4.Сабақтың мақсаты:
Дәрігер-интерн білуге тиіс:
Балалардағы әртүрлі жастардағы асқорту жүйейнің анатомо-физиологиялық ерекшеліктерін;
Асқорыу органдарының негізі ауруларының семиотикалары мен синдромдарын;
Балалардағы энтероколиттер, созылмалы энтероколиттердің этиологиясын, патогенезін, жіктелуін, клиникасын, диагностикасының ғдістерін, ажырату диагнозын;
Балалардағы энтероколиттер, созылмалы энтероколиттер дің емдеу принциптерін, сонымен қатар оның асқынуларымен, болжамын;
Балалардағы асқазан-ішек жолдары ауруларын, зертханалық-инструменталды тексерулерін және осы анализдердің қалыпты жағдайлардағы көрсеткіштерін біліп, қорытынды жасай білуді.
Дәрігер-интерн істей алуға тиіс:
Балалардағы энтероколиттер, созылмалы энтероколиттер мен ауыратын баланы тексеруді (анамнез жинауды, пальпация);
Балалардағы энтероколиттердің емі мен алдын-алу жоспарын түзуді;
Клиникалық тексерулер жүргізуді (қарау, пальпация, перкуссия, аускультация және т.б.);
Асқазан-ішек жолдарының ауруларының негізі белгілерін анықтап, зертханалық-инструменталды тескерулерден өткізіп, нәтижелірін клиникасымен салыстырып бағалауды жүргізуді;
Балалардағы энтероколиттердің асқыну түрінде алғашқы көмек көрсетуді
5.Сабаққа дайындалу сұрақтары.
Негізгі білім бойынша:
Әртүрлі жастардағы балалардағы асқорыту жүйелерінің АФЕ-рі.
Балалардағы асқорытудың ерекшеліктері.
Асқорыту жүйелерін зерттеу әдістері (анамнез, ауырсыну, диспепсиялар, ауыз, ішті қарау, іштің пальпациясы, бауырдың өлшемі, флюктуация, аускультация, рентгенологиялық, ультрадыбыстық, эндоскопиялық тексеру, функционалдық, биохмиялық, копрологиялық зерттеу әдістері)
- Осы сабақ тақырыбы бойынша:
1. Колит, созылмалы энтероколиттер. Анықтамасы, этиологиясы.
Колит, созылмалы энтероколиттердің патоморфологиясы, клиникасы
Колит, созылмалы энтероколиттердің диагностикасы, ажырату диагнозы.
Колит, созылмалы энтероколиттердің асқынулары, болжамы.
Достарыңызбен бөлісу: |