Кеңес кезеңі. Тарих аумағынан қарағанда тым қысқа уақыт аралығында
(70 жыл — бір адамның ғұмыры) қазақтың ұлттық мәдениеті Кеңес ӛкіметі
кезінде сан қырлы құбылыстарды ӛз басынан ӛткізді. 1916 жылдан басталған
күрес келесі жылы мақсаттарына жеткендей болды. Ӛздерін «демократтар»
санаған Уақытша үкімет ӛкілдері сӛз жүзінде езілген халықтарға азаттық
береміз деді. Қазақ ғұламасы Ә. Бӛкейханов революция жасала сала «Жаңарған
Ресейдің ерікті азаматтары — қазақтарға» деген ӛз үндеуін жариялады. Жалпы
алғанда, қазақтың ұлттық мәдениетін XX ғасыр талаптарына сәйкес қайта
құруда «Алаш» партиясының рӛлі ерекше болды. Революцияның бастапқы
кезіндегі маңызды мәселенің бірі ұлттық-мәдени автономияға қатысты еді.
Ресей революциялық қозғалысының кадеттік, социалистік және коммунистік
бағыттарының кӛсемдері бұл идеяға қарсы шықты. В.Ленин болсын, Ф.
Керенский болсын территориялық федерацияны желеу етіп, бірорталыққа
бағынған Ресейдің империялық мәнін сақтап қалуға тырысты. Большевиктер
оған қоса ӛздерінің атышулы «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!»
ұранын басшылыққа алып, ұлттық мүддені шетке шығарып тастады. 1917
жылғы маусым айындағы басылымында «Қазақ» газеті осы мәселені тікелей
қойды. Автономияның қазақтарға ауадай қажет екендігін айтып, оның үш негізі
бар екендігіне оқырман назары аударылды (территория, мәдениет және ұлттық
ерекшеліктер). 1917 жылдың 21—26 шілдесінде Орынбор қаласында Бірінші
бүкіл-қазақтық құрылтай ӛтті. Оның шешімдері бойынша «Алаш»
партиясының бағдарламасы жарияланды. Бағдарламаның кейбір бӛліктерінен
үзінді келтірейік:
1. Ресей демократиялық Федеративтік Республика болуы керек, оның
құрамындағы әрбір мемлекет тәуелсіз әрекет етеді.
2. Қазақтар тұратын аймақтардан құралған автономия Ресей Федеративтік
Республикасының құрамды бӛлігі болып табылады...
3. Ресей Республикасында тең праволылық, тұлға, сӛз, баспа, ұжымдар
еріктілігі болады.
4. Дін мемлекеттен бӛлінеді. Барлық діндер тең праволы... қазақтардың
ӛзіндік муфтийлігі болуы керек...
5. Билік пен сот әр халықтың ерекшеліктеріне сәйкес құрылуы қажетті, би
мен сот жергілікті халықтың тілін білуі міндетті...
6. Білім алу — барлығының ортақ игілігі. Бүкіл оқу орындарында білім
алу-тегін. Қазақтардың ӛз тіліндегі орта және жоғары оқу орындары,
университеттері де болуы керек.
Бұл бағдарлама 5—12 желтоқсанда ӛткен Бүкілқазақтық екінші съезде
құпталынып, осы құрылтайда ұйымдастырылған Алашорда үкіметінің негізгі
заңына айналды. Сонымен 1917 жылдың аяғына таман Қазақстан прогресс
жолында талай жетістіктерге жетті және ұлттық тӛл мәдениетті дамытуға
мүмкіндік алды. Қазақ рухани мәдениетінің сол тұстағы деңгейінде «Алаш»
қайраткерлері алдыңғы қатарда тұрды. Кейін тоталитарлық жүйе оларға әдейі
«контрреволюцияшыл-ұлтшылдар» деп жала жапқан. Алайда большевиктер
орнатқан тоталитарлық жүйе қазақ халқының (Ресейдің басқа халықтарының
57
да) азаттық алу, мәдени ӛркендеу мүмкіндіктерін құлдыратып жіберді. XX
ғасырдағы ең сұмдық қылмыстардың бірі Кеңес Одағында жасалды.
Тоталитарлық жүйе ӛз халқына қырғын салып (геноцид), оның этномәдени
тұтастануына орасан зиян келтірді. Адамзаттың бүкіл тарихында ешбір саяси
ӛзгеріс нақ осындай сүргінге әкелген жоқ. XX ғасырдағы екі социалистік
эксперимент (фашистік ұлттық-социализм және коммунизм) 100 миллионнан
астам адамды қырды. Этнобірігу және мәдени эволюцияны бекерге шығаратын
большевиктік идеология мен практика бұрынғы Ресей империясы
топырағындағы
халықтардың
ғасырлар
бойы
жинақталған
мәдени
құндылықтарын талан-таражға салды. Бұл, әсіресе, қазақ тағдырынан анық
кӛрінеді. Ұлттық-мәдени тұтастануға кеселін тигізген тӛмендегідей
большевиктік тәжірибелерді атап ӛтейік:
1.
Демографиялық
геноцид.
Белгілі
демограф Мақаш
Тәттімовтың есептеуі бойынша, тоталитарлық жүйе кезінде қазақтар
шетелдерге біржолата кӛшіп кеткендерін қоса санағанда 4,5 миллион адамынан
айрылған, яғни бүкіл халқының үштен екісін жоғалтқан. «Проценттік
қатынаста, — дейді М. Тәтімов, — Қазақстан қасіреті Батыс Армения
қасіретінен, Еуропадағы фашизмнің еврейлерді жоюынан, Камбоджадағы
зұлматтан да асып түсті». (Демографиялық кескін — Қазақ, 66—67-бет).
2. Этномәдени экспанция. Патшалық Ресей империясы бастаған
миграциялық саясатты Кеңес ӛкіметі де дәйекті жүргізді. Геноцид нәтижесінде
қаңырап бос қалған кең дала келімсектермен толтырылды. XIX ғасырдың
ортасында ӛз жерінде 92%-ін құраған жергілікті ұлт ӛкілдері 1959 жылғы санақ
бойынша 29%-ке дейін тӛмендеді. Мұның ӛзі 1916 жылғы қырғынның, азамат
соғысының, Ф.Голощекин жүргізген
«Кіші
Октябрь»
саясатының,
30-
жылдардағы аштықтың, тың және тыңайған жерлерді игеруге сырттан жүз
мыңдаған бӛгделердің келуінің салдары екені белгілі. Этномәдени экспанция:
«феодализмнен социализмге бірден секіру» үшін аймақты индустрияландыру
қажет, ал бұрынғы кӛшпелілер техникаға жетік емес, сондықтан орталық
аудандардан кәсібилерді шақыру керек дегенді желеу еткен. Мигранттардың
кӛптеп кӛшіп келуі қазақтардың дәстүрлі мәдениетін шайқалтып, оның ӛрісін
тарылтты. Әрине, этномәдени экспанцияның жағымды жақтары да болды
(білімділік деңгейінің кӛтерілуі, экономикалық даму, мәдени диалог т.б.).
Алайда таразының екі басы тең емес еді.
Қазақ кеңес мәдениеті туралы әңгіме еткенде оның тарихи ерекшеліктері
мен ӛзіндік белгілеріне тоқталып ӛткен жӛн. Егер бұрынғы қазақ мәдениетін
дәстүрлік ӛркениет деп бағаласақ, онда тоталитарлық жүйеде ұлттық негіздерді
жойып жіберуге бағытталған болышевиктік шараларды ескеру керек. «Тағдыры
ортақ жаңа қауым», «тарихта бұрын болмаған адамдардың жоғары бірлестігі —
кеңес халқы», сондай-ақ, «мазмұны пролетарлық және түрі ұлттық социалистік
мәдениет» ұрандарын басшылыққа алған идеологтар мен саясатшылар рухани
мәдениеттің тамырына балта шапты. Ерте заманның ӛзінде атақты Аристотель
мазмұн мен форманың бірлігін дәлелдесе, революционер марксистер
мәдениеттегі ұлттық мазмұнды бекерге шығарды. Шын мәнінде, ең алдымен,
58
мәдени туындының мазмұны ұлттық болып табылады. Ӛйткені мәдени
қайраткерлер ӛз шығармашылығында нақтылы ұлттық кӛкейкесті мәселелерді
кӛтереді; қаңдай абстрактылы шығарма болғанымен, оның тамыры этностық
фольклордан, халықтық педагогика, этика, дүниетанымнан нәр алады.
Жоғарыдағы «социалистік» мазмұнды кӛмкерген ұлттық форманы Сталин тек
тілге әкеп тіреген. Олай болса, ӛз ұлтының тарих-талғамын орыс тілінде
жазған О.Сүйлеменовты қалайша ұлттық мәдениеттен аластаймыз. Әдеби
тілден басқа әр этностың ӛзіндік рәміздері, таңбалары, музыка, театр,
кӛркемӛнер тілі бар. Әр этностың тӛлтума мәдениетіне үлкен нұқсан келтірген
большевиктік «тәжірибелердің» бірі — ұлтаралық некелесуді дәріптеу. Әрине,
табиғи-тарихи жағдайларда бұл — прогрессивті процесс, дүниежүзілік мәдени
сұхбаттасу ағынының бір бұлағы. Әр түрлі этностардың, тіпті нәсілдердің
араласуы нәтижесінде қазіргі әлемде кӛрнекті рӛл атқаратын американдар,
бразилиялықтар, мексикандар, үнділер сияқты халықтар қалыптасты.
Этнобиологиялық және этноинтеграциялық тұтастануды оқшаулану деп
түсінудің ауылы ақиқаттан алыс. Алайда Кеңес Одағында бұл процесс
ӛктемділікпен жүргізіліп, империядағы басқа халықтарды орыстандыру
саясатында ӛтті. Саяси-идеологиялық ұрандардың желеуімен 200-ден астам
этностар араластырылып жіберілді. «Нәтижесінде жүзге тарта тӛлтума
мәдениет мәңгілік жоқ болып, жұмыр жердің мәдени-рухани болмысы солғын
тартты. Осынау жойқын да жойдасыз қасіреттің орнында мыңдаған жылдар
бойы қалыптасқан тӛлтума мәдениетін әбден таптап, химералық күйге жеткен
300 миллион тобыр қалды; басқа ұлтпен некелескен 60 миллион дүбара қалды;
60 мың тірі жетім балалар қалды (тіркеуге алынғаны ғана); абақтының тұрақты
тұрғындарының саны 20 миллионға жетті». Шын мәнінде, Кеңес Одағы
маргиналдар қоғамына айналды.
Әр ұлттың мәдени архетиптерін шайқалту Кеңес Одағында мемлекеттік
саясат дәрежесінде нысаналы түрде жүргізілді. Мысалы, 1951 жылы Орталық
мұсылман халықтарының «Деде Қорқыт», «Алпамыс», «Манас». «Ер Сайын»,
«Шора Батыр», «Қобыланды» сияқты эпостарын діншіл және ақсүйектік деп
жариялап, оларға тыйым салды. Халықтық мәдениетті қудалаудың сорақы бір
кӛрінісі — домбыраны феодализмге апарып тіркеу. Тоталитарлық жүйенің
мәдениет саласында жүргізген саясаты тек кеңестік ұлттарды «тазалаумен»
шектелген жоқ. «Жаңа коммунистік мәдениетті қалыптастыру» дегенді
басшылыққа алған партократия дүниежүзілік озық мәдениет үлгілеріне
тосқауыл жасады. Белгілі «темір пердемен» қоршалып қойылған КСРО-да таза
пролетарлық мәдениет дәріптелді; бүкіл Батыс — буржуазиялық, ал Шығыс -
ескішіл феодалдық деп жарияланды. Мұның бір дәлелі — Отан соғысынан
кейін сталинизмнің жүргізген шаралары. «Космополиттік мәдениет»,
«империализм ықпалдарына түскен» ғылымдар қатарына кибернетика,
генетика, тілтану т.б. қойылды.
Қорытып айтқанда, большевиктік «мәдени революция» Жер шарының 76
бӛлігінде «кеңестік адам» атты, бұрын-сонды болмаған, адамдардың айрықша
түрін қалыптастыруға бағытталды. Бұл туралы Шыңғыс Айтматов шеберлікпен
59
суреттеген мәңгүрт бейнесін еске алайық. Тарихи дәстүрден мүлдем
айырылған, тіпті ӛз анасын ӛлтіруге дайын мәңгүрттер қаптап кетті. Жас
жеткіншектерге үлгі ретінде ұсынылған Павлик Морозов ӛз әкесін сатқан адам.
Әрине, ширек ғасырға созылған бүкіл осы кезеңді тек қара бояумен
суреттеуден аулақпыз. Қазақстанда кеңес ӛкіметі жылдарында мәдени салада
едәуір жетістіктер де болды. Партия саясатын түсіну үшін елге «кӛзі ашық»,
сауатты азаматтар керек еді. Ресей сияқты бұрын негізінен сауатсыз империяда
халыққа білім беру жүйесі бірталай табыстарға жетті. Әрбір одақтық
республика ӛз Ғылым Академияларына, мемлекеттік университеттеріне,
институттарына ие болды. Жоғары басқару жүйелері негізінен орыстарға
сүйенгенімен «жергілікті ұлт ӛкілдеріне» мұқтаж еді. Оларды даярлау Ресейдің
орталық аудандарында жүргізілді. Мұның нәтижесінде кӛптеген ұлт ӛкілдерінің
еуропалық мәдениет және білімге қолдары жетті. Баспасӛз, газет-журналдар
шығару, радио хабарларын тарату, теледидар, кезінде «отарба», «сиқырлы
машина» деп жүретін ауыл тұрғындарына жете бастады. Қазақстанның мәдени
ӛмірінде ұлттық опера, балет, драма, симфониялар пайда болып, ауқымы кеңи
түсті. Қазақ бұлбұлы Күләш Байсейітова, шебер биші Шара, кәсіпқой сахна
жүлдыздары Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, Шәкен Айманов т.б. ӛз
ӛнерлерімен халық дәстүрін жаңа заманға лайықты жалғастыра білді. XIX
ғасырдың ортасынан кейін қалыптаса бастаған жазба әдебиеті де кеңес Ӛкіметі
жылдарында біршама табыстарға жетті. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов,
Сәбит Мұқанов, Бейімбет Майлин, Мұқағали Мақатаев сияқты кӛптеген ақын-
жазушылар, социалистік реализм мен тап күресі идеологиясының шеңберінен
шығып, ӛз шығармаларында халықтың кӛңіл-күйін, арман-тілегін, тыныс-
тіршілігін шебер суреттей білді. Осы жылдары қазақ халқының мәдени тарихын
зерттеп-білуге бағытталған біршама әрекеттер жасалды. Бұл ретте қазақ
эпосының негізінде кӛрермендерге ұсынылған «Қыз-Жібек, «Айман-Шолпан,
«Қозы-Кӛрпеш пен Баян сұлу, «Ер Тарғын, «Қалқаман-Мамыр сияқты опера,
кӛркем фильм, балеттерді атап ӛтуге болады. Тарихи ескерткіштерді қорғау,
сақтау, Қазақстан тарихын кӛрсету мақсаттарында республикада кӛптеген
мұражайлар ұйымдастырылды. 80-жылдарда республикада 47 мұражай, оның
ішінде 29 ӛлкетану, 5 тарихи-мемориалдық, 4 әдеби-мемориалдық, 4 ӛнертану,
1 этнографиялық музей жұмыс істеді. Алайда тоталитарлық жүйе Қазақстан
халықтарының мәдени толысуына ынталы емес еді. Мұны, әсіресе, мәдениеттің
ӛзегі тіл мен дінге байланысты жүргізілген саясаттан кӛруге болады.
«Феодализм мен алғашқы қауымдық құрылыс қалдықтарымен күресуді» желеу
еткен Орталық 20-жылдардан бастап мешіт пен медресе мүлкін тәркілеп, діни
ӛкілдерді қуғынға ұшыратты. Ондаған түрік халықтары алдымен латын, кейін
славян алфавитіне кӛшірілді. 1927—1928 жылдары билер соты жойылып,
дәстүрлік заңдар жарамсыз деп жарияланды. Мәдениеттің таза партиялылығын
жоғарыдан бақылаушы ұйымдар қатты қадағалап отырды. Баслит (цензура) мен
Басрепертком баспасӛз бен театрларда социализм идеяларына сәйкес келмейтін
шығармаларға тыйым салды. 1991 жылдан бастап Қазақстан — тәуелсіз
мемлекет. Ата заң бойынша, ол қазақ халқының ӛзін-ӛзі билейтін елі және
60
басқа этникалық топтарға тең құқықтықты қамтамасыз етеді. Екі ғасырдан
артық қилы заман бұғалығын басынан ӛткізген ел енді ғана ӛзіне тән мәдениет
пен ӛркениетті қалыптастыруға мүмкіндік алды.
Достарыңызбен бөлісу: |