ОҚУ Әдістемелік кешен


Диаграмма мөлшерін өзгерту



бет20/28
Дата09.03.2016
өлшемі1.55 Mb.
#47081
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28

Диаграмма мөлшерін өзгерту


Көбінесе ендірілген диаграмманың қажетті мөлшерін дәл анықтау қиын, он он тек диаграммаға берілген мәліметтерді көргенде ғана айтуға болады. Сондықтан ендірілген диаграмманың мөлшерін, пропорцияны өзгерте отырып, оны ойдағыдай түзетуге тура келеді.

Диаграмма мөлшерін өзгерту үшін он ерекшелеу керек, яғни диаграмма бойынша тышқанды бір рет шерту керек. Диаграмма жақтауларының бұрыштарында және оның сызықтарының ортасында белгілеу маркерлері пайда болады.

Тышқан курсорын пайдаланып, диаграмманың оң жақ шетін I бағанасына дейін жылжытайық. Ол үшін тышқан курсорын оң жақтаудың ортасындағы маркерне жеткізіп оны I бағанасына дейін созамыз.

Диаграмма жақтауының ортасындағы маркерді жылжыту оның ұзындығы мен енін өзгертуге мүмкіндік береді. Ал оның бұрышындағы маркерді жылжыту диаграмманың ұзындығымен енін бірдей өзгертеді.



Диаграмма типін өзгерту


Диаграмма шебері арқылы диаграмма типі таңдап алынғаннан кейін, Excel оның ішіндегісінде өзгертуге мүмкіндік береді.

Диаграмманы түзету үшін он тышқанды екі рет шерту арқылы ерекшелеп аламыз. Сонда диаграмма айналасында сұр штрихталған жақтаулар пайда болады. Бадан кейін Диаграмма аспаптар тақтасы н шығарамыз, ол үшін: Түр – Аспаптар тақтасы- Диаграмма

(Вид- панель инструментов- Диаграмма) командасы орындалады, сонда экранға бөлек батырмалар тақтасы шығады;

-шыққан тақтадан Диаграмма типі деген батырманы шертіп, диаграмма түрлерін шығарамыз.

Диаграмма түрлері мен аттары 3-қадамда көрсетілген сияқты бейнеленеді. Бұрынғы мәліметтер үшін жаңа диаграмма тұрғызу үшін диаграмма типін байта таңдаймыз. Көлемдік гистограмма батырмасын басамыз. Біздің бұрынғы жазықтықтағы гистограммамыз көлемдік болып өзгереді.

Кеңістікте көлемді дөңгелек диаграмма тұрғызу және оны түзету

Дөңгелек диаграммалар – жиі пайдаланатын график түрі. Олар бір бүтіннің құрама бөліктерін немесе проценттерін бейнелеуге өте ыңғайлы. Енді дөңгелек диаграмма тұрғызу жолдарын қарастырайық:

  1. Жаңа файл дайындаймыз

  2. Мәліметтер кестесін дайындаймыз

  3. Диаграмма шебері батырмасын басып диаграмма тұрғызу үшін коректі мәліметтерді I3 : I6 блогын аламыз.

  4. Диаграмма қадам бойынша былай етіп тұрғызамыз:

- 1 қадамда I3 : I6 және А3:А6 блоктарын таңдаймыз

- 2 қадамда Кеңістік дөңгелек (Круговая обьемная) деген типті таңдаймыз

- 3 қадамда 6-форматты көрсетеміз

- 4-қадамда ешнәрсені өзгертпейміз

Excel бәрін өзі дұрыс таңдап алады.



  1. 5-қадамда түсініктемені (легенда ) қосамыз. Аттарын бұл қадамда енгізбей тұрамыз, сонда экранға дөңгелек диаграмма бейнесі шығады. Енді безендіру (көркейту) элементтерін енгізу үшін, он түзету режиміне көшеміз.



Диаграммаларды түзету

Диаграмманы түзетіп толықтыру үшін, он екі рет шерту арқылы таңдау керек. Диаграмма оның элементтері деп. аталатын бірнеше бөліктерден тұрады. Олар:

-Диаграмманы тұрғызу аймағы;


  • Диаграмманың өз аймағы;

  • Түсініктеме мәлімет (легенда);

  • Тақырып;

  • Мәліметтер белгілеулері;

  • Мәліметтер.

Белгілі бір элементті түзетіп толықтыру үшін он таңдау қажет. Таңдауды тышқанмен немесе курсорды басқару тақталары көмегімен жүзеге асырамыз. Ерекшеленген элемент кішкене қара квадраттармен қоршалып тұрады. Сонан соң тышқанның оң батырмасы арқылы әрбір ерекшеленген элементтің жеке өзінің контексті – тәуелді менюі шығды. Сол меню көмегімен диаграмманы түзетіп толықтырамыз.
Лекция 8

Тақырыбы: Excel электрондық кестесін сандық модельге пайдалану.

Жоспар: 1. Алғашқы мәліметтер

2.Электрондық кестені сандық модельде пайдалану.


Электрондық кесте тек қана есептеулерді автоматтандыру функцияларын орындамайды. Ол әртүрлі жағдайларды немесе обьектілерді сандық модельдеуде өте қажетті құрал болып саналады. Обьектілердің математикалық моделін жасау үшін, яғни оларды математикалық түрде сипаттау мақсатында бір сыпыра параметрлерді пайдаланады. Бұл параметрлердің кейбірі белгілі, ал кейбірі формуллалар арқылы есептелінеді. Параметрлердің алғашқы мәндерін бір-бірімен сәйкестендіре отырып өзгертсек, есепте параметрлердің қалай өзгертетінін бақылап отырып,алатын нәтижелерді талдауға ие болады. Электрондық кестелер осындай есептеулерді өте тез қатесіз жүргізіп, санаулы минуттарда көптеген варианттарды қарастырып, солардың ішінен ең тиімдісін таңдап алуға мүмкіндік береді.

Мынадай есепті шығарып көрейік. “А” деген қаланың халқы үшінші мыңжылдық басында қанша болады?

(Әрине бұл есепті шығару үшін “А” қаласының халқы жыл сайын қалай өзгеріп отыратынын, яғни оның өзгеру заңдылығын білу керек.) Бұл заңдылықты уақытқа байланысты өзгеруге тиіс f(t) функциясымен белгілейік. Бірақ бұл функция әзір белгісіз өйткені халықтың өсуі көптеген факторларға байланысты болады. Негізінде жалпы демогарфиялық мәліметтерге сүйеніп, ол функцияның жалпы түрін былайша өрнектеуге болады.

F(t)=a*ebt

Мұндағы а,b-коэфициенттері әрбір мемлекет қала үшін өзіндік мәні бар параметрлер ал е-натуралдық логарифм негізі. Осы формула нақты болмысты жуықтап көрсете алады. Оның үстіне мұндай есептеуде өте үлкен рәлдіктің керей де шамалы, мұндайда халық санын орындаған мыңдық дәлдікпен болжауда жаман емес.

а,b-параметрлерін қалай анықтауға болады?

Мұның идеясы мынада: а мен в белгісіз болғанымен, f(t) функциясның бұрынғы мәндерін статистикалық анықтамалардан алуға болады. t мен f (t) мәндерін білсек, а мен в мәндерін жуық шамамен алуға болады. Яғни белгілі бір мәндерді қойып функцияны есептеуде оның теориялық мәндерімен анықтамадағы мәндеріндегі алшақтың өте үлкен бошлмауы тиіс. Әрбір алшақтың-ол екі санның, яғни f (t) функциясының нақты мәнімен теориялық мән айырмасының модулі.

Ең үлкен алшақтау мән-қателік деп аталады. А мен в мәндерін осы қателік шамасы барынша кіші болатындай етіп алу керек. Сонымен халық санының өзгеру процесінің математикалық моделі мынадай болуы тиіс:



  1. Халық санының уақытқа байланысты өзгеруі. F(t)=a*ebt формуласымен өрнектеледі.

  2. Тек берілген белгілі (онша үлкен емес) уақыт аралығында (40 жылдай) а=const және b=const болып есептеледі.

  3. а мен в мәндері қателік шамасы кіші болатындай етіп таңдалады.

Міне осы ұсыныстарды алдын-ала қабылдап, есепті шығарайық.

Алғашқы мәліметтер: Статистикалық анықтамалықта 1960-1996 жылдар арасындағы (60 ≤ t ≤ 96) халықтың нақты сандары туралы толық мағлұмат бар деп есептейік.

Нәтижелері:

  1. а мен в мәндері;

  2. “А” қаласының халқының 2000 жылғы саны (t=100). Оған қоса алғашқы мәліметтермен алынатын нәтиженің өзара байланысы тағайындалған деп есептелік те,алдымен қателіктердің ең кіші шамалары үшін а мен в мәндерін анықтап және сол мәндерді пайдаланып f (100) мәнін есептейік. Сонымен математикалық модель қарастырылады.

Электрондық кестені пайдалану программа құруды талап етпейді. Тек электрондық кестеге белгілі бір түрде алғашқы мәндерді және модельге кіретін керек қатынасты жазып, сонан кейін зерттелетін жағдайдың сандық модельдеу процесін бастауға болады, яғни а мен в коэффициенттерінің мәндерін 1-ші формулаға сәйкестендіре есептеп берілген уақыттағы халық санын анықтау керек.
Лекция 9

Тақырыбы: Мәліметтер базасы және мәліметтер базасын басқару жүйесі


Жоспар:

  1. Мәліметтер базасының негізгі түсініктері

  2. Мәліметтер базасы өрістерінің қасиеттері

  3. Мәліметтер типі

  4. Мәліметтер базасының обьектілері.

Мәліметтер базасы дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер базасы ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын.

Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер базасын басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық-программалық кешендермен қарым-қатнасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер базасында тек мәліметтер ғана емес, апарат та сақталады деп. айта аламыз.

Осы айтылғанды мысалымен түсіндірейік:

Үлкен банкінің мәліметтер базасын қарастыралық, мунда тұтынушы туралы, оның адрес жайлы, қаржылық амалдары, несие алу тарихы және т.б. мәліметтер бар. Бұл мәліметтер базасына көптеген банк қызметкерлері қатнай алады, бірақ олардың іштерінде тұтастай базаға кіріп, оған өзгерістер енгізе алатын қызметкер жоқ. Сонымен қатар әрбір қызметкердің өзіне берілген нақты мәліметтермен жұмыс істеуін қамтамассыз ететін мәліметтер базасының әдістерімен құралдары да бар.

Мәліметтер базасын басқару жүйесі дегеніміз жаңа мәліметтер базасын құруға, он мәліметтермен толтыруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды реттеуге, безендіруге және баспа құрылғыларына шығаруға немесе байланыс арналарына жөнелтуге арналған программалық құралдар кешені.

Дүние жүзінде мәліметтер базасын басқару жүйелерінің түрлері өте көп. Олардың әрбіреуінің түрлі обьектілерімен жұмыс істеу ерекшеліктеріне, қолданушыға ұсынатын қызмет түрінің өзгешілігіне қарамастан, оларда ортақ ұғымдар кешені қалыптасқан. Сондықтан Бізе бір ғана мәлімет базасын басқару жүйесін қарастырсақ жеткілікті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет