ОҚУ Әдістемелік кешен “Информатика” пәні бойынша 050301 “Құқықтану” мамандығының студенттері үшін силлабу с



бет18/29
Дата09.03.2016
өлшемі2.39 Mb.
#47391
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29

Хабардың тақырыбы


Электрондық поштадағы хабар екі бөліктен тұрады: хабардың тақырыбы және негізгі бөлімнен.Тақырып келесідей өрістерден тұрады:Кімге ( Кому-адресаттың аты); Көшірмесі(Копия) – мұнда осы хаттың көшірмесі жіберілген адресаттардың аттары.Тақырып (Тема)-мұнда хабардың қысқаша мазмұны келтіріледі.Электрондық поштамен мәтіндік, мультимедиялық, архивтік және басқа да файлдарды жібере аламыз. Негізгі бөлімде жіберілетін мәтін орналасады.

Пошталық клиенттердің қызметі мен қасиеттері

Электрондық пошта клиенттерінің түрлері өте көп.Windows операциялық жүйесі үшін кең қолданылатын пошталық клиенттер:



  • Microsoft Outlook

  • Microsoft Outlook Express

  • Eudora (www. Eudora. Com.)

Пошталық клиеттердің кейбір қасиеттері мен атқаратын қызметтеріне тоқтала кетелік.

Хабарды қабылдау және дербес көру. Бұл барлық пошталық клиенттердің негізгі қызметі.РОР3 серверіне қосылған соң, келіп түскен хабарлар пошталық клиентін мәліметтер базасына автоматты түрде көшіріледі,осыдан кейін оны дербес режимде оқуға болады (яғни тораптан ағытулы күйде).

Жаңа хабарды даярлау. Бұл функцияны жүзеге асыру үшін программаның құрамдас мәтіндік редакторы болады. Мұнда алмасу буферін қолдану, мәтіннің қодталуын таңдау мүмкіншіліктері қарастырылған.

Хабарды реттеу. Шығатын және келетін хабарды ретке келтіру топтаудың және сұрыптаудың көмегіменжүзеге асырылады.Хабарларды логикалық қаптамаларға орналастыру топтау болып табылады. Шындығында барлық хабарлар бір ортақ мәліметтер базасында сақталады.

Оларды қаптамаларға орналастыру базадағы жазбаларды сүзгілеумен пара-пар .

Лекция 22

Тақырыбы: FrontPage редакторы.

Жоспар

    1. FrontPage редакторы туралы жалпы мәлімет.

    2. FrontPage мүмкіндіктері.



Жалпы мәліметтер
Өзіндік Web-бет жасауға кipicep алдында бұл бөлімнің негізгі түсініктерімен және тepминдepiмeн танысу қажет. Сонымен, сайт дегеніміз не? Бұл — Web-серверде жататын беттердің, HTML пішіміндегі жинағы.

Web-сервер - бұл осы беттерді пайдаланушылар сұратуы бойынша беретін, Интернетке унемі қосылып түрған компьютер.

Web-тарап — Web-бeттepдің жай ғана жиынтығынан анағурлым үлкен нәрсе. Бұл — торапты бip тұтасқа байланыстыратын гиперсілтемелер жүйесі, тораптың бірыңгай стилистикалық безендірілуі, тораптағы ақпараттың уақтылы жаңаруы мен жеке беттердің жүктелу жылдамдығы және тағы басқа нәрселер.

Web құжаттардың кәдімгі электрондық құжаттардан негізгі айырмашылығы — гиперсілтемелері болуында. Гипермәтіндік сілтемелер Web құжатын қарап отырғанда оның басқа бөлігіне немесе басқа Web құжатына өтуге, немесе Интернет қызметтерінің біріне шығуға мүмкіндік береді. Әдетте, гиперсілтемеге сәйкес Web құжаты мәтінінң бөлігі көк түспен ерекшеленеді немесе асты сызылады. Гиперсілтемеге ауысқанда маус меңзері саусағы нұсқаулы ашылған алақан пішімін қабылдайды. Егер мұндай нұсқағышпен гиперсілтемені шертсе, онда гиперсілтемеде көрсетілген адрес бойынша өту іске асырылады. Гиперсілтемеден бетке қайтқанда көк түс шие-қызылға ауысады. Түс ауысуы пайдаланушыға "пайдаланылған" гиперсілтемелерді қадағалап отыруға мүмкіндік береді.



Yй бeтi дегеніміз - сұратуында Web атын көрсетіп, бірак нақты беттің атын бермеген пайдаланушының сұратуы бойынша сервермен берілетін Web-бет. Web уй беті бар файлға index.htm немесе default.htm стандартты ат меншіктеледі. Ұй беті — бұл Web-тің айнасы, сондықтан оны жобалауға және безендіруге ерекше мән беріледі, ойткені оның негізгі қызметі — пайдаланушыға Web-тің басқа беттері мен құжаттарына өтудің ынғайлы әдістерін ұсыну.

HTML тілі "гипермәндік белгілеу тілі" болып табылады. HTML файлы дегеніміз - htm немесе html кеңейтуі, браузерімізде (браузер — Интернеттің терезеci іспеттес, мысалы, Internet Exploler немесе Netscape Navigator) көретін беттік мәтіні бар кәдімгі мәтіндік файл және кейбір басқарушы жазбалар — тегалар. Коп жағдайларда бұл тілді білу де шарт емес, бәрін өздері-ақ жасап беретін арнайы редакторларды пайдалануға болады. Сондай редакторлардың бірі — кәдімгі Microsoft Word 2000. әрине, Microsoft Word 2000 бет жасаудың маңызды құралы бола алмайды. Ол HTML-дың барлық мүмкіндіктерін пайдалана алмайды, мәтіннің көрінісі де онда браузердегідей емес және т. б.
FrontPage мүмкіндіктері
Маңызды HTML редакторы деп Microsoft FrontPage-нi атауға болады. Бұл Интернетке арналған арнайы редактор және, бip жақсысы, ол Word-қа ұқсайды, сондықтан оны ұғыну сендерге қиынға соқпайды.

Microsoft Front Page 2000 версиясының (бұдан әрі FrontPage 2000 немесе жай ғана FrontPage Редакторы) редакциялау мүмкіндіктері мол.

Frontpage Редакторы HTML-ді буге-шігесіне дейін білуді талап етпей-ақ, кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді. Егер бетті редакциялау барысында сөзді құрсивпен ерекшелеу немесе тақырып түсін өзгерту қажет болса, Word-тағыдай мәтіннің қажетті фрагментін белгілеп, тиісті батырманы басыңдар — ic бітті. Frontpage HTML-дің тиісті кодын өзі генерация лайды.

Қаласаңдар, тікелей Редакторда HTML кодын жазып, сол мәзетте, броузерді іске қоспай-ақ өз жұмыстарыңның нәтижелерін көрулеріңе болады.

Редактордың тамаша мүмкіндіктерінің бірі — оның беттерді WYSIWYG режімінде көрсете алатын қабілетінде (what you see is what you get - не көpceңіз, соны аласыз). Бұл дегеніміз — олардың браузердегі көpінici Редактордағыдай болады деген сөз. Күні кеше ғана HTML кодгарында ұсақ-түйекке дейін қолмен сипаттап отыруға мәжбур болып, нәтиже ойдағыдай болатынына үміттеніп қана қоятын едік. Енді жерде, беттің Редакторда дұрыс көрінуіне ғана қол жеткізу жетіп жатыр.

Frontpage Редакторында жұмыс істеу Microsoft Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуге өте ұқсайды. Мұнда да жартылай қара қаріп, құрсив және астын сызу, маркерленген және нөмірленген тізімдер, операцияны қайталау және орындатпау сияқты стандартты батырмалар қолданылады. Редактор терезесінде мәтін енгізу дәл Word-тағыдай іске асырылады; орфографияны да дәл Word-тағыдай тексеруге болады. Редакторда кестелер және фреймдер (frames) құру өте ыңғайлы. Фреймдер жөнінде кейнірек әңгімелейміз.

Word-тaғыдай Frontpage Peдактopы бip мезгілде бipнеше файл ашуға мүмкіндік береді ал Редактор беттермен ic жүргізетін болғандықтан, ол бip мезгілде бірнеше бет ашуға мүмкіндік береді деп батыл айтуға болады. Бұл мүмкіндік бip

беттен басқасына жылдам өту қажет болғанда өте пайдалы. Сонымен қатар Редактор бетті Интернеттен көшірмелеуге (букіл HTML кодымен қоса) және редакциялап шығуға мүмкіндік береді. Басқа сайттарыңнан ақпаратты жылдам алу қажет болғанда да бұл ыңгайлы болады.

Бетте кезекті элементті орналастырып жатқанда қарапайым принципті ұстануға тырысыңдар: кәдімгі мэтіндік процессорда жұмыс істеп жатырмын деп санаңдар, мысалы, Microsoft Word-та. Редактордағы көптеген бет элементтерімен манипуляциялау әдістері өздеріңе Word-пен жұмыс icтey бойынша таныс әдістерге толығымен ұқсас. Коптеген меню және инструменттер панельдері де Word-тағы сондай элементтерді қайталайды.
Лекция 23

Тақырыбы: FrontPage редакторы.

Жоспар


      1. FrontPage редакторын қосу.

      2. Мәтіндерге қолданылатын амалдар.

      3. Microsoft Office файлдарынан материал пайдалану

      4. Web-бетті жасау


Редакторды іске қосу
Редакторды іске қосу үшін мынадай әрекеттер тізбегін орындаңдар:

Пуск Программы Microsoft FrontPage

Іске қосқанда Редактор екі менюі бар терезені ашады. Терезенің жоғарғы бөлімінде көpiнici Office қолданбасының барлық терезелеріндегідей стандартты менюлер және инструменттер панельдері орналасқан. Сол жақтағы меню арнайы FrontPage үшін жасалған, бұл — жұмыс түрлері немесе peжiмдepi менюі. Барлық инструменттер панельдері көpiнетін кезде Редактордың көрінici 2-суреттегідей болады.

Standard (Стандартная), Fotmat (Форматирование), Image (Рисование), Forms (Формы), Advanced (Дополнительно), Table (Таблица) инструменттер панельдері View (Вид) менюі арқылы басқаруға және Word-тағыдай бұл панельдерді View (Вид) командасымен алып тастауға немесе қосуга болады.



Views сол жақ инструменттер панельдерін қарастырайық:

1. Page — бетті, редакциялау экранның төменгі сол жақ


бұрышында орналасқан үш қосымша бeтi бар құрамдас
беттер редакторын шақыртады.

  • Normal (Обычный вид) — бетті визуальды (Word-
    тағыдай жасау).



2-сурет. FrontPage Редакторы терезесінің жалпы көрінісі


  • HTML (Код HTML) - HTML режімінде редакциялау

  • Preview (Предварительный просмотр) — нәтижені брау-
    зердегідей қарау.

Бұл қосымша беттер редакцияланып жатқан бетті әртүрлі

көзқарастар түрғысынан көруге мүмкіншілік береді. Іске қосқанда кәдімгі режім орнатылған (Normal қосымша беті).



  1. Folders — қапшықтар және файлдармен торап ішінде
    жұмыс icтey режімі, бұл файлдарды тасымалдауға мүмкіндік
    береді.

  2. Reportsесеп берулер, торап жөніндегі ақпарат.

  3. Navigation — навигация, ол тораптың құрылымын
    қарауға және өзгертуге мүмкіндік береді.

  4. Hyperlinks — активті беттің гиперсілтемелерін қарау
    және түзету.

  5. Tasks - тапсырмаларды бейнелейді, торапқа қатысты
    жұмысты жоспарлауға және жасалғанды белгілеп отыруға
    көмектеседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет