Бір қайтара буландыру. Ерітінділерден еріткіштің аздаған мөлшерін бөліп шығарып тастаудың ең қарапайым тәсілі ашық аппараттарда буландыру болып табылады (буландырғыш табақшаларда). Мұнда буландыру атмосфералық қысымда жүргізіледі, пайда болушы қосымша бу атмосфераға шығарылып тасталады.
Көп қайтара буландыру. Көп қайтара буландырудың принципi мынада: жаңа жiберiлген бумен қыздырылған аппараттың бiрiндегi сұйықтық қайнағанда пайда болатын буды келесi аппараттағы ерiтiндiнi қыздыру және буландыру үшін қолданады, бұл аппараттағы ерiтiндi бiрiншi аппараттағы ерiтiндiге қарағанда төмен температурада қайнайды.
Вакуумдық буландыру. Әсер етушi заттарын сақтау үшiн және сұйықтықтың қайнау температурасын төмендету үшiн көп жағдайларда буландыру вакуум астында жүргiзiледi.
Вакуумда буландырудьң атмосфералық кысымда буландырудан бiрқатар артықшылықтары бар.
1) сұйылтылған кеңiстiкте (мұнда - ауасыз кеңiстiк) барлық сұйықтықтар атмосфералық қысымдағыға қарағанда, төмен температураларда қайнайды. Мұнда төмен қысымды буды қолдануға болады, бұл пайдаланылған бу бар кезде өте маңызды;
2) вакуумда буландыру жоғары температураларда қайнайтын ерiтiндiлердi қойылтуға мүмкiндiк бередi, мұндай ерiтiндiлердi атмосфералық қысымда буландыру бiрқатар қолайсыз жағдайлар тудыруы мүмкiн (мысалы, тотығу, шоғырлану) және де қыздыру жоғары температуралы жылу тасымалдағыштармен жүргiзiлуi қажет;
3) жылу шығыны, қыздырушы будың жұмсалатын мөлшерi вакуум-аппараттарда, ерiтiндiнiң қайнау температурасының төмен болуы салдарынан, әлдеқайда аз болады.
Вакуум-аппараттар. Үлгi болып саналатын (типтiк) (сурет 25) вакуум буландырғыш қондырғы келесi құрам бөлiктерден тұрады:
1) вакуум-аппарат
2) конденсатор
3) қабылдағыштар (тамшы аулағыштар)
4) ресивер
5) вакуум-насос.
Иллюстрациялық материалдар: кестелер, үнсіз карталар слайдтар түрінде.
Әдебиет:
негізгі:
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008. – 348 бет.
Технология лекарственных форм. - (Под ред. Ивановой Л.А.) – Том 2. - 1991.
Руководство к лабораторным занятиям по заводской технологии лекарственных форм. - (Под ред. А.И. Тенцовой).- М.- 1986. - 272 с.
В.И. Чуешов. Промышленная технология лекарств, в 2-х томах, г. Харьков, 2002 г.
ҚР МФ – 1 басылымы. – Астана – 2008 ж.
Фармацевтическая технология. Под редакцией И.И.Краснюка и Г.В. Михайловой, Москва Асаdemia – 2006 г.
қосымша:
Муравьев И.А.- Технология лекарств. – В 2-х томах. - М. - 1980.
Журналы «Фармацевтический бюллетень», «Фармация Казахстана», «Фармация», «Химико-фармацевтический журнал» и др.
ССРО Мемлекеттік фармакопея, ХI басылым 1,2 т. - М. - 1990 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |