190
саяси жағынан қыспаққа алады, құқықтарын шектейді, заңсыздықтарға барып,
адамдарды кейде жазықсыздан-жазықсыз жазалайды,
айдауға жіберіп,
түрмелерге жабады. Осыған орай адам мемлекеттің зорлық зомбылығын
шектеуді қажет етеді. Азаматтық қоғамға иек артып, соның мемлекетті шектеу
ықпалын пайдаланып, соған арқа сүйемек болды. Азаматтық қоғамды
дамытуға күш салды.
Азаматтық қоғамның ең радикалды концепциясын
Т.Пейн «Адам
құқығы» еңбегінде ұсынған.Ол бойынша, азаматтық қоғам мемлекетке қарсы
тұрады, мемлекет – ол ұлы зұлымдық. Кӛпшілік
арасында азаматтық қоғам
мен ұлттық мемлекетті бір біріне қарсы қойып, оларды бірін бірі теріске
шығаратын антиподтық ұғым деп түсіну кеңінен етек алып отыр. Бұл әрине
дұрыс емес. Азаматтық қоғам мемлекеттің ұлттық сипатына ешқандай да
қарсылық кӛрсетпейді, керісінше ол құқытық мемлекеттің қалыптасуына
қызмет етеді.
Құқықтық
мемлекет орнықпайынша, әкімшіл-әміршіл жүйе бой
кӛрсетуден танбайды, жеке адамның заңды құқы аяққа тапталып, мүлт кеткен
шалыс қадамы жазаланып отырылады. Тӛрт-бес күнге кӛршілес елге барып
қайту үшін де мемлекеттен рұқсат сұрап, әуре-сарсаңға түседі. Мемлекет ӛз
үстемдігін толық жүргізіп, адамдардың жеке ісіне, отбасына, сенім-нанымына
да қол сұғып, жӛн-жосықсыз араласудан біржола арыла алмайды. Мұны
тәртіпке келтіріп, мемлекеттің шексіз билігіне шектеу жасап, оның бәрін әділ
қабылданған заңдармен реттеп, заңдастырып отыру – құқықтық мемлекеттің
қызметі.
Азаматтық қоғам ұлт мүддесіне қарсы әрекет етпейді.
Керісінше, адам
құқығын қорғауға күш салады. Алайда, азаматтық қоғам мен ұлттық мемлекет
деген ұғымдар қарсы қоюшылық та осындайдан туған. Бұл екі ұғым бір-біріне
қарсы болатындай емес, екеуі екі деңгейде ӛрбитін ұғымдар. Азаматтық қоғам
мемлекеттің ұлттық сипатына емес, мемлекеттің адам құқығы аяқ асты ететін
әрекеттеріне қарсы бой кӛтереді, нағыз демократия үшін күреседі. Осыны
ажырата білген абзал.
Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуы бір бірімен
ӛзара тығыз байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: