ОқУ-Әдістемелік кешені пәні: Денсаулық сақтаудағы құқық және экономика негіздері Мамандығы


Денсаулық сақтау жүйесін жоспарлау және қаржыландыру



бет16/23
Дата29.10.2023
өлшемі71.97 Kb.
#481895
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
УМК КУКЫК каз

Денсаулық сақтау жүйесін жоспарлау және қаржыландыру
Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері
1. Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздері:
1) бюджет қаражаты;
1-1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері;
2) ерікті медициналық сақтандыру құралдары;
3) ақылы қызметтер көрсету үшін алынған қаражат;
3-1) жеке және заңды тұлғалардан ерікті қайырмалдық ретінде алынған қаражат;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де көздер.
2. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді белгілеу тәртібі мен әдістемесін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі айқындайды. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тарифтерін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін қаржыландыру нысандары
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсететін денсаулық сақтау субъектілерін қаржыландыру:

  1. мемлекеттік медициналық мекемелер үшін – жеке қаржыландыру жоспары бойынша;

  2. мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, денсаулық сақтау субъектілері үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және (немесе) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен шарт негізінде жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау жүйесін қаржылық қамтамасыз ету көздерін пайдалану

  1. Денсаулық сақтау жүйесінің қаржылық ресурстары мыналарға бағытталған:

  • тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу;

  • денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру;

  • дәрілік заттарды, орфандық препараттарды, қан мен оның компоненттерін, вакциналарды және басқа да иммунобиологиялық препараттарды, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алу;

  • жұқпалы аурулардың жағдайлары мен эпидемияларын жою;

  • денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау, олардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

  • медицина ғылымының жетістіктерін әзірлеу және енгізу;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де шығыстар.

  1. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі айқындайтын тәртіппен медициналық қызметтердің сапасы мен көлемі бойынша шарттық міндеттемелерге мониторинг жүргізу нәтижелерін ескере отырып жүргізіледі.

  2. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілерге фармацевтикалық қызмет көрсету құнына ақы төлеуді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі айқындайтын тәртіппен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады. Қазақстан.

9 дәріс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет