Жер беті суларына:
өзендер, көлдер, су қоймалары жатады. Ашық су көздерін ауыз су ретінде қолданар алдын міндетті түрде өңдеуден (тазалаудан) және залалсыздандырудан өткізу керек. Жер беті сулары аз минерализацияланған, химиялық құрамы тұрақты емес, әсіресе атмосфералық түсімдер болған кезде құрамы қатты өзгереді. Органикалық заттармен және әр түрлі жұқпалы ауру қоздырғыштарымен оңай ластанады. Құрамында қалқып жүрген заттар көп, сондықтан мөлдірлігі төмен.
Табиғи су көздерін пайдалану әрқашан да су пайдалану мәселесін шеше бермейді, сондықтан көптеген елдерде оны су қоймаларын жасау жолымен іске асырады. Біздің еліміздің оңтүстік өңірінде Шардара су қоймасы және бар.
Орталықтанған сумен қамтамасыз ету - жер асты суын қолданған кезде, ол жерге скважина орнатылады. Егер жер асты суының сапасы жақсы болса, ол су ешқандай өңдеусіз тұтынушыларға жіберіледі. Ол үшін судың сапасы зертханалық тексеріліп, қандай өңдеу әдістерін жүргізу керектігі және залалсыздандыру қажеттігі анықталады.
Жер беті су көздерінен орталықтандырылған сумен қамту
қолданылған кезде судың мөлшерінің жеткіліктілігіне ғана көңіл бөлібейді, сонымен қатар ластану мүмкіндігі аймағынан тыс орналасқан су көзіне көңіл аударған дұрыс. Ашық су көзінің суы ауыз су мақсатында қолданылатын болса, су алатын жерге су тазалау стансасы орнатылады, ол жерде суды тазалайды, залалсыздандырады, тек содан кейін ғана тұтынушыларға жіберіледі.
Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету. Бүгінгі таңда Қазақстанның ауыл халқының көп бөлігі орталықтандырылмаған су көзін қолданады немесе оны жергілікті сумен қамту деп те атайды. Оларға инфильтрациялық құдықтар, құдықтар, бұлақтар жатады.
Ал бірқатар ауылды жерлерде жер беті су көздері қолданылады.
Сумен қамтамасыз ету көздерін санитарлық қорғау аймақтары. Сумен қамтамасыз ету көздерін сақтық санитарлық бақылау – санитарлық қорғау аймақтарын ( СҚА) ұйымдастыруға негізделген. Санитарлық қорғау аймақтары депсумен қамтамасыз ету көздерін және су тазалау стансасы айналасындағы аймақты айтады. Бұл жерде арнайы тәртіп бекітіледі, оның мақсаты халыққа берілетін су сапасының нашарлауының алдын алу. Бұл тәртіп аймақтың санитарлық жағдайын жақсарту шаралын жүргізуде ғана емес, қоршаған ортаның жаңа ластау көздерінің пайда болу мүмкіндігінің алдын алу болып табылады.
Санитарлық қорғау аймағы 3 белдеуден тұрады:
-
- белдеу – қатаң режимдегі аймақ, оған су алатын жер, жағаның біраз бөлігі, су тазалау стансасы және таза судың қоры жиналатын резервуарлар жатады.
-
- белдеу – шектеулі аймақ, сумен қамтамасыз ету көздерін қорғау үшін орнатылады.
Жер асты су көздерінен су алу орны қатаң режимдегі аймақтың радиусы скважинаның тереңдігіне байланысты болады, скважина тереңдігі 100 метрге дейін болса, қатаң режимдегі аймақ радиусы 50 метрге, ал скважина тереңдігі 100 метрден көп болса, 30 метрге қойылады. Санитарлық қорғау аймағының екінші белдеуі су алу орнын тұрақсыз микробтық ластанудан қорғау үшін орнатылады. Оның көлемі скважинаның тереңдігіне және қуаттылығына байланысты.
3 белдеу – жер асты суларын тұрақты химиялық ластанудан қорғау үшін орнатылады.
Жер беті су көздерінен су алу орындарына қойылатын санитарлық қорғау аймақтары:
1- белдеу - қатаң режимдегі аймақ шекарасы, су алатын жерден ағыстың жоғары жағында 100 метр, төменгі жағында 50 метр, судың жер бетімен қиылысқан жерінен кем дегенде 100 метр, қарсы жатқан жағаның 50 метр жеріне қойылады.
2- белдеу – шектеулі аймақ, судың бактериялдық өзін - өзі тазартуын қамтамасыз ететін жағдайға байланысты бекітіледі. Ағыстың жоғарғы жағынан 30 - 60 км, ағыстың төменгі жағынан 250 метрден кем болмауы керек.
Екі су көзінде де 1 - белдеуге су алатын жер және суды өңдейтін, залалсыздандыратын қондырғылар жатады. Ол жер толығымен қоршалады, ол жердің қарауылы болады. Ол жерде суға түсуге, қалдық суды жіберуге, кір жууға, тұрғын үй салуға, тұруға, мал жаюға, дәретхана орналастыруға, құрылыс жұмыстарын жүргізуге, қоймалар орнатуға тыйым салынады.
Ол жерге тек сол жерде жұмыс істейтін адамдар ғана кіре алады, бөтен адамдардың кіруіне тыйым салынады.
2 белдеу немесе оны шектеулі аймақ деп те атайды, бұл жерде елді мекен, сауықтыру мекемелерін, өндірістік және ауылшаруашылық нысандарын орналастыруға болмайды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге болмайды
Суды тұтыну
Суды тарату тәсіліне байланысты, сумен қамтамасыз етудің екі түрі бар: жергілікті (орталықтандырылмаған), су тарату жүйесі болмайды, суды тікелей су көзінен (құдықтар, суаттардан ) алады. Орталықтандырылған - су көздерінен су механикалық жолмен алынады және су құбырлар торабы арқылы тұтыну орындарына жеткізіледі.
Орталықтандырылған су көзі бар жерде судың әр адамға тәуліктік мөлшері ( ыстық сумен қоса санағанда) 250 - 350 литр, ал орталықтандырылмаған, яғни жергілікті су көзінен сумен қамту кезінде бір адамға судың тәуліктік мөлшері 30 - 50 литр.
Сумен қамтамасыз ету гигиенасында суды пайдалануды екі категорияға бөлуге болады. Біріншісі су нысаны шаруашылық ауыз сумен қамтамасыз етуде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған су көзі ретінде, сонымен бірге өндірістерді сумен қамтамасыз етуде пайдаланылады. Екіншісі су нысаны халықтың мәдени - тұрмыстық, рекреация, спорт мақсатында пайдаланылады.
Су құбыры дегеніміз тұтынушыларды сапалы сумен қамтамасыз етуге арналған қондырғылар кешені (№ 8 сурет).
№8 сурет. Ашық су көздерінен алынатын су құбырының сызбасы.
1) ашық суат; 2) суды алу; 3) жағалық құдық; 4) біріншілік насостық көтеру стансасы; 5) су жиналатын резервуарлар; 6) су араластырғыш; 7) тұндырғыш; 8) сүзгілер; 9) хлоратор; 10) таза су жиналатын резервуар; 11) екіншілік насостық көтеру стансасы; 12) елдімекен.
Елдімекенді сумен қамтамасыз ету жүйесі су көзінің түрімен, судың сапасымен, жергілікті жердің рельефімен, суды пайдалану тәртібімен тікелей байланысты. Мұндай жүйеге кіретін қондырғылар белгілі бір қызмет атқарады.
Су алу қондырғылары - сумен қамтамасыз ету көзіне байланысты құрылымы әр түрлі болуы мүмкін.
Насостық стансалар – суды айдауға арналған қондырғы. Егер су көзінен су келесі тазартуға жіберілетін болса, онда ол біріншілік көтеру насостық стансасынан тазарту қондырғыларына айдалады. Тазартудан кейін ол су екіншілік көтеру насостық стансаның көмегімен тұтынушыларға жіберіледі.
Суды тазартуға және залалсыздандыруға арналған қондырғылар – судың сапасын қажетті талаптарға дейін жеткізуге және судың құрамындағы жұқпалы ауру қоздырғыштарын жоюға арналған қондырғылар: тұндырғыштар, сүзгілер, хлораторлар.
Жинағыш резервуарлар – біріншілік және екіншілік көтеру насостық стансаларының біркелкі емес жұмыс тәртібін реттеуге және судың қор көлемін сақтауға арналған.
Суды тасымалдауға арналған құрылғылар – суды тазарту орындарына және тарату орындарына жеткізуге арналған. Елді мекенге, өндірістік мекемелерге, су тазарту қондырғыларына құбырлар тізбегі арқылы судың берілуін айтамыз. Сумен қамтамасыз ету көзінің ұзындығына байланысты ара- қашықтығы кең болуы мүмкін.
Суды таратуға арналған қондырғылар – елдімекен аймағына байланысты су құбырының торабы. Ол суды жеке үйлерге және кәсіпорындарға тасымалдайтын құбырлар жүйесі.
Су құбырының тарату жүйесі. Тарату торабы орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету жүйесінің негізгі элементтерінің бірі және оған су қысымды резервуарлар, елді мекен аймағындағы жер асты құбырлар торабы, су алу қондырғылары жатады. Тарату торабына түскен су ешқандай тазалауға, залалсыздандыруға бармайды, ол өзінің сапалық қасиеттерін тек «екіншілік ластанудан» нашарлатуы мүмкін. Судың «екіншілік ластануы» су тарату құбырларының бүтіндігі бұзылғанда болуы мүмкін. Эпидемиологиялық тұрғыдан «екіншілік ластанудың» үлкен қаупі бар, сондықтан су құбырының тарату торабы «су» инфекциясын таратудағы ең басты звеносы болып табылады. Су құбырлары зақымданған кезде, ластанған топырақта ішек инфекциялары болуы есебінен немесе сол тарату торабының жөндеу жұмыстары кезінде суға ішек инфекциялары түсуі мүмкін.
«Екіншілік ластану» тораптың жеке бөлек аймақтарымен шектеледі. Кейде «екіншілік ластану» жасырын сипатта да болуы мүмкін.
Қазақстанның ауыз суының сапасы жылдан жылға төмендеуде, орта шамамен 3-5 %. 1988 жылы санитарлық талаптарға сай емес су құбырлар саны 8,4 % - ға, ал 1997 жылы үш есеге, яғни 26 % - ға өсті. Жеке облыстарда жағдай одан да қиын, мысалы Алматы облысының 50% -ға жуық су құбырында санитарлық күзету зонасы жоқ. Батыс Қазақстан облысының
әрбір бесінші су құбыры санитарлық- гигиеналық талаптарға сай емес, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында сол себептерге байланысты топтық су құбырларының көпшілігі пайдалануға берілмеді. Республикада су құбырын тарату тораптарының санитарлық жағдайы нашарлады және апаттық жағдайлар саны өсті. Бұл мәселені шешуде ең оңтайлы шешім - ол су құбырларын күрделі жөндеуден өткізу.
Судың вирусты ластануы өсті, осыған байланысты адамдар арасында вирусты гепатитпен аурушаңдық жиіледі, әсіресе ауылдық жердегі тұрғындар 90% залалсыздандырылмаған суды қолданатынына байланысты олардың арасында ішек инфекциялары және вирусты гепатит жиілеп кетті.
№9 сурет. Суқұбырының құрылымы
а) шеңберлі; б) тарамдалған
Су құбырының тарату торабын орналастыруда екі негізгі гигиеналық талаптарды ескеру керек:
1. Таратушы торап барлық учаскеде қажетті қысыммен, үзіліссіз су беруді қамтамасыз ету қажет.
2. Барлық тарату торабы жолында судың «екіншілік ластануын» болдырмау қажет.
Бұл жағдайда су құбырының тарату торабы құрылымының үлкен санитарлық маңызы бар. Оның екі түрі бар: айналмалы және тарамдалған немесе оны тұйықталған деп те атайды.
Ескі елдімекендерде жоспарлау күрделілігіне орай тарату торабы құрылымының аралас түрі қолданылады.
Айналмалы торапта тарату тораптары тұйық контур (шеңбер) жүйесінен тұрады. Тораптың бір жерінде апат болса, ол жердің суы тоқтатылады, ал тораптың басқа бөлігіне су үзіліссіз беріледі, апат болған аудандарға басқа магистральдан су беріледі. Айналмалы тораптар әр уақытта қысымды сумен шайылып тұрады, сондықтан онда іркіліс болмайды. Бұл санитарлық жағынан маңызды болып саналады. Айналмалы жүйелердің қолданылуы маңызды, өйткені оларда апаттар сирек болады, апат болған жағдайда халықты сумен қатамамсыз ету тоқтатылмайды.
Тұйықталған жүйелер керісінше, санитарлық тұрғыдан қолайсыз, бұларда су іркіліп қалады, тұнба түзіледі және микробтың дамуына қолайлы жағдай жасалады. Тұйықталған тораптардағы апаттар кезінде елді мекеннің көп бөлігін сумен қамтамасыз ету тоқтатылады, сондықтан тұйықталған тораптарды пайдалану санитарлық заңдылықпен тек ерекше жағдайда ғана рұқсат етіледі. Елдімекендегі жаңа тарату тораптары айналмалы түрімен қамтамасыз етілуі қажет, ал ескі тұйықталған тарату тораптарын міндетті түрде біртіндеп жабу қажет.
Су құбырының жер асты тарату тораптары суды максималды түрде өткізбейтін болуы керек. Әйтпесе судың артық шығыны байқалады, торапқа ластанған грунт суының сіңірілуі мүмкін.
Су құбыры торабы ластанбаған топырақтан өтуі керек, ол да құбырлардың өткізгіштігінде басты рөл атқарады. Су тарату құбыры қоқыс тастайтын аймақтан, өндірістік тастамалардан, кейбір қоқыстарды көметін жерлерден өтпеуі керек. Канализация құбырларымен қиылысқан жерлерде су құбыры тораптары кемінде 0,4 метр биіктікке салынуы керек.
№ 10 сурет. Жер асты су көзінен алатын су құбыры
1) ұңғы; 2) біріншілік насостық көтеру стансасы; 3) таза су резервуары;
4) екіншілік насостық көтеру стансасы; 5) су тарату торабы.
Жаңа су құбыры торабын салғанда, оны мықтылық және бүтіндік қасиетін тексеру үшін сынақ өткізеді. Құбырларды қолдану дәрежесінде екі есе жоғары қысымды сумен толтырады, сосын оларды жуып-шайып, залалсыздандырады. Жууды жылдамдығы 1 м/с-тан кем емес 2-4 атм. қысымда таза сумен құбырдың диаметіріне байланысты 5-10 сағат бойы жүргізеді. Жуылған құбыр торабы хлордың жоғары мөлшерімен залалсыздандырылады, жұмыс санитарлық қызметтің бақылауымен жүргізіледі.
Көптеген зерттеулер көрсеткендей, судың басты қондырғыларынан, соңғы нүктелеріне жеткенше оның сапасы нашарлайды және онда микрооганизмдер саны көбейеді. Құбырлардың ішкі бетінде уақыт өте бере, ағып өтетін суды ластайын тұнба түзіледі. Көбіне бұл судың көп шығындалған кезеңінде, яғни жазғы мезгілде болады. Тұнба сапрофитті микрофлораның дамуына қолайлы болып табылады, органикалық компоненттен тұрады. Негізінен бұндай жағдай тұйықталған жүйеде байқалады, әсіресе құбыр диаметрі 100 мм–ден жоғары, торап бойының ұзындығы 200 м-ден жоғары болатын, судың іркілісімен сипатталатын жүйеде байқалады.
Суды сақтауға арналған құрылғылар – су қысымды мұнара. Таза су қорын сақтау қызметін атқарады және су көзінің ең аз дебитінде
(француздың шығын деген сөзінен шыққан) орналастырылады. Мұнаралар құрылысын арзандату мақсатымен биік жерлерге, көбіне тарату торабының басына орналастырады.
Жер асты су көзінен алатын су құбыры (№2 суретте көрсетілген) қарапайымдау құрылымнан тұрады, ол жердің суының сапасы талаптарға сай болса, ол суды тазаламай ішуге қолдануға берсе болады, яғни қысымды пластаралық сулар болса, оларда тазарту қондырғысы мен су көтеру стансалары болмайды.
Қазақстанда тазарту қондырғыларынсыз қолданылатын су құбыры тек екі қалада, яғни Петропавл, Семей қалаларында болған. Негізінен Қазақстанның тұрғындары ауыз су ретінде ашық су көздерін қолданған, кейбір жерлерде құдықтардан, осыған байланысты адамдар арасында ішек инфекциясының таралуы кең түрде болды. 1940 жылы су құбыры Республикамыздың 7 қаласында, 1970 жылы 43 қаласында және 140 қала типті поселкелерінде пайда болды.
Суды ең көп қолданатын ауылшаруашылығы, одан кейін өндіріс орындары, энергетика және коммуналдық шаруашылық, соңғы жылдары суды көп тұтынатындарға егіншілік суару алаңдары қосылды. Адамдар суды шаруашылық – ауыз су қажеттілігінен басқа, қоғамдық, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени –ағартушылық, балалар және жасөспірімдер мекемелері, емдік - профилактикалық мекемелер, тағамдық өндіріс мекемелері, қоғамдық тамақтану және сауда орындарында да қолданады. Су одан басқа көшелерді жууға, жасыл өсімдіктерді суаруға және өрт сөндіруге қолданылады.
Меншікті су тұтыну деп тұтынушыға белгілі уақыт аралығында берілетін судың көлемін айтады.
Сумен қамтамасыз ету жүйелері. Сумен қамтамасыз ету жүйесінің кезкелген түрі тұтынушыны қажетті көлемдегі және сапалы сумен қамтамасыз ету керек. Сондықтан бұл жүйелер қызмет көрсету аймағына және мақсатына байланысты бөлінеді.
Қолданылу мақсатына байланысты сулар:
-
шаруашылық ауыз су;
-
өндірістік;
-
өртке қарсы болып бөлінеді.
Сумен қамтамасыз етудің шаруашылық ауыз су жүйесі СанЕменН «Ауыз су» («Питьевая вода») талаптарына сай суды береді, ол ауыз су шаруашылық – тұрмыстық, санитарлық-гигиеналық және технологиялық мақсаттарда жұмсалады. Егер суды тек ауыз су мақсатында ғана пайдаланбаса, онда ол жерге арнайы түрде екі түрлі су құбыры жүргізілу қажет: ауыз су және техникалық су. Мұндай сумен қамту барлық жерде емес, тек өндірістік мекемелерде ғана қолданылады. Барлық тұрғын үйлерге, қоғамдық ғимараттарға «Ауыз су» сапасына сай су беріледі.
Сумен қамтамасыз етудің өндірістік жүйелері судың өндірістік технологиялық қажеттіліктерін өтеу үшін берілуін қамтамасыз етеді. Ол сапасы жағынан ішуге жарамсыз, мысалы, өнімді суыту немесе арнайы су дайындауға: жұмсартуға, тұзсыздандыруға, темірсіздендіруге жұмсалады.
Тағам өндіретін мекемелерге жоғары талаптарға сай су берілу керек.
Сумен қамтамасыз етудің өртке қарсы жүйелері өрт ошақтарын жоюға арналаған.
Сумен қамтамасыз ету жүйесінің мынандай түрлері болады.
-
Біріктірілген жүйе.
-
Толық емес бөлектенген жүйе.
-
Бөлектелген жүйе.
-
Қайтымды жүйе.
Біріктірілген жүйе тұтынушыларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Ең қарапайым және құрылысын салу кезінде салыстырмалы түрде арзан тұрады. Өндіріс сапалы ауыз суын қажет еткенде кезде немесе аздаған мөлшерде қажет болған кезде мақсатты түрде ғана пайдаланады.
Толық емес бөлектенген жүйе өндіріске сапасы жағынан ауыз су мақсатындағы су қажет болмаған кезде және суды тазартуға кеткен шығын ақталмағанда қолданылады.
Бөлектенген жүйеде шаруашылық ауыз су қажеттіліктеріне, өндіріске, өсімдіктерді суаруға, көшелерді жууға, өртке қарсы қажеттіліктерді өтеу үшін бөлек жүйелер орналастырылады. Жүйені таңдағанда меншікті су тұтыну мөлшеріне, әр түрлі қажеттіліктегі су сапасына, су көлеміне көңіл аудару керек.
Өндірістерде сумен қамтамасыз етуде тікелей ағатын жүйенің орнына қайтарымды жүйелер кеңінен қолданылады. Тікелей ағатын жүйеде су өндірістің қажеттіліктеріне тікелей беріледі, ол су тазартудан өткеннен кейін өндіріс маңындағы су көздерінің елді мекен орындарына байланысты төменгі ағысына жіберіледі.
Су нысандарын қорғау мақсатында, өндіріс орындарын сумен қамтамасыз етудің қайтымды жүйесін қолданған дұрыс. Бұл жүйені қолданған кезде су көзінен «таза су» алу бірден төмендейді, біріншілік алынған су белгілі бір мақсатта қолданғаннан кейін, ол суды су көзіне жібермейді, тазартып, қайтадан өндірістік үрдістерге қолданады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин (22%)
Жалпы су көздеріне анықтама беріңіз?
Судың бір адамға қажет мөлшері дегеніміз не?
Судың сапасына қойылатын гигиеналық талаптар?
Судың физикалық қасиеттерін айтып беріңіз?
Судың химиялық құрамы жайында айтып беріңіз?
12. Сабақты қорытындылау 5 мин (6%)
- оқушылардың білім деңгейін бағалау
- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
13. Үйге тапсырма беру 5 мин (%)
5- тақырып
1. Сабақтың тақырыбы: Су тоғандарын санитарлық қорғау.
2. Сағат саны:2 сағат
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
- оқыту: оқушыларға суды санитарлық қорғау аймақтарымен таныстыру, судың ластануының алдын алуды оқыту.
- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау
- дамыту: оқытудың жаңа дағдыларын және тәсілдерін дамыту.
5. Оқыту әдісі: тақырыпты түсіндіру және сұрау
6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы
- көрнекі және дидактикалық құралдар: плакат, кеспе, тест тапсырмалары
- оқыту орыны: оқу бөлмесі
7. Әдебиеттер:
1. У.И. Кенесариев, Р.М.Балмахаева, Ж.Д. Бекмагаметова, К.К. Тогузбаева, Н.Ж. Жакашов.<<Гигиена>> Алматы 2009
3. ҚР « Халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығы » туралы №361 заңы, 04.12.2002 ж.
3. Алтынбеков Б.Е., Бөлешов М.Ә.,Торгаутов Б.К., « Балалар мен жасөспірімдер
гигиенасы», Шымкент, 2000 ж.
4. Шарманов Т.Ш. - «Экономика здавоохранения и перспективы
государственной службы охраны здоровья в Казахстане», Алматы-Женева-
Вашингтон, 2000 ж.
5. Габович Р.Д.- « Гигиена», Мәскеу, « Медицина», 1990 ж.
6. Шарманов Т.Ш. – « От здорового образа жизни к долголетию без болезней»
7. Сералиева М.Ш., Илақбаева Ү.С. - « Тағам гигиенасы », Шымкент, 2009 ж.
8. Көшімбаева С.А. - « Ауыз судың сапасын нормалаудың гигиеналық
негіздері», Алматы, 2002 ж.
9. Неменко Б.А. - « Коммуналдық гигиена », Алматы, 2005 ж.
10. Момынов Т.А., Рақышев А. - Медициналық орысша – қазақша сөздік,
Алматы, 1999 ж.
11.Подунова Л.Г. - « Руководство к практическим занятиям по методам
санитарно- гигиенических исследваний » Москва, « Медицина» 1990
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
Сабақтың мақсаты мен міндетін хабарлау
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру:
Сұрау арқылы білімін тексеру. 15 мин (16%)
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40 мин (44%)
Сумен қамтамасыз ету көздерін санитарлық қорғау аймақтары. Сумен қамтамасыз ету көздерін сақтық санитарлық бақылау – санитарлық қорғау аймақтарын ( СҚА) ұйымдастыруға негізделген. Санитарлық қорғау аймақтары депсумен қамтамасыз ету көздерін және су тазалау стансасы айналасындағы аймақты айтады. Бұл жерде арнайы тәртіп бекітіледі, оның мақсаты халыққа берілетін су сапасының нашарлауының алдын алу. Бұл тәртіп аймақтың санитарлық жағдайын жақсарту шаралын жүргізуде ғана емес, қоршаған ортаның жаңа ластау көздерінің пайда болу мүмкіндігінің алдын алу болып табылады.
Санитарлық қорғау аймағы 3 белдеуден тұрады:
-
- белдеу – қатаң режимдегі аймақ, оған су алатын жер, жағаның біраз бөлігі, су тазалау стансасы және таза судың қоры жиналатын резервуарлар жатады.
-
- белдеу – шектеулі аймақ, сумен қамтамасыз ету көздерін қорғау үшін орнатылады.
Жер асты су көздерінен су алу орны қатаң режимдегі аймақтың радиусы скважинаның тереңдігіне байланысты болады, скважина тереңдігі 100 метрге дейін болса, қатаң режимдегі аймақ радиусы 50 метрге, ал скважина тереңдігі 100 метрден көп болса, 30 метрге қойылады. Санитарлық қорғау аймағының екінші белдеуі су алу орнын тұрақсыз микробтық ластанудан қорғау үшін орнатылады. Оның көлемі скважинаның тереңдігіне және қуаттылығына байланысты.
3 белдеу – жер асты суларын тұрақты химиялық ластанудан қорғау үшін орнатылады.
Жер беті су көздерінен су алу орындарына қойылатын санитарлық қорғау аймақтары:
1- белдеу - қатаң режимдегі аймақ шекарасы, су алатын жерден ағыстың жоғары жағында 100 метр, төменгі жағында 50 метр, судың жер бетімен қиылысқан жерінен кем дегенде 100 метр, қарсы жатқан жағаның 50 метр жеріне қойылады.
2- белдеу – шектеулі аймақ, судың бактериялдық өзін - өзі тазартуын қамтамасыз ететін жағдайға байланысты бекітіледі. Ағыстың жоғарғы жағынан 30 - 60 км, ағыстың төменгі жағынан 250 метрден кем болмауы керек.
Екі су көзінде де 1 - белдеуге су алатын жер және суды өңдейтін, залалсыздандыратын қондырғылар жатады. Ол жер толығымен қоршалады, ол жердің қарауылы болады. Ол жерде суға түсуге, қалдық суды жіберуге, кір жууға, тұрғын үй салуға, тұруға, мал жаюға, дәретхана орналастыруға, құрылыс жұмыстарын жүргізуге, қоймалар орнатуға тыйым салынады.
Ол жерге тек сол жерде жұмыс істейтін адамдар ғана кіре алады, бөтен адамдардың кіруіне тыйым салынады.
2 белдеу немесе оны шектеулі аймақ деп те атайды, бұл жерде елді мекен, сауықтыру мекемелерін, өндірістік және ауылшаруашылық нысандарын орналастыруға болмайды. Құрылыс жұмыстарын жүргізуге болмайды.
12. Жаңа тақырыпты бекіту 20 мин (22%)
Су көздерін санитарлық қорғау аймақтары?
1 ші белдеу?
2 ші белдеу?
3 ші белдеу?
11. Сабақты қорытындылау: 5 мин (6%)
- оқушылардың білім деңгейін бағалау
- келесі сабақтың тақырыбын хабарлау
12. Үйге тапсырма беру: 5 мин (6%)
6- тақырып
1. Сабақтың тақырыбы: Судың сапасын жоғарылату.
2. Сағат саны:2 сағат
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты:
- оқыту: оқушыларға судың сапасын жоғарылатудың әдістерімен (физикалық, химиялық, механикалық ) таныстыру және оқыту.
- тәрбиелік: берілген тапсырмаларды дұрыс және сауатты орындау
Достарыңызбен бөлісу: |