ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет118/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

Әлемдік саясат (ғылыми зерттеулер саласы ретінде) - [ағылш. 
world politics] - XX ғасырдың соңғы ширегінде АҚШ-та пайда болған, ғылыми 


216 
және білімдік пән; 350 жылдан астам үстемдік еткен Вестфальдық жүйенің 
орнына келген, жаһандану жағдайында қалыптасқан әлемнің жаңа саяси 
жүйесін зерттейді. - Вестфаль жүйесі Еуропадағы отыз жылдық соғыс 
аяқталып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт келісіміне қол қойылғаннан кейін 
құрылды. Ұлттық егемендік принципін негізгілердің бірі ретінде мойындап, 
Вестфаль бейбіт келісімі жаңа саяси қатынастарға жол ашты. Ол бойын- ша 
мемлекеттік егемендік ұғымы орны- ғып, кез келген мемлекет ӛз аумағында 
толық билікке жетті және сыртқы сая- сатын дербес анықтайтын болды. Бүл 
құқық басқа мемлекеттермен де мойындалады. Ӛзіне тән басқару тетіктері 
мен аппараты, саяси және құқықтық нормалары бар ішкі және 
мемлекетаралық қатынастар жүйесі қалыптаса бас- тады. Осы уақыттан 
бастап мемлекет әлемдік саяси жүйені құрайтын "молекула" күйіне түсті. 
Классикалық Вестфаль жүйесінде халықаралық қарым- қатынас мүшелері - 
қандай да бір міндеттерді шешуде коалицияға бірік- кен немесе ӛз беттерінше 
әрекет еткен тек мемлекет болды. Саяси қатынастарды талдаумен 
айналысатын ғылымдар да пайда болды: мемлекетті талдау деңгейінде - 
саясаттану; мемлекеттердің қарым-қатынасы деңгейінде - халықаралық 
қатынастар. 
«Кӛпвекторлы саясат» деген термин «кӛпжақты, әртарапты және 
теңдестірілген» саясат деп түсініктеме. Біздің ел кӛпвекторлы саясат ұстанып 
келеді. 
Қазақстанның кӛпвекторлы саясаты түпкілікті жүйеге түсті және елдің 
ӛсіп ӛркендеуі мен бақуаттылығына жұмыс істеп жатыр. Ӛзінің геосаяси орны 
мен экономикалық әлеуетіне байланысты Қазақстанға дәл осындай саясат 
жүргізу қажет болды. Қазақстанды екі құрлықта да мүддесі алысты кӛздеген, 
ірі еуразиялық мемлекет ретінде қарастыра отырып, орталықазиялық ӛңірдің 
ғана акцияларымен шектелетін, тар ауқымды географиямен тұйықталу жӛн 
болмайды. Мұндай ұстаным біздің елдің әлеуеті мен стратегиялық 
мүдделеріне кереғар келер еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет