Интернетте қозғалыс көбінесе URL- адрестің көмегімен емес, Гиперсілтемелердің көмегімен жүргізіледі.Web-беттегі гиперсілтемелер асты сызылған көк түсті мәтінмен бейнеленді. Гиперсілтемеге тышқан нұсқағышын алып барса,оның пішіні саусақтың түріндей болып өзгереді.Сілтемеде көрсетілген Web- құжаттың URL- адресі қалып –күй жолында көрсетіледі.
Web – беттерде графиктік сілтемелерде көп кездеседі.Гиперсілтемелерде олардың жанама менюі арқылы қосымша мүмкіншіліктерін пайдалануға болады. Ағымдағы бетке және олардың элементтеріне қатысты басқа да амалдарды жанама меню арқылы орындауға болады. Мысалы, беттегі суретті:
файл ретінде сақтауға болады. (сохранить рисунок как);
жұмыс үстелінің фоны немесе активті элемент ретінде қолдануға болады.(Сделать рисунком рабочего стола,Сохранить как элемент рабочего стола ).
Броузерді басқару тәсілдері
Web- құжаттарды қарап шығу үшін аспаптар панеліндегі кәдімгі батырмалар (Обычные кнопки) пайдаланылады. Бұрын қарап шыққан беттке қайта оралу үшін Артқа (Назад) батырмасын басады.Қайта сол орынға қайту үшін Алға (Вперед) батырмасын басу керек.
Егер жүктелу процессі ұзаққа созылып кетсе Тоқта (Стоп) батырмасын басады. Броузер жұмысын бастаған бастапқы бетті қайта жүктеу үшін Үйге (Домой) батырмасын қолданады. Программамен жұмысты аяқтау және терезе құру, ашылған құжатты өз компьютерінде сақтау, оны баспаға шығару,дербес режимді қосу немесе ағыту жұмыстарын Файл менюінің командалары орындайды.Құжаттың буферін алмасу буферіне көшіру және Web- бетте мәтінді іздеу Түзету (Правка) менюіндегі командалардың көмегімен жүргізіледі.Аспаптар панелін,қалып күй жолын қосымша панельдерді ағытып қосу, қаріпті таңдау Түр(Вид) менюі арқылы орындалады. Броузерді баптау,Интернеттің басқа қызмет түрлерімен жұмыс істеуге көшу Сервис менюінде орындалады.
Таңдамалы (Избранное) менюі жиі қатынап тұратын беттердің тізімін жүргізу үшін және оларға жылдам қатынау үшін қолданылады.
World wide web –те ақпарат іздестіру
Интернеттің ақпараттық кеңістігінің өлшемі өте ауқымды, шексіз ол бірнеше милиардтаған Web құжаттарды қамтиды.Осы қаптаған ақпараттың ішінен өзімізге қажетті құжатты іздеп табу қиынға түседі.Әрине керек ақпаратты URL-адресі бойынша тауып алуға болады.Бірақ World wide web қызмет түрінің өз іздестіру жүйелері бар.Қолданушының сұранысын қанағаттандыратын беттерге жіберетін гиперсілтемелер тізімін шығарып береді.
Іздестіру жүйелерінің екі түрлі моделі бар:
Іздестіру каталогтары ;
іздестіру нұсқағыштары .
Іздестіру каталогтарының құрылысы ірі кітапханаларға ұқсас.Ондағы ақпарат тақырып бойынша каталогтерге топтастырылған.Қандайда бір іздестіру каталогіне кіріп,оның негізгі бетінен ірі тақырыптарға бөлінген тізімді аламыз. Тізімдегі әрбір жазба гиперсілтеме түрінде берілген қандайда бір тақырыпты алу үшін сол гиперсілтемеге шерту жеткілікті.Таңдап алынған тақырып бойынша тереңірек ақпарат алуға болатын келесі бетті ашып аласыз. Дүние жүзіндегі ірі іздестіру каталогтарының бірі Yahoo!.. Ресейдің ең ірі іздестіру каталогі “Атрус” (atrus.aport.ru).
Іздестіру нұсқағыштарының жұмыс істеу принціпі ақпаратты түйінді сөз бойынша іздестіруге негізделген.Қазіргі таңда әлемде он мыңға жуық іздестіру нұсқағыштары бар.Олардың ішінде кеңінен танымалдары Google(www.google.com),Netscape Search(www.search.netscape.com)6Fast Search (www.alltheweb.com),Northern Ligth (www.northernligth.com),Go To (www.goto.com)және т.б. Ал Ресейдің белгілі іздестіру нұсқағыштары Iandex (www.yandex.ru),”Апорт 2000”(www.aport.ru), “Ремблер”(www.rambler.ru).
Лекция 21
Тақырыбы: Электрондық пошта
Жоспар
-
Электрондық поштаның жұмыс істеу принцптері.
-
Электрондық пошта жүйесіндегі адрестер.
-
Электрондық поштамен жұмыс істеуге арналған танымалы программалар.
4.Электрондық поштаның құрылыымы.
Әдебиеттер
1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р.
Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.
2.Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.
3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және
компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.
Бұл Интернеттің ертерек пайда болған қызмет түрлерінің бірі.Онымен қамтамассыз етуді Интернетте арнаулы пошталық серверлер деп аталатын программа жүргізіледі.
Пошталық серверлер клиенттен алынған хабарды адресаттың пошталық серверіне жөнелтеді. Бұл жерде хабарлар жиналады.Адресат пен оның пошталық серверінің арасында байланыс орнатылған кезде келіп түскен хабарлар автоматты түрде адресаттың компютеріне жіберіледі.
Шығарылатын хабар қызметі SMTP хаттамасына негізделген (SMTP Simple Mail Transfer Protocol –простейший протокол передачи почты). Келіп түсетін хабар қызметі РОР3 хаттамасымен жүргізіледі (Рost Office Protocol 3- протокол почтового отделения,
версия 3).
Электрондық поштатамен жұмыс істеу реті.
-
SMTP және РОР3 хаттамаларын ұсынушы қызмет түріне тіркелуі қажет. Тіркелу нәтижесінде клиент SMTP- дің есепке алу жазбаларын алады.Бұл жазбаларды интернетке жалғаушы сервис провайдерлер береді.
-
Өз компютерінде электрондық поштаның программа-клиентін орнатады.
-
Пошта клиентін SMTP және РОР3 жазбаларымен жұмыс істеуге бейімдеп, баптайды.
-
Қолданушы өзі жіберетін хабарды даярлап,қабылдаушының адресін енгізіп , жіберу командасын орындалуы қажет.
WWW –ге негізделінген электрондық пошта.
SMTP және РОР3 хаттамаларына негізделінген кәдімгі пошта Е-mail деп аталады.Бұл пошта Wed- броузерлермен жұмыс істеуді жақсы меңгерген қолданушыға өте қолайлы. Бұл жеке қызмет түрі емес,жоғарыда біз қарастырған НТТР хаттамасы негізінде WWW қызметінің құралдарымен жүзеге асырылған сервис болып есептеледі.Интернет жағынан бұл сервис кәдімгі Web – серверлермен, ал клиент жағынан кәдімгі Web-броузерлермен жүргізіледі.
Web-mailмен жұмыс істеу реті:
1) Web-mail электрондық поштасының есепке алу жазбалары Web-сайт қызмет түрінде дайындалады.Оған қосылу үшін броузердің көмегімен кәдімгі URL-адресі бойынша өтеді. Тіркелу қайсыбір
Web-бетте НТМL қалыбын толтыру арқылы жүргізіледі.
2) Хабарды даярлау және жіберу Web қалыптың өрістерін толтыру арқылы орындалады. Даяр болған хабар шындығында НТМL пішімінде жазылған құжат болып табылады.Яғни ол қаріптік және түстік пішімделген, фондық бейнесі бар енгізілген графикасы және басқа да обьектілері бар Web-құжат болып есептеледі.
3) Web -mail адресіне қабылданылған хабар серверде сақталынады және оны броузердің көмегімен кәдімгі Web – бет сияқты көруге болады.Қажет болған жағдайда оны өз дискетіңізге көшіріп алуға болады.
Электрондық поштаның құрылыымы.
Электрондық поштаның әрбір жеке хабарын мәліметтер базасының жеке жазбалары ретінде қарастырылған дұрыс. Сонда РОР3 “пошта жәшігі” – қашықтатылған мәліметтер базасы болса,ал компютерде қабылданылған хабарлар жергілікті мәліметтер базасы деп есептеуге болады.Сонымен, әрбір хабар мәліметтер базасының жеке жазбасы болып табылады.Ал әрбір жазбаның өрісі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |