұқпаларының қоздырғыштары – эшерихиоздардың, іш сүзегінің, А және В паратифтерінің, сальмонеллездердің, қантышқақтың. Тырысқақ вибрионы. Кампилобактериялар. Геликобактериялар.

Оқу ақпараты:

Энтеробактерия тұқымдастығына жалпы сипаттама. Ішек жұқпасының қоздырғыштарының таксономиясы.

Эшерихиялар. Морфологиясымен тинкториальдық қасиеттері. Ішек таяқшасының дақылдық және ферментативтік қасиеттері. Антигендік құрылымы. Вируленттілік және резистенттілік факторлары. Ауру көзі, берілу механизмі және жолдары. Эшерихиоздардың патогенезі және клиникасы. Иммунитет. Зертханалық диагностиканың ерекшелігі мен принциптері. Коли-титр және коли-индекс туралы түсінік. Алдын алуы мен емі.

Сальмонелалар. Морфология мен тинкториалдық қасиеттері. Сальмонеллалардың дақылдық және ферментативтік қасиеттері. Антигенді құрылымы. жіктелуі. Вируленттілік пен резистенттілік факторлары. Ауру көзі, берілу механизмі және жолдары. Іш сүзегінің, сальмонеллездің, паратиф А және В патогенезі және клиникасы. Аурухана ішілік сальмонеллездік жұқпа. Иммунитет. Зертханалық диагностиканың ерекшелігі мен принциптері. Алдын алуы мен емі.

Шигеллалар. Морфологиясы және тинкториалдық қасиеті. Шигеллалардың дақылдық және ферментативтік қасиеттері. Антигенді құрылымы. Жіктелуі. Вируленттілік және резистенттілік факторлары. Ауру көзі, берілу механизмі және жолдары. Қантышқақтың патогенезі және клиникасы. Иммунитет. Зертханалық диагностиканың ерекшелігі мен принциптері. Алдын алуы мен емі.

Тырысқақ вибрионы. Морфологиясымен тинкториалды құрылымы. Тырысқақ қоздырғышының дақылдық және ферментативтік қасиеттері. Антигендік құрылымы. Жіктелуі. Вируленттілік пен резистенттілік факторлары. Ауру көзі, берілу механизмі және жолдары. Тырысқақтың эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы. Иммунитет. Зертханалық диагностиканың ерекшелігі мен принциптері. Алдын алуы мен емі.

Шарты патогенді энтеробактериялардың қоздырғыштары (клебсиелалар, протей, иерсиния энтероколитика, көкіріңді таяқша), кампилобактериямен хеликобактерия. Эпидемиологиясы мен клиникасы. Қоздырғыштың биологиялық ерекшелігі. Зертханалық диагностикалау принциптері. Алдын алуы мен емі.

11-бөлім. Ауа тамшы жұқпаларының қоздырғыштары.

Оқу ақпараты:

Туберкулездің микобактериялары: таксономиясы, жіктелуі, морфологиясы, тинкториалдық және дақылдық ерекшеліктері. Химиялық құрамы, ферментативтік қасиеттері және антигендік құрылымы. Туберкулездің жұғу жолдары, эпидемиологиясы, патогенезі, аурудың клиникалық көріністері. Иммунитет. Бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулер. Экспаресс - диагностикасы. Емдеу препараттары және арнайы алдын алуы.

Құрөзек коринебактериялары: морфологиясы, тинкториалдық, дақылдық қасиетітері. Құөзек қоздырушының патогенді факторлары және оның сыртқы ортадағы резистенттілігі. Ауру көзі, берілу механизмі және жолдары. Құрөзектің негізгі клиникалық белгілері. Патогенезі және иммунитеті. Құрөзектің зерханалық диагностикасы. Арнайы профилактикасы. Күкірт және химиотерапия.

Көк жөтелдің бордетеласы және паракөк жөтел: морфологиялық, тинкториалдық және дақылдық қасиеттері. Көкжөтел қоздырғышының патогенділік факторлары және оның сыртқы ортадағы резистенттілігі. Ауру көзі, берілу механизмі және жолдары. Көк жөтелдің клиникалық белгілері. Патогенезі, иммунитеті. Көк жөтелдің зертханалық диагностикасы. Арнайы профилактикасы және емі.



12-бөлім. Анаэробты жарақатты жұқпа қоздырғыштары

Оқу ақпараты:

Газды гангренаның клостридиялары (негізгі өкілдері). Анаэробтарды дақылдандыру әдістері. Газды гангренаның қоздырғыштарының дақылдық және морфологиялық қасиеттері. Ауру қоздырғыштарының патогенезі, экологиясы, эпидемиологиясының ерекшеліктері. Аурудың диагностикасы. Диагностикалық, алдын алу және емдеу препараттары.

Сіреспе клостридиялары. Сіреспенің қоздырғышының сипаттамасы (морфологиялық және дақылдық ерекшеліктері, сыртқы ортадағы тұрақтылығы) және аурудың диагностикасы. Диагностикалық және алдын алу, емдеу препараттары.

Ботулизм клостридиялары: морфологиясы, тинкториальдық және дақылдық қасиеттері. Негізгі вируленттілік факторлары. Эпидемиологиясы және клиникасы. Диагностикалық және алдын алу, емдеу препараттары.

Спора түзбейтін анаэробты бактериялар (клостридиальды емес). Сипаттамасы және зертханалық диагностикасы. Диагностикалық және алдын алу, емдеу препараттары.
13-бөлім. Аса қауіпті зоонозды жұқпа қоздырғыштары.

Оқу ақпараты:

Оба иерсиниялары: оба қоздырғышының морфологиялық, тинкториалдық және дақылдық ерекшеліктері. Вируленттілік факторлары, эпидемиологиясы және патогенезі. Зертханалық диагностикалық ерекшеліктері. Аурудың арнайы алдын алу жне емдеу препараттары. Алдын алу шаралары.

Туляремия франсиселлалары. Биологиялық қасиеттері, патогенезі, экологиясы, жұқпаның ерекшеліктері және эпидемиологиясы. Туляремияның микробиологиялық диагностикасы. Диагностикалық және алдын алу және емдеу препараттары.

Бруцеллалар. Морфологиясы және биологиялық қасиеттері. Дақылдануы және токсин түзуі. Жұғу механизмі. Бруцеллездің патогенезі. Зертханалық диагностикалық әдістері. Арнайы терапиясы және алдын алуы.

Сібір жарасының бациллалары. Морфологиялық, дақылдық және тинкториалдық қасиеттері. Патогендік факторлары, эпидемиологиясы, патогенезі және клиникасы. Микробиологиялық диагностикасы. Емдеу және алдын-алу.

14-бөлім.Венерологиялық және урогенитальдық жұқпа қоздырғыштары. Бактериальды трансмессивті жұқпа қоздырғышы.

Оқу ақпараты:

Патогенді спирохеталар: мерез қоздырғышы, қайталанбалы сүзек қоздырғышы (эндемиялық және эпидемиялық), лептоспироз қоздырғышы. Мерез қоздырғышының сипаттамасы, қайталанба сүзек (эндемиялық және эпидемиялық), лептоспироз: таксономиялық орны, морфологиялық, тинкториальдық және дақылдық қасиеттері. Мерез, қайталанбалы сүзек және лептоспироз кезіндегі жұқпаның көзі және жұғу тәсілдері. Жоғарыда айтылған жұқпалардың патогенезі және клиникалық белгілері. Зертханалық диагностикалық тәсілдер. Алдын алу және емдеу препараттары.

Патогенді риккетсиялар. Эпидемиялық және эндемиялық бөрітпе сүзегінің қоздырғыштары: таксономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері.Эпидемиялық және эндемиялық бөрітпе сүзегінің эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көрінісі.Эпидемиялық және эндемиялық бөрітпе сүзегінің зертханалық диагностикалық тәсілдері. Эпидемиялық және эндемиялық бөрітпе сүзегін емдеу және алдын-алу. КУ-қызбасының қоздырғышы: таксономиялық орны, жіктелуі, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. КУ- қызбасының эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көрінісі. КУ- қызбасының алдын-алу, емдеу және зертханалық диагностикалық тәсілдері.
15-бөлім. Вирустық жұқпа қоздырғыштары.

Оқу ақпараты:

Жалпы сипаттама. Вирустардың номенкластурасы және жіктеу принциптері. Дақылдандыру. Вирустық жұқпалардағы иммунитет ерекшеліктері.

РНҚ- геномды вирустар. Ортомиковирустар. Тұмау вирусы.Тұмау қоздырғышының сипаттамасы. Тұмау көзі және жұғу жолдары. Тұмаудың патогенезі және клиникалық белгілері. Тұмаудың қоздырғышын дақылдандыру тәсілдері. Емдеу және алдын алу препараттары.

Рабдовирустар. Құтыру вирусының қоздырғышы. Құтыру вирусының қоздырғышының сипаттамасы. Сыртқы ортада резистенттілігі. Қоздырғышты дақылдандыру тәсілдері. Құтыру вирусының эпидемиологиясы: вирустың табиғаттағы көздер, ауру көзі және жұғу механизмдері. Аурудың патогенезі және клиникасы. Зертханалық диагностика тәсілдері. Құтыру вирусын арнайы профилактикасы және емі. Құтыру вирусын алдын алудың жалпы ерекшеліктері .

Пикорнавирустар. Сал вирусы. Сал вирусының жіктелуі. Сол биологиялық қасиеттері . Салдың эпидемиологиясы (ауру көзі және жұғу жолы мен механизмі). Салдың патогенезі және клиникасы. Сал кезіндегі иммунитет. Салдың зертханалық диагностикасы: қолданылатын клиникалық материал; дақылдандыру тәсілдері. Салды емдеу және алдын-алу.

Қызылша вирусы. Қызылша вирусының сипаттамасы.Қызылшаның эпидемиологиясы: ауру көзі, жұғу жолдары. Патогенезі және аурудың клиникасы. Зертханалық диагностикалық тәсілдер. Емі, қызылшаның арнайы алдын алу шаралары.

А гепатит вирусы, Е және С гепатиті. А гепатитінің морфологиясы және биологиялық қасиеттері. А гепатитінің эпидемиологиясы (ауру көзі және берілу жолы мен механизмі). А гепатитінің диагностикасы және алдын алуы. А гепатитінің зертханалық диагностикасы: клиникалық материалы; дақылдандыру әдістері. А гепатитін емдеу және алдын алу.

Г гепатит вирусы. Эпидемиологиясы, клиникасы және Вирусты Е зертханалық диагностикалау принциптері. С гепатит вирусы. Эпидемиологиясы, клиникасы және зертханалық диагностикалау принциптері. В гепатит вирусының таксономиясы және морфологиясы. В гепатитінің қоздырғышының антигендік құрылымы.Сыртқы ортада резистенттілігі және дақылдандыру тәсілі. В гепатитінің ошағы және берілу түрлері. Жұқпаның клиникасы және патогенезінің ерекшеліктері. В гепатитінің зертханалық диагностикасының негізгі сипаттамалары. Жұқпаны алдын алу және емдеу препараттары.

Адамның иммунды тапшылық вирусы. АИВ антигендік құрылымының ерекшеліктері, морфологиясы. АИВ жұқпасының эпидемиологиясы. Дүниежүзінде АИВ жұқпасымен аурушылдық. АИВ-ке неғұрлым сезімтал ағза жасушалары, ауруға патогенезі. АИВ жұқпасына неғұрлым нақты сипаттама беру әдістері. ЖИТС-пен ауруларды емдеудегі негізгі принциптер. Емдеуге арналған негізгі химиопрепараттар ЖИТС-тің имунопрофилактикасы.

Онкогенді вирустар.Онкогенді вирустардың биологиялық қасиеттері. Вирустық және жасушалық онкогендер және антионкогендер. Адамның қатерлі ісігінің патогенезіндегі онкогенді вирустардың рөлі.



Баяу вирусты жұқпалардың қоздырғыштары. Прионды жұқпалар. Адамдағы прионды аурулардың эпидемиологиялық ерекшеліктері. Прионды жұқпаны алдын алу шаралары.
Ұсынылған әдебиеттер және оқыту құралдары


  1. Микробиология және иммунологии негіздері:оқулық – М.:ГЭОТАР-Медиа. – 656 с. 2014г. Орта медициналық мамандандырыған білім беруге арналған оқулық.

  2. Микробиология және иммунология. Тәжірибе: оқу құралы – М.: ГЭОТАР-Медиа. – 544 с. 2013г. Орта медициналық мамандандырыған білім беруге арналған оқулық

  3. Лабинская А.С., Костюковой Н.Н., Ивановаой С.М. о медициналық микробиологияның жетекшілігімен 2010.

  4. Борисов Л.Б. Медициналық микробиология, вирусология, иммунология. М. МИА., 2010.

  5. Медициналық микробиология, вирусологияжәне иммунология: 2 т.: оқулық / ред.: В. В. Зверев, М. Н. Бойченко. - М. : ГЭОТАР-МедиаТ. 1. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010, 2011. - 448 б.

  6. Медициналық микробиология, вирусологияжәне иммунология : 2 т.: оқулық / ред.: В. В. Зверев, М. Н. Бойченко. - М. : ГЭОТАР-Медиат. 2. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2010, 2011. - 480 б.

  7. Микробиология, вирусология және иммунология :оқулық / ред. В. Н. Царев. - М. :ГЭОТАР-Медиа, 2010. - 581 б.

Көрнекілік құралдар және ОТҚ:

    1. Пән бойынша плакаттар жинағы

    2. Нұсқау карталары

    3. Жұқпалы ауруларды зертханалық диагностикалау схемасы

    4. Химиялық ыдыстардың жинағы

    5. Микроскоптар

    6. Қоректену ортасы

    7. Бояулар жинағы

    8. Интерактивті тақта

    9. Бейнемагнитафон, CD, DVD дискілер

    10. Құрал-жабдықтар (термостаттар, тоңазытқыштар, электрлік плиталар, Пастер пеші, автоклав, анаэростат, Кох аппараты, Кротова аппараты, спиртовкалар, дистилятор, центрифугалар, бактерицидтік лампалар және т.б.)

    11. Кестелер

    12. Жабдықтар (бак. ілгек, пинцеттер, қайшылар, скальпельдер және т.б.)


Тестік сұрақтары:

  1. Әр бір тақырып бойынша (10 сұрақтан) тестік сұрақтар.

  2. «Бақылау сабақтарына арналған тест жинақтары» оқу құралы.


Емтихан сұрақтары:

  1. Әр тақырып бойынша (10 сұрақтан) тестік сұрақтардан тұратын емтихан сұрақтары дайындалды.








Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет