Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе



бет2/3
Дата22.02.2016
өлшемі363 Kb.
#507
1   2   3

2.3 Ауыл шаруашылығы

Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламаны жүзеге асыру және Индустрияландыру Картасы аясында жаңа өндірістерді іске қосу – сапалы, бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге және ішкі нарықтың қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы өнімінің орта жылдық өсімі 2014-2018 жылдары 5,1% құрайтын болады.

Егін шаруашылығы

2013 жылы егіс көлемі 772,3 мың га құрап, өткен жылмен салыстырғанда 30 мың га артты. Оның ішінде: Дәнді дақылдар 30,4 мың га артып 216,8 мың га, мал азықтық дақылдар 27 мың га артып 206,0 мың га құраса, тиісінше мақтаның егіс көлемі 7,2 мың га кеміп 140,6 мың га, майлы дақылдар 15,1 мың га кеміп 106,9 мың га құрады.

2013 жылы тамшылатып суғару әдісі 11870 га алқапқа қосымша жоспарланды, ағымдағы жылдың 7 айында 4,2 мың га ендіріліп, 25 мың га жетті, жыл соңына дейін жалпы көлемі 33 мың га жеткізіледі.

Жылыжай көлемі қосымша 145 гектарға тапсырма ретінде берілді, ағымдағы жылдың 7 айында 109 га салынып, жалпы жылыжай көлемі 679 га жеткізілді, бұл жұмыс жыл соңына дейін артығымен орындалып, 715 гектарға жеткізілетін болады.

Егіс көлемін әртараптандыру арқылы ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру жұмыстары жүргізілуде, оның ішінде интенсивтік технологиялар, тамшылатып суғару әдісін 2018 жылы 60,0 мың гектарға, жылыжайлар көлемі 1000 гектарға жеткізіп, облыс, республика халқын жыл бойына азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Егіс алқаптарын әртараптандыру есебінен, 2014-2018 жылдары бидайды өндіруді 213 мың тоннадан 252 мың тоннаға 2018 жылы көбейту көзделіп отыр, немесе ұлғаю 18,3 пайызды құрайды, немесе 39 мың тонна ұлғайту жоспарланды.

Атқарылатын жұмыстар нәтижесінде Елбасының тапсырмасына сәйкес, жыл сайын сала өсімі 7% арттырылатын болады.



Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығын дамытудың орта мерзімді жоспарына сәйкес 2013 жылы облыс халқы ет, сүт, жұмыртқа және жүн өнімдері бойынша өзін-өзі қамтамасыз ететін болады.

2013 жылы мал өнімдерінің барлық түрлері бойынша өнімнің көбейюі көзделуде, және де ауыл шаруашылық жануарлар басының барлық түрлері бойынша көбеюі көзделіп отыр.

2013 жылы еттің сойыс салмағы 101,0 мың тонна (2012 ж. 95,6), сүт 676,0 мың тонна (2012 ж. 661), жүн 7,5 мың тонна (2012 ж. 7,3) және жұмыртқа 270 млн дана (2011 ж. 277) өнім өндіру көзделіп отыр.

Ірі қара мал басы 2013 жылы 874 мың (102% 2012 ж. салыстырмалы түрде), қой 3897 мың (102,7% 2012 ж. с.т), жылқы 204,7 мың (103,9% 2012ж. с.т), түйе 20,5 мың және құс 2504 мың бас (103% 2012 ж. с.т). Ағымдағы жылдың 7 айында ет сойыс салмағында 55 мың тонна, сүт 414,5 мың тонна, жұмыртқа 163,1 млн.дана, жүн 6,6 мың тонна құрады. Ірі қара мал басы 933 мың бас, қой-ешкі 4303,2 мың бас, жылқы 209,2 мың бас, түйе 21,6 мың бас, құс 2536,9 мың бас құрады.

2011 жылдан бастап, Елбасының жолдауында айтылған «ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту» бағытында жасалған жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаның мақсаты, қатысушы шаруашылықтардың бәсекеге қабілетілігін арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін, ішкі нарықты қажеттілікпен қамтамасыз ете отырып, сыртқа сапалы ет өнімдерін шығару. Атқарылатын жұмыстардың нәтежиесінде 2015 жылы облыста Герефорд, Қазақтың ақ бас, Қалмық тұқымды ІҚМ шаруашылығымен айналысатын репродукторлар негізінде фермерлік қожалықтарда алынған төлдерді бордақылау арқылы 8,0 мың тоннаға жуық ет экспортка шығарылатын болады.

Қазіргі таңда шаруа қожалықтарының жайылымдық жерлері арқасында Қаракөл және Биязы жүнді қой шаруашылығының потенциялын жоғарлату мүмкіншілігі бар. Бұл етпен қоса жеңіл өнеркәсіпке шикізат береді.

Қайта өңдеу

Облыста 27 ет, 31 сүт, 38 жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындары жұмыс жасайды. Ағымдағы жылы қосымша қайта өңдеу кәсіпорындардың үлес салмағын арттыу мақсатында, 12 кәсіпорын ашу жоспарланған, өткен 7 айда 1 ет өңдеу, 3 сүт өңдеу, 1 жеміс-көкөніс қайта өңдейтін кәсіпорындар іске қосылды. Атқарылатын жұмыстар нәтижесінде 2018 жылы:

- ет өңдеу үлесін 16% дан 27%;

- сүт өңдеу 19 % дан 30%;

- көкөніс өнімдерін өңдеу 12% дан 23 % жеткізіледі.

Нәтижесінде, жалпы өнім көлемі 248 млрд. тенгеге жетіп, нақты көлем индексі 107,7% орындалады. Бұл көрсеткіш ағымдағы жылдың 7 айында 75,4 млрд.теңге құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 18 млрд. теңге арттты. (2012 ж. - 57 млрд.теңге).



Техникамен қамтамасыз ету

Ауыл шаруашылығын техникалық қамтамасыз етілуі мемлекеттік мекемелерінің механикалық қызмет көрсету арқылы асырылуы мүмкін, ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу. Жаңа МТС құру мүмкіндіктері қаралуда.

Ауыл шаруашылық техникаларының паркі негізінен лизинг негізінде алынған техникалары арқылы жаңарып тұрады. «Қазагрофинанс» АҚ-ры арқылы лизинг қызметтерін кеңейту көзделіп отыр.

Селолық кооперация және ірі фермерлік шаруалар құру және оларды дамыту

Ауыл шаруашылығы өндірісттік бәсекеге қабілеттігін және тиімділігін арттыру үшін селолық тұтыну кооперативтерін құру және фермерлік шаруаларын ірілендіру жұмыстары жүргізілуде. 2018 жылға шаруа қожалықтарын 100% іріленеді.



Ақпарат-маркетингтік және консультациялық жұмыстарын кеңейту

Аудандардың ауыл шаруашылық бөлімдері компьютермен және Интернетке шығу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген.

Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін маркетингтік мәліметтермен қамтамасыз ету үшін жылда агробизнесін жүргізу оқулары өткізіледі.


    1. Көлік

Көлік және жинақтау қызметі, алдынғы жылға қарағанда %. Болжам бойынша 2014-2018 жылдарға көлік және жинақтау қызметінің көлемі 107 % жетеді.

Өткен жылға қарағанда жүк тасымалының көлемі, %. Болжам бойынша 2014-2018 жылдарда өткен жылға қарағанда жүк тасымалының көлемі 107 % жетеді.

Өткен жылға қарағанда жолаушы тасымалының көлемі, %. Болжам бойынша 2014-2018 жылдарда өткен жылға қарағанда жолаушы тасымалының көлемі 107 % жетеді.

Өткен жылға қарағанда жүк айналымының өзгерісі, %. Болжам бойынша 2014-2018 жылдарда өткен жылға қарағанда жүк айналымының өзгерісі 107 % жетеді.

Өткен жылға қарағанда жолаушылар айналымының өзгерісі, %. Болжам бойынша 2014-2018 жылдарда өткен жылға қарағанда жолаушылар айналымының өзгерісі 107 % жетеді.

2014- 2018 жылдары жүк тасымалдау көрсеткіштері өсуіне қарай сәйкесінше болжануда: 2014 жылы -141,8 млн.тн., 2015 жылы - 151,7 млн.тн., 2016 жылы - 162,3 млн.тн., 2017 жылы - 173,7 млн.тн., 2018 жылы - 185,8 млн.тн. жүк, бұл 2013 жылдың көрсеткіштері 2012 жылмен салыстырғанда 7,0%, ал 2018 жылдың көрсеткіштері 2013 жылмен салыстырғанда 40,2 % құрайтынын болжамдалуда.

2014-2018 жылдары жүк айналымы көрсеткіштері өсуіне қарай сәйкесінше болжануда: 2014 жылы - 8157,1 млн.тшқ, 2015 жылы - 8728,1 млн. тшқ, 2016 жылы - 9339,1 млн. тшқ, 2017 жылы - 9992,8 млн. тшқ, 2018 жылы - 10692,3 млн. тшқ, бұл 2013 жылдың көрсеткіштері 2012 жылмен салыстырғанда 7,0%, ал 2018 жылдың көрсеткіштері 2013 жылмен салыстырғанда 40,2 % құрайтынын болжамдалуда.
2.5. Әлеуметтік қорғау

Оңтүстік Қазақстан облысының халқы 2013 жылдың басына 2678,9 мың адамды құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 57,4 мың адамға өсті. 2013 жылы 2737,2 адамға дейін өседі деп күтілуде. Облыс халқының өсуіне байланысты экономикалық белсенді халық пен жұмыспен қамтылған халықтың саны да өсе түседі.

2014-2018 жылдарға жасалған жұмыспен қамту картасына сәйкес, алдын-ала болжамдар бойынша Оңтүстік Қазақстан қажетті кадрлар санына қажеттілік жыл сайын 53,5 - 55,0 мың адамды құрап отыр.

Еңбек ресурстарының өсу деңгейіне сәйкес 2013 жылы 56,7 мың адамның 70,3 % квалификациялары төмен жұмысшыларды құрамақ. Олардың негізгі бөлігі (51,1%) ішкі көші-қонға байланысты облыстың ішінде белгілі бір жұмыстар атқарушылар (олар үшін жұмыс орнын ашу қаралмағандықтан, алдын-ала келісілген жұмыс ауқымдарына байланысты) мен (37,8%) оқу орындарын бітірушілер.

Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде жұмыссыздықтың деңгейі жыл сайын 0,1% төмендеп, 2017 жылы 5,5% аспайды деп күтілуде. Өздігімен жұмыспен қамтылғандардың санының өсуі қалыптасуда олардың экономикалық формальды секторда істейтіндері 2013 жылы 142,2 мың адамнан 2017 жылы 553,1 мың адамды құрап, салық органдарында тіркелгендерінің үлесі барлық өздігімен жұмыспен қамтылғандардың 100 % жетеді деп күтілуде.

Кедейлік деңгейі Елбасының Қазақстан халқына жолдауы мен макроэкономикалық болжамдарға сәйкес төмендеп келеді.

Ал, ең төменгі күнкөріс мөлшері жыл сайынғы инфляция деңгейіне байланысты 6,7% өсіріліп, белгіленген.

Ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі жұмыспен қамту және табыстарын ұлғайту шараларына сәйкес жыл сайын 0,1 пайыздық көрсеткішпен төмендейтін болады.




2014-2016 жылдарға арналған бюджет шығыстарының

басымдықтары
2014 – 2016 жылдарда әлеуметтік-экономикалық дамудың қойылған мақсаттарын ескере отырып, облыстық бюджет шығындарының негізгі басымдықтары:

1) мемлекеттік әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындау;

2) тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;

3) тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту және тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымының сапалық жаңарту;

4) әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік қызмет сапасын арттыру;

5) аймақтық даму;

6) экономикалық жаңғырту мен әртараптандыру;

7) шағын және орта бизнестерді дамытуды қолдау;


Халықты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету

Жұмыспен қамту іс-шаралары 2013 жылғы қабылданған жаңа «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде қамтамасыз ету іске асыралатын болады.

Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету:

1) инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту;

2) ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру (жеке кәсіпкерлік бастаманы қолдау, тірек ауылдарды кешенді дамыту);

3) жұмыс берушінің қажеттіліктері шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу (оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру) есебінен жүзеге асырылатын болады.



Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту және тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын сапалық жаңарту

Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін «Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша тұрғын үй құрылысын мемлекеттік қолдау жалғастырылатын болады.

Сондай-ақ тұрғын үй қорын жақсартуға, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге, су бұру және сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға бағытталған 2011 – 2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, 2010 – 2014 жылдарға арналған «Жасыл даму», 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ Бұлақ» бағдарламаларын іске асыру жалғастырылатын болады.

Әлеуметтік жаңғырту және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру

Әлеуметтік саланы одан әрі жаңғырту мақсатында «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, білім беруді дамыту бағдарламасы, «Балапан» бағдарламасының іс-шараларын қаржыландыру жалғастырылатын болады.



Мектепке дейiнгi ұйымдар, мектептер мен денсаулық сақтау объектiлерiнің желiсін кеңейтудi қаржыландыру апаттық жағдайдағы және үш ауысымды мектептерді жою, олардың сейсмикалық тұрақтылығы жөніндегі қазіргі проблемаларды бiрiншi кезектегi тәртiпте шешуді ескере отырып, жүзеге асырылатын болады.

Сондай-ақ, дене шынықтыру және бұқаралық спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту (типтік жобалар бойынша дене шынықтыру-сауықтыру объектілерінің, оның ішінде, аула объектілерінің құрылысы) бойынша іс-шаралар қаржыландырылатын болады.

Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсетудің мен қолжетімдігі сапасын арттыру оларды электрондық нысанда көрсетуге көшіру арқылы іс-шаралар қаржыландырылатын болады.

Аймақтық даму

Моноқалалардың экономикасын әртараптандыруға бағытталған Моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде Кентау қаласында кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру, инвестициялық жобаларды іске асыру үшін республикалық бюджеттен трансферттер бөлу жалғастырылатын болады.

Қалалық агломерацияларды дамыту бойынша қаржыландыру экономикалық өсу орталықтары болатын Шымкент қаласының айналасында агломерацияны дамыту бойынша шаралар қабылдауға бағытталатын болады .

Экономиканы жаңғырту мен әртараптандыру

Экономиканы одан әрі жаңғырту және әртараптандыру мақсатында ҮИИДМБ шеңберінде салаларды дамыту жалғасады, сондай-ақ агроөнеркәсіп кешенін қолдау, ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру, энергия тапшылығы проблемаларын шешу жоспарланып отыр.

Бұдан басқа, экономиканы энергетикалық, көлік және газ инфрақұрылымдарымен қамтамасыз етуді, салалық бағдарламалар басым түрде қаржыландырылатын болады.

Агроөнеркәсіп кешенін қолдау бойынша іс-шараларды қаржыландыруға ерекше назар аударылатын болады. Агробизнес-2020 бағдарламасы ауыл шаруашылығын, әсіресе, ауыл шаруашылығы өніміне өсіп келе жатқан жаһандық сұраныс жағдайында одан әрі ауқымды жаңғыртуға ықпал етеді.



Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау

Шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау мақсатында мемлекеттік қолдау көмек көрсету «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бағыттар шеңберінде жалғасатын болады.



Қорғаныс қабілеттілігін, ұлттық қауіпсіздікті, құқықтық тәртіпті нығайту шараларын және төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою шараларын нығайту

Осы бағытың шеңберінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу (ескерту) жөніндегі шараларды жетілдіруге бағытталған қаржыландыру жүзеге асырылатын болады.



Бюджеттiк инвестициялық саясаттың (оның ішінде бюджеттік инвестициялардың) негізгі басымдықтары

Бюджеттік инвестициялық саясат стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда және Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларында айқындалаған мақсаттар мен міндеттерді іске асыруға бағытталатын болады.



Бюджеттік инвестициялардың басты бағыттары мыналар болады.

1) Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығын, тұрғын үй құрылысын жаңғырту, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту жолымен халықтың тіршілік жағдайларын жақсарту.

Осы бағыт шеңберінде бірінші кезекте 2011 – 2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ», 2011 – 2020 жылдарға арналған ҚР тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» (бұдан әрі – Агробизнес - 2020) бағдарламалары бойынша жобалардың іске асырылуы жалғасатын болады.

«Қолжетімді тұрғын үй - 2020» бағдарламасы шеңберінде қолжетімді жалға берілетін тұрғын үйлерді салу арқылы тұрғын үй қорын ұлғайту жоспарланып отыр.

Өңірлік дамудың басты құралы қалалық агломерациялар мен моноқалаларды дамыту, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде қалалардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту проблемаларын шешу бойынша іс-шараларды қаржыландыру болады.



2) Экономиканы әртараптандыру және инфрақұрылымды дамыту.

Индустрияландыру бағдарламасы экономиканы жаңғыртудың басты бағдары болып қалады.

Осы бағдарлама шеңберінде «Өнімділік 2020», «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламаларының іс-шаралары, 2010 – 2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру үшін қабылданған салалық бағдарламалардың іс-шаралары, энергетика, көлікті қоса алғанда, басым қаржыландырылатын болады.

3) Әлеуметтік саланы жаңғырту

Осы бағыт шеңберінде 2010 – 2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасының балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету бойынша, Денсаулық сақтау саласын дамытудың


2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасының, Жұмыспен қамту 2020 жол картасының іс-шараларын іске асыру жалғасады.

Мектепке дейінгі ұйымдар желісін, мектептерді және денсаулық сақтау объектілерін кеңейтуді қаржыландыру апаттық және үш ауысымды мектептерді жою, олардың сейсмотұрақтылығы бойынша бар проблемаларды бірінші кезекте шешуді ескере отырып, іске асырылатын болады.



2014-2016 жылдарға арналған бюджет параметрлері
мың теңге

Көрсеткіштер

2013 ж.

(1 қыркүйекке түзетілген бюджет бойынша)

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

бағалау

болжам

Бюджеттің жалпы көлемі

402 186 210

323 123 345

330 035 976

338 187 410

Түсімдер

393 491 626

323 123 345

330 035 976

338 187 410

Оның ішінде:













Салықтық түсімдер

62 560 888

66 352 796

70 549 277

75 104 592

Салықтық емес түсімдер

1 498 384

447 717

479 132

512 529

Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер

2 871 705

1 575 438

3 807 586

6 750 668

Бюджеттік кредиттерді өтеу

102 519

-

-

-

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер

-

-

-

-

Шығыстар

396 831 822

321 945 026

326 670 171

331 833 230

Тапшылық

-7 745 226

1 178 319

3 365 805

6 354 180

















Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет