ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет14/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

Ұлы Жібек жолы. 
Ұлы Жібек жолының бойымен халықаралық керуен саудасының 
қалыптасуы мен дамуының тарихи жағдайлары. 
VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез ӛсті. Олар сауда 
мен қолӛнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан 
жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой 
кӛтерді. Олардың кӛтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын кӛрінісі еді. 
Орта ғасырда Қазақстан ӛзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан 
тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда 
жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты 
және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық 
сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның 
рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда тӛбесі жоқ базарлар, мата 
базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы,Фархан 
қақпасы,Шахраны қақпасы,Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар». 
VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта 
тауарлардың кӛптеген түрлері ӛндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-
жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы кӛп және тамаша 
бақшалары бар ең гүлденіп, кӛркейген кенттердің бірі болған Испиджаб 
қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ 
оның қандай рӛлі болғаны туралы жазба деректер аз емес. 
Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының 
бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын 
Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың 
басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің 
бастығын ӛлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп 


39 
хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары 
бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X 
ғасырларға дейін сақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет