ОҚу -әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар семей



бет12/19
Дата12.06.2016
өлшемі2.9 Mb.
#131105
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

О. Г. Грамматикати, Е. Г, Петров, Сіңіре суару. М.: 1963 ж.

Осы таблицаның деректеріме сәйкес механикалық қүрамы же-ңіл топырақта судың қорының жалпы аз болатыны байқалады. Оған қарама-қарсы сазды жерлерде топырақтың екі метр қаба-тында 3000—3500 текшеметр шамасында судың қоры болатынды-ғы байқалады.



4.13. Сарқынды сулармен суарудың жолдары

Қанализациясьі бар ірі қалалар мен өндіріс орталықтарында жыл бойы біркелкі көлемде сарқын су пайда болады. Заводтар мен ірі мал шаруашылығы кешендерінің сарқынды суы ретсіз ағызыльш жіберілуінің салдарынан олардың су көздерін ылай-лайтыны бәрімізге белгілі.

136

Қазіргі уақытта республикамыз бойынша жер суару үшін пай-далануға болатын сарқынды судың мелшері ондаған мың гектар жерді суаруға жететіні анықталып отыр.



Осындай өте көп мөлшердегі сарқынды суларды ауыл шаруа-шылығында пайдаланудың өте тиімді екендігін көптеген ғылыми-зерттеу мекмелері мен озат шаруашылықтардың тәжірибесі то-лығынан дәлелдеп отыр. Жалпы ауыл шаруашылық дақылдарын, оның ішінде жайылымдарды жыл бойы сарқынды сумен суару то-пырақтың құнарлығын арттырып қана қоймай, сондай-ақ судың өзін де тазартады. Сонымен бірге сарқынды суларды тікелей өзен-дер мен су қоймаларына жіберілмеуінің арқасында ондағы су қорлары ылайланбайды. Сарқынды сумен суарғанда топырақтағы органикалық заттар бұзылып, өсімдіктер пайдалана алатындай қосындыға айналады. Әрине, жыл бойы сарқынды сумен суару үшін арнайы жасалған және белгілі бір жүйеде пайдаланылатын суармалы учаскелерді үйымдастыру қажет.

Сарқынды сулар өзінің пайда болуына қарай тұрмыстық, мал шаруашылық, ендірістік және араласқан түрлерге бёлінеді.

Тұрмыстық сарқын суларға тұрмыстық қажет ететін орындар мен тұрғын үйлердің ағын сулары жатады. Бұл сарқынды сулар-дың қүрамы өсімдіктер үшін ете қолайлы болады, олардың қүра-мында өсімдікке керекті заттардың көпшілігі кездесетіндігінен оларды санитарлық ережелерге сәйкес сақтаған жағдайда жер суаруға толығынан пайдалануға болады. 1 литр түрмыстық суда орта есеппен 40—60 мг азот, 10—20 мг фосфор, 10—30 мг калий және 50—80 мг мөлшерінде кальций болады.

Мал шаруашылығының сарқынды сулары қорадағы қиды гид-равликалық жолмен шығарғанда пайда болады. Бүндай сулардың құрамында органикалық заттардың өте мол болуына байланысты, оларды өте жақсы тыңайтқыш ретінде де пайдалануға болады.

Өндірістік кәсіпорындарында пайда болатын сарқынды судың қүрамы тұрақты болмайды. Кейбір жағдайларда олардың қүра-мында есімдіктер мен мал басына зиян келтіретін заттар кезде-сетін болғандықтан оларды жер суару үшін пайдаланар алдында тексеріп алу қажет. Егерде рлардың құрамында өсімдіктер мен мал басын уландыратын күрделі қосындылар болған жағдайда арнаулы өңдеулер жүргізілуі керек.

Ауыл шаруашылық дақылдарын, оның ішінде жайылымдарды суару мәселесінде, тамақ әнеркәсіптерінде пайда болатын сарқын-ды судын. алатын орны зор. Бұл сулардың химиялық қүрамы әр түрлі болады. 23-таблицаның деректеріне сәйкес тамақ енеркәсіп-терінде болатын сарқынды сулардың қүрамында өсімдіктерге қа-жет қоректік заттар кеп болғандықтан олардың тыңабтқыш ре-тінде алатын орны ете зор. Дегенмен бүл сарқынды сулардық құ-рамында органикалық заттардың өте көп болуына байланысты, олар су қоймаларында тазартылмай суаруға пайдаланғанда, өте

137
көп зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан бұндай сарқынды суларды индустриялық әдіспен тазарту өте қиын және тиімсіз, сондықтан оларды топыраққа сіңіру әдісімен тазартқан жөн болады,

23. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарынық сарқың суынық химиялық қүрамы

Кәеіпорындар

Тұтыну мөпшері О„ мг/л

Азот (мг/л)

Р,О5

(мг/л)


к,о

(мг/л)


(мг/л) С0О

РН

Сүт заводтары

820

50

30

35

80

7,1

Ет комбйнаттары



290

102

142

160

7,5

Крахмал заводы



265

93

486

76

6,5

Спирт заводтары

650—1200

275

100

480

93

6,0

Ашыткы заводтары



30

50

20

52

5,6

Сыра заводтары



24

15

30



6,2

Консерв заводтары









50



Жеміс-овощ заводы

160—850

15

17

50

30

6,5

Балық заводтары



160

10

-





Әдетте сарқынды судың жер суаруға жарамдылығын анықта-ғанда оның химиялык, құрамы, топырақтың генетикалық қабатта-рынын, айырмашылықтары, ауа райы және гидрогеологиялық жағ-дайлар еске алынуы керек. Бүкілодақтық сарқынды суды пайда-лану ғылыми-зерттеу институты жасаған жіктеулеріне сәйкес, барлық сарқынды сулар бес топқа бөлінеді.

Бірінші топқа кілем және шұға өнеркәсіп орындары сарқынды сулары мен тұрмыстық сарқынды сулар жатады. Бұндай саркын-ды сулар арнаулы дайындықты қажет қылмай, топырақтың бар-лық түрлері жағдайында пайдалана береді. Бұл топқа жататын сарқынды сулардың минерализация мөлшері өте төмен (0,5—2 г/л), әлсіз қышқыл, немесе сілтілі реакциялы, хлорид-сульфатты, не болмаса бикорбанат-сульфатты қүрамында болады. Оның қү-рамында органикалық заттар өте аз болып, сода кездеспейді. Натрий мен кальцийдің арақатынасы жағдайы 1:2 шамасында болады.

Екінші топқа крахмал, қант, ашытқы, консерв заводтарының және ет комбинаттарының сарқынды сулары жатады. Бүл сулар-Дың құрамы жер суаруға қолайлы болғанымен, суда асылған шө-гінділер көп кездеседі. Бүндай сарқынды суларды есімдіктердің даму кезінде суаруға пайдалану үшін, алдын ала оларды асыл-ған — шегінділерден тазартып, аздап сүйылтқан жөн. Ал енді жерді өсімдіктердің даму дәуірінен тыс уақытта суарғанда, сар-қын суды ешқандай тазартпай және сүйылтпай пайдалана беруге болады.

Үшінші топқа мақта өнеркәсіптерінің сисаға безек қондыру және ағарту-баяу кәсіпорындарының сарқынды сулары жатады.

138

Олардың қүрамында соданың мөлшері өте көп болғандықтан (200—300 мг/л), жер суғаруға пайдаланар алдында одан ажыра-тылуы керек. Бұндай сарқынды сулармен суару үшін шымды-күл-гін, орманды қоңыр және құрғатылған шымтезек топырақтар қо-лайлы болады.



Төртінші топқа синтез методымен алынатын талшық (волок-но), резинка және химиялық-фармацевтік кәсіпорындарының сар-қынды сулары жатады. Бүл сарқынды сулардың минерализация-сы өте жоғары (3—5 г/л), қүрамында қолдан жасалатын заттар көп болады. Бүндай сулар жер суару алдында әлсіретіліп, натрий мен органикалық заттар белгілі мөлшерде кемітілгеннен кейін ғана пайдалануға болады.

- Бесінші топқа улы химикаттар мен органикалық синтез жасай-тын заводтардьщ сарқынды сулары жатады. Бүл сулардың мине-рализациясы өте жоғары болғандықтан (5—15 г/л) және құрамын-да қолдан жасалатын органикалық заттардың өте көп болғанды-ғынан жер суаруға пайдалану мүмкін емес.

Әрбір топтағы сарқынды суды тазарту үшін, әртүрлі техноло-гия қолданылады.

Қалалар мен өндіріс орындарының сарқынды суларының қүра-мында есімдікке керекті негізгі қоректі заттар: калий, кальций және т. б. мол болады. Сондай-ақ сарқынды судың құрамында көптеген химиялық заттар, оның ішінде өсімдіктер мен топыраққа зиян келтіретін заттар да көп кездеседі. Сондықтан бұндай сар-қынды суларды пайдалану үшін оның қүрамындағы зиянды зат-тардың қүрамын толық анықтау керек.

Сарқынды судың құрамында өсімдіктерге пайдалы заттармен бірге, ауру тудыратын заттар да көп кездесетін болғандықтан, оларды суаруға пайдаланғанда санитарлық ережелерді толық сақ-тау керек. Мысалы, бүндай сарқынды сулар әртүрлі аурулар ту-дырмау үшін оларды алдын-ала арнаулы түндырғыштардан өткі-зіп гельминттерден тазарту керек. Еске сақтайтын бір жағдай, жаңағы гельминттердің топырақ ішінде бір жыл бойы және одан да^кеп мерзімде өзінің тіршілігін сақтай алатындығы. Осыған байланысты түндырғыштардан өткізілмеген сарқынды сулармен өсімдіктерді тек күзгі және қысқы мерзімде ғана суаруға болады. Ал мал азығы дақылдарын бүндай сумен жылдың қай мезгілінде болсын суара беруге болады.

Ірі қалалар мен өндірістік орындардың сарқынды суын кана-лизация арқылы жайылымдарға жыл бойы, үздіксіз жіберуге бо-лады, сондықтан қүрамын іріктеп, оларды жыл бойы суарудың маңызы зор.

Қазіргі уақытта сарқынды сумен суаруға қылтықсыз арпабас, су бетеге, тарғақ шеп, шалғындық кетібос шөп және шалғын ат-қонақ шөптерінің өте төзімді екендігі анықталып отыр.

139


Әртүрлі шөптерді суару үшін пайдаланылатын сарқынды су-дың мөлшері көптеген жағдайларға байланысты болады. Мысалы, жайылымды сарқынды сумен суару мерзімі және мөлшері оларға егілетін шөптердің биологиялық ерекшеліктерімен, әр шөптің суа-руды қандай мөлшерде қажет ететіндігіне сәйкес және жайылым-дардың сарқынды суды үздіксіз қабылдап, дұрыстап таратып отыруға толық мүмкіншілік туғызатындай жағдайды ескере оты-

рып белгіленеді. .

Жоғарыда көрсетілген сарқынды су жайылымдарға жіберілер алдында тазартылып, әр түрлі торлардан, құмүстағыш, және тұн-дырғыштардан өткізіледі. Сарқынды суды тазарту үшін қолданы-латын жіңішке торлардың саңлауларының ені 20 мм, ал деректі торлардың саңлауларының ені 100—200 мм шамасында болады. Осындай торлар сарқынды су ішінде кездесетін әртүрлі қағаз, шү-берек және тағы басқа үлкен қоспаларды ұстап қалады. Ал қүм үстағыштар сарқынды су ішінде кездесетін қүм, тағы басқа кіші-рек қоспаларды ұстап қалу үшін жасалады. Түндырғыш арқылы сумен араласқан гельменттердің мәйектерін түндырып алып қала-ды. Тұндырғыштар жүмысын жақсарту үшін олардың түбі мен қабырғалары асфальт, не болмаса бетоннан жасалуы керек, ал оның түбіне тұнған шегіндіні арнаулы, кейіннен жыртылатын учас-кеге жіберу керек. Топырақты шөгінді мен өңдеу үшін, оны жыр-тар алдында суару керек.

Орта есеппен шөгіндінің келемі тұндырғыштан өтетш сарқын-ды судың келемінің 0,5 процент шамасында болады. Түндырғыш-тан ететін әрбір мың текшеметр сарқынды судың шегіндісін де-зинфекциялау үшін 0,5—1,0 гектар шамасында 4 егістікке бөлін-ген 2—4 гектар жер керек. Сондай-ақ бірінші егістіктің топырағы шөгінді төгілгеннен кейін жыртылып, жыл бойы қара пар түрінде сақталады, ал қалған үш бөлікке мал азық дақылдары себіледі. Қара пар түрінде сақталатын әр гектар жерді 500—1000 текше-метр шамасында сұйық шөгіндімен өңдеп отыру керек.

Пайдаланылатын сарқынды суды механикалық жолмен тазар-ту схемасы 31 суретте көрсетілген. Жер бедеріне байланысты та-зарту қүрылыстарын орналастырудьщ екі түрі бар:

.1) Оларды суармалы жерге жақын, оның ең, биік жеріне орна-

ластыру;

2) Қалалық канализациядан сүйық зат пен газды шығарып түратын кең трубаның (коллектор) ая.қ жағына орналастыру.

Сарқынды суды тазартатын қүрылыстарды екінші турімен ор-наластырғанда, су суару жүйесіне насос станциясы арқылы керек-ті қысымдылықпен жіберіледі.

Механикалық әдіспен тазартылған сарқынды су суармалы жерге жабық трубопроводтар арқылы жіберіледі.

Жалпы сарқынды сумен суару жүйесі төмендегі элементтерден тұрады:

140



III

IV

31-сурет. Сарқынды суды механикалық жолмен тазарту схемасы:

1. тор; 2 қүмүстағыш; 3— тұндырғыш; 4— жабылымға щібері-

летін тазартылған су; 5—лай тартқыш; I—IV—шөгіндіні жерге сіңіріп айдап жіберу ушін пайдаланылатын танаптар.

— Тұрақты су тасығыштар жүйесі. Бүған белгілі мөлшерде
гидранттары бар жабық трубопроводтармен түрақты каналдар

жатады.


— Көшпелі, не болмаса уақытша жасалатын арық-атыз жүйе-
сі: Суару трубопроводтары, оқ-арық, уақытша жасалатын қүлақ-
арықтар, сайлар.

— Суару жүйесі, суару бороздасы мен тақтасы және палдар.


Жабық трубопровод арқылы сарқынды суды жыл бойы үздік-

сіз тасып түруға болады. Әдетте олар асбоцемент түтіктерімен жалғастырылады. Бұл трубопроводтар жер бетінен 0,7 метр те-реңдікке көмілуі керек. Оларды судан босату үшін, оның төменгі жағындағы бүрылыстарда су босатқыш қүлақтар жасалады.

Трубопроводтар өзінің атқаратын міндетіне сай басты, оман және қолша трубопроводтарға белінеді. Басты трубопроводтар сарқынды суды оман трубопроводтарға, ал соңғылары суды гид-ранттармен жабдықталған қолша трубопроводтарға бөліп беріп отырады. Әдетте гидранттарды суарылатын жердің ең биік жері-не орналастырған жөн, сондай-ақ әр суармалы учаскеге бір-бірден гидрант келгені жөн.

141


Ал гидранттардан сарқынды су суару трубопроводтарына жі-беріліп, одан әрі суару жүйесіне жіберіледі. Суару трубопровод-тары гидранттарға арнаулы солқылдақ шлангтер арқылы жал-

ғастырылады.

Суару трубопроводтары, әдеттегі ауыл шаруашылық дақылда-рын таза сумен суарғандағыдай, әр түрлі материалдардан жаса-лады; қүрыш табақтарынан, дюралюминиден, полиэтиленнен, өң-делген мақтадан тігілген матадан жасалады.

Ёгерде шаруашылық жағдайында суару трубопроводтары бол-май Қалған жағдайда, оқ-арықтарды да пайдалануға болады.

Мал азығы дақылдарын өсіп-ену мерзімінде сарқын сумен суа-ру екі әдіспен жүргізіледі. Мысалы, отамалы дақылдар борозда-лар арқылы, ал жаппай себілетін дақылдарды тақталап жайып суарады. Жалпы сарқынды сумен суарудың суармалы егін шаруа-шылығында қолданылып жүрген суару техникасынан аса көп ай-ырмасы жоқ, дегенмен оларды пайдаланғанда суару жүйесін өте ұқыпты жасау керек, өйткені бұл жағдайда егістіктен суды қа-шыртуға болмайды.

Шөптен бос учаскелерді қысты күні суару үшін арнаулы суару жүйесі тілінеді. Жер бетініқ бедерінің мөлшеріне қарай суару жүйесініц екі түрі қолданылады. Еңістік мөлшері 0,006-дан көп болмаған жағдайда контурлы палдар, ал еңістін, мөлшері 0,006-даң көп болғанда сатылы келтабандар қолданылады. Учаскені суаруға дайындаудың алдында қайырмасыз соқалармен жырту керек.

Әдетте сарқынды судың суармалы учаскелерді сыртына ағып кетпеуі үшін оның тәменгі жағынан биіктігі әр түрлі кедергілеу палдары жасалады. Сөйтіп осы палдар төңірегіне артық сарқын су жиналып, буферлік алаңдар пайда болады. Осы буферлік алаң-дарға жиналған артық сарқынды судың топыраққа тез сіңіп кетуі үшін қыш трубаларынан жабық дренаж жасаған тиімді болады. Жайылымды сарқынды сумен суару схемасы 32 суретте керсетіл-ген.

Су пайдалану графигін іс жүзінде орындауды қамтамасыз ету үшін суаруды жүргізу техникасы темендегідей болуы керек:



  • Сарқынды су суармалы алаңға жыл бойы үздіксіз жібері-
    ліп тұруы керек.

  • Түнгі уақытта сарқынды су реттегіш сыйымдылықтарға
    жіберіліп, немесе алдын ала жөнге келтіріліп қойған трубопро-
    водтармен суару жүйесі арқылы суаруды автоматтандыру керек.

  • Суару графигінің өлшеу шамасы болып тәулік ішінде суа-
    рылатын келем алынады.

Сарқынды сумен суару режимінің ерекшеліктері. Жайылымды сарқынды сумен суару режимінің, оны таза сумен суару режимі-мен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар. Бүл ерекшеліктер суарылатын жайылым учаскесінің сарқынды суды бойына қабыл-

142


32-сурет. Жайылымды сарқынды сумен суару схемасы:

. . - -.— —і-.,—.„^, і-;шііп ч^ору і;лсмасы:

1— щабық су кұбыры; 2— гидранттар; 3— суару құбыры; 4— суару бороздасы;

5— су босатңыш ңұлақ; 6— бөгет оуын босататын ңұлаң; 7— насос станциясы;

8— қысымды ңұбыр; 9— тазартқыш күрылыстар; 10— шөгіндіні шерге айдап

жіберу үшін қолданылатын учаске.

дай алатындай мүмкіншіліктің болуының және бүндай судың тың-айтқыштық маңызының өте жоғары болуына байланысты.

Жайылым өнімін арттыру жолында онда өсетін шептерді сумен мезгілінде және толығымен қамтамасыз ету факторы шешуші орын алады, сондықтан оларды суару режимін дүрыстап анықтау кажет.

Орта шамамен А. К. Зайкиннід есебі бойынша жайылымның әр гектарынан 100 центнер қүрғақ шөп алу үшін оған жыл бойы барлығы 3300—3700 м3/га тұрмыстық ендірістердің сарқынды суы берілуі керек.

Жалпы жайылым бір рет қысты күні суарылып (1000 м3/га) және жыл бойы бірнеше рет суарылуы керек. Әдетте жайылымда өсетін шептер ылғал сүйгіш есімдіктерге жатады, сондықтан әр бір килограмм қүрғақ зат құру үшін тарғақ шөп 501 кг, шалғын

143

атқонағы 489 кг, шалғындық көде шеп 523 кг және қоян құй-рық 551 кг шамасында ылғал жұмсайды. Сондай-ақ көптеген бір жылдық жүгері, қант қызылшасы, картоп сияқты дақылдармен салыстырғанда дәнді шөптер ылғалды өте көп жұмсайды.



Бір гектар жерге орналасқан суарылатын шөптердің жалпы пайдаланатын ылғалының мөлшері (ылғалдың өсімдіктер мен то-пырақ бетінен булануын қоса санағанда) республикамыздын, да-лалық аудандарында 8—10 мың текшеметр шамасында болады. Сондықтан бір гектар суармалы жайылымға өсу дәуірінде жібе-рілетін судың мелшері осы көрсеткішке сәйкес анықталғаны жөн. Сарқынды сумен суарылатын жайылымдарда ылғалдың қолайлы режимін сақтау үшін жыл бойы болатын жауын-шашынның тиім-ді мөлшері ғана есепке алынуы керек. Әдетте оның мөлшері жыл-ғы нормасының 70 процентіне тең болады.

Жүргізілген есептерге сәйкес жайылымның әрбір гектарына жыл бойы жіберілетін сарқынды судың мәлшері далалық аудан-дарда 5—7 мың текшеметр, ал қуаң аудандарда 8—9 мың текше-метр шамасында болуы қажет. Әрине жауын-шашын көп болған жылдары есептеген норманың мөлшері бірсыпыра азайтылып, ал қуаңшылық болған жылдары көбейтілуі керек. Бұл норманы 1 мың текшеметрге көбейту, не болмаса азайту су тапшылығын бол-дырмауға әбден жетеді. Әрбір гектар жерге жыл бойы жіберілетін сарқынды судың мөлшері 4—5 мың текшеметр шамасында бол-ғанда, оларды жаңбырлатып, ал одан көп болған жағдайда беткі жағынан, не болмаса, сіңіре суару мен жаңбырлатып суаруды ара-лас қолданған жен.

Бір гектар жайылымға жыл бойы қажет болатын сарқынды судың мөлшерін оған егілген шөптердің жалпы пайдаланатын ыл-ғал мөлшері арқылы анықтағанда, онық мөлшері оларды әрбір рет суарғанда жұмсалатын судың қосындысының шамасына жа-қын болуы керек. Бүл мөлшерді анықтау үшін бір мезгілдегі то-пырақ ылғалдылығының тапшылығын анықтау қажет.

Жайылымды мезгілінде суару арқылы, оны барлық мерзім бойы сумен қамтамасыз ететіндей ылғал қорын жасау керек. Жалпы жайылымды бір рет суарғанда жүмсалатын судың норма-сын төмендегі формула арқылы табуға болады.

т=100-н-А(рі—р2)

бұнда: н — топырақтың тамыр жайылатын қабаты, м;

А.— топырақ қабатының көлемдік салмағы, т/м3;

Рі — суару алдындағы топырақтың ылғалдылығы, %;

рг — топырақтың ең кем су сыйымдылығы, %.

Суармалы жайылымдарда топырақтың тамыр жайылатын қа-батына өсімдіктер тамырының 90% орналасқан қабаты жатады. Әдетте бұл қабаттың мөлшері 0—40 және 0—50 см шамасында болады.

Топырақтың суару алдындағы ылғалдылығының жайылымдар-ды қолайлы режимде суаруды ұйымдастыруда алатын орны өте зор, ейткені осы мелшерге қарай топырақты, жайылым өніміне әсерін тигізбейтіндей мөлшерге дейін құрғатуға болатындығын анықтауға болады. Көптеген ғылыми-зерттеу мекемелерінің жә.ңе озат шаруашылықтардың деректері бойынша бұл мөлшер топы-рақтың ең кемсу сыйымдылығыньщ 70—75 проценті шамасында

болғаны жөн.

Сарқынды сумен суарылатын жайылымдардың топырақ ыл-ғалдылығын қолайлы мелшерде ұстаудың ете үлкен маңызы бар. Мысалы, жеңіл топырақты жерлерде суару нормасының мөлшері-нін, көп болуы суды тиімсіз пайдалануға әкеп соғады. Ал бүған керісінше, ауыр топырақты жерлерді сарқынды сумен суару нор-масының мөлшерден көп болуы оның батпақтануымен бірге, өні-мінің кеміп кетуіне әкеп соғады. Сондай-ақ жайылымға сарқынды суды өте кеп мөлшерде жіберу, олардын, тазарту жағдайын да на-шарлатады. Сарқынды сумен көп жылдар бойы және үлкен нор-мамен суарылған жайылымдардың құнарлығы да өте төмендеп кетеді. Сондықтан бір гектар жайылымға есу дәуірі бойы жібері-летін сарқынды судын, көлемі белгілі мелшерден аспағаны жөн. Мысалы, құмақ топырақты жайылымдардық әр гектарына 3 мьщ текшеметрден артық сарқынды су жіберілгенде онын, қүнарлығы кеміп, топырақтың сарқынды суды тазарту мүмкіншілігі кемуімен бірге, жер асты суыньщ ластану қаупі туады.

Жеңіл және орта салмақты топырақтарды беткі жағынан сар-қынды сумен суарғанда, суару нормасы шамасын 1000 м3/га жә-не одан да көбейтуге болады, ал бір гектар жайылымға жыл бойы жіберілетін сарқын судың мөлшерін, яғни суармалау нормасьвд 4000—7000 текшеметрге дейін көтеруге болады.

Жайылымды суару режимін, оны тиімді пайдалану жұмыста-рымен тығыз үйлестірілуі қажет. Мысалы, жайылымды жазғы тұрым сарқынды сумен суару топырақты едәуір жылытады. Бүн-да бір айта кететін жағдай — таза судың жайылым отының жақ-саруына қолайлы әсері ауаньщ температурасынын, 10°С-дан жо-ғары болғанында ғана тиіп, ал сарқынды судың бүндай әсері ауа-ньщ температурасының 10°С-дан жоғары көтерілгенінде бастала-тындығы. Сондықтан жайылымды сарқынды сумен суаруды нау-рыз айының басынан бастап қолдана беруге болады. Сонымен бір-ге сарқынды суды жылыту үшін пайдаланғанда, жайылым отынын, ертерек өсуіне және мал жаюды ертерек бастауға мүмкіншілік

туады.


Жазғы айларда жайылымды суару жүмыстары, оларда малды жайып алғаннан кейін үйымдастырылып, әр өрісті суару үзақ-тығы екі күннен артық болмауы керек. Суару аралық мерзімі 20— 25 күн шамасында болады. Егерде ауа райы ыстық және қүрғақ болса, жайылымда малды екінші рет жаю аралығында, оны екі

145,
реттен кем суармаған жөн. Бұндай жағдайда суару аралығы мер-зімі 10—14 күн шамасында болады.

Жайылымдарды сарқынды сумен беткі жағынан жаңбырлатып және астыңғы жағынан суаруға болады.

, Оларды беткі жағынан суарғанда суарылатын жайылымға су ашық каналдар, солқылдақ трубопроводтар арқылы жеткізіліп, жайылымға таратылады. Жайылымды бұл әдіспен суару, басқа әдістермен салыстырғанда қаржыны өте кеп қажет етпейді. Бұл әдістің кемшілігіне, судың көп мөлшерде жұмсалатыны және то-пырақтыц .ылғалдылығының біркелкі болмауы жатады. Топырак-тың ылғалДылығының біркелкі болуын, сарқынды судың жайы-лымнан тыс жерге ағып кетпеуін және техниканы тиімді пайдала-нуды қамтамасыз ету үшін оның бетін мүқияттықпен тегістеу қерек.

Жайылым бетін тегістеудің екі түрі болады: құрылыстық және пайдалану. Құрылыстық тегістеу Д-147, Д-183Д скреперлері, Д-20А грейдерлері және Д-159Б, Д-149 және Д-216 бульдозерлері күшімен орындалады. Бүндай тегістеу жүмыстарын жүргізу үщін арнаулы жобалар жасалады және бұл жұмыстар арық-атыз қү-рылыстарын салу жүмыстарымен бірге жүргізіледі.

Ал енді тегістеу жүмыстары жайылымды пайдалану мезгілінде жүргізіледі. Әдетте бүл жұмыстар күзді күні жерді жыртқаннан кейін ПТ-4, ПС-2,75 маркалы үзын базалы тегістеушілермен ат-карылады. Бүл тегістеушілер жайылым үстімен бірнеше рет жү-ріп өткенде оның бетін тегістеп шығады. Жайылым бетін тегісте-генде тегістегіштер еңістің бойымен және оған кесе-келденең ба-ғытта жүруі керек. Жайылым бетін тегістегенде оның кейбір жер-лерін кесу мөлшері әдеттегіден көбірек болуы мүмкін, ейткені бүл жерлердің топырағының қүнарлылығы сарқынды судың қүрамын-дағы тыңайтқыштардың әсерінен тез қалпына ке!леді.

Жайылымдарды сарқынды сумен беткі жағынан суару үшін әр түрлі әдістер қолданылады. Қазіргі уақытта өте кеп тараған әдіс — суды жайып тақталап суару. Бүл әдісті қолданғанда су жай-ылым бетімен жүқа қабатталып, ағып отырып топыраққа сіңеді. Суару тақталарын жасау үшін еңісті бойлап арнаулы тақта жа-саушылар (риджерлер) күшімен палдар жасалады. Бүл риджер-лер бір-біріне 70° бұрыштап орналастырылған аспалы рама мен қайырмадан және СУБ-48, СД-24 сепкіштерінің рамаларына жал-ғанылатын кетергіш механизмнен түрады. Суару тақталарынын ені сепкіштердің еніне тең болуы керек. Тракторға тіркеген тақта бір жүріп өткенде тақта беті тегістеліп, оның ортасында биіктігі 15 см табанының жалпақтығы 60 см палдар жасалып, сепкіштер палдар мен тақталардың жартысына тұқым сеуіп кетеді. Палдар-ды бұзып кетпеу үшін, оның үстімен жүретін сепкіштің шүмегінен тартып тұратын серіппеден босатып қою керек.

146


Соңғы жылдары жайылымдарды сарқынды сумен жаңбырла-тып суару әдісі өте көп тарап келеді. Бұл әдісті шаруашылық жағдайында колдану өте тиімді болады, өйткені суару нормасын реттеп, топырақтың ылғал-ауа режимін қолайлап, жайылым бе-тіне судын, біркелкі белінуін қамтамасыз етеді. Онымен бірге то-пырақтың ылғалдануы табиғи жаңбыр жауғандағыдай болып, су оттегімен байытылып, топырақ тосаптанбайды және бетін тегістеу жұмыстарына жүмсалатын қаржы кеміп, суды тиімді пайдалану-

ға мүмкіншілік туады.

Сарқынды суды жақсылап тазартқан жағдайда жайылымдар мен шабындықтарды жаңбырлатып суару әдісін кеңінен қолдану-

ға болады.

Мысалы, астана түрғын үйлерімен кәсіпорындарынын, және қа-ла маңындағы аймақта пайда болатын, көлемі тәулік сайын 459 мын, темшеметрге тең сарқынды сулар қала сыртындағы коллек-тор арқылы Сорбүлақ келіне қүйылады. Қүрамындағы азот, фос-фор және калийдін, мөлшеріне сәйкес Алматы қаласының сарқын-ды суы қазіргі уақытта орта тыңайтқышты қүнды сулар қатары-

на жатады.

«Союзводканалпроект» институтынын, Қазақ бөлімшесінін, де-ректеріне сәйкес Алматы сарқынды суларының қүрамында: азот— 33 г/м3, фосфор—14 г/м3 және калий—12 г/м3 мелшерінде бола-

тыны анықталған.

Жамбыл гидромелиорация-қүрылыс институтынық ғалымда-рының жүргізген зерттеулерінің нәтижесіне сәйкес Алматы қала-сының сарқынды суларының қүрамында негізгі керекті заттардың ара қатысы 2,5:1,0:1,0 шамасында болатыны анықталды. Ал енді көңнің қүрамында бүл негізгі қоректі заттардын, ара қатысы 2,0: : 1,0:2,0 шамасында болатынын ескерсек, астана сарқынды сула-рын толық тьщайтқыш деп санауға брлады. Сондай-ақ зиянды ин-гредиенттердін. көпшілігі сарқынды су құрамында аз мелшерде болған жағдайда, олар суармалы жайылымның өнімділігін арт-тыруға себеп те бола алатынын естен шығармау керек.

Алматы қаласының сарқынды суларын ауыл шаруашылық да-қылдарын суару үшін қолдануға болатындығын қала маңындағы совхоздар мен колхоздардың 40 жылдық тәжірибесі толығынан дәлелдейді. Сарқынды суларды толығынан пайдаланып, ауыл ша-руашылық дақылдарынан мол өнім алып жүрген шаруашылықтар аз емес. Мысалы, Алматы облысының Іле ауданына қарасты Қа-зақ ССР-ының 40 жылдығы атындағы колхозда сарқынды сулар-мен 1560 га жер суарылып, жүгерінің әр гектарынан 236,5 цент-нер енім өндіріліп, онын, езіндік қүны әр центнеріне 1,11 сом ша-масында ғана болып жүр. Осы шаруашылықта жоңышқаның әр гектарынан 33,8 центнер, қант қызылшасынан 477 центнер өнім өндіріледі. Ал енді «Қомсомол» совхозында сарқынды сулармен суарылатын жердің келемі 1000 гектарға жуық және әр гектар

147

жоңышқадан 45—80 центнер шөп, қант қызылшасынан 350—400 цеқтнер және жүгеріден 40 центнер тұқым алынады. Борондай мал бордақылау совхозындағы сарқынды сулармен суарылатын жердің көлемі 2000 гектар. Мұнда осындай сулармен суарылатын жерлердің әр гектарынан жүгерінің 301,0 центнер көк массасы, жоңышқадан 500 центнер сүрлем және жүгеріден 70,6 центнер тү-қым алынып жүр.

Алматы қаласының сарқынды суларын Іле ауданына қарасты құс фабрикасы, жүзім совхозында және «Қаскелең» совхозында тиімді пайдаланып жүр.

Ауыл'шаруашылық дақылдарын суару үшін сарқынды суларды пайдалануда біраз тәжірибенің барына қарамастан оларды ғылы-ми негізде пайдалану жөнінде ұсыныстар өте аз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет