«Жаратылыстану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Жаратылыстану пәнінің ерекшелігіне байланысты әр БЖБ бойынша 8-10
балл, ал ТЖБ бойынша 12-18 балл беру ұсынылады.
БЖБ-ны әр бөлім бойынша тақырыптар мазмұнын ашатын тест сұрақтары түрінде беруге болады.
Көркем еңбек 3- сынып. Барлығы 36сағат, аптасына 1сағат
Түсінік хат
«Көркем еңбек» – «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» оқу пәндерін біріктіретін кіріктірілген пән.
«Көркем еңбек» кіріктірілген оқу пәні әртүрлі шығармашылық әрекеттің түрлері барысында көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқу пәні түрлі шығармашылық іс-әрекеттегі кеңістіктік-бейнелікойлауын, шығармашылық ойлауын, рухани-адамгершілік мәдениетін, елесін, қиялын және аңғарымпаздығын, жеке тұлғаның қалыптасуын және өз ойын білдіруін дамытуға бағытталған.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
3) 3-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 36 сағатты;
Түрлі материалдармен жұмыс істеу білім алушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, қиялы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіреді.
Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру үшін әрекет түрін, орындау техникасын, шығармашылық жұмысты жасаудың материалын мұғалімнің өзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған.
«Көркем еңбек» сабақтарындамұғалімнің өзі анықтайтын әртүрлі көркемдік-шығармашылық әрекеттер қарастырылады. Бұл ретте көркемдік-шығармашылық әрекеттің негізгі үш түрі:
- құрылымдау;
- бейнелеу;
- сәндеу әрекеттері міндетті түрде іске асырылуы қажет.
«Көркем еңбек» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері білім алушылар мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін негіз болып саналады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |