13
Апполлон мен Дионис энергияларының, бұл екі бастаудың теңдігі мойындалған
болатын. Бұл екі түпкі бастау антикалық мәдениеттің ғарышын қалыптастырды,
ол кейінірек бүкіл
батыстық сананы қамтыды, бірақ ӛзінің бұрмаланған
формасында. Бұл бұрмалау Ф.Ницшенің пікірінше, батыстық мәдениетті
дағдарысқа әкелді, "құндылықтардың барлығын қайта бағалау" ахуалын
орнатқан, "құдайдың ӛлімі" коцепциясын жарияланған "европалық нигилизмге"
ұласты.
Макс Вебер (1864-1920) – ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басындағы ең ірі
әлеуметтанушылардың бірі. М.Вебердің айналысқан ғылыми салалары ӛте кең:
ол антикалық заман, ортағасырлар мен жаңа заманның діні мен ӛнері, құқығы
мен шаруашылығының тарихын зерттеді. Урбанизация мәселесіне байланысты
антикалық және ортағасырлық қалалардың тарихымен айналысты. Мәдениет
туралы ғылымның жалпы маңыздылығы М.Вебер зерттеулерінің негізгі
тақырыбына айналды. Оның логикалық-методологиялық қондырғылары ӛз
құрамында мәдениет саласын да кіргізетін әлеуметтік
ғылымдардың таным
принциптерін жасақтауға үлкен ықпал етті. Ол барлық таным ғылымның
мүдделері мен құндылықтарына байланысты деп есептеді. Сондықтан ол әрбір
нақты жағдайдағы эмпирикалық объектті зерттеудің тәсілі мен таңдауын
анықтайтын "танымдық мүдде" ұғымын енгізеді. Сонымен қатар әлемді кӛрудің
мәдени-тарихи тәсілін анықтайтын "құндылықтың идеясы" ұғымын да енгізді,
ӛйткені біз мәдени жан болғандықтан оны бағаламай, оған мән бермей әлемді
зерттей алмаймыз. Таным барысында қай құндылықтың анықтаушы болатыны
ғалымның ӛзіндік шешімінің нәтижесі емес, уақыт рухының, мәдениет
рухының ӛнімі. Вебер құндылықты белгілі бір тарихи дәуірдің қондырғысы
ретінде, оған тән "мүдденің бағыты" ретінде түсіндіреді. Зерттеудің бағыты мен
мақсатын анықтайтын идеялар мен мүдделер уақыт ағымында ӛзгереді,
мәдениет туралы ғылымдарда
келтіретін ұғымдарда, яғни "идеалды типтерде"
бейнеленеді. Идеалды тип теориялық конструкциялар түрінде кӛрінетін
"дәуірдің мүдделері" болып табылады.
П.Сорокиннің әлеуметтанымдық концепциясы. Питирим Сорокин (1889-
1968) орыс және американ әлеуметтанымдық мектептерінің негізін қалаушы.
Ол әлемнің барлық тілдеріне дерлік аударылған елуге жуық кітаптардың
авторы. Ол ӛзінің макросоциологиясының шеңберінде ӛркениеттердің
рационалды теориясының негізін қалады. Және бұл концепция, ең алдымен
мәдениет типологиясы (ӛркениет) тұрғысынан қызық. Бұл концепция оның
"Әлеуметтік және мәдени динамика", "Біздің дәуірдің дағдарысы" деген
еңбектерінде айқын сипатталып, онда батыстық мәдениеттің дағдарыстық
дхуалын суреттейді. Оның пікірінше "қазіргі
дағдарыс экстраординарлық
сипатқа ие. Бұл тек экономикалық немесе саяси олқылықтар емес, дағдарыс
бүкіл батыстық мәдениет пен қоғамды, оның барлық басты институттарын бір
мезгілде қамтып отыр. Бұл ӛнер мен ғылымның, философия мен діннің, құқық
пен моральдың, ӛмір тәртібі мен әдеттердің дағдарысы. Бұл – неке мен отбасы
формаларына дейінгі әлеуметтік, саяси және экономикалық ұйымдардың
формаларының дағдарысы... бұл - батыстық қоғамға тән ойлау т!әртібі мен
14
жүріс-тұрыс қалпының, бүкіл ӛмірдің дағдарысы. Егер дәлірек айтсақ бұл
дағдарыс соңғы тӛрт жүз жылғы батыстық мәдениет пен қоғамның негізін
құрайтын формалардың күйреуімен сипатталады". М.Вебермен
келісе отырып
ол "мәдениет бір-бірімен ешқандай байланыссыз, қатар ӛмір сүретін алуан
түрлі құбылыстардың жиынтығы ғана емес, бүкіл құрамдас бӛліктерінің ӛн
бойы жалғыз негіз құраушы принциппен қамтылған және жалғыз әрі басты
құндылықты білдіретін тұтастық немесе индивидуалдық болып табылады. Дәл
осы құндылық барлық мәдениеттің негізі және ірге тасы қызметін атқарады", -
деп есептейді. Сондықтан құрамдас құндылықтың біреуі ӛзгерген жағдайда,
қалған ӛзгелері де осындай ӛзгерістерге ұшырайды. Мәдени типтердің
құндылықтары қатарына ғалым мыналарды жатқызады: ӛнер мен ғылымның,
философия
мен діннің, этика мен құқықтың басым қасиеттері, әлеуметтік,
экономикалық және саяси ұйымдардың, әдет-ғұрыптардың ӛмір тәртібі мен
ойлаудың (менталитеттің) негізгі формалары.
Қазіргі
заманғы
тенденцияны
ол
ӛзгермелі
дүниетаныммен
байланыстырады: ―адам әлемді ӛз-ӛзінен бар, сенімді, жылы ұя ретінде
сезінуден қалды. Әлем бӛтен нәрсеге айналды және ӛзінің бұл жаңа сапасында
ол жаңа діни мәнге ие болды‖. Бұл жаңа діндарлық әлемнің ортасындағы
адамның жалғыздық сезімінен туындайды, адамзаттың
соңғы жиекке жетуін
сезінуден және онда жоғалып кетпес үшін батыл болып, жауапкершілікті ӛз
қолына алуды сезінуден келіп шығады.
Ф.Ницшенің, М.Вебердің, П.Сорокиннің жоғарыда қарастырылған
конценциялары мәдениет теориясы мәселесіне қатысты әртүрлі тәсілдерді
білдіреді. Бұл концепциялардың әрқайсысы мәдениет сияқты күрделі
феноменнің алуан түрлі картинасы туралы кӛзқарасты әртүрлі ғылыми және
дүниетанымдық позициялар тұрғысынан береді.
Достарыңызбен бөлісу: