Дүниетану
3- сынып
Барлығы 36 сағат, аптасына 1сағат
Түсіндірме жазба
«Дүниетану» оқу пәнінің мазмұны адам, табиғат және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, мемлекет, қоршаған табиғи орта сияқты оқыту нысандарына тоғыстырылған.
Бұл оқу пәні негізгі және жоғары мектепте қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар циклі пәндерінің негізін қалай отырып, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пропедевтикалықпән. Ол Қазақстан тұрғындарының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік өмірінің жалпы бейнесін көрсетеді, өзі, үйі, отбасы мәселелері негізінде оқушылардың қоршаған орта туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.
«Дүниетану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 35 сағат; 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағат; 3-сыныпта – аптасына – 1 сағат, 4-сыныпта – аптасына – 1 сағат, оқу жылында – 36 сағатты құрайды.
Мұғалім дүниетану сабақтарында пән бойынша қосымша жұмыс түрлерін өткізе алады. Өткізу мерзімі мен жұмыс түрлерін мұғалімнің өзі анықтайды.
Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің жүргізуді көздейді. 1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсаннан басталады. Төменде бөлім бойынша жиынтық бағалау саны көрсетілген.
«Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Жаратылыстану 3- сынып. Барлығы 72 сағат, аптасына 2 сағат
Түсіндірме жазба
«Жаратылыстану» пәнінің мазмұны «Адам – Табиғат» жүйесі аясындағы ғылыми білімдердің қарапайым деңгейін қамтамасыз етеді.
Оқу пәні қоршаған әлемнің күрделілігі мен көпқырлылығын, сондай-ақ табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын; жанды және жансыз табиғатта болып жатқан кейбір табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін; жаратылыстану-ғылыми білімнің адамның көптеген іс-әрекет түрлері үшін маңыздылығын; алуан түрлі практикалық және зерттеу әрекеттері арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысын түсіндіруге бағытталған.
«Жаратылыстану» оқу пәні негізгі мектепте «Биология», «Физика», «География» және «Химия» пәндерінен білім берудің негізі және пропедевтикалық курсы
:
1) гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперименталды берілулер негізінде қорытынды жасау;
2) мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс құру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау, қорытынды шығару;
3) БАҚ хабарламалары мазмұнындағы, Интернет ресурстарындағы, ғылыми-көпшілік әдебиеттердегі жаратылыстану ғылымындағы ақпараттармен жұмыс: іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;
4) өлі және тірі табиғаттағы үрдістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған ортаға қалай ықпал ететінін ашуға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;
5) өзіндік қарапайым зерттеулердің қорытындыларын түрлі формада ұсыну;
6) жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 35 сағатты, 2-сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында – 36 сағатты, 3-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 72 сағатты, 4-сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында – 72 сағатты құрайды.
Ұзақ мерзімді жоспардың «Жанды табиғат», «Заттар және олардың қасиеттері», «Жер және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінің әрқайсысының оқу мақсаттары «Мен – зерттеушімін» бөлімінің оқу мақсаттарымен кіріктірілген, ол білім алушылардың зерттеушілік білік және дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға бағытталған.
Пән бойынша жиынтық бағалау тоқсандық жиынтық бағалауды (ТЖБ) және бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты санын жүргізуді көздейді.
«Жаратылыстану» оқу пәнін оқыту барысында әр тоқсанда жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |