Әдебиеттер:
1.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру».
2.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев « Ұлы даланың жеті қыры».
72
3.Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында», Алматы «Атамұра». 1999ж.
Тапсырмалар
Тапсырма 1
Тӛменде келтірілген кестені толтырыңыз:
Бәсекеге
қабілеттілік
Прагматизм
Білім
Ұлттық
ерекшелікті сақтау
Тапсырма2
«Жаһандану жағдайындағы қазақ халқының мәдени мұрасын сақтау
мәселесі» атты тақырыпқа баяндама жазыңыз.
Тапсырма 3
Келтірілген ұғымдарға анықтама беріңіздер : жаһандану, ұлы дала, ұлттық
мәдение , қазақ мәдениеті, қазақ халқының мәдени коды, түркі әлемі.
Шығармашылық тапсырма
«Жастар субмәдениеті және рухани, моральдік, эстетикалық және діни
құндылықтар » атты тақырыпты негізге алып , презентация жасаңыздар.
Талқылау сұрақтары:
1. Қазақ мәдениетінің түркі әлемімен байланысы қандай?
2. Қазақ халқының мәдени коды дегеніміз не?
3. Жаһанданудың ұлттық мәдениеттің ӛзгеруіне жасайтын ықпалы
қандай?
4. Қазақ тілінің мәдени кеңістігінің мүмкіндігі қандай деп ойлайсыз?
5. Латын әліпбиіне кӛшу қаншалықты заман талабына жауап береді?
1.14 Қазақстанның мәдени саясаты
Сабақтың мақсаты: «ҚР Мәдениет туралы заңы». Қазақстандағы
мәдени реформалардың негізгі ұстанымдарының ерекшелігімен танысу.
Негізгі ұғымдар: мәдениет туралы заң, реформа, ұлттық мәдениет, қазақ
мәдениеті, қазақ халқының мәдени коды, ӛркениет.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде рухани
ӛмірдің дамуына қатысты жағдайлар мүлдемге ӛзгерді. Монополистік
идеология үстемдігі келмеске кеткен, демократия біршама қарқын ала бастаған
кезде мәдени-рухани салалардағы жасалып жатқан шаралардың ауқымдық
жағынан да, мазмұндық жағынан да үлкен ӛзгерістерге бет бұрып отырғанын
айқын кӛруге болады.
73
Бірақ тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ұлттық мәдениеттің даму
үрдісінде бір-біріне қарама-қарсы екі тенденция белең алған еді. Олардың
біріншісіне мәдениеттің жаңа қарқын алып, импульспен, қарышты қадаммен,
мүлдем жаңа бағытта ӛрлей бастауы, екіншісі –мәдениеттің даму үрдісінде
бұрын болып кӛрмеген экономикалық кедергілер мен халық бұқарасының
санасындағы психологиялық ӛзгерістердің салдары болып табылатын іркілістер
жатады.
Қазақстанның әлемдік кеңістікке бет алуы ӛзінің құнын жоғалтқан
идеологиялық мәдениеттен гӛрі әсіреқызыл батыстық үлгіге айқара есік ашып
берді. Батыстық мәдениетпен қосарланып түрліше діни секталар мен ағымдар
да ағылды.
Бұл келеңсіздік ӛз дәрежесінде республика кӛлемінде мәдени-рухани
саланы басқарудың басқаша жолдарын қарастыруға мәжбүр етті. Олар, түптеп
келгенде, мыналар:
Қазақстан халқының мәдени-ұлттық сана-сезімінің жаңаруына ықпал ету;
этномәдени
және
конфессионалдық
шектеулікте
мәдени
әр
алуандылықты қалыптастыру;
менеджменттіктің мейлінше пайдалы моделін таңдау.
Қазақстан Республикасы «Мәдениет туралы» (1996) Заңының 3-бабында
мәдениет саласындағы мемлекеттік саясат қағидалары былайша кӛрініс тапқан:
азаматтардың шығармашылық қызметінің еркіндігі;
мәдени байлықты жасауда, оны пайдалану мен таратуда барлық
азаматтардың құқығы бірдей;
тарихи-мәдени мұраны қорғау;
ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын қатар игеру аясында
тәрбие мен білім беру жүйесін дамыту;
мәдениет саласында монополиялық пиғыл-әрекетті болдырмау;
мәдениетті
қаржыландыруда
бюджеттік,
коммерциялық
және
қайырымдылық бастамаларды қолдап-қуаттау;
мәдени қызметті ұйымдастыруда мемлекеттік және қоғамдық
бастамаларды бірдей пайдалану.
90-жылдары республика мемлекеттік мәдениет мекемелерінің жүйесі
мәдени-демалыс орындарын, кітапханаларды, мұражайларды, театрларды,
концерттік ұйымдарды, кино ӛнері мекемелерін, мәдениет және демалыс
парктерін, т.б. қамтыды.
Бұлардың бәрі дерлік мемлекеттік баланста тұрды. Бұдан кейінгі
жылдарда, яғни онжылдық кезеңде мәдени саланы қаржыландыру мәселесі
едәуір ӛзгеріске ұшырады: Ұлттық маңызға ие мемлекеттік мәдениет
мекемелерін мемлекеттік тұрғыдан қаржыландыру сол күйінде сақталып қалды.
Нақты мәдени жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін түрліше
қаржы кӛздерін тарту мүмкіндігі ашыла түсті. Меншік формасының ӛзгеруіне
байланысты мәдени мекемелердің кӛпшілік бӛлігі, атап айтқанда,
кинематография, туризм, спорт, шоу, теледидар, концерттік ұйымдар, т.б. ӛзін-
ӛзі қаржыландыруға кӛшірілді.
74
Мәдени саладағы жеке меншіктің түрліше формалары ӛз кезегінде сӛз
еркіндігіне, Қазақстанның дербес шығармашылығына жол ашты. Аталған
мемлекеттік емес мәдени мекемелердің жұмыстарын ретке келтіріп отыру
барысында қайсыбіреулердің адамзатқа, ұлтқа, мемлекетке қарсы идеяларды
насихаттап, таратуына жол бермеу үшін тіркеуден ӛткізу тәртібі қатаң сақталуы
тиіс болды.
Бірыңғай мәдени-ақпараттық кеңістік құру — Қазақстанның мәдениет
саласындағы негізгі стратегиялық мақсаты. Тек осы жолмен ғана елдің рухани
қуатын анықтап, дербес ұлт ретінде әлемдік қауымдастық қатарынан орын
алуға болады. Бұл мақсаттың үдесінен шығудың бір жолы — қазақ халқының
этномәдени тұрғыдан қайта жаңғыруы ӛте-мӛте қажет. Бұдан бұрынғы
идеологиялық жүйенің күйреуі рухани ӛмірдің дүр сілкінуіне, ұлттық салт-
дәстүрдің табиғи жаңғыруына түрткі болды.
«Мәдениет дегеніміз не?» деген сұраққа жауап беру үшін бұл сӛздің
этимологиясына, яғни осы бір күрделі ұғымды білдіретін сӛздің шығу тегіне
тоқталуды жӛн кӛрдік. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» қала,
қалалық деген сӛзінен енген. Бұл орта ғасырлардағы мұсылман мәдениетінің
ӛркендеу кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениетке берілген
кӛптеген анықтамаларды альтернативтік (қарсы қоюшылық) деп атауға
болады. Бұл жерде алдымен кӛзге түсетіні мәдениет пен табиғатты «культура»
мен «натураны» қарсы қоюшылық. Кӛне заманда «культура» деген ұғым «жерді
ӛңдеу» деген мағынаны берген. Кейінірек, дәлірек айтқанда, Цициронның
еңбектерінде (б.э.д. 45 ж.) бұл сӛздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру»
деген ұғымды білдірді. Уақыт ӛткен сайын еуропалық тілдерде мәдениет сӛзі
«білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие бола
бастады. Қазіргі заманғы сӛздіктерде мәдениетке тӛмендегідей анықтамалар
берілген:
Мәдениет белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен
шығамашылығының жиынтығы. Мәдениет азамат қауымының белгілі бір
тарихи кеңісіктегі қызметі мен ӛзіндік бір ерекшелігі (палеолит мәдениеті,
критмикен мәдениеті) Мәдениет адамдық әрекеттің белгілі бір саласының
жетілу деңгейі (сӛйлеу мәдениеті, еңбек мәдениеті, құқық мәдениеті) Агро
мәдениет (дәнді ӛсімдіктер мәдениеті, цитрустық мәдениет) Егемен
Қазақстанның жаңа мемлекет құрудағы философиялық тұжырымдарында
кӛрсетілген бағыттары және елдің идеологиясы АҚШ, Франция, Ресейде
белгіленген философиялық ұстанымдарды басшылыққа алады. Халықаралық
тәжірибе тоталитаризмнен демократиялық бағыт жолына түскен елдердің
ӛтпелі кезеңде идеологиялық дағдарысқа ұшырайтынын кӛрсетті. Сондықтан
ӛркениетті елдердің ӛтпелі кезеңнен ӛту тәжірибесімен танысу ӛте маңызды.
1993 жылғы 9 қазанда ―Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық
бірлігінде‖ еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі
идеологияның қажеттілігі бар ма, жоқ па деген талас тӛңірегінде нақты пікір
айтты: 1. Идеология – адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық
міндеттерді топтастыру тәсілі. 2. Идеология — әлеуметті мінез-құлықты
75
қалыптастыру механизмі. 3. Идеология–мемлекеттің және оның тұғырнамасын
қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, адамдардың ақыл-ойына
ӛркениетті түрде ықпал ету тәсілі. 4. Ӛмір алға озып отырған кезде әр түрлі
идеологиялық ағымдар болады. Еңбектің маңызы: Қазақстанның қазіргі кездегі
қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын
сақтау бағыттары кӛрсетілді.
Республиканың бүгінгі ӛмірінде бұған мысал жеткілікті. XX ғасырдың
90-жылдарынан бастап «Наурыз мейрамы» қайтадан салтанат құрды. Ол
республикада тұрып жатқан барлық ұлт-ұлыстардың ортақ мерекесіне айналды.
Қазақ халқының ең кӛне ауызекі ӛнерінің бірі — айтыс жаңа дәуірге лайық
қайта дамыды.
Этнопедагогика негіздерін ӛмірге етене енгізу нәтижесінде білім берудің
барлық нүктелерінде жас ұрпақты халықтың салт-дәстүрлеріне сай тәрбиелеу
жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе соңғы жылдары республикада ұлттық
мәдениет пен ӛнердің озық үлгілерін әлемдік айналымға шығару, сол арқылы
Дүние жүзі қауымдастығына танылу жолдары қарастырылуда. Жамбылдың 150
жылдығының аталып ӛтуі, 1997 жылы М.Әуезовтің 100 жылдығының
тойлануы, 1999 жылы Түркістанның 1500 жылдығы кең кӛлемде мерекеленуі
тәуелсіз жас мемлекеттің бұл бағыттағы тарихи құтты қадамдары болса керек.
Қазақ әдебиеті де жаңа шығармалармен толықты. Ә. Нүрпейсов Арал
және ондағы адам тағдыры туралы «Соңғы парыз», романын, Ш. Мұртаза
«Қызыл жебе» трилогиясының соңғы томын, М. Мағауин «Мен» атты
философиялық толғауын, Қ.Жұмаділов Қаракерей Қабанбай туралы
«Дарабоз»дилогиясын
оқырмандар
назарына
ұсынды.Ақындар
Қ.Мырзалиев,Т.Медетбеков, И.Оразаев жаңа поэтикалық шығармалармен
кӛрінді.
Ресейдің Қазақстандағы және Қазақстанның Ресейдегі жылдарының
жариялануына
байланысты
шаралар
шеңберінде
кӛптеген
қазақ
жазушыларының шығармалары орыс тілінде жарық кӛрді.Композитор
Е.Рахмадиевтің Ә.Кекілбаевтың либреттосы бойынша жазылған «Абылай хан»
операсы жанр табысы деп танылды.Классикалық музыка ӛнері саласында
А.Мұсаходжаева,Ж.Әубәкірова, М.Мұхамедқызы, Н.Үсенбаева және тағы
басқалар едәуір шығармашылық жетістіктерге қол жеткізді. Халық жазушысы
О.Сүлейменовтың кӛп жылдық зерттеу еңбегінің нәтижесі болып
табылатын,дүние жүзі тілдерінің даму заңдылықтарын саралаған кӛлемді еңбегі
«Жазу тілі»кітабы жарияланды. Адамның бойындағы ізгі қасиеттердің
кӛмескіленуі мәселесін кӛтерген Мұхтар Шахановтың «Ӛркениеттің
адасуы»кітабы республикадан тыс жерлерге мәлім болды.Ӛлеңмен жазылған
бұл романда автор адамдардың ӛзара қауышуы бабында қалыптасқан дәстүрлі
құндылықтардан
айырылып
қалуы,соның
салдарынан
гуманистік
принциптердің жойылып бара жатуы бүкіл адамзатты рухани тығырыққа тіреп
отыр деген қорытынды жасаған.Қазақ әдебиеті жаңа шығармалармен
толықтырылды. Кітап басып шығару қарқынды жүрді.Туған жер, ел және оның
тарихы мен мәдениеті туралы кӛлемі жағынан ауқымды,мазмұны кең,
76
кӛптомдық энциклопедиялық басылымдар басылып шықты.Олардың ішіндегі
елеулері
ретінде
«Қазақстан»Ұлттық
энциклопедиясын,Қазақстан
тарихын,қазақ
фольклоры
антологиясын
атауға
болады.Қазақстан
тәуелсіздігінің он жылдығына орай екі тілде «Қазақстан Респубикасы»
энциклопедиялық анықтамасы жарық кӛрді. Дегенмен тәуелсіздіктен кейінгі
жылдарда жекелеген авторлардың жетістіктеріне қарамастан, тұтастай алғанда,
ұлттық мәдениет, соның ішінде, кӛркем әдебиет тоқыраудан шыға
алмады.Жаңа қоғамдық қатынастар жағдайындағы адамдардың ӛмірі мен
қызметін кӛркемдікпен игеру баяу жүрді.Қазақ тілінде мәдениет туындыларын
жасаушыларкүн сайын болып жатқан ірі саяси оқиғалардың мәнін қазіргі заман
адамының
талғамына
сай,жоғарғы
кӛркемдік
деңгейде
сипатталған
шығармаларды дүниеге әкеле алмады. Еліміздің ӛткен тарихын ұрпақ санасына
сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты
алғышарты ретінде қарастырылып отыр. 2004—2006 жылдары бұл
бағдарламаның бірініші кезегі жүзеге асырылды. Ұлан-байтақ Қазақстан жері.
Тӛсін керіп еркін тыныстап жатқан сайын дала. Кермек жусан исі, ұшқан құс,
бұлдыраған сағым, ақырын соққан самал жел, күмбездей тӛңкерілген кӛк аспан,
мүлгіген тыныштық. Бұл – менің отаным, туған жерім! Ол шығысында —
Алтай тауларынан басталып, Каспий теңізіне дейінгі, солтүстігінде — Батыс
Сібір жазығы мен Орал тауларынан Тянь-Шаньннің солтүстік беткейі
аралығындағы алып территорияны алып жатыр. Әлі есімде, ең алғаш рет
география сабағында бес бірдей Франция сыйып кететін Қазақстанның
картасын кӛріп, оған Австрия, Германия, Италияның бірнешеуін ойша
сыйдыруға тырысқаным. Ал кейін найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен
қорғалған жер тек табиғи ресурстар мен физикалық-географиялық артықшылық
иесі ғана емес, сонау кӛне дәуірлерден тамыр жайған кӛшпелі тайпалар
мәдениетінің алтын бесігі екенін ұғындым. Оның айнымас дәлелі Қазақстан
жерінен табылып жатқан кӛне сақ, үйсін, түркі, қыпшақ мәдениеттерінің
ескерткіштері, ӛнер мен қолӛнер туындылары. Бұлар біздің ұлттық
мәдениетіміздің тарихын баяндайтын игіліктер.
Тарих- адамзаттың тамыры. Ӛз тарихына үңілу, ӛткен жолын
қорытындылау, жете түсінуге ұмтылу, оны бағалай білу — елін сүйетін, ӛзін
танығысы келетін әрбір адам үшін маңызды. Адамзат үшін тарих ӛз алдына
құндылық, ендеше сол тарихты баяндайтын материалдық игіліктер де құнды
болмақ. Ерте тас дәуіріндегі Сақ мәдениеті, қола дәуіріндегі Ботай, Андронов,
Беғазы-Дәндібай мәдениеті, темір дәуіріндегі сақ, үйсін мәдениеті негізінде
қаланған кӛшпелі түркілердің мәдениеті қазақ халқының ұлттық мәдениетінің
бастау бұлағы.
Қазіргі, ХХІ ғасырдағы Қазақстан мәдениеті қай бағытта дамып жатыр,
деңгейі, негізгі идеясы қандай? Біртұтас мемлекет ретінде, заман талабына сай
қабырғасы қалана бастаған біздің Отанымыздың әлемдік мәдениет пен
ӛркениет кӛрмесіндегі орны қандай, және мәдениеттің дамуына қазіргі заманда
қандай үлес қоспақ? Бұл ретте мәдениет атадан балаға мұра болып қалып,
ұрпақ ауысқан сайын дамып отыратынынын ұмытпаған жӛн. Сондай-ақ
77
мәдениет — дәстүрлі салт дәстүр, ұлттық дүниетаным, ой-сана негізінде
дүниеге келетін әдебиет, театр, ән күй, бейнелеу, қолӛнері сынды ӛнер
туындыларынан, халықтың ортақ рухани байлығынан құралатындығы белгілі.
Бұл орайда біз әлемдік мәдениеттің ажырамас бӛлігі — бейнелеу ӛнерін
назардан тыс қалдыра алмаймыз. Ежелгі тас дәуіріндегі үңгір суреттері,
петроглифтерден басталып, қазірде кӛркемдік, идеялық құндылықтары
қалыптасып, ғылыми негізделген бейнелеу ӛнері әртүрлі дәуірлердегі халықтың
ой санасын, дүниетанымын, мәдени кемелдік-дәрежесін кӛрсететін айна
сияқты. Бейнелеу ӛнері техникасы, технологиясы Батыстан әкелінген жаңалық
болса да олардың бәрі халық ӛнерінің, дүниетанымының бір бұтағы ретінде
ӛркен жайады. Сондықтан ұзақ уақыт бойы қалыптасқан ұлттық сана сезім,
дүниетаным жаңадан енген ӛнер түрінің қайнар кӛзіне айналды. Қазақ
халқының дәстүрлі кӛзқарасы ӛнердің жаңа түрінің бағыты мен сипатын
анықтап отырды. Халықтың дәстүрлі ой санасымен терең байланыс негізінде
Қазақстанның кәсіби бейнелеу ӛнерінің кӛркемдік ерекшеліктері мен идеялық
бағыты қалыптасты.
Ӛнер үшін бір ғасыр онша кӛп мерзім емес. Бірақ Қазақстан
суретшілерінің бірнеше ұрпағы ӛткен жол ӛзіндік ұлттық ерекшелігі мен
идеялар жинағы бар кӛркемӛнер мектебін қалыптастыра алды.
Кез келген нәрсенің бастауы бар. Ӛнер де ӛзінің бастау бұлағын,
халықтың түп тамырын назарына алғанда оның этнографиялық, кейін
поэтикалық дәрежелерінен ӛткесін жаңа биікке шығып, оны пайымдаудың
философиялық дәрежесіне кӛтеріледі. Суретшілер халық мінезі мен тарихын
тереңнен түсінуге тырысып, заман құбылыстарын терең пайымдауға тырысады.
Олардың шығармашылығы қандай дүниетанымдық немесе тақырыптық
деңгейде болса да, ең алдымен туған елге, халқына қатынасымен, оның
територриялық, ұлттық дербес ерекшеліктерін кӛрсетумен, жергілікті
құндылықтарды жинақтаумен анықталады.Бұл әрине, таза ӛнерге ғана
қатысты. Таза ӛнер, меніңше, әуелі – халық ӛнері, ол ешқандай идеалогияға
бағынбайды. Бұл жағдай қазіргі Қазақстан суретшілері үшін дін ең алдымен
ұлттық ӛнер, ұлттық қолтаңба, ұлттық дүниетаным, болмыс түсініктеріне
байланысты. Бірақ 80-90 жылдардан бергі Қазақстан суретшілерінің
шығармашылығын осы кӛзқарас нүктесінен талдамас бұрын, қазақ
кӛркемӛнерінің классиктеріне тоқталып ӛткен дұрыс сияқты. Ӛйткені, менің
кӛзқарасым бойынша бүгінгінің бәрі ӛткенмен сабақтастықта дамып,
салыстыру барысында айқындалады.
Бұл орайда ең алдымен шығармашылық қолтаңбасы академизмнен
мүлдем ада, халықтың дәстүрлі ӛнеріне ӛте жақын Ә.Қастеевтің 1930
жылдардағы шығармашылығын айтуымыз керек. Оның шығармашылығына
ұлттық дүниетаным мен ұлттық рухты мәнерлеудің дәлме-дәлдігі тән. Қастеев
туындыларындағы барлық тақырыптар мен сюжеттер қазақ халқының
тұрмысымен байланысты. Ол «Киіз үйдің ішкі кӛрінісі» атты туындысында
асқан ыждағаттылықпен киіз үйдің бұйымдарының бірін қалдырмай
бейнелейді. Суретші алуан түрлі тұрмыстық бұйымдарды айшықты түстермен
78
кӛрсетіп қана қоймай, халық тұрмысының ӛміршеңдігін де бейнелейді.
Суретшінің «Бие сауу», «Колхоз тойы», «Колхоздың сүт фермасы» және т.б.
жұмыстарына қазақ тұрмысын ӛте жақсы білуі мен оған деген шынайы
махаббаты негіз болды. Оның лирикаға толы пейзажы мен портреті де, ӛз
дәуірінің шындығын бейнелеген тақырыптық картиналары да туған халқына
деген терең сүйіспеншілікпен жазылған.
1980 жылдардың екінші жартысында суретшілер үшін қоғамдағы жеке
адамның табиғи мәдениетін анықтайтын ұлттық болмысқа түрткі болу, сұраныс
тудыру, ӛткенді қайта жаңғыртуға мүмкіндік жасау басты міндетке айналды.
Осы жылдардың ортасынан бастап бері қарай Қазақстан суретшілері тарихи,
тарихи-мифологиялық тақырыптарға ерекше кӛңіл аудара бастады. Рәмізді
нышандар мен қатар халықтың болмысында монументті бейнелер арқылы
жеткізу де орын алды. А.Ақанаев, К.Дүйсенбаев, Ә.Сыдыханов, Қ.Зәкіров,
Б.Түлкиев, А.Есдәулетов, Б.Бапишев, Қ.Хайруллин, Ғ.Маданов секілді
қылқалам шеберлерінің ізденісі нәтижелері ӛз орындарын тауып, ұлттық
болмыстың сазды әуендерін шерте білді. Олар ата баба тарихын аден қойып,
рухани қазынаны меңгеруге ұмтылды.
Болмысты басқаша символмен түсіндіру, жалқы мен жалпыны, сәт пен
мәңгілікті ұштастыру Шығыс ӛнерінің басты ерекшелігі. Ӛз әсеріңді тікелей
айта салу — астарлы сӛзге ерекше мән беретін қазақтың кӛркемдік талғамына
жат нәрсе. Бұл дәстүрлі таным бейнелеу ӛнерінде де ӛзіндік кӛрініс тауып,
суретшілердің ӛмірден алған әсерлерін бейнелеуде таңба мен символға ерікінді
берді
ХХ ғасырдағы қазақ кескіндемесінің негізгі тақырыбын ӛзге ұлттың
дәстүрлерімен сұхбат, яғни орыс реалистік мектебі, француз импрессионизмі,
кеңес кескіндемесімен сұхбаттастық анықтады.80 жылдардың екінші
жартысында қайта құру берген еркіндік суретшілер шығармашылығына да
еркіндік берді. Суретші кенептерінде ұлт тарихының түбіне терең үңілу, салт-
дәстүр, әдет-ғұрыптар ӛрісін анық бейнелеуге деген ұмтылыс байқалды. Осы
жылдарда түрік мәдениетіне, жалпы шығыс архаикасына деген қызығушылық
ӛсті. Б.Бапишев, Г.Маданов, А.Есдәулетовтың шығармаларында ұлттық
бастамалар мен рухани кӛздерге деген үндеулер анық байқалады. Бұл, меніше,
ең алдымен қандай да болмасын тарихи әлеуметтік, табиғи ӛзгерістерге
қарамастан бейнелеу ӛнері мен дәстүрлі дүниетаным арасында ішкі байланыс
пен сабақтастық міндетті түрде сақталатындығының дәлелі. Бұлардың айғағы
— адалдықтың, тазалықтың белгісі – ақ тазы мен еркіндік пен жігер белгісі
қыран құс аса бай ою-ӛрнектпен әскезделеген текемет фонында бейнеленген
Ақтотының «Қазына»; ырыс-береке жебеушісі – қошқар салынған «Молшылық
белгісі»; Есдәулетовтің «Бастау» бейнелері. Ұлттық мәдениеттің гүлденуі
ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Бұл орайда халық суретшілері алдындағы үлкен
міндет – ұлттық дәстүрлі ӛнердің тұрақты белгілерін меңгеру. Қазақ халқының
ӛнерін айқындайтын дүниетанымдық белгілер бар. Ол әуелі кеңістік ұғымы.
Кеңістік – біздің дәстүрлі түсінігімізде ӛнерде шексіз және тұтас жаратылыс
79
туралы ойды қамтиды. Сондай-ақ ұлттық ӛнер астарлы ойға, пәлсафалық
тұжырымға бағынады.
Қазақстанның қазіргі бейнелеу ӛнерінің жағдайын толық түсініп, баға
бере алу үшін біз халықтың дәстүрлі ӛнері тудырған табиғи кӛркемдік
заңдылықтарды да, әлемдік мәдениет мұраларын да, қазіргі заманның ӛзгеше
міндеттері мен талаптарын да назардан тыс қалдыра алмаймыз.
Ғасырымыздың соңғы онжылдығында бейнелеу ӛнерінің құндылық және
кӛркемдік кӛрсеткіштерінің айқын, ӛзіндік ұлттық бағытта дамуының
қарқыны күшейе түсті. Қазіргі суретшілердің бейнелеу әдістерінде
рәміздендіру, таңба мен символикалық бейнеге сүйену кең ӛріс алды.
Суретшілер әлемнің күрделігі мен халықтың тарихи жолын сӛз етуде себеп-
салдарлық байланыстарды айналып ӛтіп, ұлттық мәдениетпен байланысты
қазақ дүниетанымы құндылықтары тұрғысында, символикалық және
аллегориялық жинақтау дәрежесіне әкелді. Шығармаларында дүниені
құпияланған кӛп таңбалар арқылы түсіндіруге ұмтылып, ӛмірдің қым-қуат
қозғалысын кӛрсетуде түстерге еркіндік береді.
А.Сыдыханов ӛз шығармашылығында идеяны берудің ерекше құралы
ретінде қазақ халқының рулық рәмізін, таңба мен ою-ӛрнектің әр түрін алады.
Солар арқылы дүниенің ӛз түсінігіндегі тәртібін кӛрерменге түсіндіреді.Ол
қазақ ұлтының тарихи-кӛркем болмысын рулық таңбаының кескіндемелік
пластикалық ӛзгеруі арқылы жасайды. Кӛшпелілер мәдениетін кӛркемдік
зерттеуді тарихи-тұрмыстықтан философиялық-рухани және адамгершілік
бейнеде, оған ұлттық ділде ғана ӛмір сүре алатын рәміздік мағынасын
береді.Бұл ретте суретшінің ұтымды шығармасы деп «Түркі халықтарының
рәміздері» (1997) атты туындысын атаса болады.
А.Ақанаевтің шығармашылығы дала аңыздарын еске түсіреді. Қазіргі
заман суретшілері ежелгі кӛшпелі тайпалар мәдениетінің аңдық стиліне,
анималистік тотемдік ағымына ұқсас бейнелеуді қалыптастырып жатыр. Оның
1999 жылы жазылған «Дала адамдары» шығармасы біздің кӛшпелі халық
мәдениетімен терең байланысымызды кӛрсетеді. Жүк артылған түйе, киіз үйдің
шаңырағы, кимешек киген қария — ӛткеннің ӛнегесі мен біздің байлығымыз.
Ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын мұраның қарт ана сақтаушысы іспеттес.
А.Есдәулетов шығармашылығындағы мүйізтұмсықтар мен бұқалар
адамзат мәдениетінің бастауына ой жүгірткізеді. Оның 1997 жылы жазылған
«Бастау» картинасы суретшінің ӛз тегіне, тарихына деген қызығушылын
кӛрсетеді.
Ақтотының 2003 жылы жазылған «Қазына» картинасы да біздің рухани,
материалдық байлығымызға үңілтеді. Ақ тазы – тектілік пен адалдықтың
белгісі болса, тұғырда отырған қыран құс ерік-жігердің, мығым сенімділіктің
нышаны.
С.Тайковтың «Аңсау» атты туындысы да ӛткенмен байланысты, оны
сағынуды паш етеді. Қолын алдына қойып, қырынан отырған жас ана
жаратқанннан тыныштық пен амандық тілеп отырғандай. Атып келе жатқан
80
күннің жұмсақ сәулесі келешекке деген сенім мен үміт белгісі болса, екі нар
түйе тӛзім мен даналықты білдіреді.
90 жылдардың екінші жартысында ұлттық бейнелеу ӛнері мектебі ӛз
кемеліне келіп, жаң қарқынмен дамуға бет қойды.Бұл суретшілердің ӛздеріне
ғана тән ерекше қолтаңбаларының дербестігінен кӛрінеді. А.Дүзелханов,
Д.Қасымов кенептерінде нәзік сезімталдық пен тӛл мәдениетке деген ерекше
құрмет таң қалдырады.
Қазақстанның ХХ ғасырдағы бейнелеу ӛнері үшінші мыңжылдыққа
ұлттық рухпен толысқан, дәстүр сабақтастығын бұзбаған түрде аяқ басты. ХХ
ғасырдың екінші жартысында қаланған кӛркемӛнер мектебінің даму жолын
пайымдай отырып, қазіргі заман бейнелеу ӛнерінде ӛзіміздің кӛне
мәдениетімізді тануға, ӛз бастауымызға деген терең ықылас қоюшылықты кӛре
аламыз.
Қазір ХХІ ғасыр. Нарықтық экономика, қатал бәсеке, ақпараттық
технологияның қарыштап, жаһандану, мәдени, экономикалық үндестік деп жар
салып жатқан дәуір. «Аулада ХХІ ғасыр тұр. Мәдени, рухани экспансия
ғасыры. Бұрын соғыс алаңына найзалар мен мылтықтар, танктер мен
автоматтар шығатын болса, енді сол майданға әрқилы діни конфессиялар,
ұлттық тілдер мен мәдениеттер шығатын болады» — дейді. Серік Аббасұлы
«Парасат» журналына берген сұхбатында. Қазақстан да сол майданда
қолжаулық болмас үшін мығым экономика мен әр салада бәсекеге қабілетті
білім қалыптастыруға мүдделі. Бірақ тек қана жалғыз экономикамен мемлекет
құрылмайды. Тарихи-мәдени белгілер, біздің ешкімге ұқсамайтын тӛл
мәдениетіміз мемлекеттің бір қырын танытатын айна. Әлемдік мәдениеттер
кӛрмесінде біртұтас ел екенімізді кӛрсететін бет бейнеміз.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда ―архитектуралық ренессанс‖ басталды.
(Астанада арх. К. Курокаваның бас жоспары бойынша /1934-2007/, Жапония) ел
Президентінің резиденциясы «Ақ Орда» (арх. К. Монтахаев /1950-2009/, ҚР);
Жасыл-сулы бақжолы (К. Курокава), (Бейбітшілік пен келісім Сарайы
(«Пирамида», 2006) және «Хан Шатыр» орталығы (2010, арх. Н. Фостер,
Англия); «Қазақстан» Орталық концерт залы (2009, арх. М. Николетти,
Италия); «Нұр-Астана» мешіті (2005, арх. Ч. Хафиз, Ливан); Азиада -2011
бірнеше спорт кешендері тұрғызылды.
Елдегі ең жас музыкалық театр – Астана қаласындағы К.Бәйсейітова
атындағы Ұлттық опера және балет театрының ӛмірбаяны 2000 ж. М.
Тӛлебаевтың «Біржан – Сара» операсымен басталды. Қаіргі кезде Қазақстанда
50 театр жұмыс істейді.
Қазақстан киноӛнері «Қазақфильм» – елдегі жалғыз кинокомпания, ол
1960 жылы Алматы кинохроника студиясының (1934) негізінде құрылды. Қазір
Қазақстан жылына 30-40 кӛркем және деректі фильмдер, сондай-ақ
мультфильмдер шығарады.
Достарыңызбен бөлісу: |