ОқУ-Әдістемелік қҰрал



Pdf көрінісі
бет93/132
Дата03.10.2022
өлшемі1.54 Mb.
#461837
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   132
2019 m deniettanu leumettanu zh ne sayasattanu neg zder o u- d stemel k ral 2019 12 10 07 52 14 517

Республикалық референдум - Конституция, Конституциялық заңдар 
мен басқа да Қазақстан Республикасының мемлекеттік ӛміріндегі ӛте маңызды 
мәселелер жӛніндегі шешімдердің жобалары бойынша, Республиканың 
барлық аумағында ӛткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Бұл халық билігін 
тікелей жүзеге асырудың ең маңызды тәсілі саналады. Референдум 
қабылдаған шешім ең жоңғары талап етуші күшке ие. Оның Қазақстанның 
барлық аумағына бірдей міндетті күші бар және әлдеқандай органдар 
тарапынан бекітуді қажет етпейді. Конституцияның, Конституциялық 
заңдардың, басқа да құқықтық актілер мен заңдардың арасында сәйкессіздік 
болған жағдайда, ол ӛзгешеліктер Конституцияны және басқа да аталған 
актілердің барлығын Республикалық референдум қабылдаған шешімге сай 
жүйелендіру жолымен түзе тілінді. 
Республикалық референдумға азаматтар ерікті түрде қатысып, жабық 
дауыс береді. Он сегіз жасқа толған Республика азаматтары тегіне, әлеуметтік, 
лауазымдық, мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге 
кӛзқарасына, нанымына, мекен-жайына немесе басқа да жағдайларына 
қарамастан, республикалық референдумға қатысуға құқықты. Әр азамат 
референдумда теңдей дауысқа ие. 
Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас 
бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың референдумға 
қатысуға құқығы жоқ. 
Республикалық референдум ӛткізудің ерікті сайлаумен ортақ жағы 
кӛп. Референдум 
мақсаты 
– 
адамды 
сайлау 
емес, 
мәселе 
шешу.Референдумға қойылатын мәселе азамат оған ―иә‖ немесе ―жоқ‖ деп бір 
жақты жауап беретіндей, не ұсынылған бірнеше шешімдердің біреуін таңдай 
алатындай деңгейде болуы тиіс. Қатысуға құқықты азаматтардың жартысынан 
астамы дауыс беруге қатысса, референдум ӛткізілген болып есептеледі. 
Республикалық референдум ӛткізу жӛніндегі шешімді, Конституцияға сай, 
Республика Президенті қабылдайды. Республикалық референдум ӛткізу 
жӛніндегі ұсыныс, сондай-ақ, Парламент пен Үкімет тарапынан және 
республикалық референдумға қатысуға құқықты кемінде екі жүз мың 
республика азаматының қолдауымен қойылуы мүмкін. Республикалық 


183 
референдумді ұйымдастырып, ӛткізу мен оның нәтижесін анықтау Қазақстан 
Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 қарашадағы конституциялық күші 
бар ―Республикалық референдум туралы ‖ Жарлығы бойынша жүзеге асады. 
Күшіне енген жаңа Конституцияға сәйкес және дамыған демократиялық, 
елдердің тәжірибесіне сүйене отырып қабылданған бұл актіде республикалық 
референдумға негіз бола алмайтын мәселелердің жеткілікті тізімі келтіріледі. 
Тәуелсіз мемлекет тарихындағы алғашқы республикалық референдум 
Қазақстанда 1995 жылғы сәуір мен тамыз айларында ӛткізілді. Оларда 
Қазақстан 
Республикасының 
бүкіл 
халық 
сайлаған 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың ӛкілеттік мерзімін 2000 жылға дейін ұзарту және Қазақстан 
Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жӛніндегі мәселелер 
шешімін тапты. Соңғы референдумның алдында Н.Ә.Назарбаев ұсынған 
Конституция жобасы талқыланды. Жалпыхалықтық талқылаудың мақсаты – 
кӛпшіліктің ұсынысын есепке ала отырып, Заң жобасын жетілдіре түсу және 
оған қолдау кӛрсету. 
Қазақстандық демократияның ажырамас конституциялық институты, 
сонымен бірге мемлекеттік жоғары лауазымды адамның (Президенттің) орнын 
алмастыру мен ӛкілдік органдарды (Парламентті, мәслихаттарды және 
жергілікті ӛзін-ӛзі басқару органдарын) құру тәсілі – ерікті сайлау
Ерікті 
сайлау 
үшін 
негізгі 
үш 
жағдай 
сақталуы 
тиіс. 
Біріншіден, баламалы 
ұйғарындылық, 
(альтернативтік), сайлаушының 
бірнеше кандидаттың біреуін ұйғару мүмкіндігін; екіншіден сайлау 
науқанының 
барлық 
сатысындағы 
қоғамдық 
бақылау үшіншіден, сайлаушылардың ӛз еркімендауыс беруі. Қазақстан 
Республикасындағы сайлау ӛткізудің принциптері Конституцияда бекітіліп
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 қыркүйектегі 
Конституциялық Заң күші бар “Қазақстан Республикасындағы сайлау 
туралы” Жарлығында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Орталық сайлау 
комиссиясының құқықтық-нормативтік сипаттағы актілерінде егжей-тегжейлі 
белгіленген. Осы ереже бойынша, 1995 жылдың желтоқсанында Қазақстан 
Республикасының 
Парламенті 
депутаттарының 
сайлауы 
ӛткізілді. 
Мемлекеттік биліктің бірлігін, үстемдігі мен тәуелсіздігін анықтайтын – елдің 
егемендігі. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің біртұтастығы
аумағының бӛлінбейтіндігі іске асырылды. Республика мемлекеттік билігінің 
тәуелсіздігі оның мемлекетаралық қатынастағы егемендігі болып табылады. 
Қазір Қазақстан Республикасын бүкіл әлем елдері танып отыр. Шекара туралы 
шарттарға қол қойылады. 
Қазақстан егемендігі, тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты, ол 
қамтамасыз етілді. Демократия және құқықтық дәрежеге ӛту процесі одан әрі 
жалғасуда. Жергілікті атқарушы органды Қазақстан Республикасы Президенті 
мен Үкіметінің ӛкілі болып табылатын тиісті әкімшілік аймақтың әкімі 
басқарады. 


184 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   132




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет