Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы



бет16/36
Дата11.03.2024
өлшемі494.5 Kb.
#494942
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36
тезисы-лек-5-курс-9-семестр.каз

Қарсы ағымды экстракция. Бұл тәсілдің мәнісі – экстрагенттің толықтау сығындалған шикізаттан аздау сығындалған шикізатқа экстрактивті заттармен қаныққанға дейін көп сатылы қозғалуында.
Циркуляциялық экстракция. Бұл тәсілдiң мәнi өсiмдiк шикiзатын ұшқыш экстрагенттiң бiр бөлiгiмен көп қайтара экстракциялауда (мысалы, эфир, хлороформ, хлорлы метилен және т.б.). Экстракция «Сокслет» типтi аппаратта тұйық циклде жүргiзіледi.
Экстракциялау процессiн қарқындату.
Экстракциялық препараттар өндiрiсiнің жетiлуiне байланысты дәрiлiк өсiмдiк шикiзатын өңдеудiң тиiмдi тәсілдерi жасалынып, жетiлдiрiлуде.
Экстракциялау тәсiлдерiн қарқындату қатты дене - сұйықтық системасында дыбыстық немесе ультрадыбыстық диапазондарда тербелмелi қозғалыстар тудыру арқылы iске асырылады. Бұл гидродинамикалық жағдайларды өзгертедi. Ортаның бөлшектерi қатты механикалық және гидродинамикалық соқтығуларға ұшыратылады, бұл капиллярлық әсердiң, iшкi және сыртқы диффузиялардың күшеюiне себеп болады, сөйтiп, масса алмасу процессiнiң жылдамдығы көтерiледi.
Әсер етушi заттардың шикiзаттан сығындалу дәрежесiн жоғарылату үшiн экстракциялауды экстрагенттiң турбуленттi ағымында жүргiзуге болады. Сұйықтықтың шикiзат қабаты арқылы вибрациясы, пульсациясы, ультрадыбыс, материалды электрлiк өңдеу және т.б. әдiстер қолданылады.
Иллюстрациялық материалдар: кестелер, үнсіз карталар слайдтар түрінде.


Әдебиет:
негізгі:

  1. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.

  2. Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – Том 2. - 1991.

  3. Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - (Под ред. А.И. Тенцовой).- М.- 1986. - 272 с.

  4. В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.

  5. ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.

  6. Фармацевтическая технология. Под редакцией И.И.Краснюка и Г.В. Михайловой, Москва Асаdemia – 2006 г.

қосымша:

  1. Муравьев И.А.- Технология лекарств. – В 2-х томах. - М. - 1980.

  2. Журналы «Фармацевтический бюллетень», «Фармация Казахстана», «Фармация», «Химико-фармацевтический журнал» и др.

  3. ССРО Мемлекеттік фармакопея, ХI басылым 1,2 т. - М. - 1990 ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет