ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет120/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

зайырлы, 
құқықтық 
және 
әлеумметті 
мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы – президенттік 
басқарунысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы ӛкілді 
органы – Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге 
асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және 
Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және респ. маңызы бар 2 қаладан екі 
адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент ӛкілеттігі мерзіміне 
Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімш.-
аумақтық бӛлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең 
болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын 
алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 
депутаттан тұрады. Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен 
құрады. Тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр 
Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы республика Президентіне ұсыныс 
енгізеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден 
тұрады, олардың ӛкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің 
тӛрағасын республика Президенті тағайындайды. 
Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстандағы жоғары 
атқарушы билік органы. 
Қазақстан Республикасының Үкіметі — мемлекеттік биліктің ерекше 
тармағы ретінде министрліктерден, агенттіктерден, комитеттерден тұратын 
орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық 
әкімшіліктерден тұратын жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады 
және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесінің 
негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген (64-бап). 
Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі ҚР 
Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған ―Қазақстан 
Республикасының Үкіметі туралы‖ (1999 ж. 6 мамырда ӛзгерістер мен 
толықтырулар енгізілген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгіленген. Үкімет ҚР 
Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен ӛзге де 


218 
нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл 
жасайды. Үкіметті Республика Президенті ҚР-ның Конституциясында 
кӛзделген тәртіппен құрады. Премьер-Министр Үкімет басшысы болып 
табылады. Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен Президент қызметке 
тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрі ӛзі 
тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде үкіметтің құрылымы мен құрамы 
туралы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьер-Министрдің 
ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке 
тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды 
құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкіметінің құрылымын министрліктер 
мен ӛзге де орт. атқарушы органдар құрайды. 
Қазақстан Үкіметі — алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері — 
республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер, ӛзге де 
лауазымды адамдар кіреді. Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері қызметке 
кірісер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкіметі туралы 
конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ант береді. Премьер-Министрге 
ерекше мәртебе берілген. Ол Президентке Үкімет құрамына кірмейтін 
министрліктерді, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату 
туралы, министр қызметіне кандидатуралар жӛнінде, министрді қызметтен 
босату туралы ұсыныстар енгізеді, Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған 
басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет