ОҚУ Әдістемелік кешен



бет8/28
Дата05.03.2016
өлшемі1.54 Mb.
#42812
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28

Файылдыќ жүйе.


Мєтіндер мен программаларды бар т±раќты саќтауѓа арналѓан мєліметтер жиыны файл деп аталады да дискіде саќталады. Файл (file- бума, десте) белгілі бір атпен магнитік дискіде жазылѓан біртектес ақпараттар жиыны. ОЖ ж±мысы ‰шін керекті мєліметер рµлі єр т‰рлі типтегі файылдар атќарады. Файл программада не оларѓа ќажеті берілген сандар тобына, мєтініне т±ру м‰мкін. Єр бір файлдар котологында тіркелген µзініњ аты болу керек. Дискіде аттары єрт‰рлі кµптеген файлдар болады. Файлдыњ толыќ атауы екі бµліктен ќұралады. Аты жєне типі файлдыњ аты – 8 тањбаѓа дейінгі єріптен басталатын стандарттармен єріптер жиыны, ал оныњ 3 тањбадан аспайтын екінші бµлігі оныњ типі не атыныњ кењейтілуі (тіркелуі) депте аталады. Бір катологта аттары бірдей файлдар болмауы тиіс. Файлдыњ типі кейде болмауы да м‰мкін файлдыњ аты мен типі н‰ктемен бµлінеді файлдыњ толыќ аты латынныњ бас не кіші єріптерімен беріледі. Мысалы COMMAND.COM, NORTON.EXE, TANIAS.DOS, START, GAME.BAS, AIGUL.TXT, MARAT.DOC, TEXTI файлды дискіге не µзгерткенде оныњ кµлемі жазылѓан уаќыты мерзімі де тіркеледі файлдыњ аты типі символмен беріген кµлемі операциялыќ ж‰йеніњ колендары мен саѓатынан алынып жазылатын к‰ні, АИЫ саѓаты файлдыњ атрибуттары ( кµрсеткіштері) деп аталады. Олар файл жазылѓанда µзгертілгенде немесе кµшірілгенде тіркеліп отырады.

MS DOS оператциялыќ ж‰йесініњ ќ±рылымы

MS DOS оператциялыќ ж‰йесі дискеттіњ т‰пті катологында немесе С: дискісінде файылдар т‰рінде саќталады да, мынадай бµліктерден (модульдерден ) т±рады:

- BIOS модулі – компьютердіњ т±раќты жадында жазылѓан мєліметтерді енгізу – шыѓарудыњ негізгі ж‰йесі. Б±л модуль Компьютер шыќќан заводта жазылып µшірілмей т±раќты саќталады. Ол ЭЕМ іске ќосылѓан сєтте ќ±рылѓылардыњ ж±мыс істеу ќабілеттілігін тексеріп, мєліметті енгізу – шыѓаруѓа байланысты

ОС – тіњ ќарапайым жєне ємбебаб ќызметтерін орындайды;

- Операциялыќ ж‰йеніњ ж‰ктеуіші – б±л µте ќысќа програма, компьютердіњ жедел жадында т±раќты саќталып ќалатын DOS оператциялыќ ж‰йе модульдерін компьютер жадына (IO.SYS, MSDOS.SYS) оќуды іске асырады;



- OI.SYS сыртќы ќ±рылѓылармен ( пернелік таќта, дисплей, принтер, байланыс адаптері жєне динамик) информация алмасудыњ барлыќ операцияларын атќарады;

- MSDOS.SYS файлдар даярлауѓа м‰нкіндік береді жєне ЭЕМ жедел жадын басќарады, оѓан єрќашанда жедел жадта ќашан бос орын бар екені белгілі;


Операциялыќ ж‰йеніњ негізгі командалары.


ОЖ ж±мыс істегенде оныњ негізгі ж±мыс ќ±ралы – команда.

Ол компьютерге белгілі бір єрекетті орындататын арнаулы программаларды шаќыру ‰шін ќолданылады.

Команда формат деп аталатын, наќты ќ±рылымнан (структурадан)

т±рады. Комада форматы команданыњ аты мен параметрлерінен т±рады.


Командалардыњ жіктелуі


MS-DOS-тыњ барлыќ командалары ресидентті жєне транзитті болып екі ‰лкен топќа бµлінеді. Ресидентті ( ішкі, бірге ќ±рылѓан) командалар ќосымша COMMAND.COM файлыныњ ќ±рама бµлігі болып табылады. Олар ќарапайым жєне жиі ќолданылатын командалары. Б±л топќа: DIR? MD? CD? RD? TIME? DATE? REN? DEL? TYPE? COPY жєне т.б. командалар жатады.

Транзитті (сыптќы, ж‰ктелінетін ) кірме командаларѓа дискідегі програмалыќ файылдар жатады. Оларды іске ќосып орындаудан б‰рын дискіден оќу керек. Б±л топќа мына командалар жатады: FORMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY жєне т.б.



Лекция 6

Тақырыбы: Компьютерлік вирустар.
Жоспар

6.1 Вирустар және олардың түрлері.

6.2 Бүлінген және вирус жұққан файлдар.

6.3 Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері.



Әдебиеттер

1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р.

Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2.Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.

Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді программа. Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай – ақ компьютерге тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін. Ішінен осындай вирус табылған программа “ауру жұққан” немесе “бүлінген” деп аталады. Мұндай программаны іске қосқанда алдымен вирус жұмысқа кірісіп, оның негізгі функциясы орындалмайды немесе қате орындалады. Вирус іске қосылған программаларға да кері әсер етіп, оларға да “жұғады” және басқа да зиянды іс - әрекеттер жасай бастайды.

Өзінің жабысқанын жасыру мақсатында вирустың басқа программаларды бүлдіруі және оларға зиян ету әрекеттері көбінесе сырт көзге біліне бермейді. Оның кері әсері белгілі бір шарттарды орындағанда ғана іске асады.

Вирустың көптеген түрлері ЭЕМ жадында DOS-ты қайта жүктегенше тұрақты сақталып, оқтын-оқтын өзінің зиянды әсерін тигізіп отырады.

Вирустың зиянды іс-әрекеттері алғашқы кезде жұмыс істеп отырғн адамға байқалмайды, өйткені ол өте тез орындалып әсері онша білінбеуі мүмкін, сондықтан көбінесе адамдардың компьютерде әдеттегіден өзгеше жағдайлардың болып жатқанын сезуі өте қиынға соғады.

Компьютерде вирус жұққан программалар саны көбеймей тұрғанда, онда вирустың бар екені сырт көзге ешбір байқалмайды. Бірақ біраз уақыт өткен соң, компьютерде әдеттегіден тыс, келеңсіз құбылыстар басталғаны білінеді, олар, мысалы, мынадай іс-әрекеттер істеуі мүмкін:

-кейбір программалар жұмыс істемей қалады немесе дұрыс жұмыс істемейді;

- экранға әдеттегіден тыс бөтен мәліметтер, символдр, т.б. шығады;


Қазіргі кездегі виру стар негізгі екі топқа бөлінеді:

  • Резиденттік (компьютер жадында тұрақты сақталатын) виру стар;

  • Резидент тік емес виру стар.

Вирус жұққан программа іске қосылғанда резидент тік виру стар әсерлене әрекет етеді, олар жедел жадна көшіріліп жазылып, алғашқы бірсыпыра уақытқа әсері сезілмегенмен, соңынан бір ден іске қатты кіріседі. Бұл вирустарды тез анықтау ісін қиындатады.

Ал, резидент тік емес вирус жедел жадна тұрақты күйде жазылмайды, бірақ вирустың әсері тиген программа іске қосылғанда ол екпіндене түседі.



Бүлінген және вирус жұққан файлдар.

Вирус дискідегі кез-келген файлды бүлдіре алады, бірақ кейбір файлдарға ол бір ден жабысады, яғни ол файлдың ішкі көлемінен орын Альп, оның қызметін түрлендіріп, қолайлы жадай туғанда, зиянды әрекетін бастап кетеді. Дегенмен, көптеген программалар мәтіні мен құжаттарға, мәліметтер базасының информациялық файлдарына, электрондық кестелердегі мәліметтерге виру стар онша әсерін тигізе алмайды, тек оларды аздап қана зақымдауы мүмкін.

Виру стар мынадай файлдарға жұғуы мүмкін:


  1. Бір ден орындалатын файл дар, белгілі – бір іс-әрекет істейтін кеңейтулері .соm және .exe болып келегн файл дар,сондай–ақбасқа программаларға қажет кезінде қолсылатын оверлейлік файлдар. Файлдарды зақымдайтын мұндай вирустарды файлдық деп. атайды.

  2. Операциялық жүйенің жүктеуішімен қатты дискінің ең басты мәлімет жүктеу жазбасы.

Бұл аумақтарды зақымдайтын виру стар “жүктегіш” (загрузочная) немесе Boot- виру стар деп. аталады.

Мұндй виру стар өз қызметін компьютердііске қосқанда, яғни операциялық жүйені жүктегенде бір ден бастайды және әрдайым компьютердің жедел жадында тұрақты сақталады. Бұлардың таралу тәсілі – компьютергше салынған дискеттердің алғашқы жолдарына жазылған жүктегіш мәліметіне зақым келтіру болып табылады.

3.Құрылғылар драйверлері, яғни CONFIG. SYS файлының штекері құрылғылары көрсетілетін Devise деген сөз тұрған жолында жазылған файл дар. Ондай файлдағы вирус сол құрылғыны іске қосқан сайын қызметке кіріседі. Бірақ драйвері бір компьютерден екінші компьютерге көшіру өте сирек болғандықтан, мұндай виру стар көп тарала қоймаған.

4.Файлдық жүйені өзгертетін вирустар

Соңғы кезде вирустың жаңа түрлері – дискідегі файлдық жүйені өзгертетін виру стар көбейіп тара луда, оларды қысқаша DIR-вирустар деп. атайды. Мұндай виру стар өз мәтінің дискінің белгілі бір бөлігіне жасырын жазып қояды да, он дискінің файлды орналастыру кестесіне файлдың соңғы ретінде белгілейді.

5.“Көрінбейтін” вирустар

Көптеген резидент тік виру стар былай жасырынуды әдетке айналдырған, олар DOS жүйесінің вирус жұққан файлдарды шақыруын өзгертпей дұрыс күйінде қалдырады. Бірақ бұл эффект тек вирус жұққан компьютерде ғана байқалады, ал вирус жұға қоймаған компьютерлерде файлдармен дискілерді жүктеуіш аймақтарының өзгеруін байқау қиын емес.

6.Өздігінен өрбитін вирустар.

Вирустардың жасырыну жолының екінші тәсілі - өзі-өзі аздап өзгертіп, өрбіп толықтырылып отыруы. Көптеген вирустар асайтын кері әсерін байқатпас үшін өз көлемінің бірсыпырасын шарттаңбаланған жасырын күйде сақтайды. Бірте-бірте өрби отырып, олар таңбалану тәсілінде, таңбаланбаған алғашқы бөлігінде аздап өзгертіп отырады. Осының арқасында вирусты іздеп табатын тұрақты байт тар тізбегі болмай, оларды ұстайтын детектор программалр жұмысы қиындайды.

Компьютерлік вирустардан сақтанудың негізгі тәсілдері

Компьютерлік виру стар “таза” компьютерге вирус жұққан иілгіш дискет тер арқылы таратылады. Егер комп’ютер жергілікті желіге қосылған болса, онда вирустың таралуына бұрынғыданда кең жол ашылады.

Айта кететін жайт, вирустардың кейбір түрлері компьютерге келісімен зиянды ісіне кірісіп кетеді, ал олардың кейбірі файл дар құрамына енседе іске кіріспей, біраз уақыт тым-тырыс жасырынып жатады, бұл уақытты “инкубациялық мезгіл” деп. атайды.

Вирустардан сатану үшін мынадай шаралар қолдануға болады:

- информацияны қорғаудың жалпы шаралары-,

- дискіні физикалық зақымданудан сақтау, дұрыс жұмыс істемейтін программаларды қолданбауға және жұмыс істеп отырған адам қателіктер жібермеуге тырысуы;

- профилактикалық шараларды пайдалану, яғни вирусты жұқтыру мүмкіндігін азарту тәсілдерін қарастыру;

- вирустан сақтайтын арнайы программаларды пайдалану. Жалпы ақпараттарды қорғау тәсілдері тек вирустан сақтануда ғана емес, басқа жағдайдада пайдалы болатынын есте сақтаған жөн.

Детектор - программалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз боп келеді.

Детектор –программалар немесе “фагтар” вирус жұққан программалар мен дискілерді “Вирус” әсерінен алып тастау, яғни “жұлып алу” арқылы емдеп – оларды бастапқы қалпына келтіреді.

Ревизор – программалар да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан-соң он кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, он дереу программа иесіне хабарлайды.

Детектор – ревизорлар – доктор – программамен ревизорлар арасынан шыққан гібрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді, анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде “емдеп” бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.

Сүзгі программалар – компьютердің оперативтік (жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянды әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабар береді. Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.

Вакцина –программалар (немесе иммунизаторлар) компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус “ұққан” сиқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.

Ең көп тараған антивирус – Д. Лозинскиййдің Aidstest программасы. Ол әрбір жаңадан шыққан виру стан хабар дар болып, соларға қарсы шара қолдану жолдарын анықтап, үнемі өзгертіліп отырады. Бұл программаны пайдаланып компьютерді виру стан сақтау үшін жиі-жиі дискілерді (мысалы, С:) мынадай командамен тексеріп отыру керек:



аidstest с:

Ал егер компьютерде вирус бар деген күмән болса, онда он мына командамен емдеу қажет:



аidstest с:/f

Тек программалық файлдарда ғана емес, қалған мәліметтерді де туге,л тексеру үшін мына команда орындалады:

аidstest c:/f/g

Компьютерге вирус енгенін сезсеңіз, мына ережелерді мұқият орындаған абзац:

1.Алдымен аспай-саспай, ойланып іске кіріскен жөн екенін ұмытпаңыз.

2. Дегенмен бір әрекет бірден орындалуы керек-вирустың зиянды әрекеттерін әрі жалғастырмас үшін компьютерді бірден өшіру қажет.

3. Егер компьютерге жұққан вирус түрін емдей алатын детектор-программаларыңыз болса, дискілерді тексеру мақсатында соларды дереу іске қосыңыз.

4. Біртіндеп вирус жұғуы мүмкін болған барлық дискілерді тексеріп шығу қажет.

5. Егер дискідегі барлық файлдарыңыздың архивтік көшірмелері болса, онда дискіні қайта форматтап, мәліметтеріңізді бұрыңғы қалпына келтіріңіз.

Енді компьютерге вирус жұқтыру мүмкіндігін азайтатын және жұққан жағдайда оның зиянкесті әрекеттерін барынша азайтатын шараларды қарастырайық, оларды бірнеше топтарға жіктеуге болады:



  1. Ақпаратты әркімнің жиі пайдалануын шектеу және оның көшірмесін сақтау.

  2. Сырттан келген мәліметтерді мұқият тексеруден өткізу.

  3. Вирустан “емдеу аспаптарын” дайындап қою.

  4. Белгілі бір уақыт сайын компьютерді вирусқа тексеріп отыру.



Лекция 7

Тақырыбы: Архивтеу программалары.

Жоспар:

    1. Файлдарды архивтеудің қажеттілігі.

    2. Архивтік файл.

    3. Файлдарды архивке орналастыру, енгізу.

    4. Файлдарды архивтен шығарып алу, мазмұнын қарап шығу.

    5. Архивтердің дұрыстығын тексеру, архивтегі файлдарды жою.


Әдебиеттер

1.Жаңа ақпараттық технологиялар. Б.Бөрібаев, Е. Балапанов, Г. Мадьярова Р.

Дузбаева. Алматы 2001 ж “ Ғылым” ғылыми баспа орталығы.

2.Информатика М.Қ. Байжұманов Л.Қ. Жапсарбаева Алматы 2004 ж.

3.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Информатика және

компьютерлік техника. Алматы,” Мектеп”, 2002, 453 б.


Дербес компьютерді пайдалану кезінде әртүрлі себептермен магниттік дискідегі (МД) информацияны жоғалтып немесе бүлдіріп алуымыз мүмкін.

Бұл МД –нің физикалық ақаулықтарынан, абайсызда ойламаған жерден файлдарды жойып алудан немесе оларды түзету кезінде кеткен қатеден, компьютерлік вирустар әсерінен , информацияның бұзылуынан, файл эталойдтарын сақтауды талап етуден және т.б. болуы мүмкін. Осындай жағдайларда шығатын шығынды азайту үшін файлдардың архивтік көшірмесін алып, оларды тұрақты түрде жаңалап отыру керек.

Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін программалар тобы.

Олардың сақтау тәсілдері әртүрлі болғанымен, жалпы қызметін былай түсіндіруге болады.

Файлда қайталанатын фрагменттер болады, оларды түгелдей дискіде ұстаудың ешқандай қажеті жоқ. Сондықтан архив жасауға мүмкіндік беретін программалардың жалпы қызметі – файлда қайталанып тұратын фрагменттер орнына қысқаша басқа информацияны жазып , кейіннен олард өз реттіліктерін сақтай отырып алғашқы қалыпқа келтіретін мүмкіндік болуы тиіс.

Файлдарды архивтеуге арналған программалар дискідегі файлдар көшірмесін қысылған күйде архивтік бір файлға орналастыруға, кейіннен файлды архивтен шығарып алуға, архив мазмұнын көруге, т.б. істер атқаруға мүмкіндік береді. Архивтік программалар бір-бірінен қысылған файлдың форматымен, жұмыс істеу жылдамдығымен, архивке орналастырылғандығы файлды қысу деңгейі сияқты әртүрлі мүмкіндіктермен айрықшаланады.

Архивтеу программалары тегін немесе делдалдық әдіспен таратылады. Олардың ішінде кең таралған архиваторлар тобына ARJ, RAR, ZIP тәрізді программалар жатады.

Архивтік файл.

Архивтік файл – қысылған күйде бір файлға енгізілген, қажет болғанда бастапқы күйінде шығарып алуға болатын бір немесе бірнеше файлдың жиынтығы. Оның мазмұны әр файлдың сақтаулы циклдік бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбір файл үшін оның мазмұны тәрізді мынадай ақпараттарсақталады:



  1. Файлдың аты;

  2. Файл орналасқан каталог туралы мағлұмат;

  3. Файл көлемін дискідегі бастапқы және архивтегі қысылған түрдегі мөлшері (байтпен беріледі);

  4. Архив бүтіндігін тексеруге арналған әр файлдың циклдік бақылау шарттаңбасы.

ARJ архиваторы программасын пайдалану.

ARJ программасының жұмыс режимдері : ARJ програмасының орындай алатын бірнеше функциялары бар. Қажетті функцияны таңдау программаны шақыру кезіндегі командалық жолда белгілі бір латын әріпін көрсету арқылы орындалады.

ARJ программасы функциясын көрсету команда кодын және оның режимін енгізу жолымен жүзеге асырылады. Команда коды бір әріптен тұрады, ол бірден программа атынан кейін көрсетіледі, ол программа орындалуы тиіс жұмыс түрін анықтайды. Мысалы: А (add)- архивке файл енгізу, Т (test)- архивті мәтін арқылы тексеру, Е (extract)- файлды архивтен шығарып бастапқы қалыпқа келтіру, D (delete)- архивтегі файлды жою және т.с.с.

Ал программадан қандай әрекет талап етілгенін анықтау үшін режим көрсетіледі, ал команда кодынан кейін командалық жолдың кез-келген жерінде тұра береді. Режим белгісі алдында “-” немесе ”/” таңбалары болады.

Файлдарды архивке орналастыру.

Файлдарды архивке орналастыру үшін мынадай команда форматы пайдаланады:

ARJ <команда> <режимдер> <архив аты> [каталог/] [файл аттары] ...

Команда параметрлері:

Команда - ARJ командасы үшін орындалатын жұмыс түрін көрсететін бір әріптен тұратын команда аты, мысалы А – архивке файл қосу және т.с.с.

Режимдер – “-” немесе ”/” таңбаларынан басталатын режим атаулары, олар команда атқаратын жұмысты айқындайды не анықтайды.

Архив аты - өңделуге тиіс архивтік файлдың аты, бір сөзден тұрады. Егер мұндай атты архив болмаса, онда осы жұмыс барысында ол пайда болады. Бұл файлдың типі көрсетілмесе, ол ARJ болып саналады.

Каталог – архивке енгізілуге тиіс файлдар орналасқан каталог аты. Каталог атын нақты түрде көрсете отырын, басқа каталогтағы файлдарды осы архивке енгізуге болады. Егер каталог аты көрсетілмесе, онда ол ағымдағы каталог болып есептеледі.

Файл аттары – архивке енгізілетін файл аттары. Мұнда оларды топтайтын нұсқа таңбаларды (? және * ) қолдануға болады. Егер файл аттары көрсетілмесе, онда ағымдағы каталогтың барлық файлдары өңделеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет