ОҚУ Әдістемелік кешені



бет3/8
Дата17.06.2016
өлшемі0.58 Mb.
#142406
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8

ЛЕКЦИЯНЫҢ ҚЫСҚАША КУРСЫ

Жетісай-2005



9.ЛЕКЦИЯ САБАҚТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

1 Лекция.



Тақырыбы: XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті.
Жоспары:


  1. Кіріспе.

  2. XIX ғасырдағы тарихи жағдай, халық ағарту ісі.

  3. Осы кезеңдегі қазақ-орыс әдеби байланыстар жайы.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті-ұлттық сөз өнері тарихының елеулі

бір кезеңін қамтиды. Аузшы дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзия табиғи сабақтасып, көркемдік стилдік жалғасын тауып жатты. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті әлемдік озық көркемдік әдістерді шеберлікпен пайдалана білді. Әлемдік әдеби дамудың ортақ заңдылықтарын игеріп, ақын – жазушылар жаңашылдықпен реалистік тұрғыда көрнекті туындыларды дүниеге келтірді. Әдебиет алыптары қазақ сөз өнерінің философиялық, гуманистік-ағартушылық, эстетикалық мазмұнын жан-жақты байытты.

Ресей империясы Қазақстан жерінг отарлау жұмыстарын кең өрістетіп, барлық аймақтарда әскери қамалдар, бекіністер салынды, ресми қазақ хандықтары жойылып, аға-сұлтандық, болыстық, старшындақ, ауылдық түрдегі отарлық басқару жүйесі енгізілді. Патша өкіметінің қазақ елін отарлау саясатына бағытталған құжаттары: “Сібір қазақтарының Уставы” (1822), “Орынбор қазақтарының Уставы” (1824).

Отаршылыққа қарсы XVIII ғасырдың аяғы мен XIXғасырдың бірінші жартысында бірнеше халық қозғалыстары бой көтерді:


  • Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы(1787-1797);

  • Қаратай сұлтан(1797-1814);

  • Арынғазы сұлтан(1816-1821);

  • Исатай, Махамбет бастаған көтерілістер(1836-1838);

  • Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс(1824-1847).

Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайына келсек, XIX ғасырдың бас кезінде Бұқара, Самарқан, Хиуа, Қазан, Уфа, Түркістан, Ақмешіт қалаларындағы медреселерден білім алған қазақ оқығандары ағартушылық қызмет атқарды.

Отарлау саясатының мақсаттыр үшін 4-5 кластық қалалық училищелер, орыс-қазақ мектептері, гимназиялар Омбыда, Семейде, Верныйда, Торғайда, Қостанайда, Ырғызда,т.б. жерлерде ашылды.Орынбор қаласында Сібір кадет корпусы (1847), Неплюев кадет корпусы, Бөкей ордасында орысша-татарша сауат ашу мектебі, Омбыда, Ташкентте мұғалімдік семинариялар ашылды.

Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын, этнографиясын зерттеу жұмыстарының екі жақты сипаты бар: бірінші-патшалық өкіметтің отарлау саясатының мақсатын орындау, екінші-ғылымдық ізгі ниет.

А.И.Левшин, П.П.Семенов- Тянь-Шанский, В.В. Григорьев, Н.И. Ильминский т.б. еңбектері отаршылық ниетке негізделді.

Ғылымдық ізгі мақсатта халық мұрасын жинап зерттегендер: В.В.Радлов, И.А.Березин, Г.Н. Потанин , Ә. Диваев, т.б.

XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнында реализм, романтизм тәрізді көркемдік әдістер көрініс тапты. Ауызша және жазба ақындық дәстүр табиғаты, жыраулық поэзия сілемдері сақталды.Ежелгі түркілік, шығыстық жазба әдеби дәстүрлермен сабақтасып жатты.Фольклордағы синкретизм әнші- ақындар шығармашылығы арқылы жаңғыра дамыды. Жаңа реалистік жазба әдебиет мазмұнындағы лирикалық, сатиралық өлең, поэма, проза (әңгіме, очерк, ғылыми-көсемсөздік мақала) жанрлары, философиялық трактат, аудармалық және нәзиралық шығармалар қалыптасып, дамыды.


Әдебиеттер
1.°óåçîâ Ì.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºó – îðûíäàðûíû» ñòóäåíòòåðiíå àðíàë¹àí. - À. 1991.

2.ƽìàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.

3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiíi» òàðèõû. - À. 1994.

4.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àñûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.

5.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiíi» òàðèõû. - À. 1997.

6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.

7.Әуезов М.О. XVIII-XIX ғ. ақындары. А.,1985, 16-т.

8.Кенжебаев Б. Әдебиет белестері. –А.,1965.


2 Лекция



Тақырыбы: Дулат Бабатайұлы(1802-1874) шығармашылығы.
Жоспары:


  1. Өмірі туралы мәлімет

  2. Дулат шығармашылығының зерттелу жайы.

  3. Шығармаларының тақырыбы, көтерген мәселелері.

  4. Дулат шығармаларының жанры және көркемдік ерекшеліктері.

Дулат Бабатайұлы – туған елінің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас ақын. Ол патшалық Россияның қазақ өлкесін күшпен отарлау кезеңін, одан туған зобалаңдарды өз көзімен көріп, соған барынша наразылық білдірген ел басы адамдарының бірі.

Отарлау саясаты іске асуына байланысты қазақ елі бұрынғы дәстүрлі басшылықтан (хандық биліктен) , ата-баба жайлаған жер-судан , ұлттық меншіктерден айрылып, салт-сана бұзылып, үйреншікті ғадет-ғұрып, наным-сенім өзгеріп жатқаны ауыр қасірет ретінде танылады. Қоғамның заңды өзгеруі жолынан тыс, күшпен, зорлықпен еніп жатқан жаңа қарым-қатынас, сауда-саттық , ақшалы алаяқтар әрекеттері қазақ шаруаларына қаншалықты ұнамаса, ақынға да соншалық жат құбылыс ретінде көрінеді. Сондықтан да, Дулат - өзі жасаған заманға , отаршылар зорлығына , ол қауымға қызмет еткен әкімдерге , аға сұлтандық билікке түбегейлі қарсы шыққан , халқының тәуелсіздігін көксеген әрі күрескер, әрі реалист ақын.

Дулат Балқаш пен Аякөз маңын жайлаған Найман-Сыбан елінен шыққан. Бізге жеткен өлеңдерінде кездесетін кейбір деректерге қарағанда, Дулат ескіше оқыған, сауатты ақын болған. Ол өз өлеңдерін кейініректе қолжазба кітап етіп тізіп жүрген.

Дулат-қазақтың көп жеріне мәлім ақын. Ол өзі туған өлкеде тұрып қоймай, Шығыс, оңтүстік Қазақстан жерлерін және Арқаны түгел аралаған. Ертедегі ақындар үлгісінде тәрбиеленіп өскен. Әуелі ақын айтыс, әзіл-оспақ ретіндегі өлеңдер шығарып айтып жүрген. Бірақ кейін ол ел арасы, ауыл іші, жергілікті тақырыпты жырлаудан гөрі саяси әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді жырлауға ойысқан.

Дулаттың өмірі туралы деректер және оның өлеңдері Совет дәуірінде жиналып, зерттеле бастады. Мәселен, ақынның кейбір өлеңдері мен өмірбаяны туралы деректі біз ең алғаш орта мектептің сегізінші класына арналған С.Мұқанов пен К.Бекхожиннің 1939 жылғы хрестоматиясынан ұшыратамыз. Онан кецін профессор Қ.Жұмалиев өзінің 1940-1941 жылдары мектеп оқушыларына арнап жазған қазақ әдебиеті оқулығында Дулаттың өмірі мен кейбір шығармаларын талдап, ақын туралы өз қорытындысын жасады.

Біраз жылдар зерттеушілердің Дулатты нағыз кертартпа әдебиет өкілі санап келгені мәлім. Өз заманына орай ақын көзқарасына тән тарихи шындық сырын таныттық.

Қазіргі уақытта ақын туралы ғылыми жаңа түсініктер орнығып келеді.

Дулат өлеңдерінің қазіргі мөлшері оның басқа замандастарының өлеңдерімен салыстырғанда әлдеқайда мол. Олардың ішінде ұзақ арнау өлеңдер, нақыл-өсиет ретінде айтылатын дидактикалық терме, ертек-аңыз сюжетінде жазылған толғау және бірнеше мысал сөздер бар. Шығармаларының идеялық мазмұны да әр алуан. Олар негізінен қазақ қоғамындағы белгілі кезеңнің тарихи шындығын қамтиды.

Дулат “Бірінші сөз” деп аталатын өлеңінде туған өлкесінің сұлу табиғатын ардақтап, өзін соны қорғаған қызғышқы теңейді.

Дулат өзінің “Бесінші сөз” немесе “Ата қоныс Арқада” деп аталатын өлеңінде Арқаны жайлаған қазақтардың бір кездегі тарихын баян етеді. Ол қазақ халқының жоңғарларға қарсы ерлік күрес жүрлгізу арқылы.елдігін сақтап келгенін, туған жерін қалмақтардан қорғай білгенін айтып, сол кездегі ерлікті, дербестікті мадақтайды.

Дулат шығармасынан елеулі орын алатын “Еспембет” атты ұзақ толғау. Бұл өзінің көлемі, құрылысы жағынан халық жырлары үлгісіндегі ерлік дастан тәрізді. Ақын бұл шығармасындағы да жетім бала тағдырын сөз қылады. Дастан халық аузында жүрген Еспембет батыр туралы аңыз сюжеті бойынша жазылған.

Дастанның негізгі қахарманы-жетім бала, Еспембет. Ол өз елінен жырақта, нағашы жұрты Қарасайдың қолында жылқы бағып жүреді. Ержете келе Қарасай елінде, тамағы тойған жерінде жата беруді ар санап, жас жігіт өзі туған Арқаға кері оралмақ болады. Қарасай ұсынған дүние-мүліктің бәрін де алмай тек жалғыз Ақбөрте деген тайды қалайды. Ақыры сол таймен елге оралады. Күндердің күнінде қазақ батырлары қалмақтан елдің кегін алуға аттанады. Ақтанберді, Қабанбайлар бастаған қолға Еспембет те ереді. Бұлар сан күн ұрысып, қалмақ қамалын бұза алмай қатты сасады. Сол кезде Еспембет Ақбөртемен жауға жалғыз шабады.

Дулат осы Еспембет ерлігін кейінгілерге үлгі етеді. Аталмыш дастан өзінің құрылысы жағынан да ерекшеленеді. Оқиғаның желісі жинақты, мазмұны тартымды. Дулаттың “Еспембет” дастаны - өз кезіндегі әдебиетте елеулі орны бар,батырлар жыры үлгісіндегі патриоттық мәні зор шығарма.

Ақын басқада бірсыпыра толғауларынды Россия ықмалымен елге еніп, міп жатқан сауда қатынастарына, елді басқару , билеу тәртібіне ашық наразылық білдіреді .Үйреншікті ел билігін бұзған өзгерістің бәрі оған ұнамайды.Бұрынғы ізгі адамдар жойылды, олардың орнын алаяқ қулар, пайдакүнем құлқынқұмарлар, пейілсіз бай, берекесіз сұмдар мен қулар басты, ендігі би дегендеріңіз-елін сатып, шен алып, күн көріп жүрген жыртқыш аң бейнесіндегі бұзықтар, опасыз аға сұлтандар,-дейді.

Дулат қазақ әдебиеті тарихында алғаш мысал жазған ақын болып саналады. Оның бізге жеткен қызғылықты төрт, бес мысалы бар. Бұл жағынан әдебиетке жаңа бір форма әкелуші, жаңалық енгізуші деп қараған жөн.

Нысапсыз патша туралы шағырған “Бір патшаның бір кезде” деп басталатын аңыз мысал өлеңінде ақын дүниеқор, баққұмар патшаның пайдақорлық жолында өз түбіне жеткенін мысқылдайды.

Дулаттың “Шымшық пен бөдене” туралы өлеңі де осындай мысал сөз ретіндегі шығарма. Ақын мұнда орынсыз мақтан, желбауыздыққа қарсы шығады. Кішіпейіл, адал болуға баулиды.

Мысал стилінде жазылған тағы бір шығармасы – “Шаштараз”. Бұл да қысқаша сюжетке құрылған өнегелі, өрнекті туынды. Оның да оқушысына тәлім берерлік әлі күнге мәні бар. Мысалдың мазмұнына халық арасына кең тараған Ескендір патша туралы бір аңыз негіз болған.

Ақын шығармаларынан орын алатын маңызды мәселенің бірі-оқу, өнер-білім. Дулат та басқа ақындар сияқты надандыққа, әдепсіздікке қарсы шығып, қазақ қоғамындағы адамгершілікке жат қылықтардың өріс алу себебі-осы надандық індетінің салдары деп түсінген. Сондықтан оқып білім алған адамдардың қоғам өмірінен алатын орындары өзгеше деп бағалаған. Адам бойындағы даналық пен жақсылық-бәрі тәрбиенің, оқудың нәтижесі. Елді оқыған, тәрбиелі білімді адам басқарса, зұлымдық пен озбырлық дегендерге жол берілмес еді,-деп түйген.Жалпы адамның “жақсы” , “жаман” болып бөлінуі де сол парасаттылығында; Ойлы, ұтсамды, білімді, өнерлі болуы, ақылының өсуі-бәрі оның ізденіп тапқанына, содан соң бойына дарытқанына байланысты демекші.

Дулат өлеңдері ойлы, нәрлі, образды. Нысанасына дәл тиерлік өткір. Ақынның шығармаларын оқығанда көз алдыңнан қазақ қауымының сан алуан жағымсыз тобы тізбектеліп өтіп жатады. Кердең-кербез құркеуде ұлықтары, малын жанына балап, жалаң-жадағай жылмаңдаған, сүмеңдеген сараңдары, ойлағаны-сұмдық, істегені-қулық, алаяқ би-болыстары, дөң-дөкір, ұры-қары, қу-сұмдары өздеріне ғана тән мінездірімен ерекшеленеді. Ұлық алдында ұяңсып, жуасып, қылықтана қалатын, ал ұлық кетсе, елген қасқырша шабатын Сүлеймен болыстың екіжүзді мінезін дәл басып, шебер бейнелейді.

Ақындық сөздің рухани күшіне мән бере білген Дулаттың өз өлеңіне қояр мақсаттары да айқын. Ол сусағандарға сусын боп, таңдайын жібітер сөзді, шаршағанды тынықтырар, күш-қуат берер жырды шығаруға талаптанған. Өлеңнің мақсаты ел-жұрттың жүрегіне жылы тиіп, олардың көңіліне дем, қайғысына ем болу,-деп ұғады. Яғни, өлеңді еріккеннің ермегі емес, рухани керегі деп біледі.

Асылы, Дулат шығармаларының басым бөлігі-дидактика. Әсіресе, ақынның “Өсиет нама” жинағына енген шығармалары осындай.

Дулат шығармасынан елеулі орын алатын-оның “Еспембет” дастаны мен бір топ өлеңдері. Бұл саладағы ақын туындыларының түгел XIX ғасыр қазақ әдебиетіне қосылған үлес деп бағалау орынды. Туған жерге, езілген елге деген ниеті түзу. Елінің тәуелсіздігі үшін күресті жақтап, халықты ерлік қимылға баулиды. Ақынның бұл идеялас шығармалары-әлеуметтік, дидактикалық туындылар.

Дулат өлеңдерінің мазмұны, тілі халық ауыз әдебиетімен ғана үндесіп жатпайды. Соған қоса Абай, Ыбырай, Махамбет, Шортанбай, Мұрат сияқты кейінгі ақындарға жалғасып, пікірлесіп жатады.

Дулаттың “Он бес деген жас қайда” деген жыры адам өмірі жайлы айтылатын, Бұқар, Шал,Шортанбай, Сүйінбай толғауларымен үндесетін тақырыптас өлең.

Дулат шығармалары қазақ жазба әдебиетінің қалыптасуына өз үлесін қосты. Ол поэзиямыздың мазмұнын байытты, оның көркемдік түрі жағынан да жетіле түсуіне көмектесті. Сын-сықықты жиі қолданып, өлеңдердің бұл саласының дамуына да өз үлесін тигізді. Әдебиетіміздің реалистік бағытын нығайтты, образдылық, көркемдік бояуын күшейтті.
Әдебиеттер
1.°óåçîâ Ì.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºó – îðûíäàðûíû» ñòóäåíòòåðiíå àðíàë¹àí. - À. 1991.

2.ƽìàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.

3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiíi» òàðèõû. - À. 1994.

4.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àñûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.

5.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiíi» òàðèõû. - À. 1997.

6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.



7.Омаров Б. Зар заман поэзиясы. –А.,2000.

3 Лекция.



Тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы (1803-1840).
Жоспары:


  1. Өмірі туралы мәлімет.

  2. Ақын шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары.

  3. Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл, реалистік,романтикалық толғау ақыны.

  4. Ақын өлеңдеріндегі Исатай бейнесінің жырлануы және өз бейнесінің сомдалуы.

Бұқарашылдық идеясымен айқын танытып, қазақ қауымындағы таптық қайшылықтың шиеленіскен кезін, хан-феодалдар мен еңбекші халық арасындағы кескілескен күресті нағыз шындық тұрғысында жырлап өткен ақын Махамбет еді.Ол-езілген елдің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған күрескен ақын, Исатай Тайманов бастаған шаруалар қозғалысына бастан-аяқ қатынасқан, сол қозғалыстың ең бір табанды сарбазы, жалынды үгітшісі, өз кезеңінің ірі қоғам қайраткері.

Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы, қазіргі Гурьев пен Орал облыстарына қарасты Нарын құмында туған. Махамбеттің шыққан ортасы-шағын шаруа. Бірақ бір ағасы-Бекмұхамбет хан сарайына жақын, Жәңгір ханның сенімді биі болған. Ол жағында болып көтеріліске қарсы күрескен. Ал Махамбеттің басқа ағайындылары көтеріліс жағын жақтап, жау қолынан қаза тапқан. Ер жетіп, ат жалын тартып мінгеннен бастап Махамбет өмірдің жай-жапсарына ой жіберіп, сын көзімен болжай білген озық ойлы албырт жас ретінде көзге түседі. Қалың еңбекші қауымның ортасында өскен ол бұқара халықтың зары мен мұңын жақсы білді, жігіт шағында хан ордасы маңында болып, өзгеше өктем ортаға кездесіп, ондағы сән-салтанат, байлықтың сырын терең түсінді. Байлық пен салтанатқа, сарайдың жалтырауық сыртқы сәніне қызыққан жоқ. Махамбет халық қозғалысы тұсында өсіп, күрес-тартыста шынығып, әдебиет майданына келген өршіл идеяны алып күшті, өрен ақыны болатын.

Махамбет ұл болып туған жастың масаты:”Ереуіл атқа ер салу, егеулі найза қолға алу, алты малтаны ас қылып, ат үстінде күн көріп, ашаршылық шөл көріп” жүріп, жаудан кек алу, халықтың арын, жерін қорғай білу деп түсінеді. Махамбет XIX ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, сол кезеңнің зор дүбірлі тарихи оқиғасының жалынды жаршысы, насихатшысы болды. Махамбет ел тарыққан заманда одан шығар жолда батыл күрестен тауып, жауына қарсы қол бастаған қамқоршы, әрі батыр, әрі ақын болды.

1925 жылы Халел Досмұхамедұлы жариялаған “Исатай-Махамбет” атты кітаптағы пікірлер бойынша, “Махамбеттің өзі де жас кезінде Жәңгірдің нөкерінде болған екен. Исатай ханға қарсы бола бастағанда – ақ Исатайға еріп кеткен. Махамбеттің өзі әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы; өте қызулы адам екен...”-делінген.

Сондай-ақ Махамбеттің орысша, мұсылманша сауатты адам болғаны туралы деректі материалдар бар екені мәлім. Олардың бірі тарихшы А.Ф.Рязанов тауып мәлімдеген Махамбеттің 1939 жылғы елде қалған жолдастарына жазған хаты; екіншісі , 1845 жылғы Орынбор шекара комиссиясына баласы Нұрсұлтанды оқуға алуын сұрап, өз қолымен жазып жолдаған арызы.

Махамбет өз кезінің алдыңғы қатарлы, көзі ашық, білімді адам болған.Хан сарайы айналасында жүрген Махамбет жас кезінен оқуға мүмкіндік алған.

Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар қозғалысы туралы соңғы жылдары жаңа деректер табылып, олар баспа бетін көре бастады.Сол деректердің ең ұстамдысы деп біз Никита Савичев (1821-1855) қалдырған еңбекті атамақпыз. Никита Федорович Савичев XIX ғасырдың екінші жартысында Орал қаласында әскеи қызмет атқарған, тарихшы-этнограф, архив ісімен шұғылданушы, сурет өнерімен, жазушылықпен әуес, жан-жақты талапкер адам болған.Исатай мен Махамбет көтерілісі туралы алғаш тарихи шынайы пікір түйіндеген прогресшіл зерттеіші.

Исатай қозғалысын біз бұрын батыр өлген 1838 жылмен аяқтап жүрдік. Ал Савичев материалдары бойынша көтерілістің жалғасы 1842 жылы Аббас Кучиев және Муса Айбулатовтар басшылығымен хан Жәңгірдің қатал жауыздығына қарсы болыпты.Бірақ сәтсіз аяқталған.

Савичевтің мәліметі бойынша, Исатай Тайманов 1838 жылы 12 шілде күні Ақбұлақты оқиға үстінде “өз ерлігінің құрбаны ретінде қаза тапты” деп, Исатай Таймановты ол аққан жұлдызға (метеорға) балайды, “Дауылпаз батыр” санайды.

Н.Савичев Исатайдың серіктері ішінде Махамбетті ерекше еске алады. Ол көп жерде екеуін қатар атап, нағыз пікірлес, мақсаттас, қайтпас қайсар батырлар санайды.”Көтеріліс тәмамдалғаннан соң,-дейді Савичев, -Исатай нөкерінің аман қалған қазақтары Қиылға қарай жол тартты... Бұлардың ішінде Таймановтың бірден-бір жанашыр жолдасы, әрі жолын қуушы шәкірті ретіндегі ақын інісі Махамбет Өтемісов те бар еді”. Исатай қазасынан кейін Махамбеттің жауына берілмей, батыр ісін қайта бастап, көтеріліс туын жықпау жолында жан аямай күресіп, ат арқасынан түспегенін, ақыры қатыгез жаулары оны да құтқармағанына аяныш білдіреді.”Ықылас бастаған Б.Айшуақовтың жендеттері оны 1846 жылы 16 қазан күні (Қаройда) сатқындықпен өлтіреді”,-деп батырдың өлімін де өкінішпен аяқтайды.

Махамбет-суырып салма ақпа ақын. Өлеңдері ауызша тарап келген. Сөйтсе де ақынның кейбір өлеңдері өзінің мазмұны жағынан да, түр өзгешелігі жағынан да бұрынғы ауыз әдебиеті шеңберінен жоғары, жазба әдебиетке біртабан жақын тұр.

Махамбет өлеңдері баспа бетін кейін көрді.Кейбір өлеңдері XX ғасыр басында, Қазан төңкерілісі алдында шыққан қазақ ақындарының жинақтарына енеді. 1908 жылы қазанда басылып шыққан “Мұрат ақынның Ғұмар қажыға айтқаны” деген жинаққа Махамбеттің жүз жолдан астам екі толғауы енген.Бұл басылымдағы өлең “Борайда-борай қар жауса” деп басталады. “Беріш батырының сұлтанға айтқаны” деген атпен қазір бөлек басылып жүрген бірнеше өлеңі осы жинақта біріктіріліп беріледі.Бұлардың Мұрат ақынның айтуы бойынша басылғаны ескертіледі. Жалпы мазмұнында ерекше өзгешелік жоқ... Тек кейбір жолдары ғана қазіргі басылуынан біраз бөлегірек.

Махамбет толғауларының кейбір үзінділері 1910 жылдары Орынборда шыққан “Шайыр” жинағында да басылған.Осы жинақта “Исатайдың әндесі Махамбет жыраудың сөзі” деген атпен ақынның “Ереуіл атқа ер салмай”, “Мен, мен едім, мен едім” толғаулары берілген.

Махамбет өлеңдерінің тиянақты жиналып бастырылуы, оның өмірі мен шщығармашылығын зерттеу революциядан кейін ғана құнттап қолға алынды.Атап айтсақ , Халел Досмұхамбетұлы құрастырған “Исатай, Махамбет” кітабында 1925 жылы, “Аламан” жинақтарында 1926 жылы Ташкентте басылды және осы тұста жарық көрген “Жаңа мектеп” , “Сәуле” журналдарында Махамбет өлеңдері түгелге жақын жарияланып, Исатай көтерілісі туралы мәліметтер, Ғылман ақын поэмасы және басқалары шықты.

1927 жылы шыққан М.Әуезовтің “Әдебиет тарихы” атты еңбегінде Махамбет шығармасына бірінші рет талдау жасалды. Кейінірек, Махамбеттің өмірі мен шығармашылығына М.О.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев,И .Жолдыбаевтар оқулықтарында да (1933-1934) біршама орын берілді.

Жазушы С.Мұқанов Махамбет творчествосын өзінің “XVIII-XIX ғ. әдебиет тарихының очеркінде” кең талдады.

1939 жылы Махамбет өлеңдерінің жинағы жеке кітап болып басылды.

Махамбет заман шындығынан бірден-бір дұрыс қорытынды жасай білген реалист ақын болды. Оның шыншылдығын әрбір өлеңінен көреміз. Халық бақыты, ел мүддесі үшін күрескен Махамбеттей жалынды ақын өлеңі өмір шындығынан аулақ болуы мүмкін де емес еді.

Ақын өзі бастаған қозғалысты бастан аяқ жырлау арқылы сол тарихи оқиғаның шындық көрінісін түп-түгел көз алдыңнан өткізеді. Мысалы, өзінің “Соғыс” деген өлеңінде ақын Бекетай құмына ту тіккен көтерілісшілердің дүбірін, алғаш бас қосып, жауға қарчсы аттанған сәттерін жырлайды.

Әскер жиып аттандық, Жау қарасы көрінді,

Бекетай еді тұрағым. Жиылған әскер бүлінді.

Айқайлап жауға тигенде, Исатай-басшы,мен-қосшы...

“Ағатай беріш” ұраным...


Махамбет-қазақ әдебиетінде ең бірінші болып хан-сұлтандарға қарсы халық қозғалысын батыл да ашық айтқан ақын. Оларды халыққа жармасқан албасты, аяусыз талап жатқан қасқыр, шағып жатқан қара шұбар жылан, айыр құйрық шаян бейнесінде суреттеді.

Ол Исатайдың ерлік тұлғасын бейнелеп, сол арқылы күреске аттанған барлық халықтың алып күшін көз алдыңа елестетеді.”Мінген ер”,”Тарланым”,”Тайманның ұлы Исатай”,”Біз неткен ер”,”Ұл туса”,”Туған ұлдан не пайда”,”Исатай деген ағам бар”,т.б. өлеңдерінде ақын халықтың ерлік тұлғасын толық таныта алады.

Махамбет өлеңдері жігерлі де асқақ романтикаға толы. Ақын қиялы алыс қияға самғап, өмір өрін кезеді. Оның халықтық беті де айқын. Ол – халық үшін бар өмірін сарп еткен, ел үшін туған ер ақын. Махамбат поэзиясының реализмі оның халықтығымен ұштасып жатады.Оның поэзиясы-нағыз халықтық-реалистік поэзия.

Махамбет-ақындық мақсатын ел мүддесімен ұщтастыра білген азамат ақын.Халық қамы үшін атқа мініп, жауға қарсы өзінің жалынды сөзін жай оғымен қатар жұмсады.Ақынның өжет сөздері батырдың беліндегі ақ семсер , алмас қылыштай қиып түсер өткір қарудан кем емес еді.

Махамбет өлеңдеріне, оның жыр үлгілеріне Шернияз, Мұрат, Ақтан, Базар, Нұрым,Қашаған, Ғылман сияқты ақындар еліктеген , оның творчествосын жақсы біліп, әдеби үлгі алған.

Махамбет поэзиясы-хан сарайы маңындағы озбыршылыққа қарсы жырланды, ол озық идеялы, халықтық күресшіл поэзияның өріс алуына елеулі үлес қосты.Өз кезіндегі және кейінгі дәуірлердегі жазба әдебиетіміздің қалыптаса беруіне мықты ықпал етті, өміршең, реалистік әдебиетті нығайта түсті.

Махамбет поэзиясы XIX ғасыр әдебиеті қорына өзіндік жаңа леп пен тың идея қосқан жаңашылдығымен құнды.

Махамбет поэзиясына тән өжеттік, өрлік, өткір сын әр кезде де кейінгі жастарға үлгі. Ақынның бітім тұлғасы, ісі, сөзі-бәрі ерліктің мәңгі символы деуге боларлық.


Әдебиеттер
1.°óåçîâ Ì.Î. °äåáèåò òàðèõû (1927) æî¹àð¹û îºó – îðûíäàðûíû» ñòóäåíòòåðiíå àðíàë¹àí. - À. 1991.

2.ƽìàëèåâ ². XVIII – XIX ¹. ºàçຠ¸äåáèåòi. - À. 1907.

3.²î»ûðàòáàåâ °. ²àçຠ¸äåáåèåòiíi» òàðèõû. - À. 1994.

4.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. XIX ¹àñûð ¸äåáèåòi. - À. 1992.

5.Ѿéiíø¸ëèåâ Õ. ²àçຠ¸äåáèåòiíi» òàðèõû. - À. 1997.

6.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.

7.Ә.Әлімжанов “Махамбеттің жебесі”. –А.,1978.

4 Лекция



Тақырыбы: Шернияз Жарылғасұлы(1807-1867).
Жоспары:


  1. Өмірі туралы мәлімет.

  2. Ақын шығармашылығының негізі-суырып салма ақындық.

  3. Ақынның толғау-термелеріндегі өмір қайшылықтары.

  4. Шернияз – Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жыршысы.

Махамбет рухында жыр толғап,шаруалар көтерілісіне үн қосқан,

халықтың қайнаған шерін өлеңмен шерткен өткір тілді ерен жүйріктің бірі - Шернияз.

Шернияз Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жарыпшыққан бойын мекендеген кете елінен.Ол жас шағынан ел өмірін, халық тұрмысын жақсы біліп, олардың мұң-мұқтажын жете түсінген. Ақын көтеріліс басталысымен бірден Орда жағына өтіп, Исатай мен Махамбетті өзі іздеп барып қосылады. 1836 жылы Бөкей хандығына келіп Исатайға қосылады, ұзамай оның ең жақын достарының біріне айналады.

Көтеріліс күшпен басылғаннан кейін Шернияз Махамбетпен бірге Жайықтың Шығыс бетіне өтіп, ел аралап үгіт жүргізеді. Махамбетке еріп Хиуаға да барады, бірақ көтерілісті қайтадан бастай алмайды, қуғын азабын тартады. Баймағамбеттің ел кезген жендеттері Шернияздың барарға жерін, басарға тауын қалдырмайды. Ұсталатынына көзі жеткен ақын өзі ханға келіп, өнер асырып, оның кешірімін қабылдайды. Бірақ ол ешқашан өзінің Исатайдың Шерниязы екенін жасырмай, басына түскен жағдайға сай, сақтана жүріп қызмет етеді.

Шернияз он бес жасынан –ақ кішкене ділмар шері атанады. Ол адайдың атақты ақыны Абылмен кездеседі.Абылға еріп ел аралап, одан ақындық өнер үйреніп, Абылдың батасын алады. Кезінлде Қашаған ақынмен де кездесіп, тіл қағыстырады.


Менің атым Қашаған, Шынтуайтқа келгенде

Денемді артық жасаған. Үш сиықты баса алам,-


деген Қашағанға Шернияз:
Қашаған болсаң қияға, Ұзын құйрық, жүйрік ат,

Бар күшіңді аяма. Қашқанменен қоя ма?-


деп бір ауыз сөзбен жауап айтқан екен.

Шернияз айтыпты дейтін сөздер, терме, толғаулар көп, ел аузындағы сөздің бірі “Шернияз батасы” деп аталады.

Қонса қоныс бермейді сай дегенің,

Мінсе мініс бермейді тай дегенің.

Үйіне қонақ қондырмас бай дегенің,

Ішсе тамақ болмайды шай дегенің.

Осы шайды шығарған қай дегенің,

Тыңдап отыр сөзімді бай дегенім,

Құрып қап па осы үйде май дегенің?

Бата берем қолыңды жай дегенім,

Бұндай бата бере алмас баз дегенің.

Осы батам сендерге саз дегенім,






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет