ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет98/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен ӛзін тәуелсіз сезінетін 
ӛндірушілер, игілікті жасаушылар, ӛздерін ӛздері басқарып отыратын 
кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, 
ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы болып 
табылады. Ол мемлекеттің болат құрсауынан біртіндеп құтылып, жаңа 
әлеуметтік қауымдасуға бет алады. Азаматтық қоғамда адамның мәртебесі 
биіктеп, мәні арта түседі. Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін 
қызмет етеді. Бүкіл әлеуметтік топтар, қауымдар заң жүзінде белгіленген 
құқықтар мен мүмкіндіктергі ие болып, ӛз мүдделерін қорғауға мұрсат алады. 
Азаматтық қоғам адамдар қауымдасуының жаңа сипаттағы биік белесі 
болып табылады. Бұл қоғамның қалыптасуы тек материалдық игіліктердің 
даму дәрежесімен ғана ӛлшенбейді, ол қоғам мүшелерінің рухани жетілу 


191 
дәрежесімен, биік кескін-кейпімен сипатталады. Мұндай белес-дәреже біз 
үшін таяқ тастам жерде немес анау қырдың астында болмай тұрғаны белгілі. 
Сондықтан да азаматтық қоғам алғаш тәуелсіздік алған мемлекеттерде – алда 
тұрған жаңа белес. 
Құқықтық мемлекеттің қалыптасуы да бір жылдың ісі емес. Бұл 
мемлекет тұсында нендей бір таптың, партияның, топтың, билеуші 
бюрократияның диктатурасына жол бермейді, оның есесіне қоғам 
мүшелерінің барлығына мемлекеттік және қоғамдық істерді басқаруға 
қатысуға. Лауазымды қызметтер атқаруға кең жол ашылады. 
Демократиялық жағдайда қабылданған заңдар алдында мемлекет те, 
қоғамның әрбір мүшесі де бірдей жауапты. Заң мемлекетке де, азаматқа да 
бірдей қызмет етеді. Құқықтық мемлекет жағдайында заң қағидалары әрбір 
азаматтың бостандығын, пікір әрқилылығын, жариялылықты қорғауға тиісті. 
Құқықтық мемлекет беделге бас июшіліктен, шындықтан, әділдіктен 
жалтарудан аулақ болуға тиіс. 
Азаматтық қоғам адамдардың ӛздерін еркін сезінуін, бас бостандығын
азаматтық қадір қасиетін, ар-ожданын қамтамасыз етеді. 
Азаматтық қоғам тұсында адамдардың теңдік, қауіпсіздік құқықтары 
толық жүзеге асырылады. Адамның теңдігі дегеніміз олардың заң алдында 
бірдей құқықпен пайдалануы деген сӛз, заң әрбір адамды қорғаса да, жазаласа 
да әрбір адамға ол бірдей талап қояды. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет