ОҚУ Әдістемелік кешен


Иерархиялық құрылымды мәліметтер



бет5/28
Дата05.03.2016
өлшемі1.54 Mb.
#42812
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Иерархиялық құрылымды мәліметтер


Тізім немесе кесте түрінде бейнелеуге келмейтін, реттелмеген мәліметтерді иерархиялық түрде бейнелейді. Бұл тәріздес құрылымдар бізге күнделікті өмірден таныс. Негізінен түрлі ғылыми жүйелеуде кеңінен қолданылады.

Иерархиялық құрылымдардағы әрбір элементтің адресі құрылымның төбесінен берілген элементке дейіәнгі жолмен анықталады. Мысалы, Paint программасын іске қосатын командағаәкелетін жол былай көрсетіледі:

Іске қосу Программалар Стандартты Paint

(Пуск Программы Стандартные Paint )


1.4. Файлдық құрылым

Мәліметтерді сақтаудың бірлігі ретінде файл деп аталатын объект қабылданған

Файл дегеніміз өзіне ғана аты бар, еркінше алынған байттар жиынынан тұратын тізбек. Файлдар байтпен өлшенеді. Бір байт сегіз биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады. әрбір файл қандай да бір типке жататын мәліметтерді сақтауға арналған. Бұл жағдайда мәліметтер типі файлдың типін анықтайды. Файлдың аты қайталанбайтын, тек осы файлға ғана тән болуы қажет, және арасына нүкте қойылған екі бөліктен тұрады; атауы мен кеңейтуі. Файлдың аты кез келген шектелген ұзындықты әірптердің, символдардың тіркесінен тұрады. Ал екінші бөлігі файл атауын кеңейту деп аталады. Ол үш әріптен аспайтын тіркестен тұрады. Мысалы:

Мәтін.doc – Word редакторында жазылған мәтіндік файл;

Кесте.xls – Excel процессорында дайындалған файл;

Сурет.bmp – Графиктік файл;

Мәліметтер.mdb – Access мәліметтер базасында әзірленген файл.

Файлдарды сақтау иерархиялық құрылым бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда оны файлдық құрылым деп атайды. Құрылымның төбесі ретінде тасуыштың (дискінің) аты алынады. Бұдан әрі файлдар каталогтарға (қаптамаларға) топтастырылады, олардың ішінде бағыныңқы каталогтар орналастыруға болады.

С: \Қаптама\Кітап\ Мәтін.doc – С: дискісінің Қаптама деген каталогының Кітап деген ішкі каталогында орналасқан Word – та дайындалған Мәтін.doc мәтіндік файлы.


1.5. Информатика пәні мен оның мәселелері

Информатика есептеу техникасы құралдарының көмегімен мәліметтерді қабылдау, құру, сақтау, түрлендіру, өңдеу және жеткізу тәсілдерін жүйеге келтіретін жаңа техникалық ғылыми пән.

Информатика пәні келесідей ұғымдарды қарастырады:

  • Есептеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;

  • Есептеу техникасы құралдарының аппараттық программалық жасақтамасы;

  • Аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесу құралдары;

  • Аппараттық және программалық құралдармен адамның өзара әсерлесу құралдары;

Аппараттық және программалық құралдармен адамның өзара қарым-қатынасының әдістерімен құралдарын қолданушы интерфейсі деп атайды.

Информатиканың негізгі мәселесі – есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс істеу тәсілдерін жүйелеу болып табылады.



Бүгінгі таңда информатиканың негізгі мәселелерінің құрамына келесі бағыттарды жатқызуға болады:

  • Есептеу жүйелерінің архитектурасы (мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған жүйелерді құрудың тәсілдері мен әдістері);

  • Есептеу жүйелерінің интерфейсі (аппараттық және программалық жасақтаманы басқару тәсілдері мен әдістері);

  • Программалау (компьютерлік программаларды даярлау әдістері);

  • Мәліметтерді түрлендіру;

  • Ақпаратты қорғау;

  • Автоматтандыру;

  • Стандарттау (әр түрлі есептеу техникасы құралдарына сәйкес аппараттық және программақ құралдар арасындағы, мәліметтердің беру пішімі арасындағы үйлесімдікті қамтамасыз ету).

Информатиканың оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ – дерді пайдалану мүмкіндіктерімен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында ақпаратты кеңінен тарату заңдары мен тәсілдері туралы түсініктер береді.

Қазіргі кезде жаңа ЭЕМ – дер күнбе – күн пайда болып, олардың даму процесі үздіксіз ғылыми – техникалық процеске айналып отыр. Сонымен қатар ақпаратты өңдеу, жинау және беру тәсілдері де күннен күнге дамып келеді. Осы себептерге байланысты информатика жиі өзгеріске ұшырайтын ғылыми пән болып саналады да, оны оқып үйрену күннен күнге күрделеніп барады.

Информатиканың негізгі объектісі, яғни оның шикізаты мен беретін өнімі ақпарат болып саналады. Сондықтан “ақпарат” ұғымы информатика мен ЭЕМ – де жұмыс істеудің ең түбегейлі атауларының бірі болып есептеледі.
Лекция-2

2.Тақырып: Ақпараттардың компьютерде өрнектелуі.

Жоспар.


    1. Символдарды кодтау. Ақпараттың өлшем бірлігі.

    2. Санау жүйелері туралы түсінік.

    3. Кодты және бүтін санды түрлі санау жүйелерінде өрнектеу.

Әдебиеттер

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.

  4. “Язык ассемблера для IBM PC” , П. Нортон, Д. Соухэ., Москва 1993

  5. “Есептеуіш техника және программалау”, О. Камардинов, Алматы - 1997

Компьютер есептеу жұмыстарын есептеу мақсатында құрылғанымен онда ақпараттың түрлерін өңдеуге болатыны анықталды. Кез – келген ақпаратты сандық түрде беруге болады. Әр түрлі ақпаратты компьютерде өңдеу үшін ақпаратты сандық түрге айналдыратын және сандық түрді кері түрге айналдыратын құрылғы керек.

Сонымен компьютер сандық түрде ғана берілген ақпаратты ғана өңдей алады. Кез келген ақпаратты компьютерде өңдеу үшін сандық түрге келтіруі керек. Текстік ақпаратты компьютерде өңдеу үшін әрбір әріп қандай да бір санмен топталады. Экранға немесе принтерге шығарылғанда адамның қабылдауы үшін кодталған сандарға сәйкес әріптер шығарады. Берілген сандар мен әріптер арасындағы сәйкестік символдарды кодтау деп аталады.

Компьютер үшін пайдаланатын код 0 мен 1 цифрларынан тұратын тізбек. 0 мен 1 екілік санау жүйесінің цифрлары. Сандарды компьютерге енгізу және шығару өзімізге үйреншікті ондық санау жүйесінде орындалады. Қажетті басқа өңдеулердің барлығын компьютердегі программа орындайды. Есептеу техникасында ақпараттың өлшем бірлігі ретінде бит және байт алынған. Бір байтта бір символды кодтауға болады. Іс жүзінде байттан үлкен килобайт (Кбайт), мегабайт (Мбайт), гигабайт (Гбайт) өлшемдері де пайдаланылады.



2.2 Санау жүйелері туралы түсінік.

Сан түсінігі - математикадағы сияқты информатикада да басты негіз. Бірақ егер математикада сандарды өңдеу әдістеріне көп көңіл бөлетін болса, онда информатика үшін сандарды ұсыну әдістерін айналып өтуге болмайды, өйткені тек солар ғана жадтың қажетті қорын, жылдамдықты және есептеуде жіберетін қатені анықтайды.

Күнделікті өмірде біз ондық санау жүйесінен пайдаланағанымыз үшін барлық сандарды ондық санау жүйеде түсінеміз. Біз бала күнімізден ондық санау жүйесіне үйренгенбіз және барлық есептеулерде осы санау жүйесін қолданамыз. Ондық санау жүйесінің принциптерін және оларда түрлі амалар орындау заңдылықтарын негіздеуде біріншілерден болып Ал-Хоразмий өзінің “Хисаб ал Хинд” жазбасында қолданған және оны есептеулерде пайдалануды ұсынған. Оған дейін ғалымдар сандарды сөз арқылы жазып келген және сол кездегі заманға сай Рим цифраларын қолданып келген, бырақ бұл цифралар позицион болмағаны үшін есептеулер қиындықтар туғызған. Сонымен, ондық санау жүйесі араб цифралары деп қабылданған 10 цифрадан олар 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 дан тұрады. Бүгінгі күнде барлық сандар осы 10 цифралар жәрдемінде жазылады.

Бұл санау жүйеден басқа, екілік, сегіздік, оналтылық санау жүйелері де бар. Кей деректерге сенсек, ежелгі Вавилондықтарда 60 тық санау жүйесінен де пайдаланған.

Екілік санау жүйесі есептеулерді автоматтандыруда қолдану өте қолайлы. Екілік санау жүйесінің маңызы да электрон есептеу машиналарының дамуымен артты. Екілік санау жүйесі тек 0,1 сандарынан тұрады. Екілік санау жүйесі тек осы екі сан көмегімен сипатталады.

Сегіздік санау жүйесі де ЭЕМ қолданады. Сегіздік санау жүйесі барлық сандар тек сегіз цифралар көмегімен сипатталады олар 0,1,2,3,4,5,6,7.

Оналтылық санау жүйенің де ЭЕМ- да қолдану ерекше. Бұл санау жүйеде ондық санау жүйенің цифраларын және латын әріптерін қолданады. Бұл санау жүйедегі сандарға он алты цифраларда (10 цифра және алты латын әріп) тұрады. Олар 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,А,B,C,D,E,F.


    1. Кодты және бүтін санды түрлі санау жүйелерінде өрнектеу.

Дербес компьютер негізінен екілік, ондық, он алтылық санау жүйелерінде жазылған кодтармен не сандармен жұмыс істейді (базистік цифрларын 1 – кестеден қараңыз).

Он алтылық санау жүйесіндегі A, B, C, D, F әріптері осы жүйенің сәйкес 10, 11, 12, 13, 14, 15 цифрларын анықтайтын символдар.

q санау жүйесінде n разрядтан тұратын кодтың не бүтін санның жазылу үлгісі:

1-кесте


q

Базистік цифрлар

2

10

16




0, 1

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9,

0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A, B, C, D, F

n , аn-1,…, а1, а0)q

q = 2 үшін мұндағы ak цифрлары 0 не 1 болатын екілік санау жүйесінің базистік цифрлары (k = 0, 1, ,…, n).

Бір санау жүйеден екінші санау жүйеге өтуден алдын ондық санау жүйеге өтіп

соң екінші санау жүйеге өткізген қолайлы.

Мысалы: Оналтылық санау жүйе, сегіздік санау жүйеге өткізуден алдын оналтылықтан ондыққа соң ондықтан сегіздікке өткізген жөн.

Бірақ бір санау жүйеден екінші санау жүйеге өтуде санның мәні өзгермей қалады тек оның көрінісі ғана өзгеретіне көңіл бөлген дұрыс.

1 – ереже. Кез келген жүйеде берілген кодты не бүтін санды өрнектеу үшін оны

аn * qn + аn-1 * qn-1 +… + а1 * q + а0 * q0

түрінде жазып, есептеуді ондық жүйеде жүргізсе болғаны (q = 2, 16,…). Мысалы, латынша А әрпінің екілік коды (01000001)2 ондық кодта өрнектеу тәсілі мынадай (n =7)

0 * 27 + 1 * 26 + 0 * 25 + 0 * 24 + 0 * 23 + 0 * 22 + 0 * 21 +1 * 20 = 6510

2 – ереже. N – ге тең ондық кодты (не ондық санау жүйесінде берілген бүтін санды) q санау жүйесінде өрнектеу үшін, алдымен N – ді q – ге бөліп, оны N = q * p1 + r1 түрінде жазып алу керек. (p1 – бөлінді, r1 – қалдық). Егер p1>q болса, оны да q – ге бөліп, p1 = q * p2 + r2 түріне келтіру керек т. с. с. Бұл процесті pk < q болған кезде тоқтатып, соңғы бөлінді мен соңынан басталған қалдықтарды бір – біріне тіркеп жазып шықса болғаны. Яғни

N10 = (pk rk-1 rk-2…r1) ; k >= 1, pk < q

Мысал. 65 ондық кодын екілік және он алтылық жүйелерде өрнектеу керек.

1) 65 = 2 * 32 + 1

32 = 2 * 16 + 0 6510 = 10000012

16 = 2 * 8 + 0

8 = 2 * 4 + 0 Бұл кодтың байт түрінде жазылуы: 01000001

4 = 2 * 2 + 0

2 = 2 * 1 + 1



1<2
2) 64 = 16 * 4 + 1 6510 = 4116

4 < 16
Керісінше, 4116 кодын ондық кодқа айналдыру тәсілі:

4116 = (4 * 161 + 1 * 160)
Лекция-3

3.Тақырып: Есептеу техникасы және дербес компьютер.
Жоспар.

    1. Тарихи деректерден.

    2. Компьютерлерді жүйелеу. Компьютерлік жүйелерді пайдалану.

    3. Есептеу жүйесінің құрамы.

Әдебиеттер

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.

  4. “Язык ассемблера для IBM PC” , П. Нортон, Д. Соухэ., Москва 1993

  5. “Есептеуіш техника және программалау”, О. Камардинов, Алматы - 1997



    1. Тарихи деректерден.

Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашан мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерінде оған, аяқ, қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар шығарыла бастады. Шамамен б.з. 500 жылдары абак, есепшоттар шығарыла бастады. 1614 ж Шотландиялық Джон Непер логарифмды ойлап тапты. Осыдан көп өтпей – ақ Р. Биссакар логарифмдық сызғышты (логарифмическую линейку) жаратты. 1642 жылы Француз ғалымы Блез Паскаль Қосу амалын орындайтын машинасын ойлап шығарды.

Блез Паскаль

ЭЕМ эрасы ХХ – ғасырдың 30 – ж ағылшын математигі Алан Тьюрингтың теориялық еңбектерінің бастамасы. Цифрлық есептеуіш машинасының негізгі құрылғыларының принципін джон Фон Нейман, А. Беркс ойлап тапқан. Ал бірінші лампамен жұмыс істейтін машина 1946 – 48 жылдары АҚШ – та жасалып шықты.

Компьютер "Эниак", 1946 г

СССР – да электрон есептеуіш машинасының дамуы акадмик С. А. Лебедев атымен тығыз байланысты. Оның басшылығымен бірінші Отандық ЭЕМ жасалды. 1951 ж Киевте МЭСМ, 1952 ж Москвада БЭСМ (большая электронная счетная эектронная машина) шығарылды.

1958 ж Джек Килби Texas Instruments фирмасында бірінші интегралдық схеманы жаратты.

60 жылдары универсал Минск, Урал ЭЕМ – дері шықты. Программалық берілгендерді енгізу үшін қағаз перполента қолданылды. Перполента арқылы енгізу көптеген күшті, уақытты қажет етті. Бұл бірінші буын машиналары. Екінші буын машиналары жартылай өткізгіш схемаларда жұмыс істеді. Бұл машиналарда перполенталар мен бірге перпокарта қолданылды. Перфокарта

Бұлардың сенімділігі, әрекет тезділігі бірінші буын машиналарына қарағанда елеулі жоғары болды. Бұл машиналардың сырт аумағы, массасы, энергияны пайдалану көп төмендегендіктен өзіндік құны көп төмен болды.

60 – жылдардың екінші жартысында және 70 жылдардың басында ЭЕМ құрылысына одан әрі күрделі, сапалы өзгерістер енгізіліп, элементтік негізі интегралдық схема және аса үлкен интегралдық схема болатын интегралдық схема

үшінші және төртінші буын машиналары жасалына бастады. Интегралдық схема мүмкіндігі күрделі транзисторлық схемадай болатын аумағы 1см – ге жетпейтін функционалдық блок, жартылай өткізгіш кристалдан тұрады.

Дегенмен микрокомпьютерлер дамуындағы ең елеулі оқиға болып 1981 жылы IBM фирмасы жасаған, кейіннен “дербес компьютер” деп аталған шағын компьютердің шығуы болды.

Сол уақыттан бастап осы атау шағын компьютерлер тобының жалпы аты есебінде тұрақталынып қалды.


    1. Компьютерлерді жүйелеу.

Компьютерлер қолдануына қарай мынадай топтарға бөлінеді: үлкен ЭЕМ (электрондық есептеу машинасы), мини-ЭЕМ, микро-ЭЕМ және дербес компьютерлер.

1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халқаралық стандарт - РС99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:



  • бұқаралық дербес компьютерлер (Consumer PC)

  • іс дербес компьютері (Office PC);

  • ықшам компьютер(Mobil PC) ;

  • жұмыс бекеті (Workstation PC);

  • ойын ДК (Entertainment PC).

Қазіргі кездегі қолданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің құрамына байланыс құралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік (desktop), ықшам (notebook), қалталық (palmtop), деп бөлуге болады.

Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде компьютерлердің көптеген түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда компьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып табылады. Сан алуан компьютерлерге арналған құралдардың өзара ауыспалылығы, программалардың бір компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттілігі, әр типтес компьютерлердің ортақ мәліметтермен бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері олардың үйлесімділігіне тікелей байланысты.

Аппараттық үйлесімділік. Аппараттық үйлесімділігі бойынша компьютерлер аппараттық платформаларға бөлінеді: IBM PC және Apple Macintosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региодар мен салаларда ғана қолданыс тапқан аппараттық платформалар бар. Компьютерлердің бір аппараттық платформаға жатуы олардың үйлдесімділігін күшейтеді.

Аппараттық үйлесімділіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі үйлесімділік, программалық үйлесімділік, мәліметтер деңгейіндегі үйлесімділіктер де бар.

Бұл оқу құралы IBM PC платформасына жататын дербес компьютерлерді,

олардың аппараттық және программалық жасақтамаларын оқып үйренуге арналған.

Компьютерлік жүйелер.

Компьютерлік (есептеу) жүйелер төрт негізгі құрамнан тұрады:



    1. шығарылатын есепті, орындалатын жұмысты мәселе ретінде қойып, соның нәтижесін алатын адам;

    2. аппараттық жасақтама (Hardware);

    3. мәліметтер файлы;

    4. компьютердің программалық жасақтамасы. (Software).

Компьютерлік жүйелер ұғымын немесе мәліметтерді өңдеу жүйелерін осы төрт комбинацияны – машиналарды, мәлметтерді, программаларды және адамды – біріктіре қарастыру кезінде қолданады.

Компьютерлік жүйелерді пайдалану



Жұмыс өнімділігі. Басқа құралдар мен машиналарды қолданғандағы сияқты, компьютерді пайдаланудың ең алғашқы себебі жұмыс өнімділігін арттыру болып саналады.

Егер компьютерді есеп – қисап жасау, мәліметтерді өңдеу немесе құжаттарды қағазға басып алу істеріне пайдалансаңыз, сіз бір сағатта көптеген істерді тындырасыз.



Мәліметтерді өңдеу жылдамдығы. Компьютерді пайдаланудағы екінші себеп мәліметтерді мәліметтерді үлкен жылдамдықпен өңдеу болып саналады. Дайындығы мол маман адам минутына 250 сөз оқып шыға алатын болса, компьютер 1000 000 сөз оқи алады екен.

Дәлдік пен ұқыптылық. Компьютерлік жүйелерді пайдаланудағы үшінші себеп – олардың дәлдәгі мен ұқыптылығында жатыр. Егер біз компьютерге нақты мәліметтер беріп, оларды өңдеудің дұрыс жолдарын көрсетсек, ол әрқашан қатесіз дұрыс нәтижелер береді. Кейде компьютер қате нәтиже берді деп айтады. Мұндайда компьютер қателеспейтінін, мәліметтердің оған дұрыс берілмегендігінен немесе осы мақсатқа арналған мәліметтерді оған дұрыс берілмегендігінен немесе осы мақсатқа арналған мәліметтерді өңдеу алгоритмінің қате болғаны екенін ашып айту қажет.

3.3 Есептеу жүйесінің құрамы.

Есептеу жүйесінің құрамын оның конфигурациясы деп атайды. Есептеу жүйесінің аппараттық және программалық құралдары әрқайсысы өз алдына жеке қарастырылатындықтан, сәйкесінше есептеу жүйесінің аппараттық конфигурациясы мен программалық конфигурациясы да жеке жеке қарастырылады.



Аппараттық жасақтамаға есептеу техникасының аппараттық конфигурациясын құрайтын құрылғылары жатады. Қазіргі заманғы компьютерлер мен есептеу кешендері блокты-модульды құрылымнан тұрады, яғни олар нақты бір жұмыс түрін атқаруға ыңғайландырылып дайын түйіндер мен блоктардан жиыстырылатындай аппараттық конфигурациядан тұрады.

Орталық процессорға қатысты алғанда құрылғылар ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Енгізу – шығару құрылғыларының көбі және аппараттық ұзақ уақыт сақтауға арналған құрылғылар сыртқы құрылғыларға жатады.

Жеке түйіндер мен блоктар арасындағы үндестік аппараттық интерфейс деп аталадын аппараттық – логикалық құрылғылардың көмегімен орындалады. Есептеу техникасындағы аппараттық интерфейс стандарттары хаттама деп аталады.

Программалық жасақтама . Программа деп реттелген командалар тізбегін айтады. Кез – келген компьютерлік программагың негізгі атқаратын қызметі – аппараттық құралдарды басқару. Аппараттық және программалық жасақтама үнемі өзара тығыз байланыста болады.

Программалық жасақтама бірнеше сатылардан тұрады: негізгі, жүйелік, қызметтік және қолданбалы.

Негізгі программалық жасақтама аппараттық құралдармен өзара байланыста болады.

Жүйелік программалар компьютерлік жүйенің аппараттық жасақтамасымен, программалық жасақтамасымен өзара қарым – қатынысын қамтамасыз етеді. Нақты бір құрылғымен байланысты жүзеге асыратын программа драйвер деп аталады. Жүйелік сатыға енетін программалардың екінші бір тобы қолданушымен өзара қарым – қатынаста орнатылады. Мұндай программалық құралдар қолданушы интерфейсін қамтамасыз ету құралдары деп аталады.

Қызметтік программалық жасақтама . ол негізгі сатыдағы программалармен де, жүйелік сатыдағы программалармен де тығыз байланыста болады. Қызметтік программалар компьютерлік жүйені тексеру, баптау және жөндеу жұмыстарын автоматтандырады. Сонымен қатар олар жүйелік программалардың қызметін жақсарту мен кеңейту үшін қолданылады.

Қолданбалы программалық жасақтама. Қолданбалы программалардың көмегімен өндірістік, шығармашылық, оқыту және т.б мақсатта нақты жұмыстар атқарылады.

Қолданбалы программалық құралдарға мәтіндік редакторлар, мәтіндік процессорлар, графиктік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер базасын басқару жүйелер, автоматтандырылған жобалау жүйелері, баспахана жүйелері, Web-редакторлары, браузерлер және т.б. жатады.



Лекция 4

Тақырып: Дербес ЭЕМ.

Жоспар.

  1. Дербес ЭЕМ – нің элементтік базасы

  2. Дербес компьютерлердің негізгі құрылғылары.

  3. Дербес компьютерлердің ішкі құрылғылары.

  4. Дербес компьютерлердің сыртқы құрылғылары.



Әдебиеттер

  1. Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р. Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

  2. Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.

  4. “Язык ассемблера для IBM PC” , П. Нортон, Д. Соухэ., Москва 1993

  5. “Есептеуіш техника және программалау”, О. Камардинов, Алматы - 1997

Дербес ЭЕМ – нің (ДЭЕМ) элементтік базасы болатын электрондық компоненттері ақпарат өңдеудің белгілі бір қызметін немесе оны сақтау ісін атқарады. Мұндай компоненттер интегралдық схемелар деп аталады. Интегралдық схема металдан не пластмассадан жасалған қорапқа салынған жартылай өткізгішті кристалдардан тұрады. Жіңішке жіп секілді арнайы сымдар осы кристалды қораптың шеткі тақшаларымен жалғастырады.

Жартылай өткізгішті кристал көбінесе өте таза кремнийден жасалады, оны жасауда вакуумдық бүрку, тырналау, қоспаларды иондық түрде енгізу, дәлме – дәл фотолитография тәрізді және де басқа жоғары сапалы технологиялар қолданылады.

Осындай күрделі технологиялар нәтижесінде кристалда электр схемасы біріктірілген “электрондық молекулалар” жасалады. Олар бір кристалл көлемінде (5х5 мм) жүз мыңнан аса бір – бірімен байланысқан “электрондық молекулаларды” құрастырып, өте күрделі ақпаратты түрлендіру жұмыстарын атқара алады.

Интегралдық схемаларды жасау, тексеру, олардың сапаларын бақылау – барлығы да автоматтандырылған, оның үстіне оларды сериялық түрде шығару да меңгерілген. Интегралдық схемаларды шығаруды баспаханалардағы кітапты көбейтіп шығарумен салыстыруға болады. Олар өздерінің атқаратын функцияларына қарай ЭЕМ – нің әртүрлі тетіктерінің – шифраторлардың, сумматорлардың, күшейткіштердің түрлеріне байланысты бөлек – бөлек топтарға жіктеліп, серияларға бөлініп шығарылады.

Бұл схемалардың интералдық (біріктірілген) деп аталу себебі, олардың бір кристалды күрделі логикалық функциялардың белгілі біреуін орындай алады, сосын олардан транзисторлар мен диодтардан құрастырылатын сияқты машина қондырғылары оңай жасалады.

ДЭЕМ біріңғай аппараттық жүйеге біріктірілген техникалық электрондық құрылғылар жиынынан тұрады. ДЭЕМ құрамына кіретін барлық құрылғыларды олардың функционалдық белгілеріне қарай екіге бөлу қалыптасқан, олар: жүйелік блок және сыртқы құрылғылар.

Жүйелік блок мыналардан тұрады:



  • микропроцессор;

  • оперативті есте сақтау құрылғы немесе жады;

  • тұрақты есте сақтау құрылғы;

  • қоректендіру блогы мен мәлімет енгізу – шығару порттары.

Ал, сыртқы құрылғылар былайша бөлінеді:

  • ақпарат енгізу құрылғылары;

  • ақпарат шығару құрылғылары;

  • ақпарат жинақтауыштар.

ДЭЕМ – нің құрамына ең аз дегенде жүйелік блок, бір – бірден енгізу, шығару құрылғылары және ең аз дегенде бір ақпарат жинақтауыш кіреді. ДЭЕМ – де шешілетін мәселеге байланысты пайдаланушы адам оның минималды конфигурациясына қосымша шеткері құрылғыларды қосу арқылы кеңейтуіне болады.

2 Дербес компьютерлердің негізгі құрылғылары.

Дербес компьютерлер құрамына кіретін жабдықтарды қажетіне қарай өзгертіп отырады. Оның құрамына кіретін құрылғыларды компьютердің конфигурациясы деп атайды. Компьютерді сатып алғанда оның құрамына енетін жабдықтарды негізгі конфигурация деп атайды. Негізгі конфигурация үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде келесі төрт құрылғы негізгі конфигурация ретінде қарастырылады:






  • жүйелік блок;

  • дисплей немесе монитор;

  • пернетақта;

  • тышқан.

Компьютерлердің негізгі құрылғыларының міндеттеріне толығырақ тоқталайық.

Жүйелік блок

Компьютердің ең негізгі құрылғысы – жүйелік блок. Оның ішінде дербес компьютердің түйіндері орналасқан, сонымен катар жүйені электр тоғына қосатын батырма қойылған. Оның ішіндегілерінің түрін көру үшін артқы қақпағын ашу керек. Бірақ корпусы әр түрлі болуы мүмкін. Жүйелік блоктың алдыңғы тақтасында: компъютерді қосу/өшіру батырмасы, дискжетек, компакт дискіден оқитын (CD-ROM) орналастырылған. Кейбір компьютерлердің жүйелік блогында компьютерді қайта жүктеу батырмасы болады.

Жүйелік блоктың ішіне аналық тақша (материнская плата) - дербес компьютердің негізгі тақшасы орналасқан. Оның үстіне процессор, жедел жад, шиналар және басқа да құрылғылар орналасқан. Сонымен бірге жүйелік блоктың ішінде қоректендіру блогі, қатты диск, дискжетек, CD-ROM, дыбыс тақшасы, көрініс тақшасы орналасқан.

  Жүйелі блоктың артқы тақтасында енетін желілерді және порттарды (монитор, порты, тышқан, пернетақта), қосымша құрылғыларды (принтер порты, модем, сканер, микрофон) қосатын қосқыштар орналасқан.

Жүйелік блоктың ішінде жатқан құрылғылар ішкі құрылғылар, ал сыртына қосылатын құрылғылар сыртқы құрылғылар деп аталады



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет