ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет19/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

 
Талқылау сұрақтары: 
1. Қазақ мәдениетінің ерекшелігі неде? 
2. Ұлы қазақ билерінің тарихтағы рӛлі қандай? 
3. Қазақтардың эпикалық мәдениетінің ерекшелігі неде? 
4. Ұлы қазақ билерінің қазақ мемлекеттілігіне қосқан үлестері қандай деп 
ойлайсыз? 
5. Қазақ шешендік институтының ұлттық мәдени кодты сақтаудағы рӛлі 
қандай? 
1.10 XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті 
 
Сабақтың мақсаты: XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ 
мәдениетінің даму ерекшелігімен танысу. 


47 
Негізгі ұғымдар: номад мәдениеті,ұлы дала, ұлттық мәдениет,қазақ 
мәдениеті,Зар-заман. 
Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы 
мәдениеті ежелгі қазақ жерінде ӛмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен 
тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы 
және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды. Қазақ халқының 
ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ 
шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ 
азаматы ӛзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір 
атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған 
жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы ―жеті 
атасын білмеген жетімдіктің салдары‖ дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін 
таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп ―шежірешілер‖ деп 
аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, 
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: 
―Кӛшен-Қарауыл шежіресі‖ (ХVІІІ ғ.), ―Жәңгір хан шежіресі‖ (1835),
Ш.Уәлиханов жазып алған ―Ұлы жүздің шежіресі‖ және т.б. Сол сияқты ХVІІІ 
ғасыр ―ақындар поэзиясы ғасыры‖ деп аталған. Қазақ мәдениеті мен 
әдебиетінің ӛте құнды мұралары – ақын-жыраулардың ӛлең-жырларында 
халықтың ӛмір тіршілігі, кӛңіл-күйі, салт-санасы, ӛндірісі мен тұрмысы, мінез-
құлық ӛлшемі, сол дәуірдің рухы бейнеленді. Олар халық басына келген 
қайғыға да, жұрт кенелген мерейге де ортақ болды. Ел басына ауыр күн туғанда 
шапқыншы жауларға қарсы жан аямай күресіп, елін қорғаған ерлерді дастан 
етіп жырлап отырды. ХVІІІ ғасырда танымал болған Ақтамберді, Тәттіқара, 
Үмбетей, Бұқар, Шал, Кӛтеш секілді жыраулар ӛз ӛмірінде ұшан-теңіз жыр 
шығарды. Қазақ әдебиеті тарихында кӛрнекті орын алатын ХVІІІ ғасырдағы 
атақты жырау Бұқар Қалқаманұлының (1668-1781) бірнеше шығармалары 
сақталған. Ол тәуелсіздікті сақтау және нығайту идеясын білдірген кӛрнекті 
дидактикалық ӛлең-толғаулар шығарған. Қазақ ханы Абылайды қолдап, әр 
түрлі даулар мен таластарды шешкен. Жырау қазақтың барлық үш жүзін 
біріктіріп, бір орталыққа қараған күшті мемлекет болуын армандады. Тәттіқара, 
Үмбетей, Шал, Кӛтеш сияқты жыраулардың жырлары халық жадында үзік-үзік 
сақталған. Үмбетейдің Бӛгенбай батырдың қайтыс болуына арналған естірту 
жыры - жоқтауы белгілі. Үмбетей жоқтауында Бӛгенбай - халық 
қорғаушысының мінсіз бейнесі. Ал Тәттіқара ақын қатардағы жауынгер ретінде 
кӛптеген шайқастарға қатысып, жорықта туған толғауларында жауынгерлерді 
бостандық жолындағы күресте қандай да болсын қиыншылықтың алдында бас 
имеуге шақырады. Бұхар жырау XІX ғасырда қазақ әдебиеті ұлттық дарынды 
тұлғалардың кӛптігімен де, бір-біріне ұқсамайтын дара туындылардың сан 
қырлы сипатымен де ерекшеленді. Бұл дәуірде айтыс ӛнері дамып, даңқты 
ақындар Жанақ, Шӛже, Орынбай, Түбек, Сүйінбай, Шернияз, Біржан, 
Бақтыбай, Жамбыл сияқты әйгілі ақындар қатары Сара, Ырысжан, Ұлбике, 
Тәрбие, Ақбала және басқалар сияқты ақын қыздардың есімдерімен толықты 


48 
деуге болады. Түрі мен мазмұны жағынан айтыстар бір-біріне ұқсамайды. 
Олардың кейбіреулерінің негізгі мазмұнында халықтың ӛмірі, оның 
шаруашылық-тұрмыстық проблемалары, рулық қоғамдастықтың ерекшеліктері 
сӛз болса, Біржан мен Сара айтысында қазақ әйелдеріне жеке бостандық беру 
мәселесі кӛтеріледі. Мұндай айтыстармен қатар бірін-бірі қалжыңмен қағыту, 
танысу, амандасу, кӛңіл кӛтеретін әзіл-оспаққа құрылған айтыс түрлері де аз 
кездеспейді. Осы кезеңнің музыкалық мәдениетінде Махамбет Ӛтемісұлы 
(1804-1846) ӛзіндік даралығымен кӛрінді. Ол 1836-1838 жылдардағы Исатай 
Тайманұлы бастаған шаруалар кӛтерілісінің белсенді қатысушысы ғана емес, 
кӛтерілістің ―жаны‖ мен ―жылнамашысы‖ болды. Оның ―Исатай кӛтерілісі‖, 
―Исатайдың ӛлердегі сӛзі‖ сияқты шығармалары кӛтерілісті жан-жақты 
сипаттады. Сол сияқты Шернияз Жарылғапұлы (1817-1881) Кіші жүз 
қазақтарының отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің жыршысы және ту 
кӛтерушісі болды. Жалынды жырларымен халықты күреске үндеді. 
Шығармалары қайшылыққа толы, күрделі тұлға саналған зар-заман ақындары 
да қазақ әдебиетінде ӛзіндік орын алады. Зар-заман ақындарының кӛрнекті 
ӛкілдері - Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Шортанбай Қанайұлы (1818-1881), 
Мұрат Мӛңкеұлы (1843-1909). Олар қазақ халқының ӛмірін ақиқатпен 
жырлаған ақындар болды. Ахмет Байтұрсыновтың ―Ақындық жалғыз ӛз 
кӛңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың да халін танып, күйіне салып 
толғай алуында‖ деп тұжырымдағаны сияқты, бұл ақындар да қара басын 
күйттеген ақын емес, халқының үнімен елдің мұңын жеткізуші болды. Зар-
заман ақындары ӛмір сүрген кезең патшаның отаршылдық саясаты дәуірлеп, 
қазақ жерінің нағыз талауға түскен кезі еді. Мәселен, Мұрат Мӛңкеұлы ―Үш 
қиян‖, ―Сарыарқа‖, ―Әттең, бір қатты дүние-ай‖ сияқты толғау-дастандары 
арқылы қазақ жерін отарлаушыларды батыл әшкерелеп, озбыр саясатқа қарсы 
тұрса, Дулат Бабатайұлы ―Бейшара менің қазағым‖, ―О, Сарыарқа, Сарыарқа‖ 
ӛлеңдері арқылы қазақтың ауыр тұрмысын бейнелейді. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда 
ақын-жыраулық поэзиямен қатар шығыстық ақындық дәстүр үлкен орын алды. 
Қазақтың дастандары араб-парсы әдебиетімен, фольклорымен байланыста 
болды. Абай қазақтың классикалық әдебиетіне дастандар алып келді. 
(―Ескендір‖, ―Масқұт‖, ―Әзімнің әңгімесі‖). Абай (Ибраhим) Құнанбайұлы 
(1845-1904) ӛзі туған ортадан шоқтығы биік тұрды. Оның пікірінше, әрбір ойлы 
адам қоршаған ӛмір шындығына ӛзінің саналы кӛзқарасын қалыптастыруға 
тиіс. Абайдың бүкіл шығармашылығы әрекетсіздік пен жалған ұятқа деген 
ымырасыздық идеяларына толы. Ол ел ішінде бірлік пен татулық болғанда ғана 
қоғамның негізгі күштері - ғылым, алдыңғы қатарлы идеялар, мәдениет толық 
кӛлемде дами алады және бүкілхалықтық игілік әкеледі деп санады. Қоғамды 
алға дамыту жолдарын үнемі іздестіріп отырды. Яғни, бұл даму егіншілікті, 
қолӛнерді, сауданы дамытумен тығыз байланыстырылды. Ұлы ақын: Егіннің 
ебін, Сауданың те гін Үйреніп, ойлап, мал ізде‖ деген болатын. Сол сияқты 
ақын орыс әдебиеті мен мәдениетімен таныс болды. М.Ю. Лермонтов, 
А.С.Пушкин, Н.Крылов шығармаларын аударумен шұғылданды. Орыс әдебиеті 
үлгілерін қазақ халқы арасына тұңғыш таныстырушы болып, олардың ӛскелең 


49 
идеяларын насихаттады. Осы кезеңнің дара тұлғаларының бірі ретінде 
Ш.Уәлихановты (1835-1865) атаймыз. 1856 жылы Ш.Уәлиханов екі 
экспедицияға қатысады. Біреуі Орталық Тянь-Шань арқылы Алакӛлден 
Ыстықкӛлге дейінгі, екіншісі - дипломатиялық тапсырма бойынша Құлжаға 
сапар. 1857 жылы Уәлиханов Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, 
қырғыз халқының энциклопедиялық дастаны ―Манасты‖ кӛшіріп алды. 
Ыстықкӛлге экспедиция кезінде Ш.Уәлиханов тарихи деректермен қатар 
кӛненің кӛзі - ерте заман бұйымдарының құнды үлгілерін жинады. 
―Ыстықкӛлге барған сапардың күнделігі‖, ―Қытай империясының батыс 
провинциясы және Құлжа қаласы‖, ―Қырғыздар туралы жазбалар‖ деген 
тарихи-этнографиялық туындылары жоғарыда аталған сапарларының нәтижесі 
болатын. Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс географиялық қоғамының 
назарын аудартып, 1857 жылдың ақпанында ол қоғамның толық мүшелігіне 
қабылданады. Оның ғылыми мұрасы Қазақстанның және кӛп ұлтты Ресейдің, 
басқа да халықтардың проблемаларының ӛзекті тұстарын қамтиды. Шоқан 
Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар халқының географиясын, 
этнографиясы мен фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты. А.Құнанбаев 
пен Ш.Уәлиханов XІX ғасырдағы екі үлкен білім жүйесінің ӛкілдері болды: 
діни (мұсылмандық) және зайырлы (орыстық). Мектеп пен медреселерде діни 
білім беріліп, молдалар мен мұғалімдер даярланды. Медреселерде теологиялық 
діни білім философия, тарих, әдебиет, астрономия, медицина, математика, 
лингвистика пәндерін оқытса, зайырлы оқу орындары қазақтарды Ресейге 
қызмет ету мен орыс мәдениетіне қызығушылық жолдарына салды. Олар 
отарлау аппараттарына шенеуніктер, аудармашылар, оқытушылар, әскерилер,
дәрігерлер даярлады. Орынбордағы зайырлы оқу орындарының бірін 1857 
жылы танымал жаңашыл-педагог, ағартушы Ы.Алтынсарин аяқтайды. 
Ы.Алтынсарин (1841-1889) бастамасымен және тікелей қатысуымен 
Қазақстанда халықтық азаматтық мектептер желісінің құрылуына қол 
жеткізілді. Ол, әсіресе, қолӛнер және ауылшаруашылығы училищелерін ашуға 
кӛп күш-жігер жұмсап, байырғы халық арасынан Қазақстанның экономикалық 
дамуы үшін қажетті мамандар даярлауға ерекше мән берді. Ы.Алтынсарин 
орыс-қазақ мектептерінің оқушыларына арнап ―Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы‖ 
және ―Қырғыздарға (қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы басшылық‖ атты 
оқу құралдарын жазды. Орыс кластарына қазақ тілінен сабақ беріп, ол ұлттық 
әдебиет пен мәдениетті дамыту, қазақ әдеби тілін қалыптастыру жолында 
жемісті еңбек етті. XІX екінші жартысында Қазақстандағы музыка ӛнерінің 
дамуына Құрманғазы Сағырбайұлы, Дәулеткерей Шығайұлы, Тәттімбет 
Қазанғапұлы, Ықылас Дүкенұлы сияқты композитор-музыканттар үлкен үлес 
қосты. Домбыра, қобыз, сыбызғы сияқты музыкалық аспаптар арқылы түрлі 
эпостарды, тарихи дастандарды, аңыз-әңгіме мен жырларды орындап отырды. 
Аталған композиторлардың дүниетанымы тарихи тұрғыда шектеулі бола тұрса 
да, олардың шығармаларында әлеуметтік қайшылықтар бейнеленді. Біржан 
Қожақұлы, Мұхит Мералиев, Ақансері Қорамсаұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы, 
Құлтума Сармұратұлы сияқты және тағы басқа кӛптеген ақын, әнші, 


50 
композиторлардың шығармашылық және орындаушылық шеберлігі арқасында
қазақ ән мәдениетінің классикалық үлгілері дамып, жоғары дәрежеге кӛтерілді. 
Материалдық мәдениеті: Қазақтардың XVІІІ-XІX ғасырлардағы материалдық 
мәдениетінің күйі қоғамның экономикалық даму деңгейімен анықталды. Оның 
даму барысына кӛшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор 
ретінде кӛшпелі мал шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда егіншілік, 
сауда-саттық, кӛрші халықтардың ықпалының маңыздылығы да аз болған
жоқ. Отырықшы халықтар ӛмірінде жер шаруашылығы үлкен рӛл атқарса, 
кӛшпелі 
халықтарда 
мал 
шаруашылығы 
маңызды 
болды. 
Қазақ 
кӛшпенділерінің салт-дәстүрі, діни-наным сенімі, тұрмысы кӛшпенділік 
ӛмірмен тікелей байланысып жатты. Кӛшіп-қону мал ӛсірушілерге маусымдық 
жақсы жайылымдарды пайдаланып отыруға мүмкіндік берді. Кӛшіп-қону 
кӛбінесе меридиан (оңтүстіктен солтүстікке) бағытымен жүрді. Ірі рулар мен 
олардың бӛлімшелерінің қоныстары негізінен бір территорияда болды. Әрбір 
рудың ӛзінің кӛш жолдары болды. Қазақтың мал шаруашылығының ӛріс, 
қоныстары жылдың тӛрт маусымына қарай қыстау, кӛктеу, жайлау және күзеу 
деп тӛртке бӛлінді. Жаздық жайылым қазақтардың ортақ пайдалануында болып 
келсе, кӛктеу мен күзеу бір орында болды. Қыстауда малшылар құйма кесектен 
қаланған үйлерде қыстады, жылдың басқа мезгілдерінде киіз үйлерде тұрды. 
Киіз үй – кӛктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан-қонысқа кӛшіп жүру 
жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы айқыш сағанақтардан 
кӛктелген керегеден тұрғызылды. Кереге жиналмалы болып бӛлек-бӛлек 
қанаттан жасалды. Ал керегеден жоғары сидам жіңішке ағаштан жұмырлап 
жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылды. Уықтардың 
аяғы дӛңгелене жайылған керегенің аша басына айқастыра байланып, ұшы 
(қаламшасы) шаңырақтың кӛзіне шаншылды. Шаңырақ - үй күмбезінің тӛбесі 
әрі терезесі. Үй ағашының сыртынан арнаулы киіздер, қабырғасына туырлық, 
үстіне үзік, тӛбесіне түңлік жабылды. Үйдің ортасында ошағы, оң жағында 
тӛсек, оның тұсында тұскиіз ұсталып, тӛсекті қоршап шымылдық тартылады. 
Үйдің тӛріне жүкаяқ қойылып, оның үстіне кӛрпе-жастық жиналады. Үйдің сол 
жағына кебеже, қазан-аяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, ол шимен
қоршалған. Кӛшпелі мал шаруашылығына күрделі еңбек құралдары керек 
болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық, арқан пайдаланылды, қайыстан немесе 
жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шідер жасалды, құлын мен бота 
байлауға жуан арқан мен ноқта пайдаланылса, мал суғаруға науа мен қауға 
пайдаланылды. XVІІІ ғасырдың аяғында қазақ даласына орыстардың қыста шӛп 
дайындауға арналған шалғылары біртіндеп тарала берді. Ал, XІX ғасырдың 
орта шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады. 
Қазақстанда суармалы егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген. 
Осыған байланысты қазақтарда егіншілік құралдарының қарапайым түрлері 
болды. Мәселен, тісағаш, егін оратын орақ, ағаш күрек, сыпыртқы егіншілік 
құралдарына жатқызылды. Егісті суғару үшін суды кӛтеріп шығаратын әр түрлі 
құралдар – атпа, шығыр, сондай-ақ кетпендер мен күректер пайдаланылды. 
Оларды жергілікті ұсталар ӛздері дайындап отырды. Салт атқа арналған 


51 
әбзелдерді қоспағанда қазақтың мал шаруашылығына және егіншілікке 
байланысты негізгі еңбек құралдары Қазақстанның бүкіл аумағында бір-бірімен 
ұқсас болды. Қазақтың ат-тұрман әбзелінің ішіндегі ердің сыртқы түрі мен 
дайындау тәсілінде жергілікті ерекшеліктер байқалады. Ердің ең кӛп таралған 
түрі - қайыңнан шауып жасалған, алдыңғы қанаты кең ―қазақ ері‖ болып 
табылады. Оңтүстік Қазақстанда ердің ―құранды ер‖ дейтін түрі таралған. Ер-
тұрман әбзелдерін жасау, негізінен, ершілердің ісі болған. Олар тек қана ердің 
ӛзін емес, сонымен бірге бүкіл ат әбзелдерінің бәрін - тоқым, құйысқан, 
ӛмілдірік, жүген, айыл, үзеңгі, таралғы, қамшы және т.б жасап, оларды әсемдеп, 
кӛркемдеп отырған. Сондай-ақ қайыстан ат-тұрман әбзелдерін ӛретін 
шеберлерді ―ӛрімші‖ деп атаған. Қазақтардағы кӛшпелі тұрмысқа бейім 
шаруашылықтың үстемдігі алуан түрлі қолӛнерінің - тоқымашылықтың, киіз 
басудың, ағаш, металл, тері, сүйек және мүйіз ӛңдеудің дамуына себепші 
болды. Тоқымашылықпен және киіз басумен кӛбіне әйелдер айналысты, олар 
негізінен алғанда үйге керек-жарақтардың тоқымашылық пен ісмерлікке 
қатысты заттарын: кілемдер, алашалар, шекпендер, киіз үй ішіндегі алуан түрлі 
басқұрлар, бау-шулар, текеметтер, сырмақтар, аяққаптар және т.б дайындады. 
Қыстаулардағы отырықшылыққа бейімделген тұрғын үйлердің дамуы, үй-
жайлар санының кӛбеюі және орыс мәдениетінің ықпалы тұрғын үйлердегі 
керек-жарақтардың едәуір ӛзгерісіне әкеп соқты. Дәстүрлі үй бұйымдарының 
орнына әйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер,
іші құлыпталатын әр түрлі сандықтар пайда болды. Қазақтардың ұлттық 
киімінде этнографиялық белгілері сақталып қалғанымен, олардың да пішіні мен 
түрлеріне ӛзгерістер енді. Ер адамдар бітеу пішілген, кеудесінде тік ӛңір 
қақпағы бар, жалпақ қайырма жағалы, етегі біршама ұзын кӛйлек киетін болды. 
Ер адамдардың кӛп таралған сыртқы киімінің түрі шапан болды. Ол кӛбінесе 
фабрикалық маталардан тігілді. Ауқатты қазақтар түрлі-түсті бұқара жібегінен, 
барқыттан қымбат матамен әдіптеп тігілген шапан киді. Қазақтар әдемі ―мәуіті 
шапан‖ мен ―мәуіті шекпен‖ де дайындады. Олардың қос шабуынан ӛрнек 
салынды. Шабудың тӛменгі жағынан тілік қалдырылып, жұқа түйе жүннің 
тоқымасынан тігілді. Қазақстанның барлық облыстарында қазақтардың кеңінен 
қолданылған қысқы сырт киімінің ежелгі түрлерінің бірі – күпі кӛктемде 
қырқылған түйе немесе қой жүнінен дайындалды. Сырт киетін қысқы киімнің 
қадірлісі аң және үй жануарларының терісінен тігілген ішіктер болды. 
Қазақтардың кӛбінің қолы жететін және кең таралған қысқы киім түрі қой 
терісінен ӛңделіп, жүні ішіне қаратып тігілген тон болды. Енді аяқ киім 
түрлеріне келетін болсақ, қазақтардың негізгі аяқ киімі былғары етік, кебісті 
мәсілер болды. XVІІІ ғасырда қазақтардың жазда киетін ӛкшесі биік, тұмсығы 
қайқы етіктері XІX ғасырдың екінші жартысында жоғала бастады. Барлық 
жастағы ер адамдар қыс кезінде негізінен ішінде киіз байпағы бар ұзын 
қонышты саптама етік киді. Неғұрлым ауқаттылары жаз кезінде былғары кебісі 
бар мәсі киіп жүрді. Бұл аяқ киімдердің барлығы оң және сол аяқ деп бӛлінбей 
бірдей тігілетін. Бас киім түрлеріне келетін болсақ, ересек ер адамдардың 
барлығы шаштарын алдырып, басына тақия, тебетей киді. Бұның сыртынан 


52 
тігілген терісіне сәйкес сусар, пұшпақ және елтірі деп аталатын бӛріктер киді. 
Әйелдердің киімдері жас ерекшеліктеріне сәйкес бір-бірінен біршама ерекше 
болды. Қазақ әйелдері ерекше сәнді киініп, киімдерінің сыртынан тағатын 
кемер белдіктерін күміспен күптеп, алтынмен аптап, қымбат бағалы тастармен 
әшекейлеп отырды. Әйелдердің жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты 
бас киімдері де ерекше болды. Мәселен, жас қыздар шет-шетіне моншақтан 
немесе бағалы металдан шекелік тағылған, бай нақышты үкілі тебетей - 
―қасаба‖ киді. Ұзатылған қыздың бас киімі сәукеле бір жылдан соң ақ мақта-
матадан дайындалған кимешекпен ауыстырылатын еді. Мал шаруашылығына
негізделген қазақтардың тұрмысы олардың ішетін тамақтары мен ыдыс-
аяқтарынан айқын кӛрінеді. Негізгі тамақтары ет-сүт ӛнімдері болды. Қазақтар 
ыдыс пен керек-жарақтарды кӛбінесе сынбайтын материалдардан: ағаштан, 
теріден, киізден және шұғадан жасаған. Олар: торсық, саба, күбі, қазан, таба, 
ожау, астау, ағаш табақтар, мес, мал сауға арналған кӛнек және т.б. Кӛшкен 
кездерінде ыдыс-аяқты сыртқы беті түрлі-түсті құрақтармен ӛрнектелген 
арнаулы киіз қаптарда (аяққаптарда) сақтаған. Сусымалы мал ӛнімдері үшін 
тоқыма қаптар дайындаған. Сүр ет пен сары майды ағаштан жасалған 
кебежелерде сақтаған. Сӛйтіп, XVІІІ ғасырдың аяғы мен XІX ғасырда 
қазақтардың рухани және материалдық мәдениетінде кӛшпелі және жартылай 
кӛшпелі тұрмыс-салтына байланысты дәстүрлі ерекшеліктер сақталып қалды. 
Сонымен, қорыта айтқанда, 1867-1868 жж. әкімшілік реформасы Ресейдің қазақ 
жеріндегі саяси-әкімшілік, әлеуметтік-экономикалық үстемдігін нығайту болса, 
ал қоныс аударушы орыс шаруаларын жаңа елдерде ӛзінің саяси-әлеуметтік 
тірегіне айналдыра отырып, қазақтардың рухани және мәдени дамуына ықпал 
жасау арқылы оларды орыстандыру, шоқындыру негізінде империяның 
тұтастығын күшейтуді кӛздеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет