ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет5/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

 
 
 
 
1.2 Мәдениет тілі 
 
Сабақтың мақсаты:Мәдениет пен тіл байланысын талқылау.Тілдің 
коммуникациялық қызметтерің қарастыру. 
Негізгі ұғымдар: мәдениет, тіл, коммуникация, ақпарат, семиотика, 
белгі. 
Қазіргі тіл біліміндегі зерттеулерде қарастырылып жүрген жаңа бағыттың 
бірі тіл мен мәдениет байланысына арналған. Кӛптеген зерттеу еңбектерінде 
тілдегі ұлттық танымды, ұлттық рухты, ұлттық құндылықтарды дамытуға 
бағытталған 
жұмыстар 
сӛз 
болып 
келеді.
Бірқатар зерттеушілер тіл – мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің 
бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың 
ізін айқындап тұратын ұлы күш. Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ 
халқының этностық, ұлттық мәдениеті, негізінен тілде кӛрініс тапқан.
Осы орайда тіл – ұлттық болмысымен қалыптасқан тӛл мәдениетіміз 
сақталған негізгі кӛздердің бірі екенін айтады. Біздіңше, сонымен қатар тіл – 
мәдени мұраларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырушы құрал. Тілші-ғалым 
Ә.Қайдар: «Кез келген тілдің қоғамда ӛзара байланысты үш түрлі қызметі бар. 
Оның басты қызметі – коммуникативтік, яғни қоғам мүшелерінің ӛзара қарым-
қатынас жасап, бір-бірін түсінуі, пікір алысуы үшін қажетті қызметі. Оның 
екінші қызметі – кӛркем шығарма тіліне тән, адам баласына образ арқылы 
ерекше әсер ететін, ләззат сыйлайтын эстетикалық қызметі. Тілдің бұл қызметі, 
әрине қаламгердің шеберлігіне, сӛз саптау мәдениетіне тікелей байланысты. Ал 
тілдің үшінші бір қызметі, ғылыми терминмен айтқанда аккумулятивті қызметі 
деп аталады. Ол – тілдің ғасырлар бойы дүниеге келіп, қалыптасқан барлық сӛз 
байлығын ӛз бойына жиып, сӛйтіп оны келешек ұрпаққа асыл мұра ретінде 
түгел жеткізіп отыратын қасиетті тіл фактілері мен деректері – тұла бойы 
тұнып тұрған тарих. Сондықтан этностың ӛткендегі тарихы мен этнографиялық 
байлығын 
біз 
ең 
алдымен 
содан 
іздеуіміз 
керек» 
дейді. 
Олай болса, мәдениет пен тілдің бір-бірімен байланысы күрделі, ӛте тығыз. 
Мәдениет адам қолымен жасалатын материалдық құндылық болғандықтан, ол 
таза табиғи үдеріс ретінде таныла алмайды. Себебі тіл адам баласына берілген 
рухани құндылық. Бір қырынан алғанда, мәдениет пен тілдің байланысы 



мазмұн мен пішіннің байланысы секілді. Тіл – мәдениеттің ӛмір сүру формасы 
болса, мәдениет – оның ішкі мазмұны. Сондықтан да, тіл мен мәдениетті бір-
бірімен 
бӛліп 
қарауға 
болмайтын 
құбылыс 
деуімізге 
болады. 
Тіл қоғамдық үдеріс болғандықтан, антропонимия саласындағы сӛздер де 
қоғамның ӛсу, дамуымен байланысты ӛзгеріп, мағыналық тұрғыдан жаңарып 
отырады. Антропонимдердің құрамында кӛне дәуірден келе жатқан ескі 
атаулармен бірге жаңа кезеңде пайда болғандары да басым болып келеді. 
Антропонимдер бойында жеке сӛздер тарихы ғана емес, халық тарихы, халық 
этнографиясының 
қат-қабат 
іздері, 
ұлттық 
мәдениет 
жатыр. 
Ономаст-ғалым А.Жартыбаев: «Бүгінгі таңда тіл білімінің дамуы түрлі 
бағыттармен 
ерекшеленуде, 
яғни 
лингвистика 
бірнеше 
бағыттағы 
лингвистикалық зерттеулер ағымдарын біріктіретін антропоцентристік ұстаным 
арқылы ӛрісін кең жайып, даму үстінде. Тіл бірліктерінің сан салалы қызметін, 
лингвомәдени табиғатын, тілдің санамен, таным үрдістерімен байланысын, 
кӛрінісін адаммен, яғни белгілі бір этникалық қауым ӛкілімен қатысты 
қарастыру қазіргі тілтанымның басты, үстем бағыты, ұстанымы екендігі анық» 
деп жазады.
Тілді ішкі жүйелік талдаудан антропоцентристік талдауға кӛшу ХХ 
ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы тіл білімінің есте қаларлықтай 
ерекшеліктерінің бірі болып табылады, ӛйткені тілдік құбылыстарды зерттеуде 
лингвистика тек қана тілдік, атап айтқанда адамдардың бір-бірімен пікір 
алысып ӛзара түсінісуі, дыбыстық, сӛз құрамы және грамматикалық тәсіл 
жүйесімен шектеліп қала алмайды. Қазіргі лингвистикалық зерттеулер 
объективтік шындықты идеалды түрде бейнелеудің адамға тән ең жоғарғы 
формасы оның ақыл-ойы, санасы, ойлауы, рухани ішкі дүниесімен тығыз 
байланыста зерттеуге бағытталады. «Адам және тіл» мәселесі мол ӛзектілікке 
ие, ӛйткені тілді адекватты зерттеу ісі тілдің ӛз шеңберінен шығып, табиғат пен 
қоғамдағы белгілі бір ортада ӛмір сүретіндердің тобына жүгінгенде ғана толық 
мүмкіндікке 
ие 
болмақ» 
(Б.Тілеубердиев 
«Қазақ 
ономастикасының 
лингвокогнитивтік аспектілері»). 
Иә, әрбір атаудың мән-мағынасында халқымыздың тарихы, мәдениеті, 
салт-дәстүрі, ырымы, наным-сенімі, т.б. жатқандығын кӛреміз. Мұның ӛзі қазақ 
халқының «ғаламның тілдік бейнесін» жасаудағы танымдық ой-пікірін, дүниеге 
кӛзқарасын, болмыс-бітімін танытады. Ғаламның тілдік бейнесі, ұлттық 
болмысы әр этноста әртүрлі болуы этностың тәжірибесімен, білімімен 
байланысты екені сӛзсіз. Ӛйткені тілдік таңбаның таңбалаушы қызметі сыртқы 
дүниемен байланысында ғана емес, адамның ӛмірден кӛрген-білгені, кӛңілге 
түйгені білімнің негізі болып табылады. Оның тілдік бейнесі, ұлттық рухани 
болмысы әр халықта әртүрлі.
Ғалам бейнесін салыстыра талдау арқылы этностың (халықтың) ұлттық 
мәдениетінің, ұлттық дүниетанымының айырым тұстары мен тоғысар арналары 
танылады. Тілдік ұжым мүшесі жеке адам ӛз тіршілігінің әр сәтін ой елегінен 
қайыра ӛткізіп, ӛзінше ой түйіп, қорытынды жасағанда ӛзі ӛкілі болып отырған 
тіл иесі халықтың (этностың) ғасырлар бойы сұрыптап жинаған білімінде оның 


10 
жиынтығын санасына ӛлшем етеді. Зерттеуші Г.Сағидолла ғаламның тілдік 
бейнесінде халықтың тұрмыс-тіршілігі, салт-дәстүрі, наным-сенімі, жӛн-
жосығы сияқты ұлттық-мәдени қазыналары да, адамның күллі әлем, дүние 
жайлы түсініктері және сол әлемнен адамның ӛз орнын табуға деген 
талпынысы да, адамдар арасындағы қарым-қатынас та кӛрініс тауып 
жататынын атап ӛткен. Осыған сәйкес кісі есімдерінің семантикасы адамға 
қатысты болғандықтан, сол кісі есімдерін тудырған қазақ халқы «ғаламының 
тілдік бейнесінде» антропоцентрлік қасиет болмай қоймайды. Қандай да бір 
халықтың болмысы, ӛркениеттілігі, саналылығы және сауаттылығы оның тіл 
мәдениетімен, сол тілдің қолданыс ауқымының кеңдігімен, орамдылығымен 
және ұтымдылығымен ӛлшенеді. Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз 
мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс ӛрісі кеңейді. Белгілі бір тілдің 
мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай бола қалатын іс емес. Себебі ол тіл сол 
мемлекеттің иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып, барлық 
саладағы мұқтаждықты ӛтей алатын дәрежеде болуы шарт. Ӛнер, әдебиет, 
мәдениет, баспасӛз, радио, теледидар, дипломатиялық қарым-қатынас, ғылым, 
ӛндіріс, ресми іс қағаздар, т.б. салаларға дейін қызмет ететін қоғамның қажетті 
құралына айналуы керек. Есеп-қисап, қаржылық және техникалық 
құжаттамалар да осы тілде жүргізілуге тиіс. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат 
құралдары, Қарулы Күштер, ғылым және білім беру салалары, халықаралық 
қызмет те осы талаптарға толық жауап беруге міндетті. Тілдерді дамыту – 
еліміздегі мемлекеттік саясаттың аса маңызды бағыттарының бірі. Тіл 
мәселелерін оңтайлы шешу – ұлтаралық, қатынастар үйлесімділігінің, 
халықтардың топтасуы мен қоғамдық келісімді нығайтудың да алғышарты. ХХ 
ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы жанартау болған жұрт жүрегінің 
жалыны бүгінде бәсеңдеген жоқ. Ұлтының тілін ұлықтаған ұрпақтың 
ұмтылысы ұдайы ұрандаудан тұрмайтыны хақ. Бұған сол жылдардағы жағдай 
мен қазіргі күйді салыстыра қарасақ, кӛзіміз жетеді. Әрине, әлі де алаңдатып 
отырған мәселе аз емес, алайда ауызды қу шӛппен сүртуге де болмайды. 
Қоғамда тіл тағдырына деген түсіністік орныға бастады. Бұл осы уақытқа дейін 
барлық мүмкін болар оңды-солды жағдайды жете бағамдай отырып жүргізілген 
мемлекеттік тіл саясатының нәтижесі. Олай болса, тілді ӛзінің қарым-қатынас 
тілі ретінде қолданатын халық мәдениетінен бӛлек үйрету дұрыс емес деп 
ойлаймыз. 
Кез-келген халық тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының 
айнасы. Тілді жаңа ғасыр баспалдағында теориялық-танымдық үрдісте зерттеу 
қажеттігі туып отыр. Бұл үрдіс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, 
тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербальді құрылым, 
болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға 
негізделеді. Адамзат ӛзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар 
мен олардың сана қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп 
қана қоймайды, оған жауап қайырады, ақпаратты ӛзінше жаңғыртып, жаңа 
сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, ӛңдейді, 


11 
қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас 
кӛрінісі ретінде ғаламның тілдік бейнесі жасалады. 
Жоғарыда атап ӛткеніміздей, біз ӛмір сүріп жатқан заманда тек тілді 
үйренумен шектеліп қалу мүмкін емес. Бүгінгі тіл үйрету әдістемесінде үйреніп 
отырған тілді сол тілде сӛйлейтін халықтың мәдениетімен байланыстыра оқыту 
қажеттілігі туындап отыр. Әлемдік байланыста қарым-қатынасқа түсу үшін 
саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тұрғыдағы таным-түсініктердің 
болуы маңызды рӛл атқарады. Үйреніп отырған тілде сӛйлеуші елдің тарихын, 
дәстүрін, мәдениетін үйрену – тіл үйретудегі маңызды элементтердің бірі. 
Халық тарихын да, ұлттық мәдениеттің дамуын да, тіпті халықтық 
ойлаудың қалыптасуын да біз тек тіл арқылы анықтай аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет