Қол жеткізу үшін ведомствоаралық қарым-қатынас талап ететін міндеттер көрсеткіштері
|
Ведомствоаралық қарым-қатынасты жүзеге асыратын мемлекеттік орган
|
Міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жоспарланған өлшемі
|
Есеп кезеңдегі міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асыратын нақты орындау
|
Есеп кезеңдегі мақсаттар, міндеттер және міндеттердің көрсеткіштеріне қол жеткізбеу себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1-стратегиялық бағыт. Облыс әкімі аппаратының қызметінің тиімділігін арттыру
|
1.1-мақсат. Облыс әкімі аппараты жұмысының тиімділігін арттыру
|
1.1.1-міндет. Облыс әкімі аппаратының қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету
|
Қазақстан Республикасының Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Парламенті, Министрліктер мен агенттіктер, Қазақстан Республикасының комитеттері мен департаменттері, облыстық және жергілікті ақпарушы және уәкілетті органдар
|
Елбасының, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларының, Жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, елді және өңірді әлеуметттік-экономикалық және ішкі саяси дамыту жөніндегі өзге де құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету
|
2013 жылы жоғары тұрған органдардан іске асыру үшін облыс әкімінің аппаратына жалпы 7597құжат түскен, оның ішінде:
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінен – 621, Премьер-Министрнің Кеңсесінен - 2231, Қазақстан Республикасы Парламентінен – 38, Министрліктер мен ведомстволардан – 4707
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен 4337 негізгі құжат бақылауға алынды, онда жоғары тұрған органдарға белгіленген мерзімдер көрсетіле отырып, түрлі есептерді ұсыну жөнінде тапсырмалар берілген.
Облыс әкімінің аппаратымен талап ететін есептердің барлық түрлерін жолдануына байланысты - 3007 құжат бақылаудан алынды, қалған 1330 құжаттың іске асыру бойынша жұмыс белгіленген мерзімдерге сәйкес жүргізілуде.
2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігіне барлығы 621 құжат түсті, оның ішінде: Қазақстан Республикасының Заңдары – 136, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары – 7, Өкімдері – 2, Мемлекет Басшысының қатысуымен өткен мәжілістердің хаттамалары – 12, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының тапсырмалары мен бұйрықтары – 104, хаттар және сұрау салулар – 330.
|
|
1.1.2-міндет. Облыс әкімі аппаратының қызметін құқықтық қамтамасыз ету
|
Облыстық басқармалар
|
Облыс әкімдігі мен әкімі актілері жобаларының құқықтық сараптамасын жүргізу
|
Бөліммен облыстық басқармалармен әзірленген әкімідіктің қаулыларын, әкімнің шешімдері мен өкімлдерінің жобаларының Қазақстан Республикасының қоданыстағы заңнама талаптарының нормаларының сәйкестігіне құқытық сараптама жүргізіледі. Азаматтырдың заңды құқықтары мен мүдделеріне қатысты облыс әкімдігі мен әкімінің нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеуге анықтама – негіздеме қоса тіркеліп Оңтүстік Қазақстан облысы әділет департаментіне ұсынылады. Құқықтық қолдану тәжірбие аясында Әділет департаментінің, облыстық басқармалардың өкілдерінің қатысуымен семинар, дөңгелек үстел нысанында бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылған.
|
|
Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаменті
|
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуге жолдау барысында бірыңғай құқықтық қолдану тәжірибесін енгізу жөніндегі бірлескен іс-шараларды жүргізу
|
1.1.3-міндет. Облыс әкімі аппаратының қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету
|
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы
|
Бюджетті жоспарлау және түзету бойынша іс-шаралар жүргізу
|
Облыс әкімі аппаратының 2012 жылға арналған төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік өтінімдер мен қаржыландырудың жеке жоспарлар есептері жасалынды
Бюджет қаражаттарын уақтылы игеру, оларды бағдарлама мен ерекшеліктер бойынша дұрыс бөлу, қаржылық есепті жасау, оны облыстық қаржы басқармасына уақтылы тапсыру бойынша ай сайын, тоқсан сайын және жылдық қорытындысы бойынша жұмыс жүргізілді.
|
|
Қаржы басқармасы
|
Бюджеттік бағдарламаларды орындау есептілігін жүргізу, бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу жөніндегі бірлескен жұмыс, қаржылық есептілікті жасау
|
1.1.4-міндет. БАҚ-пен өзара іс-қимылдардың тиімділігін арттыру
|
Бұқаралық ақпарат құралдары
|
Ресми өтініштерді, хабарламаларды, баспасөз хабарламалары мен өзге де ақпараттық материалдарды жариялау, теле- және радиохабарламаларды, көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру
|
Облыс әкімі тоқсан сайын «Республикалық және жергілікті БАҚ-та облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жарияланымдар жөнінде медиа-жоспарды» бекіткен.
Медиа-жоспарға сәйкес облыс әкімінің облыс тұрғындары алдындағы есебінен кейін «тікелей эфир» ұйымдастырылып, Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру барысы туралы интернет-конференция өтті. Басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдерінің қатысуымен 73 тікелей эфир, 38 баспасөз конференциясы мен брифинг ұйымдастырылды. Облыста атқарылған жұмыстарға пресс-тур ұйымдастырылды. Білім беру және денсаулық сақтау салаларында ашылған 113 жаңа нысанның ашылу салтанатына БАҚ өкілдері қатысты. 16 елді мекенге таза ауызсудың жеткізілуі, 28 елді мекеннің табиғи газбен қамтылуы да БАҚ назарынан тыс қалмады.
Облыс әкімі мен орынбасарларының төрағалығымен өткен мәжілістерге, әкімдік отырыстарына және индустрияландыру картасы аясында іске асқан жобаларға және т.б. іс-шараларға БАҚ өкілдерінің қатысуы қамтамасыз етілді. Облыс әкімінің облыс аумағындағы жұмыс сапарларына БАҚ қатыстырылды.
|
|
1.1.5-міндет. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара тиімді іс-қимылын қамтамасыз ету
|
Астана қаласының ҚР Президент Әкімшілігінің Қазақстан халықтар Ассамблеясының Хатшылығы, этномәдени орталықтары
|
Қазақстандағы этносаралық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған облыстың кіші ассамблеясы, этномәдени қоғамдық бірлестіктер ұйымдастыратын іс-шараларды өткізу.
|
Оңтүстік Қазақстан облысында 108 этностың өкілдері мекендейді.
Облыстық статистика басқармасының деректері бойынша жылдың басына өңірде 2 621 523 адам тұрады. Оның ішінде қазақтар – 1 904 079, өзбектер – 432 921 (Шымкент, Түркістан, Кентау қалалары, Сайрам, Төлеби, Сарыағаш, Мақтаарал аудандары), орыстар – 133 765 (Шымкент, Кентау қалалары, Төлеби, Түлкібас,Сайрам аудандары), тәжіктер – 31 915 (Мақтаарал, Сарыағаш аудандары), әзірбайжандар – 31 108 ( Шымкент қаласы, Түлкібас ауданы), татарлар – 18 933 (Шымкент қаласы), түріктер – 21 684 (Шымкент қаласы, Сайрам, Төлеби, Сарыағаш аудандары), кәрістер – 9 214 (Шымкент қаласы, Мақтаарал ауданы), украиндер – 5 025 ( Шымкент қаласы), күрділер – 8 686 (Бәйдібек, Ордабасы, Сайрам, Төлеби аудандары), немістер – 2 530 (Шымкент қаласы, Сарыағаш, Түлкібас аудандары), ұйғырлар – 3 705 (Шымкент қаласы, Сарыағаш ауданы), парсылар – 4 364 (Шымкент қаласы, Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш аудандары), шешендер – 2 446 (Шымкент қаласы, Төлеби ауданы), қырғыздар – 2 524 (Шымкент қаласы, Сарыағаш ауданы), басқа этнос өкілдері – 8 624.
Облыс аумағында 20 этномәдени орталық және қалалар мен аудандарда олардың 51 филиалы жұмыс жасайды.
Этномәдени орталықтар облыста өткізілетін барлық маңызды іс-шараларға қатысып отырады. Барлық этномәдени орталықтарға өздерінің тілі, дәстүрі және мәдениеті күндерін өткізіп отыруға мүмкіндіктер жасалған.
Этномәдени орталықтар жанынан жексенбілік мектептер, ақсақалдар кеңестері және жастар қанаттары құрылған. Этномәдени бірлестіктерінің беделді мүшелері туралы мәліметтер базасы жасақталған.
Облыста «Достық үйі» және «Достық» мұражайы, облыстық қазақ, орыс, өзбек драма театрлары әрекет етеді.
Облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ 2013 жылы облыс көлеміндегі этносаралық және конфессияаралық ахуалдың проблематикасы бойынша 4 социологиялық зерттеуді ұйымдастырып жүргізді.
Зерттеу жүргізудің негізгі мақсаты облыстағы этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастардың сандық және сапалық сипаттамаларын және оларды дамытудың жалпы тенденцияларын анықтау болып табылды.
Соңғы жүргізілген зерттеудің қорытындысына сәйкес, зерттелген тұрғындардың көпшілігі - 55,4% өздерінің әлеуметтік жағдайын бір қалыпты, 20,4% - өте жақсы деп бағалаған.
Есеп беру кезеңі ішінде облыс аумағында этносаралық қақтығыстар орын алған жоқ. Респондеттердің басым көпшілігі – 71,1% этносаралық келіспеушілік пен шиеленістер жоқ деп көрсеткен.
Өңірдегі этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді сақтау және ңығайту жөніндегі шаралар кешені оң әсерін беруде – этностық негізі бар қақтығыстардың, жаппай көпшілік жиындар мен құқық бұзушылық іс-әрекеттердің жоқтығы оның айғағы.
|
|
1.1.6-міндет. Әйелдерді экономикалық алға жылжытуды қамтамасыз ету
|
Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиисия
|
Әйелдер мен ерлердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің гендерлік теңдігіне қол жеткізу жөніндегі мемлекеттің гендерлік саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шараларды өткізу
|
Ерлер мен әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдікке қол жеткізу жөніндегі мемлекеттік гендерлік саясатты іске асыруға дөңгелек үстелдер, конференциялар, оқытатын семинар мен форумдар өткізілді.
|
|
II-стратегиялық бағыт. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру
|
2.1-мақсат. Облыс әкімі аппараты қызметшілерінің жұмыс сапасын бағалау көрсеткіштерін арттыру
|
2.1.1-міндет. Персоналды одан әрі дамыту және жетілдіру
|
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығы,
Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы
|
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқыту жөніндегі бірлескен жұмыс
|
Облыс әкімі аппараты мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығының 2012-2013 оқу жылына арналған жоспар кестесіне сәйкес 2013 жылы облыс әкімінің аппаратынан 18 мемлекеттік қызметкерлер оқыды.
|
|
Облыстық басқармалар мен ведомстволар
|
Аппарат қызметкерлері үшін аппараттық оқыту аясында лекциялар ұйымдастыру
|
«Үш биліктің Конституциялық негізі», «Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жөніндегі қызметі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамалық актілеріне енгізілген өзгертулер мен толықтырулар», «Қазақстан Республикасы «Әкімшілік рәсімдеулер туралы» заңы», «Мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі», «Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамалары» тақырыптары бойынша 2013 жылы облыс әкімі аппараты мен облыстық басқармаларының мемлекеттік қызметшілеріне облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығының жеке келісілген кестесі бойынша жалпы құқықтық оқыту 2 айда 1 реттен өткізілген.
|
|
Мүмкін болатын тәуекелдердің атауы
|
Шаралар қабылданған жағдай болуы мүмкін салдарлар тәуекелдерді басқару бойынша қолға алмаған кезеңде
|
Тәуекелді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар
|
Тәуекелді басқару бойынша нақты орындауы іс-шаралар
|
Жетістікке жетпеген себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
6
|
Сыртқы тәуекелдерді
|
1.Облыстағы экономика жағдайы мен әлеуметтік саланың нашарлауы
|
1.Берілген нысаналы көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізілмеуі
|
1. Превентивті алдын-алу балама шараларын әзірлеу және іске асыру
|
Соңғы жылдары елімізде экономиканың қарқынды дамуы байқалады және әлеуметтік саланы жақсарту мақсатында барлық шаралар қолданылып жатыр
|
|
2. Білікті мамандардың немесе неғұрлым жоғары жалақы көлеміне байланысты салалық министрліктерге немесе жеке компанияларға ауысуы
|
1. Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, сондай-ақ облыс әкімі тапсырмаларының дер кезінде және сапалы орындалмауы
|
1. Адами ресурстарды дамытудың тиімді жүйесін жасау және қызмет етуін қамтамасыз ету;
2. Кадрлардың тұрақтамауын ұдайы төмендетуге бағытталған, сапалы және тиімді жұмыс істеуге ниеттендірудің кеңейтілген механизмдер спектрін енгізу жолымен кадрлық әлеуетті сақтап қалу;
3. Аппарат қызметкерлерінің оқыту семинарларына, біліктілікті арттыру курстарына қатыстыру;
4. Ұжымды біріктіру, қызметкерлердің корпоративтік рухы мен салауатты өмір салтын қолдау мақсатында корпоративтік және спорттық іс-шаралар ұйымдастыру.
|
2013 жылы білікті мамандардың ауысуы орын алмады.
Аппарат қызметкерлері біліктіліктерін арттыру мақсатында республикалық біліктілікті арттыру курстарында оқытудан өтті.
|
|
3. Білдірілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу тәуелді болатын мемлекеттік органдармен ведомствоаралық іс-қимылдың нашарлауы
|
1.Берілген нысаналы көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізілмеуі
|
1. Стратегиялық жоспардың нысаналы көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізуге байланысты болатын мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жандандыру.
2. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін қосымша шараларды пысықтау және жүзеге асыру.
|
Білдірілген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу тәуелді болатын мемлекеттік органдармен ведомствоаралық іс-қимылдың нашарлауы орын алмады.
|
|
Ішкі тәуекелдерді
|
1.Білікті мамандардың ауысуына байланысты аппараттың кәсіптік деңгейінің төмендеуі
|
Стратегиялық жоспар міндеттерінің сапасыз шешілуі, берілген нысаналы көрсеткіштер мен индикаторларға қол жеткізілмеуі
|
1. Кадрлардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға бағытталған шараларды жүзеге асыру
2. Олардың еңбегін материалдық және моральдық ынталандыруды жақсарту
|
1. 2013 жылға арналған мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарларының жоспар-кестесіне және қызметшілерді қайта даярлау курстары тындаушылар контингентіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер оқытылды.
2. Облыс әкімінің өкімімен 2013 жылы мемлекеттік қызметкерлері
облыстың, тұтастай алғанда еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін грамоталармен, медалдармен және мемлекеттік наградарлармен марапатталған.
|
|
2. Аппаратың кейбір құрылымдық бөлімшелерінде атқарушылық тәртіптің жеткіліксіз деңгейі
|
1. Кадрлардың еңбегінің нәтижелері үшін дербес жауапкершілігін арттыру
|
Ай сайын облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің қызметін тиімділігін бағалау қызметкерлер жұмысының сапасы мен нәтижелігін арттыру мақсатында өткізілген.
|
|
3. Аппарат ұжымында моральдық-психологиялық ахуалдың нашарлануы
|
1.Ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту үшін шаралар кешенін пысықтау және әзірлеу
|
Облыс әкімі аппаратының қызметкерлері «Денсаулық күніне» және «Қала күніне» арналған спорттық іс-шараларға қатысқан.
|
|