1.1.2-міндет. Облыс әкімі аппаратының қызметін құқықтық қамтамасыз ету
|
Нормативтік-құқықтық актілерге мониторинг жүргізу бойынша іс-шараларды өткізу. Аппарат қызметкерлерінің мемлекеттік органдардан келісуге келіп түскен актілерді әзірлеуге белсенді қатысуын, оларға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастама жасауын қамтамасыз ету.
|
Бөліммен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің нормативтік құқықтық актілеріне тұрақты мониторинг жүргізіледі. Мониторинг 71 нормативтік құқықтық актілер бойынша жүргізілді. Мониторинг нәтижесі бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әділет департаментіне жарты жылдықта 1 рет есеп және талдау анықтама беріледі, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарының нормаларына 5 кесім сәйкестендірілді. Облыс әкімі аппараты басшысының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және әкімінің нормативтік құқықтық актілерінің мониторинг жүргізу кестесі бекітілді. Бөлім қызметшілері Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің және әкімінің, облыс әкімі аппараты басшысының 1000-нан астам кесімдерді әзірлеуде және сараптама жүргізу кезінде белсенді қатысып, олардың ішінде: облыс әкімдігінің қаулылары - 428, әкімінің шешімдері – 109, өкімдері - 329, облыс әкімі аппараты басшысының бұйрықтары – 466 қабылданды. 2013 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әділет департаментінде 11 нормативтік құқықтық акт тіркелген, олар бойынша міндетті түрде ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың оң қорытындылары алынған, ал жеке кәсіпкерлердің мүдделерін және құқықтарына қатысты актілерге кәсіпкерлік мәселелер және Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бойынша сараптамалық кеңестің оң қорытындылары алынған. Сонымен қатар, бөлім қызметшілерімен заң жобалары және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылырының жобларын әзірлеуде белсенді қатысты.
|
|
1.1.4-міндет. БАҚ-пен өзара іс-қимылдардың тиімділігін арттыру
|
Өңірде жұмыс істейтін БАҚ-тар үшін облыс әкімі мен әкімдігінің қызметі туралы баспасөз хабарламаларын дайындау,
Сондай-ақ веб-сайттарда, облыс әкімі мен әкімдігінің қызметі туралы облыс пен өңірлердің бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын жарияланымдарға, теле- және радиохабарларға мониторинг жүргізу.
|
Облыс әкімі мен облыс әкімдігі тарапынан атқарылған іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында 200 баспасөз хабарламасы дайындалып, облыстық, республикалық БАҚ өкілдеріне таратылып, материалдар жарық көрді. Күнделікті жаңалықтар облыс әкімдігінің «ontustik.gov.kz» сайтына орналастырылды.
Облыстағы республикалық 8 телеарна, 1 радио, 20 басылымға және түрлі сипаттағы ақпараттық сайттарға, облыс аумағында тіркелген 236 БАҚ-та соның ішінде қоғамдық-саяси бағыттағыларына облыс әкімі мен әкімдігі туралы жарық көрген ақпараттық жарияланымдарға апта сайын мониторинг жүргізілді. Сонымен қатар, күнделікті жаңалықтар туралы дайджест әзірленіп, облыс басшылығына ұсынылды.
|
|
1.1.5-міндет. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету
|
Азаматтық жалпылық, қазақстандық патриотизм, өзара рухани-мәдени іс-қимыл, этносаралық қатынастарды үйлестіру негізінде қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру мен нығайту жөніндегі жұмыстарды жүргізу. Қазақстандық этностардың мәдениеттері мен тілдерін одан әрі дамыту үшін іс-шаралар, оның ішінде конкурста, дөңгелек үстелдер, спорттық іс-шаралар өткізу.
|
Облыстық ассамблея жанынан құрамына ғалымдар, этномәдени орталықтардың, білім саласының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары кіретін ғылыми-сарапшылық топ және бейбітшілік, қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша облыстық мәслихаттың «Ел бірлігі» депутаттық тобы құрылған.
Ағымдағы жылғы сәуір айында жылдың басты құжаты болып саналатын Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру жөнінен Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ж.Әлиевтің Оңтүстік Қазақстан облыстық этномәдени орталықтарының басшыларымен және Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесуі өтті.
23 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, өңірлік ассамблеяның төрағасы А.Мырзахметовтың төрағалық етуімен облыстық ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты баяндамасынан туындайтын ОҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің міндеттері және негізгі бағыттары талқыланып белгеленді.
Кеңес отырысының жұмысына облыстық басқармалардың басшылары, қала және аудан әкімдерінің ішкі саясат мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарлары, этномәдени орталықтардың өкілдері, өңірлік ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.
30-31 мамырда облыста «Тарихтан тағылым - өткенге тағзым» атты халықаралық жобаның шеңберінде Саяси құғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарих қасіреті» акциясы өтті.
Акция шеңберінде облыстың оқу орындарында Ассамблея жанындағы Ғылыми-сарапшылық Кеңесінің мүшелері тақырыптық ашық «Тарих сабақтарын» өткізді. Акция қатысушылары үшін Шымкент қаласының көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылды. Сонымен қатар, «Қасірет» мемориалының алдында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу митингі, облыстық Саяси қуғын-сүргін құрбандары мұражайында «Кінәсіз құрбандар қасіретінің сабағы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарымен кездесу өтті. Облыстық Ж.Шанин атындағы драма театрында «Тарих қасіреті» музыкалық-драмалық композициясы көрсетілді, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Тарихи қатал шындық және ортақ тағдыр» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
Іс-шараларға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өңірлік ассамблеялардың мүшелері, Парламент депутаттары, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасынан келген ғалымдар, мемлекеттік органдардың, шығармашыл зиялы қауым, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері, саяси құғын-сүргін және департацияға ұшыраған халықтар өкілдерінің ұрпақтары, ғалымдар, музей және мұрағат қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, «Этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін насихаттау» атты республикалық лекторий, «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция, этносаралық татулықты және келісімді нығайту саласындағы жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша методикалық семинар, Қазақстан - 2050» стратегиясын жүзеге асыру аясында мәдени мұраны сақтау» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.
Облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері Тараз қаласында өткен «Өңірлердегі этноәлеуметтік және этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқару» тақырыбындағы аймақтық семинар-тренингке қатысты.
Шілде айында Қазақстанның тарихын, мәдениетін, географиясын, өсімдік және жануарлар әлемін, индустрия нысандарын зерттеуге бағытталған «Туған елге тағзым» атты өлкетану экспедициясының шеңберінде өнірде болған Астана қаласы және Қарағанды облысы Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқушылары облыстық этномәдени орталықтардың басшыларымен кездесіп, Достық үйінің жұмысымен танысты.
Есеп беру кезеңі ішінде облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ 4 социологиялық зерттеуді ұйымдастырып жүргізді.
Өңірлік ерекшеліктер мен этнодемографиялық құрылымы ескеріле отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының (2020 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы әзірленіп бекітілді.
|
|
2.1.1-міндет. Персоналды одан әрі дамыту және жетілдіру
|
Кадрлардың жаһандану кезеңіндегі уақыт талабымен пайымдалатын өзекті мәселелер бойынша дайындық деңгейін арттыру мақсатында, сондай-ақ нормативтік-құқықтық актілерді неғұрлым жан-жақты зерделеу үшін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығында, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясында, басқа да оқыту ұйымдарында жоспар-кестеге сәйкес оқытулар өткізу.
|
Оқытулар бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. 2013 жылы ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында «Этносаралық және конфессияаралық мәселелерді нормативтік-құқықтық реттеу жағдайының мониторингі» тақырыбында барлығы 2 біліктілігін арттыру семинарларында, А корпусының мемлекеттік қызметшілерін оқыту шеңберіндегі біліктілігін арттыру семинарында 1-уі қайта даярлау курсында оқыды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығында барлығы 18, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» тақырыбындағы қайта даярлау курстарында - 1, «Әкімшілік рәсімдер және қазақстандық мемлекеттілік», «Мемлекеттік қызмет саласындағы этика мен имидж», «Мемлекеттік басқарудағы заманауи ақпараттық технологиялар» атты тақырыптағы біліктілігін арттыру семинарларында - 17 мемлекеттік қызметшілер оқыды.
|
|